18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері


-тақырып. Әкімшілік алдын кесу шаралары



жүктеу 142,86 Kb.
бет8/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

25-тақырып.

Әкімшілік алдын кесу шаралары.

Әкімшілік алдын кесу шараларының өзіне тән белгілері, олардың әсер етудің басқа шараларынан айырмашылығы.

Әкімшілік алдын кесу шараларын қолданудың мақсаттары мен негіздері.

Әкімшілік – ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағандары:

- тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін;

- құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру, мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар; азаматтардан – жеке басын куәландыратын құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан - тиісті лицензияларын тексеру;

- мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару –жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау;

- көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ, электр және басқада желілерді жөндегенде);

- желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу;

- тұлғалардың (мысалы, тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің) денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың (мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу;

- эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы, кіруге және шығуға тиым салу немесе шектеу);

- бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау;

- мүліктерді реквизициялау, яғни мүліктің ақысын төлеп мәжбүрлеп алу (мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу);

2 ) Әкімшілік – бұлтартпау шаралары және іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары мәжбүрлі түрде құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату (кесу) және олардың зиянды салдарларын жою кезінде қолданылады. Бұл шаралар да кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді және полиция органдары, мемлекеттік инспекторлар және кейбір жағдайларда халық бақылаушылары (народные дружинники) қолданады. Әкімшілік бұлтартпау шараларына мыналарды жатқызуға болады:

- әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның физикалық бостандығын қысқа уақыт ішінде шектеу. әкімшілік құқық бұзушылықтарды тоқтату, хаттама толтыру, әкімшілік істерді өз уақытында қарауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады;

- кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтату, мысалы, еңбекті қорғау ережелерін, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда;

- техникалық жағдайы қауіпсіз жол қозғалысына қауіп төндіретін жағдайда ақауы бар автокөліктерді пайдалануға тиым салу;

- егерде оларды иемденуге рұқсаты болмаса, қандайда болмасын ережелерді бұзушы тұлғалардан мүліктерін алу (суық қаруды, мөрлерді, штамптарды);

- қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (мысалы, өз бетімен тұрғызған құрылыстарды бұзу, өз бетімен тұрғын үйге кіріп алғандарды әкімшілік шығару);

- полиция қызметкерлерінің қаруды қолдануы, мысалы, шабуылдан азаматтарды қорғауда, кепілге алғандарды босатқанда, полиция қызметкерлеріне шабуыл көрсеткенде;

- қоғамдық тәртіпті әдейі бұзушыларға самбоның, еркін күрестің, әскери күрес әдістерін қолдану, рәзіңке таяқшаларды пайдалану, кісен салу арқылы тікелей физикалық ықпал ету;

- өкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қоғамға жат қылықтарды тоқтату талабы.

Әкімшілік — ескерту шаралары да (құқық бұзушылықтардың алдын алу), сондай — ақ әкімшілік бұлтартпау шаралары да (жасалынып жатқан құқық бұзушылықтарды тоқтату), ереже бойынша, кінәлі тұлғаларды олардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалауға дейін қолданылады, яғни әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады. Іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары, мысалы, жеке басын тінту, қарау, тексеру, заттарды тінту, тексеру, қарау, заттар мен құжаттарды алу, әкімшілік істерді шешу тәртібі заңдылықты нығайтуға ықпал етеді, заңнамада белгіленген шектерде және тәртіпте қарастырылған жағдайда ғана қолданылады.

3) Әкімшілік жазалау шаралары, мысалы, айыппұл салу, тәркілеу, әкімшілік қамау - заңды жауапкершілік шараларын білдіреді және нақты құқық бұзушылықтарды істегенде қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бұл тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны заңдылықты сақтау, адамзат тұрмыс – тіршілігінің ережелерін құрметтеу және құқық бұзушылардың өзерін, сондай-ақ басқа да тұлғалардың жаңа құқық бұзушылықтарды жасамауларын ескерту рухында тәрбиелеу мақсатында қолданылады.




жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау