3.ҚР Президентінің халыққа берген жолдаулары қазақстандық қоғамның бірігуі мен ұтқырлығының факторы ретінде (1996-2016-жж).
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, дүние жүзіндегі өзгерістерге қарамастан тұрақты дамып, жаңарған экономикасымен, жаһандық экономикада жөні бөлек мықты өзіндік әлеуметтік саясатымен, тірегі мықты мемлекет ретінде қалыптасты. Елдің қарыштап дамуына «Қазақстан-2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын іске асырылуы себеп болды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді дамуының инновациялық тұжырымдамасын, мемлекеттің алға қойған стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудағы нақты бағытын анықтап берді. Сонымен қатар үшінші индустриялық төңкеріс жағдайындағы қазақстандық қоғамның қалыптасуының басты алғы шарт- тарын белгіледі. Ұлттық экономикаға жаңа сипат беру, оның бағдарын әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосатын жаңа бағытқа бұру – жаңа өзгерістерді талап ететін, негізгі міндет. Экономикалық жағдайымыздың қандай және қай бағытта дамуы қажет, келешектің жемісті болуына қандай себеп әсер етпек, мемлекетіміздің халықаралық еңбек бөлісіндегі рөлі қандай болмақ деген сынды т.б. мәселелерге түбегейлі өзгеріс енуі мүмкін. «Назарбаев үлгісі» атымен әлемге танымал, әлемдік нарық жүйесінде қалыптасып кеткен бүгінгі Қазақстан экономикасы қарыштап даму үстінде. Дамушы экономикасының негізінде республикамыз әлемнің серпінді да- мып келе жатқан елі қатарына енді. Үдемелі индустрияландыруды дамытуға және инновацияны игерудің басымдықтарына қатысты жүйелі үрдіс ба- сталды. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәуелсіздігі мызғымас ұлт ретінде қалыптасуына мүмкіндік бермек. Еліміздің қазіргі таңда әлемдегі бай елдердің арасында 50-ші орынды иеленуі Қазақстанның бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған елдер- ден ілгері тұрғанын аңғартады. Технологиясы, оқыту жүйесі мен әлеуметтік институттары дамыған жаңа дәуір инновациясы – еліміз үшін нағыз сынақ болды. ХХ ғасырды жоғары өнеркәсіптік технологиялар дәуірі деп атаса, ХХІ ғасыр – адам капиталын көбейтуге бағытталған жоғары инновациалық технологиялар дәуірі болмақ. ХХІ ғасырда мемлекетіміз жаңа жаһандық мәселелерге кез болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның жеткен жетістіктерін 7 нақтылап, стратегиялық даму жолын айқындай түсуіне және де жаһандық экономикалық тұрақты дамуға өз жолымен келген ел ретінде қалыптасуына себеп болды. Сонымен «дөңгелек үстел» қатысушылары негізгі тұжырымдамалар мен инновациялық және стратегиялық міндеттерге қатысты өздерінің маңызды ұсыныстарын білдіреді.
1.
Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру
Фискалдық, бюджеттік, салықтық саясат
Білім беру және кадрлар
Ғылым мен бизнесті кооперациялау
Инновация және технологиялар трансферті
Ұлттық кластерлерді және инфрақұрылымдарды құру
Ақпараттық қамсыздандыру
ШОБ дамуын жетілдіру
Аймақтық саясатты жетілдіру
Жалпыға бірдей еңбек негізінде әлеуметтік жаңғырту
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
Табиғи ресурстарды басқару
Сыртқы экономикалық қызмет
Достарыңызбен бөлісу: |