18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері


-тақырып. Басқару саласындағы заңдылық. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдері



жүктеу 142,86 Kb.
бет10/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

28-тақырып.

Басқару саласындағы заңдылық. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдері.

Бақылаудың құрамдас бөлігі ретіндегі атқаруды тексеру және қадағалау.

Әкімшілік қадағалау.

Бақылаудың сатылары (алдын-ала, ағымдағы, соңғы).

Бақылауды жүзеге асырушы субъектілер (Президент, заң шығарушы билік органдары, атқарушы және сот билігі органдары).

ҚР Президентінің бақылаушы өкілеттіктері.

Заң шығарушы (өкілді) органдардың бақылауы.

Атқарушы билік органдарының ( жалпы, ведомстволық, ведомстоның үстінен жасалатын) бақылауы.

Сот бақылауы.
Әкімшілік қадағалау — мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы тәсілдерінің бірі.

Әкімшілік қадағалау — атқарушы биліктің қарамағындағы ұжымдық және жеке субъектілердің құқық нормаларын сақтау үшін жүргізетін, үстінен қарайтын бақылау.

Әкімшілік қадағалаудың мән-маңызы — ол басқару сферасында әрекет ететін заңдарда және заң күшіндегі актілерде бекітілген арнайы ережелер мен талаптардың орындалуын байқау, бақылау. Бұл жол жүру ережелерін, қауіпсіздік ережелерін, сауда, санитарлық, табиғатты қорғау нормаларын орындалуын қадағалау.

Әкімшілік қадағалау атқарушы билік органдарын, кәсіпорын, мекеме, ұйым, қоғкмдық бірлестіктер, азаматтарға қатысты жүргізіледі. Оны арнайы органдар жүзеге асырады. Көптеген ведомстволарда арнайы қадағалау қызметтері бар және олар мемлекеттік инспекциялар деп аталады.

Мемлекеттік инспекция — жеке және заңды тұлғалардың нақты ережелерді сақтау үшін қадағалау жүргізетін арнайы мемлекеттік органдар. Сонымен қатар салықты және бюджетке міндетті түрде төлейтін төлемдерді төлеу үшін бақылау жасайды, таулы жерде жұмыс жүргізу мен атомдық өндірістерде қауіпсіздікті бақылайтын, энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін, қалаларда архитектуралық стилдерді сақтау үшін бақылау жүргізетін инспекциялар бар.

Мемлекеттік инспекцияларға функционалды билік және барлық органдардың үстінен қарайтын өкілеттіліктер берілген, соның ішінде бұзушыларға әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану да көзделген.

Арнайы қадағалау ведомстволары ҚР Үкіметіне бағынады, ведомстволық қызметтер — сәйкес арнайы құзырлығы бар орталық органдарға бағынады.

Әкімшілік қадағалаудың ерекшелігі қадағалау субъектісі мен объектісінің арасында бағыныштылық жоқ және нақты жағдайда қадағалау объектісіне қадағалау субъектісі әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері.

1. Бақылау және қадағалау:

1) заңдылық;

2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;

3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;

4) жариялылық;

5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;

6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;

7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;

8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;

9) қажеттілік пен жеткіліктілік;

10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;

11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;

12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;

13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;

14) тәуелсіздік;

15) объективтілік және турашылдық;

16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.

2. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

3. Мемлекеттiк органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.

4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

5. Жеке кәсіпкерлікті бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның қосымшасында көрсетілген қызмет салаларында жүзеге асырылады.

Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) қызметіне қойылатын талаптар.

Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгіленеді.

Бақылау.

1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді.

2. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.

Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.

3. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.

Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.

Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

Ішкі бақылау.

1. Ішкі бақылау:

1) құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.

2. Ішкі бақылау:

1) қажетті ақпаратты талап ету;

2) орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талқылау;

3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

4) жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер;

5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.

3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер:

1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;

2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;

3) орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізіледі.

4. Күшіне енген құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажеттігіне қарай бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпаратты:

1) құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын;

2) құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді;

3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;

4) құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау үшін талдайды.

Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады.

Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.

5. Құқықтық актіде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды және мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.

6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі құқықтық актіде белгіленген орындау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша ескерту жібереді.

Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не одан жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.

Қадағалау.

1. Қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын қолдануы болып табылады.

Жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік органдар, егер тексерілетін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жағдайда қолданады.

2. Қадағалау:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.

Бақылау және қадағалау нысандары

1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:

1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексеру нысанында;

2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипатындағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде:

1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.

Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкін емес бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген;

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;

3) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған;

4) құрылыс-монтаждау жұмыстарына үйлер мен ғимараттардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкестігіне инспекциялау жүргізілген;

5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау жүзеге асырылған;

6) ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымының қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырған;

7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылау жүзеге асырылған;

8) тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылықпен жүгінген;

9) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігі мониторингін жүзеге асыру үшін өнімдерді іріктеумен байланысты болған;

10) карантинді объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтауға аумақтарды зерттеп-қарау жүргізілген;

11) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астық сапасын айқындау үшін қабылдау, тиеп-жөнелту және оның сандық-сапалық есебі кезінде астықтың, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында сақтаулы мемлекеттік астық ресурстарының сынамаларын іріктеуге байланысты болған жағдайларда жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын бару арқылы жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъект (объект) тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.

5. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.

Реттеуші мемлекеттік органдар мен бақылау және қадағалау органдарының құзыреті.

1. Реттеуші мемлекеттік органдар:

1) бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын тиісті саладағы (аядағы) бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) осы Заңның 13-бабының 2 және 3-тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін өз құзыреті шегінде бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады;

4) бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Бақылау және қадағалау органдары:

1) тиісті саладағы бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) осы Заңның 13-бабының 2 және 3-тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін өз құзыреті шегінде әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауды және қадағалауды жүргізеді;

4) бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізеді;

5) бақылауды және қадағалауды жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қазіргі таңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының күшеюінің тенденциясы ескеріле отырып, қылмыстық іс жүргізуде сотқа шағымдану мəселелері сотқа дейінгі өндіріске соттық бақылауды кеңейту мəселелері шеңберінде кең талқыланып жатыр.

Қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының қажетті кепілдіктерінің бірі болып қамауға алудың арнайы «санкцияланған» режимі табылады. 2007 жылдың 21-мамырына дейін ҚР-ның Конституциясының 16-бабының 2-бөлігінде заңда көзделген реттерде ғана тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға жəне қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі деп бекітілген норманы басшылыққа алып келдік. ҚР-ның Конституциясының 16-бабы елеулі өзгеріске ұшырап, қамауға алу соттың санкциясымен жүргізілетін болды.

Осы күннен бастап қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасы құқықтық мемлекет мақсатына жауап беруге бір қадам жоғарылады деп айтса болады.

ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 жəне 81-баптарын ресми талқылау туралы №13 Қаулысына сəйкес сотпен қамауға алуды жəне тұтқындауды санкциялау, лауазымды адамдардың құқыққа қайшы əрекеттеріне, Конституцияның 76-бабының 2-бөлігінен туындайтын мемлекеттік органдардың заңсыз актілеріне қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының шағымдарын (наразылықтарын) қарауы қылмыстық іс жүргізуде адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғаудың құралы болып табылады. Соттың көрсетілген өкілеттіктері Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 29 наурыздағы Конституцияның 76-бабының 2-бөлігін талқылауға қатысты «сотқа заң негізінде адам жəне азаматтың кейбір конституциялық құқықтарын шектеуді болдырушы шешімдер, үкімдер жəне басқа да қаулылар шығаруға, лауазымды адамдардың құқықсыз əрекеттеріне шағымдарды қарауға, Конституцияда жəне Республиканың заңдарында бекітілген жағдайларда мемлекеттік органдардың заңсыз актілерін жоюға құқық берілген» деп көрсетілген қаулысымен расталады.

Бұл жерде ҚР-ның Конституциясының нормалары (16-баптың 1-б., 75, 76-бб. жəне өзге де) сотқа жедел-іздестіру шараларын жəне тергеу əрекеттерін санкциялау бойынша өкілеттік көрсетілмеген. Тергеу əрекеттерін, жеделіздестіру шараларын, ұстауды, қамауға алумен тұтқындауды санкциялау Конституциямен бекітілген прокуратураның жедел-іздестіру қызметін, анықтау жəне тергеу, сондай-ақ қылмыстық қудалауды прокуратурамен жүзеге асыруда заңдылықты жоғары қадағалаудың бір нысаны болып табылады. Бұлардың жүзеге асырылуы кезінде де, біздің ойымызша тəуелсіз орган ретінде сот тұруы қажет. Осыған байланысты Конституцияда бекітілген адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуші тергеу əрекеттерінің де, атап айтқанда тінту; почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды тексеру мен алу; хабарды жол-жөнекей ұстау; сөйлесулерді тыңдау мен жазудың сотпен санкциялануы шынайы құқықтық мемлекет болудың бір кепілі деп пайымдауға мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша, қылмыстық іс жүргізуде сот шағымдану институтының регламентациясы əркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығын бекітуші ҚР-ның Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне толық сəйкес келеді. Қазақстан Республикасында сот бақылауының проблематикасының пікірталастық бастамасы оның прокурорлық қадағалаумен ара қатынасы туралы мəселеден туындайды. Осыған орай, азаматтардың негізгі құқықтарын шектеуші процессуалдық əрекеттерге санкцияны тек бір ғана орган беруі қажет деп ойлаймыз.

Бүгінгі таңда прокурор қылмыстық іс бойынша адамның кінəлілігіне немесе кінəсіздігіне қарамастан, ақтау үкімінің шықпауына мүдделі, өйткені санкция беруден бастап ол өзін осы іспен «байлап» қояды. Прокурордың қылмыстық қудалауды жүргізумен қатар, тағы басқа бағыттары бар, соның бірі сотта мемлекеттік айыптауды жүргізу. Осыған байланысты да, тəуелсіз орган ретінде сотқа жүгіну қажеттігі туындап отыр.

Сот прокуратураға қарағанда айыптауға тəуелді емес. Сот сот билігінің өкілі ретінде тəуелсіз, айыптау функциясын атқармайды, алдын ала тергеуге басшылық жасамайды, оның сапалылығына жауап бермейді, тек сот төрелігін жүзеге асырады. Бірақ адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуші процессуалдық əрекеттерді санкциялауды сотқа берудің де көңіл аударатын мəселелері жоқ емес. Атап айтқанда, бұрынғы тоталитарлық режимнің қалдығы ол бірінші кезекке мемлекет мүддесін қою, судьямен берілген санкцияның дұрыстығына күмəн туғызбай, адамның құқықтары мен бостандықтарын екінші кезекке қою.

Десе де, сот бақылауы институтының қажеттілігі туралы халықаралық практика айтады; осындай түрдегі бақылау адамның құқықтарын жəне негізгі бостандықтарын қорғау туралы Европалық конвенцияның 6-бабында көрсетілген.

Бұл қазақстандағы құқықтық жүйеге де қайшы келмейді. Сот бақылауы, шын мəнінде, алдын ала тергеуде бəсекелестік негізінің күшеюімен байланысты, жəне бұл қылмыстық іс жүргізуді тиімдірек, оның қатысушыларының құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Дұрыс қойылған сот бақылауында прокурорлық қадағалау кейбір жағдайларда артық болып қалады. Бір бақылау функциясын əртүрлі органдардың атқаруына қажеттілік жоқ. Сондайақ прокурорлық қадағалауды толығымен алып тастауға дəлелді негіз жоқ – сот шешімінсіз жүргізілетін тергеу əрекеттеріне қатысты ол сақталуы қажет.

Мұндай көрініс Ресей құқықтық жүйесінде де қалыптасып отыр. Кейбір ресей ғалымдарының көзқарасынша алдын ала тергеуде қателерден жəне қиянаттардан қосарланған тосқауыл қоюдан еш мағына жоқ. И.Л. Петрухин де соттың қарауына азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеуші кейбір тергеу əрекеттерінің жүргізуіне рұқсат беруді ұсынады [2, 14]. В. Бозров сот бақылауын алдын ала тергеу органдарының бұлтартпау шарасы ретінде тек қамауға алудың қолданылуының заңдылығына ғана емес, сондай-ақ азаматтардың конституциялыққұқықтарыменбостандықтарын елеулі шектеуші өзге де процессуалдық жəне жедел-іздестіру шараларына да кіргізу қажеттігі туындап тұр деп көрсеткен.

Бұлтартпау шарасының аса қатал түрі айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алуда сот бақылауы бекітілген. Қылмыстық-процессуалдық кодекспен сотқа шағымдану институты жəне бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың заңдылығын жəне негізділігін соттың тексеруі бекітілгені бəрімізге мəлім. Қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының қажетті кепілдіктерінің бірі болып қамауға алудың арнайы «санкцияланған» режимі табылады.

ҚР-ның ҚІЖК-нің 110-бабына сəйкес айыпталушы, сезікті, олардың қорғаушысы, заңды өкілі, жəбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа оның жарияланған кезінен бастап үш тəулік ішінде шағымдануға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы. Соттың қаулысына шағымдануға, наразылық білдіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымы, наразылығы бар іс бұл туралы айыпталушыға, сезіктіге, олардың қорғаушысына, заңды өкіліне, жəбірленушіге, оның заңды өкіліне, өкіліне жəне прокурорға хабар беріле отырып, облыстық немесе оған теңестірілген сотқа кідіріссіз жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезден бастап үш тəуліктен кешіктірмей, айыпталушыға, сезіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысының заңдылығын жəне негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

Қамауға алуды қолдануға санкцияның заңдылығы деп қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының қолданылуының жəне оның мерзімін ұзартудың тəртібін регламенттеуші қылмыстықпроцессуалдық заңның барлық нормаларының сақталуын, ал негізділігі деп – қылмыстық іс материалдарында мəліметтердің, соның ішінде осы бұлтартпау шарасының қолданылуының немесе оның мерзімінің ұзартылуының қажеттілігін растаушы қамауға алынғанның тұлғасы туралы мəліметтердің болуын айтады.

Сот тараптардың дəлелдемелерін тыңдап, қылмыстық істің материалдарын қарай келіп, мынадай:

аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы;

аудандық немесе оған теңестірілген соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына берген санкциясының күшін жоя отырып, оның қаулысының күшін жою туралы;

аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою туралы жəне айыпталушыға, сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы;

аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою жəне айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту не ұзарту туралы дəлелді қаулылардың бірін шығарады.

Осылайша, сотқа шағымдану институты бүгінгі таңда анық ұлғайып, өзектілікке жəне сұранысқа ие болып келе жатыр. Осыған қарамастан, бұл процесс аса өткір пікір таластық сипатқа ие. Сот бақылауы кеңейтілуі қажет деген көзқарастар негізделеді:

қылмыстық іс жүргізуде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері максималды деңгейде қорғалуы қажеттігімен;

сот бақылауы қылмыстық іс жүргізуде азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жəне күзетудің қосымша кепілдігі болып табылады деумен.

Бұл позицияның қарсыластары, өздерінің көзқарастарына дəлелдер келтіріп, заң шығарушы сотқа санкциялауды берумен кейбір жерлерде тəуекел етеді деп ойлайды:

сотқа айыптау бағытын беруге;

соттың алдын ала тергеу органдары қызметіне араласу үшін шарттар қалыптастыруға;

судьяларда алдын ала тергеу стадиясында қабылдаған өздерінің шешімдерінде тұрақтылыққа мүдделілікті қалыптастыруға;

прокурордың анықтау жəне алдын ала тергеу заңдылығына қадағалау бойынша конституциялық өкілеттігін тарылтуға.

Мұндай аргументтерге көз жұму қиын. Сондықтан, сот бақылауының қылмыстық сот өндірісініңсотқадейінгістадияларындабіртіндеп кеңейтілуі адам жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің əдісі ретінде сот билігінің негізгі көрсетулерінің бірі болып табылады. Дегенмен, басқа процессуалдық жүйелерден алынған кірме көзқарастар отандық сот өндірісінің құрылымына əрқашан сай келе бермейді.

Сондықтан заң шығарушының ізденуі өте ұқыпты болуы қажет жəне сол немесе басқа да заңның моделін таңдауда ҚР-ның құқықтық жүйесінің ерекшеліктерімен қатар көптеген басқа да əлеуметтік, саяси жəне өнегелілік сипаттағы факторларды ескеруі қажет.



жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау