Билет-11
1. «Қазақ» газеті және оның ХХ ғ. басында қоғамдық-саяси өмірдегі орны.
“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы
|
|
аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражды 3000, кейбір мағлұматтарда 8000 ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам қарыт- кері Ахмет Байрұрсынов, екінші редакторы – қоғам қайраткері, жазешы Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін “Азамат” серіктігі болған. Газеттің басы- лып шығуына алғаш
|
|
жинастырып, әрі қалтасынан қаражат шығарған Ахметишан Оразаев болған. Ахаң газетке автор ретінде де
|
|
қатысып“Қызылқұм елінде” деген сияқты мақалалар да жарияланып отырған. Хусаинов — Каримов баспахагасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзық Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.
|
Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түй- інді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қаты- насына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған
Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б. Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің даму шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалары туралы сын-мақалалар мен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген.
Расын айту керек, «Қазақ» газеті қазақ бұқарасын таптық езгіден азат етуді өзіне міндет етіп алған емес. Ауыр отарлық езгі, Столыпин реформасы салдарынан жер үшін күрестің шиеленісе түсуі, шаруашылық дағдарысының тереңдеуі, саяси-әлеуметтік құқықтың жоқтығы, міне, осындай жағдайда «Қазақ» жалпыұлттық мәселелерді көтеріп, сол үшін күресті. Егер таптық және жалпыұлттық мүдделердің белгілі бір қоғамдық даму сатыларында өзара ымыраға келе алатындығын есепке алсақ, «Қазақ» газетінің бұл ұстанған айқындамасы сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының объективті жағдайынан туындап, оның сол кезеңдегі ең зәру талап-тілегін, ұлт ретінде мақсат-мүддесін білдіретін еді. Газеттің жалпыұлттық басылым ретінде ерекшелігі де, әлеуметтік шектеулігі де осы қырынан көрінген. Анығырақ айтқанда, «Қазақ» империяның шет аймақтарында ұлы-державалық мақсаттарды көздеген Столыпин реформасына байланысты үдей түскен ұлт-азаттық қозғалыстың үні ретінде өмірге келді және 1918 жылы жабылғанға дейін осы мақсатқа қызмет етті. Сонымен бірге оның бұл бағыты қазақ бұқарасының ауыр жағдайына іш тарта қарауға, қажет жерінде оған араша түсуге кедергі жасаған емес. «Қазақ» ең алдмен осы ұлттық бостандыққа байланысты өзекті мәселелерді тынымсыз көтеріп тұрғаны үшін де отаршыл әкімшіліктің қатаң бақылауында болды. Үкіметтің әділетсіз саясатын ашық сынағаны үшін оған әр жылдары 50 сом, 1500 сом, 3000 сом көлемінде ақшадай айып төлеуге тура келді. Бір қызығы сол, «Қазақтың» үстінен бақылау жасап отыруға газеттің қазақ қоғамынан шыққан жаулары көмектесті.
«Қазақ» көп санды жазылушыларға қолы жетпеді. Бұған газеттің өзін кінәлау әділетсіздік қана емес, әдепсіздік болар еді. Көтерген саяси-әлеуметтік, рухани жүгі тұрғысынан ол сол кезеңдегі бүтін қазақ қоғамының газеті болуға әбден лайық-тын. Газет қазақ қоғамының ең өзекті мәселелерін қозғап, оларға жұрттың саналы бөлігінің назарын аудара білгенімен, бірақ ол қоғамның өзінен сол деңгейде қолдау таба алмағандығы тарихн шындық. Бірақ, қалай болғанда да, «Қазақ» газеті шыққаннан кейінгі мезгілде қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жаңа сапаға көтеріліп, оның негізгі мақсаттары, таяу арадағы міндеттері мен стратегиялық бағыт-бағдары айқындала бастады. Сондай-ақ «Қазақ» жалпыұлттық қоғамдық ойдың ұйтқысына, ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне айналумен бірге, ұлттық интеллигенция қызметінің демократиялық мазмұнының біржола қалыптасуына қызмет етті.
«Қазақ» газетінің бар мүмкіншілігін ағартушылық мақсатта кең пайдалана отырып, қазақ демократиялық интеллигенциясы сонымен бірге ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының негізін жасады. Анығырақ айтқанда, ол идеологиялық принциптер отаршыл әкімшіліктің өктем саясатына қарсы демократиялық интеллигенцияның күнделікті әрекеті нәтижесінде өмірге келіп, біртіндеп өмір талқысынан өтіп, қоғамдық қозғалыстың бағыт-бағдарын айқындаушы негізге айналды. 1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ» газеті іске асырған бұл қызмет негізінен мынадай екі бағытта жүрді. Біріншіден, бұл мезгілде ұлттық демократиялық интеллигенцияның алдында тұрған ең басты міндет отарлық езгіге қарсы ұлттық бостандық үшін күрестің бағыт-бағдарын және күрес әдістерін айқындау болды. Екіншіден, саяси бостандыққа жету феодалдық тәртіптер мен қатынастарға, күні өткен салт-дәстүрге, қоғамдық мерездерге қарсы бітіспес күреспен бір мезгілде жүруге тиіс еді.
4.
Достарыңызбен бөлісу: |