жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң». Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.
Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.
Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.
Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.
Үшінші кезең (маусым 1989-1991)
Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.
Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды
21.
Сұрақ
1 Экономикалық дағдарыстан шығу талпыныстары: кооперация, жеке кәсіпкерлік, кәсіп орындар т.б. туралы заңдар (1987-1988 ж.).
2.
Қазақстандағы тіл саясаты (1991-2016 жж.).
3. Астана – Қазақстан Республикасының жаңа орталығы.
1.
Кез келген елдерде сияқты, Қазақстанда да экономикалық дағдарыс өз түзетулерін еңгізді. Қаржылық дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласты. Әлемдік экономиканың құлдырауы барлық дерлік шикізаттарға деген сұраныстың, соның салдарынан олардың бағаларының күрт төмендеуіне алып келді. Қазақстан экономикасындағы дағдарыстың ерекшелігі – ол монетарлық емес, құрылымдық екенін көптеген отандық ғалымдар мойындап отыр. Сондықтан жалғыз қаржылық манипуляциялар арқылы ғаламдық дағдарысты түпкілікті жеңіп, дамудың тұрақты жолына шығу мүмкін емес. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы жолдауында елдің дамуының негізгі бағыттарының бірі инновациялық экономиканы құру және оның шикізаттық емес секторын дамыту болып қала беретіні аталып өтті. Қазақстандағы қалыптасқан технологиялық құрылым әлемдік стандарттардан алыс. Қазақстанда өндіріс негізінен ескі технология және ескірген техникаға негізделеді. Экономиканың құрылымында қазіргі заманға сай ғылыми сиымды өндіріс жоқ. Реформа кезеңінде экономикаға тартылатын инвестиция көлемі өскені және Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы жақсарғаны байқалды, ол өз кезегінде елдің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жақсы базаны қалыптастыруға көмек берді. Бұл жағдайда жасалған индустриалды – инновациялық стратегия елдің экономикасын жақсартудың маңызды факторларының бірі бола алады. Индустриалды–иновациялық дамудың негізгі мақсаты болып өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтерді өндіру, өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандартын енгізу табылады. Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыру және даму қарқынын көтерудің мақсатты саясатын іске асыру өнеркәсіптің дамуынсыз мүмкін емес, себебі гүлденген және қарқынды дамыған қоғамның іргетасы тек шикізат секторымен шектелмеген қазіргі бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика болуы мүмкін.Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне және т.б. Осынау сындарлы кезеңде әлемде санаулы мемлекеттердің ғана өз экономикасын қолдауға қаржылық мүмкіндігі бар. Солардың бірі – біздің мемлекетіміз екені бәріміз үшін үлкен мәртебе. Нақты айтар болсақ, сан-салалы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша
2 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде қолдау жасалды. Осы орайда Қазақстанда жеке кәсіпкерлік туралы заң пайда болды. Ол 2006 жылы 30 қаңтарда №124 заң атымен қабылданды. Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.
Ал мемлекеттік кәсіпорын туралы заң 1995 жылы 19 маусымда №2335 заң нөмерімен қабылданды. Бұл заң негізінде мемлекеттік кәсіпорын түрлері, олардың мақсаты мен міндеті, қойылатын талаптары және тағы да басқа сұрақтар қарастырылды. Сонымен бірге, кооперация туралы заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. 2015 жылғы мәлімен бойынша 1481 ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген.
2. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – тiл саласы. Тұрақты даму – қазіргі әлемдегі қоғамдық процестердің ұтымды жүруінің негізгі өлшемі. Тұрақты дамудың алғы шарттарының бірі – ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы. Көп ұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етеді.Тілдік саясат тарихи тамырын сақтағысы келетін әрбір тіл мен адамның құқығын қорғауға негізделеді. Біздің қоғамымыздағы әрбір адамның өз ұлтының тілін сақтай отырып, басқа тілді үйренуіне барлық мүмкіндігі бар.
Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қана қоймай, болашақ ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Әр халықтың тарихи дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени қарым-қатынасы ең алдымен оның тілінен көрініс табады. Ұлт пен ұлтты бір-біріне деген сыйластық, сенім және салт-дәстүріне көрсетілетін құрмет жақындастырады. Соңғы жылдары әр түрлі этностардың мәдени бірлестіктері де өз тілдері мен салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгере бастады. Адам тілді үйреніп, білген сайын өзге ұлттардың жан-дүниесін түсіне бастайды. Халқымыз «Ел мәдениеті тілден басталады» дейді.
Ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, тілдерді дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек.
Еліміздің тіл саясаты оның ішіндегі қазақ тілінің өркендеуі тіл мәселесінің басқа елдермен салыстырғанда қоғам бірлігін бұзбай, өркениетті түрде жүргізілуі – Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің жемісі.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту жөнінде арнайы қабылданған мемлекеттік бағдарлама бар.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген) нақты шаралар қолға алынды.
Бұл бағдарлама әкімшілік, білім беру, қызмет бойынша жоғарылау, қызмет көрсету және басқа да өмірдің әр түрлі салаларына арналған бірнеше арнайы және жеке бөліктерді қамтиды. Бағдарламаны жүзеге асырудың үш кезеңі бар. Бірінші кезең – 2011-2013 жылдар, екінші кезең – 2014-2016 жылдар және үшінші кезең – 20172020 жылдарды қамтиды. Нәтижесінде мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің көрсеткішін 20 пайыздан 80 пайызға дейін, кейін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыру өз нәтижесін беруде.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аса маңызды үш мемлекеттік бағдарлама атап өтілді. Басты бағдарламалардың бірі – тілдерді дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін одан әрі нығайтудың міндеттері белгіленді. Жолдауда Елбасы «Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деп жастардың шет тілдерін тереңірек меңгеруіне ерекше көңіл бөлу керек екенін және қазақстандықтардың үш тілді білуінің заман талабына сай екенін нақтылады. Қолымызда бар соңғы деректерге жүгінсек, республикамызда тұратын 6 млн 968 мың этностық өкілдердің 1,5 миллионы мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, сөйлей алады. Қазір қазақстандықтардың 65 пайызы қазақ тіліне жетік, 18 этнос өкілдерінің 60-80 пайызы қазақ тілін жақсы біледі. 45 этностың өкілі қазақ тілін өз тіліне қарағанда жақсы біледі. Мұны, мысалы, этнос өкілдеріне қаратып айтар болсақ, болгарлардың 29 пайызы, корейлердің 28,8 пайызы және еврейлердің 17,6 пайызы қазақ тілінде сөйлей алады. Бұл саясат сонымен қатар үш тұғырлы тіл саясаты атымен де баршаға таныс.
3. Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.
Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.
Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталанбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.
21.
Сұрақ
1970-1980-жж. КСРО-дағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың көрінісі.
Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты. Ұлтаралық келісім мен татулық.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық идеясы және оның ТМД көлемінде іске асуы (Еуразиялық экономикалық кеңістіктің, Еуразиялық экономикалық одақтың т.б. құрылуы).
1.
1970-1980 жылдары КСРО-да әлеуметтік экономиялық дағдарыс болған еді. Бұл жайт Хрущевті Брежнев ауыстырғаннан кейін бастауын алды.Дағдарыстың орын алуына болған бірінші себеп осы еді.
Шындығыны келгенде, КПСС билік басына жаңа сайланған адамдарды орнатқысы келмеді. Яғни бұл орынға лайықты тек жасы жеткен Брежнев болатын. Брежнев КСРО-ны толықтай дерлңк басқара алған жоқ. Алғашқы жылдары Брежнев мемлекетті сәтті түрде басқара алды, алайда кейіннен партия дағдарысы экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұласты. Дағдарыстың орын алуына болған тағы да бір себеп Екінші Дүниежүзілік Соғыс аяқталғаннан кейіе КСРО жеңіл өнеркәсіп ісемен емес, керісінше оның орнына әскери өндірісті әрі қарай жалғастырды. Сол себептен КСРО-да тек біренеше өндіріс орталығы болатын болса, бүкіл әлем өндіріс өнреркәсібін бастаған еді. Сонымен бірге, 70 жылдары Шығыста соғыс басталғаннан кейін бүкіл әлемде мұнай дағдарыс көшкіні басталған еді. КСРО барлық мемлекеттерге ірі мұнай тасымалдаушы рөлін алды. КСРО мұнай арқылы алған барлық бюджетін елдің аграрлық жағдайына жұмсады. 70 жылдардың аяғында мұнай дағдарысы өзінің қалпына келген еді. Сондықтан енді КСРО-ға бұрынғыдай капитал құйылмайтын еді. Сол себептен мемлекет біртіндеп экономиялық дағдарысқа аяқ басты. 1982 жылы Брежнев қайтыс болғаннан кейін мемлекеттің политикалық жағдайы өте тұрақсыз еді.Брежневтен кейін келген ізбасарлар мемлекеттің экономиялық жағдайын шешетіндей шешім қабылдай алмады. Мемлекет тұратын халықтың жалақысы біртіндеп көтеріліп жатты, алайда ол мөлшері инфляцияның мөлшерімен қатынас жасамады. Елде дағдарыстың келесі бір толқыны болған еді. Мемелекет ішінде тауарларға деген бағаның күрт артуынан халықтың әлеуметтік жағдайы төмендей бастаған еді. Ал одан кейін мемлекет басына Горбачев келгеннен кейін 1980 жылдардың аяғында, оның шешімі бойынша ауыр өнеркәсіп өндірісінің өндіру көлемін азайту мемлекетті кейіннен одан бетер дағдарысқа тап болуына алып келді.
2. Қазақстан Республикасының басты ұлттық саясаты – қоғамдағы барлық этностардың толықтай құқығы мен бостандығын сақтай отырып, байырғы ұлтқа негізделген жоғары әлеуетті қоғам құру. Тәуелсіз мемлекетіміз құрылғалы бері еліміздің ішкі саясаттағы ең басты бағыттарының бірі – халықаралық деңгейдегі достық пен өзара сыйластық және ұлтаралық келісімді нығайту.
Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достығы мен бірлігін нығайту үшін елімізде барлық жағдай жасалған.
Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамытуда Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздыңсаяси-әлеуметтік, мәдениұлттық орталығы бола отырып, саяси және экономикалық реформаларды кең құлашты байсалды,тындырымды, нәтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.
Қазақстанды қоныстанған көп ұлт ты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық саяси-экономи калық жағы нан тәуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан халықтарының толеранттылығын, конфес сия аралық және ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан әрі да мытып, нығайтуды көздеген Қазақстан хал қы Ассамблеясы өз ал ды на қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан және Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны әлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыстарынан байқаймыз.
Осы тұста өзінің тарихында, жалпы, мемлекеттік құрылымдық ғұмырында Қазақстан ерекше ел болып қалыптасқанын айта кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды. Тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде талай өзгерістер болып, дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін танытуеді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясатөзінің толық мағынасында көп ұлтты және көп дінді мемлекетекенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайдысақтауда бай тәжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығыбар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бәрі ортақ мемлекеттік мүддеге біріктірілген, шын мәніндегі жүргізіліп отырған ұлттық стратегияның құндылығын көрсетеді. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2007 жылғы Жолдауында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он жылдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді» деп жылы лебіз білдіре келіп, «Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет деп ойлаймын» деп атап көрсетті [1]. Президенттің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мәжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларындажариялаған баяндама ларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастықтақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттер мен, болашаққа жасалып отырған жаңа әрекет, қадам дарментығыз ұштастырылады. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мәдени орталық бар. Олар көпұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды. Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дәлел деді. Қазақстанды Отаным дейтін көкіре гінде сәуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы ұлттық бірлік саясатының тұрақтанып, нәтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық инсти туттар да мойындады. Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында әлемдік кеңістікте әрқашан өнеге тұтатын ел болып қала береді. Қазақстандық тәжірибе, яғни Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымда өзінің жоғары бағасын алды. Шынында да, бұл – әлемдік жұртшылықтың назарын аудартқан ерен құбылыс. Ассамблея Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда. Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани және ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына әлем қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам және мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда және оны дамытуда Қазақстандық тәжірибені қолдануға көптеп қызығушылық танытуда.Осы Қазақстандық ұлтаралық қатынас үлгісін одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда. Өз кезегінде Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Ассамблея ның мәртебесін көтеру жөнінде нақты ұсы ныстар айтқан еді, осы бағытта енді Ассамблея туралы заң қабылдау және аталған органның қоғамдағы рөлін күшейту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүмкіндігін толығығымен пайдалануда, яғни оны тек елдегі этностардың арасындағы қарым-қатынастарды, олардың тілдері мен мәдениетін дамытумен бірге, елдің дамуына жұмылдыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, ел экономикасын дамытуға және т.б.
ел өміріндегі маңызды істерге кеңінен араласу мүмкіндіктері қарастырылуда.
3.
2014 жылы еуразиялық заманауи идея өзіндік мерейтойын атап өтеді – оны алғаш рет жоғары
-
саяси деңгейде
|
жариялаған кезден бері 20 жыл өтті.
|
Қазақстан Президентінің ықпалдастық
|
бастамасы бүкіл бұрынғы кеңестік кеңістікте бұрын-соңды болмаған резонанс туғызды. Бүгінгі таңда ықпалдастық іс жүзінде қатысушы елдердің тұрақты және орнықты дамуына мүмкіндік беретін маңызды фактор болып табылатынына ешкімнің күмәні жоқ. Алайда, ол кезде бұрынғы кеңестік кеңістікте жаңа, неғұрлым озық, оған қоса ұлттық органдардан жоғары тұратын орган құру перспективасы бар ықпалдастық құрылым құру идеясы басым көпшілік үшін басқа дәуірден келгендей болып көрінгені шындық.
Нұрсұлтан Назарбаев көреген саясаткер ретінде өз идеясын әлемдік қауымдастық талқысына байыппен ұсынды. Алдымен Лондондағы «Чатем Хауста» ол ТМД-ның «жаһандық ықпалдастық» бағытында даму перспективасы туралы сөз қозғады. Бұдан соң, РФ сапары барысында 1994 жылғы 28 наурызда Кремльдің Георгиев залында және 29 наурызда Мәскеу Мемлекеттік университет -дің студенттері мен оқытушылар ұжымы алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен Ресейдің еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық процестеріндегі рөлі туралы өз ойларын және жаңғыртуды айқын қажет ететін Достастықтың бұдан кейінгі тағдырына көзқарасын айтқан болатын. Шешуші қадам 3 маусымда ТМД елдерінің бүкіл көшбасшыларына «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы» жобаны жіберу арқылы жасалды. Сонымен бір мезгілде жобаның мәтіні ашық баспасөзде жарияланды.
Еуразия елдерінің бірігуіне экономикалық байланыстар негіз болуға тиіс еді. ЕАО құру кезінде нарықтық реформаларды жүргізу, Еуразия елдерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауқымды экономикалық жүйеге бірлесе кіру кезіндегі тәсілдерді келісу көзделді. ТМД форматы ауқымында ықпалдастық қатынастарды ұлттық мемлекеттер құрылысы процестерімен үйлестірудің мүмкін еместігі Қазақстан көшбасшысын мемлекетаралық өзара іс-қимылдардың болашағына түбірінен өзгеше қарауға мәжбүр етті. «Қалыптасып отырған жағдайлар, – делінген жобада, – ТМД механизмдерін жетілдірумен қатар оны бірігудің жалғыз нысаны ретінде қарамау керектігін көрсетті. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ТМД елдерінің бұдан әрі дамуы олардың әрқайсысының ішкі әлеуетінің жеткіліксіздігімен тежелуде. Оларды дамыту бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдердің жаңа, нарықтық негіздегі экономикалық ықпалдастығы кезінде ғана мүмкін болады». 1996 жылғы қазанда тұңғыш рет «еуразиялық ықпалдастық» термині қолданыста пайда болды. Оны Ресей үкіметінің басшысы Виктор Черномырдин ТМД мемлекеттері үкімет басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде қолданды[2]. Бүгін бұл ұғым сараптамалық-талдау ортасында кеңінен пайдаланылады. Қазақстан Президентінің атап көрсетуі бойынша, бұл термин КСРО құлағаннан кейін пайда болған мемлекеттердің жақындасу процесі туралы сөз болған кезде жақын және алыс шетелдердің саяси элитасы сөздік қорының табиғи бір бөлігіне айналды.
Теорияның дамуы тұрғысынан қарағанда, Назарбаевтың Еуразиялық одақ идеясы субөңірлік стратегия – «ашық регионализм» ретінде қаралады, оның мәнісі ықпалдастықтың барлық қатысушылардың мәдени, тілдік және этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың құқықтарын демократиялық құрметтеу қағидаттарына негізделген айрышқа әлемдік көзқарас моделі ретінде түсінуден тұрады[3]. Ол басқа еуразиялық стратегиялар – Александр Дугиннің «планетарлық стратегиясы», Вадим Цымбурскийдің «Ресей аралдары», Збигнев Бжезинскийдің «ұлы шахмат тақтасы» қатарында тиесілі өз орнын алады.
Қазақстан Президентінің Еуразиялық ықпалдастық тұжырымдамасы, бір жағынан – қалыптасқан саяси және экономикалық байланыстарды, мәдени-тарихи дәстүрлерді сақтауды нысана етсе, екінші жағынан, бұрынғы кеңестік мемлекеттердің экономикалық өсуі үшін нақты мүмкіндіктер беретін басым тең құқылыққа негізделген, осы қолда барды сақтаудың мүлдем өзге қағидаттарын ұсынды.
Қауіпсіздік аспектілерінің маңыздылығын тани отырып, Қазақстан Президенті еуразиялық жобада сыртқы экономикалық, әскери, саяси, ақпараттық, технологиялық, экологиялық ықпалдар мен қауіп-қатерлерге ұжымдық төтеп беру мүмкіндіктерін қарастырды. Қазіргі жүріп жатқан жаһандық процестер тұрғысынан алғанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақты басынан бастап басқа ықпалдастық бірлестіктермен кеңінен өзара іс-қимыл тұрғысынан ашық жоба ретінде пайымдауының қағидаттық маңызы бар.
Негізінде, Президент бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ықпалдастық процестерінің теориялық-тұжырымдамалық негіздері туралы мәселені алғашқылардың бірі етіп қойды. Оның тұжырымдамасында ықпалдастықтың басты қайшылықтары айқын белгіленген, олар — көпполюстілік пен басымдықтың арақатынастары, батысқа және шығысқа бағытталу, ұлттық егемендік пен ықпалдастық ұмтылыстарының арасындағы келісім. Соңғысына қатысты Н. Назарбаев былай деп атап айтты: «Консервативті күштердің еркі мен қалауына қарамастан, егемендік – бұл өмір шындығы және бір де бір мемлекет одан бас тартпайды. Осы идеяны саяси жарнама мақсатында пайдаланбайтын ықпалдастықтың шынайы жақтастары өркениетті, прогрессивті ықпалдастық процесінің мемлекеттердің ұлттық егемендігімен қатар жүруі және оны нығайтуға себепші болуға тиіс екендігін түйсінеді. Мұндай ықпалдастық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің синонимі болып табылады…»[4].
ЕАО жобасының негізінде еуразиялық ұғымы мүлдем жаңа мәнде айтылатын болды. Ол ықпалдастық бастаманың басты теориялық ұғымына айналды. 80-жылдардың аяғында – 90-жылдардың басында классикалық еуразияшылдық идеясы Ресей мен Қазақстанда өте танымал болды. Президенттің өзі және көпшілігі Ресейдің ірі жоғары оқу орындарын бітірген оның пікірлестері заманауи теориялар мен бұрын рұқсат етілмеген және жабық болған идеялық ізденістерде алғырлық танытты.
Екіншіден, еуразиялық идеялардың, әдеттегіше, ел үшін дағдарыс болған жылдары туындағанына тарих куә. КСРО-ның құлауы Еуразияның геосаяси кеңістігінде үлкен өзгерістерді ала келді, бұрын-соңды болмаған ауқымды экономикалық, саяси, рухани-адамгершілік құндылықтардың дағдарысын тудырды. И. Орлова қалтқысыз атап айтқандай, еуразиялық идея «өздері өмір сүрген заманның «тарихи трагизмін» көру бұйырған, ойлау жүйесі ауқымды, ақыл-ойы ғылымға бейім және әлеуметтік-тарихи процестер қарқынын әлденеше қадам бұрын болжауға қабылетті адамдардың адамдардың ой-санасында»[5] дүниеге келді. Осы сөздерді тұтастай Қазақстан Президентіне қатысты айтуға болады деп ойлаймыз. Бұған өздерінің идеялық жолбасшыларының шығармашылық мұрасына ұқыпты және сонымен қатар сын көзімен қарауын, идеялардың әлеуетін нақты бағалай білуін және өз ұсыныстарының тиімділігі мен мақсатқа сәйкестігіне нағыз қарсыластарының көзін жеткізе алуын қоса алсақ – осының барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеяларының өміршеңдігін қамтамасыз етті.
23 сұрақ
1.
Достарыңызбен бөлісу: |