1731 ж. – Xixғ. екенші жартысы. XVIII ғасырдың 20



жүктеу 306,2 Kb.
бет50/112
Дата21.01.2022
өлшемі306,2 Kb.
#34185
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   112
тарих гос

Ел есінде қалған істері

Тың игеру кезінде Көкшетау облысында совхоз директоры болған Ф. Моргун 1957 жылы совхоз тұрғындары жер астында тұщы су болса да қажетті құралдың болмағандығынан 20 шақырым жерден суды тасып ішіп қиналып жатқанда Ж.Тәшенов келіп бір аптаның ішінде Армениядан скважина арқылы су тартатын компрессор алғызып беріп су мәселесін шешіп бергенін ризалықпен жазады.

Ж.Тәшенов Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда сол ауданға уәкіл болып барған Ж.Тәшенов Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Кезінде

Ж.Тәшеновтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы

В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте: «Н.С.Хрущев Ж.Тәшеновтың намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр»,- деп мәлімдеген.

Ж.Тәшенов жоғары қызмет бабына орай бір мезгіл Мәскеуде де басшылық жұмыс атқарып отырған. Сол кездегі тәртіп бойынша КСРО құрамындағы 15 одақтас республика Жоғағы Кеңестерінің төрағалары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары болып есептелінетіндіктен «мәскеулік төраға» демалысқа шыққанда 1 ай бойы Мәскеуге барып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының қызметін уақытша атқарған. Мәскеуге барар бір сапары қарсаңында С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов Ж.Тәшеновтен Б. Момышұлының екі рет Батыр атағына ұсынылып өтпей қалғанын, сол атақты алып беруге араласуын өтінеді. Ж.Тәшенов Мәскеуге барысымен мұрағаттан Б. Момышұлының құжаттарын алғызып танысады. Батырлыққа екінші рет ұсынылған құжаттың қорытындысында соғыс кезіндегі кейбір қылықтары кеңес офицерлерінің арожданына қайшы келгендіктен Б.Момышұлына мұндай атақты беруге болмайды деп маршал Конев қолын қойыпты. Ж.Тәшенов Жоғарғы Кеңестің атынан маршалды шақырып алып мәселені түсіндіреді. Маршал Конев «Бұл туралы менің пікірімді білмек болсаңыз, мен өз өмірімде ешқашан бір айтқан пікірімді өзгерткен адам емеспін. Бұл жолы да солай қаламын»,-деп көнбей қояды

Мәскеудегі кезекті қызметін атқару кезінде украиндық бір ғалымның «қылмысты ісі» алдына келеді. Қарт ғалымға бір жауапты қызметкерді өлтірді деген айып тағылып өлім жазасына кесіліпті, кешірім жасау туралы өтініші де қабылданбапты. «Мәскеулік төраға» - К.Е.Ворошилов демалыста болғандықтан орынбасары Ж.Тәшенов қол қоюға тиісті болады. Жоғары Кеңес қызметкерлерінің бұл мәселе К.Е.Ворошиловпен келісілген деген қарсылықтарына қарамастан, адам тағдыры болғандықтан Ж.Тәшенов өлім жазасы туралы үкімге қол қоймай түрмеге өзі барып қарт ғалымға жолығады. Кінәсіз екеніне көзі жеткен соң қайта тергеуге жіберіп ақтап қалады. Кейін кісі өлтірген қылмыскер де анықталып жазасын тартады.

Бірінші хатшы Н.Хрущев еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп «Тың өлкесі» деген аймақ құрып оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Мәскеуден Т.И.Соколов деген өз адамын жібереді. Ол «Тың өлкесін» Ресейге өткізуге бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Бұл әрекетті білген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж.Тәшенов 1960 жылы күзде «Тың өлкесінің» орталығы болған Целиноград қаласына шұғыл түрде ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін Т.Соколовты қызметінен алып 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және «Тың өлкесі» ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады.

Одан кейін Алматыда Үкімет мәжілісінде келесі жылдың халық шаруашылық жоспары қаралып жатқанда мінбеге көтерілген Тың өлкелік атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары А.И.Козлов: «Жұмабек Ахметұлы! Біз сіздерден ештеңе сұрамаймыз, тек Мәскеудің бергеніне тимесеңіздер болғаны»,- деп қыр көрсетеді. Мұндай жүгенсіздікке төзбеген Ж.Тәшенов оны тоқтатып қойып: «Тың өлкесі Қазақстанның құрамында, ал Қазақстанды оның Орталық партия комитеті мен Үкіметі басқарады. Сіз сол партияның мүшесісіз. Мынадай қыңыр мінез бен істі қоймайтын болсаңыз партиядан шығарып орныңыздан аламыз. Сонан кейін баратын жеріңізге барып арызыңызды айта беріңіз»,- деп қадап айтады. Н.Хрущевтің қырына ілігіп қызметінен төмендетіліп Мәскеуден Қазақстанға жіберілген А.Козлов зәресі ұшып сол жерде кешірім сұрайды. Осылай Ж.Тәшенов Мәскеудің жіберген кеудемсоқ адамдарын тәубесіне келтіріп Қазақстаннның бес облысының берілмейтінін ашық мәлімдейді.

Ж.Тәшеновтің бір ауыз сөзі «Қазақ әдебиеті» газетін жақтаушыларды бір көтеріп тастап, мәжіліс залындағы қарсылас топты жеңіп шығуына жол ашып бергендей болады. Жұмабек Ахметұлы бірінші басшыға: «Иван Дмитриевич, қазақ тілінде шығатын «Қазақ әдебиеті» газеті туралы мәселе қаралып жатқанда, осы бөлімде жұмыс істейтін қазақ жолдастар неге бюроға қатыспайды?», - дейді. Оның сұрағына жауап беруді И.Д.Яковлев Қ.Оспановқа ысырады. Қ.Оспановтың орнына жауап берген Н.Иванов: «Жандосов демалыста, Ысмағұлов іссапарда, А... Шалабаев...», - дейді. И.Д. Яковлев: «Сіз бен біз қазақша білмейміз, сонда бұл мәселені бюроға кім әзірлеген?» деп сұрайды. Н.Иванов: «Басқа сектордағы жолдастарды пайдаландық», - дейді. Сәбит Мұқанов: «Сонда Қазақстан Орталық Комитетінде қазақ жігіттеріне сенім жоқ деп түсінеміз бе? Осы жаңа ғана Ысмағұловты да, Шалабаевты да көрдім ғой», - дейді. И.Д. Яковлев ойланып қалады. Өз кезегінде Сақтаған Бәйішев газеттің ұлтшылдығын 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетімен салыстырып, «А.Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінің лебі аңқып тұр» - деп сөгеді. Осы мәселеге байланысты «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан» - С.Д) газетінің редакторы Қасым Шәріпов: «Қазақ әдебиеті» газетін жабу керек, ал басқа қазақ тілді газеттерді аудармаға айналдырмаса болмайды. Егер «Социалистік Қазақстан» газетін «Казахстанская правдадан» аударып, мен редактордың орынбасары болып қол қойсам, өзіме үлкен бақыт санар едім», - дейді. Сонда Ж.Тәшенов: «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп отырсың өзің!», - деп басып тастайды. Сөйтіп ҚКП Орталық Комитетінің бюросындағы талқылауда «Қазақ әдебиеті» газеті жабылудан аман қалып, газетті жақтаушылардың пайдасына шешіледі.

Академик Шапық Шөкиннің айтуынша Ж.Тәшенов Үкімет басшысы болған кезінде бірінші қазақ-орыс сөздігін құрастырған филолог-ғалым Хайрулла Махмудов қабылдауына кіріп, өзінің жай-күйін айтып, пәтер алуына көмек сұрайды. Сонда Ж.Тәшенов: «Мұндай адам қалай үйсіз жүр, қаладағы салынып жатқан үйлерден қалаған пәтеріңізді алыңыз, сол сіздікі болады»,-дейді. Х.Махмудов қаланың у-шуы аз бұрышынан пәтер алады. Бірақ ол жердегі салынған үйлер екі бөлмелі екен. Екі пәтерді қосуға рұқсат етілмейтін. Ал, Ж.Тәшенов: «Қабырғаны бұзып, біріктіріңдер, өзім жауап беремін», - деп бұйрық береді.

Бір кезде Жолдыбай Базаров мынадай оқиғағаның куәсі болыпты. Журналистің ауылында бір ақсақал соңғы демі бітуге аз ғана уақыт қалғанда көңілін сұрап келуші адамдардың біріне: «Өлсек, өлерміз. Тәшеновтен жанымыз артық па?», - деп айтыпты.

«Соғыстан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарып жүргенмін. Үйленгенмін, жұбайымыз екеуміз қарт әке-шешемізбен тар үйде тұруға мәжбүр болдық. Бұл жағдайды кездейсоқ білген Ж.Тәшенов маған 4 жыл соғыста болған майдангер ретінде кезексіз үй бергізді». (профессор Мұқаш Елеусізов)

3.



жүктеу 306,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау