КСРО-ның күйреуіне алып келген – “ұлтаралық қатнастар саласындағы дағдарыстың және өзге де бірталай ауыр әлеуметтік құбылыстардың салдары”, яғни әлеуметтік себептер болған. Н. Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” көпұлтты мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе болып табылатын, дәл осы “ұлтаралық қатнастар” мәселесіне ерекше көңіл бөліп, бұрынғы КСРО-да оның дағдарысқа ұшырау себептеріне талдау жасаған. Жәнеде, ең бастысы, өмір Н. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте бұрын жіберілген кемшіліктерді үнемі ескеріп отыратындығын көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |