ДҮНИЕНІҢ КӨРКІ, ЖАННЫҢ САЯСЫ-ЖАСЫЛ ЖЕ-
ЛЕК ТАЛДАР МЕН ЖАЙНАҒАН ГҮЛЗАР ЕКЕНІНЕ
ЕШКІМНІҢ ДАУЫ БОЛМАСА КЕРЕК. СОНЫҢ
БІР ДӘЛЕЛІНЕ ӨЗІМНІҢ ДЕ КӨЗІМ ЖЕТТІ.
БІЛІМ БӨЛІМІ АУЛАСЫНА ҚАДАМ БАСҚАН
СӘТТЕГІ СЕЗІМІМДІ ЖЕТКІЗЕ АЛМАСПЫН, СІРӘ!
«ТАЗАЛЫҚ» ДЕП ОСЫНЫ АЙТ!
ТАЗАЛЫҚ
4
13 маусым, 2015 жыл
Бухгалтерия - 22-2-44
5336
579
Кезекшi редактордың жазған мақаласына
пiкiрiңiз болса, газет редакциясына немесе
janakorgangazeta@mail.ru поштасы
арқылы жолдауға болады.
Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
Оқшау ой
Бірлік ауылында Тәуірбай Беласаров және Жақсылық Тауасаров деген
(топырақтары торқа болсын) шофер жігіттер болды. Екеуі де әзілқой, жүрген
жерлері ойын күлкі еді. Тәкең орта бойлыға жетер-жетпес болса, Жақсылықтың
бойы ортадан жоғары жігіт болатын. Бірде Жақаң Тәкеңе: Тәке, мен сізге
қарағанда әлдеқайда танымалмын депті. Қалайша,-дейді таң қалған Тәуірбай.
Сенің жасың менен кіші ғой. Сонда Жақсылық: Жоқ менің айтып отырғаным ол
емес. Сіз Тәуірбай-Тәуірсіз, ал мен Жақсылық-Жақсымын. Сіз Беласаров-бел асып
жүресіз, ал мен Тауасаров-тау асып жүремін ғой деген екен.
Жинаған Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
АУЫЛДЫҢ
АЙТҚЫШТАРЫ
ШАЛДАРДА «ӨЛГЕН КҮН» БОЛАДЫ
Қожакенттік Нұрқожа аға бірде Жаңақорғанда тұратын үлкен ұлы Қуаныштың
үйіне келіп қалады. Үйге кірсе кіреберісте аяқ киім қарасы көп екен. Верандада
ойнап отырған немересінен «үйде кім бар?»,-деп сұрайды.
Немересі: бүгін мамамның туған күні ғой, достары келген,-дейді. Нұрекең
жастардың қызықшылығына кедергі келтіргісі келмей немересінің жанына жан-
таяды. Әлден уақытта немересі: Ата сіздің туған күніңіз қашан болады?-деп
сұрайды. Сонда Нұрекең: – Балам шалдарда туған күн болмайды, шалдарда өлген
күн болады,-деп жауап берсе керек.
«РАХМЕТ» БАЛАҒА ТАМАҚ БОЛА МА?
Аққорғандық Құрбан Садановтың алпысыншы жылдары паромшы кезі бол-
са керек. Түркістанға жұма намазға барып қайтып келе жатқан бір топ саусалық
ақсақалдар Құрбанға арғы бетке жеткізіп тастауды өтінеді. Ол кезде Құрекеңнің
ащы суға әуестеу кезі болса керек. Түнімен думандатқан Құрекеңнің басы ауырып
жатса керек. Мән-жайды түсінген Мамыт мағұзым Құрбанжан, ақыңды жемейміз,-
дейді. Ақшалы боламын ба деп қуанған Құрекең дереу тұрып, шалдарды паромға
мінгізіп дарияның арғы бетіне өткізіп салады.
Паромнан түскендер: Құрбанжан бала-шағаңның рахатын көр. Рахмет, деп
түсіп кете барады. Сонда Құрбан Мамыт мағұзымды тоқтатып: Ата, рахмет бала-
шағаға ас болмайды,-деген екен.
АЛ БІЗ КҮЛАЙХАН СҮЛАЙХАНБЫЗ
Жаңақорған кентінде Сүлайхан деген ПМК-70 мекемесінде қызмет ететін
жігіт ағасы болды. Зайыбының есімі Күлайхан. Теміржол дүкенінде сатушы болып
істейді. Бірде ерлі-зайыпты екеуі бір отырысқа барып қалады. Қасында отырған
дастархандас көршілерімен танысса, олар ерлі-зайыпты Жанат пен Манат екен.
Сонда Күлайхан апамыз ендеше біз Күлайхан-Сүлайхан боламыз деп қол беріпті!
ТӘУІРБАЙ МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ
СЕНБІЛІК СҰХБАТ
«МАНАП АҚЫННАН БАТА АЛҒАНМЫН»
КІСІНІҢ КЕЛЕШЕК ТАҒДЫР ТАЛАЙЫ ҚАРАШАҢЫРАҚТА АЛҒАН ТӘРБИЕСІНЕ КӨП ТӘУЕЛДІ.
БІЗДІҢ КЕЙІПКЕРІМІЗ-КӨПКЕ ТАНЫМАЛ ӨНЕР ИЕСІ-УӘЛИ ИБРАГИМОВТЫҢ КІСІЛІК
ПЕН КІШІЛІК ҚАТАР ҚАБЫСҚАН АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНДА ДА ТУҒАН ТОПЫРАҚ, КЕРЕГЕ
КИЕСІНІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ ҚАТАР ҚОНЫПТЫ. ОЛ КІСІНІҢ ӨЗІМЕН СЫРЛАСА КЕЛЕ ОСЫЛАЙ
ОЙ ТҮЙДІК.
МҰРАЖАЙ ЖӘДІГЕРІ
Дәстүрлі қазақ қоғамында
азық-түлік сақтауға
пайдаланған, ағаштан жаса-
лып, беті сүйек, күміс ою-
өрнекпен әшекейленген,
сандықша ыдыс. Көші-қон
кезінде кебежені түйеге
теңдеп, жас балалар-
ды соған отырғызатын
болған. Қазақстанның
оңтүстік аймақтарында
кеңінен таралған. Жоғарыда
көрсетілген кебеженің
ағаш беті мұқият өңделіп,
мінсіз ойылған ою-өрнегі
сырланған. Кебеженің орта-
сына өсімдік тектес, әр түрлі
геометриялық пішінде жо-
нылып, өрнектер оюланған.
Ескі, қақпағы жабылған.
Оң, сол жақ қабырғаларына
темірқұлақшалар орнатылған.
ХІХ ғасырдың басы.
САНДЫҚША
Жаңақорған ауданы бойынша апталық ауа райы болжамы
Ауа райы rp5.ru сайтынан алынды
Тіпті, аяғыңыздың астынан бір қылау таппайсыз.
Мұнтаздай таза ауланы көргенде таң қалмасқа болма-
ды. Хош иісі сарайыңды ашып, бойыңды балқытады.
Түрлі-түсті гүлдер жіпке тізгендей бой түзеп тұр.
Құтты бір қатардағы сарбаздар секілді. Тайға таңба
басқандай рет-ретімен орналасқан гүлзар мен жасыл
ағаштар да үйлесе кеткен. Күн көзіне таласқандай
бір-біріне соғысып, желдің ырғағымен баяу теңселген
ал қызыл гүлдер адамға ерекше шабыт сыйлай-
ды. Өзіңді қызыл кілем үстінде жүргендей сезінеді
екенсің. Жасыл желек тынысыңды ашып, өмірге де-
ген көзқарасыңа жаңа леп әкелетіндей. Жаныңа
шаттық сыйлап, көңіліңді көтереді. Керемет ауланың
тазалығына жауапты адаммен тілдесіп те үлгердік.
Нұрлан Қалдыбеков: «Жұмысым таңғы сағат ал-
тыда аула тазалаумен басталады. Гүлдерге су құйып,
ағаштардың түбін әктеп, аула алдын сыпырып ала-
мын. Осылай кезекпен алмасып жұмыс жасап тұрамыз.
Өскіндердің бойын қырқып, қалыпқа келтіру, тазарту
жұмыстарын жүргізу бізге міндеттелген. Өз жұмысыма
ұқыпты әрі ерекше сүйіспеншілікпен қараймын. Оның
үстіне басшымыз Б.Ибрагимов тазалыққа өте құштар
адам. Сол кісінің тапсыруымен күнделікті тазалық
жұмыстарын жүргіземіз. Оған барлық жұмысшылар
да үйреніп қалды. Аулаға ешқандай қоқыс тастамай,
тазалық сақтауды әдетке айналдырды, – деді.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» деп бекер
айтылмаса керек-ті. Аула алды теп-тегіс, тап-таза.
Жерде жатқан тас та жоқ. Тазалық – мәдениеттің
бір белгісі. Демек, бұл жердің мәдениетін ауласынан-
ақ байқауға болады. Келген адам кеткісі келмейтін
тылсым күш бар сияқты. Көрінісіне көз тоймай қарай
бергің келеді. «Үш күн өмір сүрсең де, таза жерде
тұр» деген бар. Дәл осы сөз аудандық білім бөлімінің
ұраны іспеттес көрінді.
Сұлулықты көргенде адам жаны әлсіздеу келеді.
Алған әсерімді қорытындылап «Ең үздік аула», «Таза
аула» деп өзімше баға беріп те үлгердім. Жайқалған
ауланы көргенде жұмыстың жайын ұмытып кетіппін.
Есімді жия сала сағатқа үңілдім. Түскі үзіліс те таяп
қалыпты. Айналама көз тастасам, тамашаға тамсанып
тұрған мен ғана емес екенмін. Менен бір қадам алшақ
тұрған бөгде кісінің айнала табиғатты тамашалап
тұрғанын байқадым. Сол ауладағы керемет үйлесім
көңілімнің бір түкпірінде қалып қойды.
Шіркін -ай, барлық тұрғын үй егелері, мекеме бас-
шылары өз иеліктеріне осындай жанашыр көзқараста
болса ғой.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЕВА.
Бір атым...
Ағымдағы жылдың 18 сәуірден бастап «Денсаулық сақтау
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу ту-
ралы» заң күшіне енді. Жаңа заң бойынша кейбір табак және ал-
коголь өнімдеріне шектеу қойылды. Соның ішінде құрамындағы
никотин мен шайыр белгіленген мөлшерден асып кеткен табак
өнімдерін шекарадан енгізу, өндіру, сату және таратуға тый-
ым салынады. Бұл қатарға бірінші кезекте насыбай жататыны
белгілі. Десе де, бүгінде сауда орындарында насыбайдың сауда-
сы қызып тұр.
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп жүріп, сол әдетке
тез үйір болатынымыз жасырын емес. Өзіне өзі ор қазғаннан жа-
ман не бар екен адам баласы үшін. Соңғы кездері жас пен кәрі
бірдей құмар насыбайға. Қазіргі таңда насыбай кез-келген жер-
де сатылуда. Ұсақ- түйектердің қасында да насыбай. Бұрын
темекі тартып келгендер енді насыбайға ауысып, жол тапқанына
мәз. Шылым-қымбат, насыбай арзан. Темекі қорабының құны
-200 жүз теңгенің мұғдарында болса, бір қалта насыбай-30-50
теңге тұрады. Сондықтан, құны әлеуметтік ас-нанмен қатар.
Қазақстанда насыбай сатуға ресми түрде шектеу қойылды.
Сондықтан базарда жасыл шақшаның саудасы қызу жүріп жатыр.
Талғамы да кең, түр-түрін кездестіреміз.
Ата-бабамыз түрлі емдік шөптерден жасап, аузының дәмін
алатын болса, оны әдепсіздікке ұластырмаған. Қазіргі уыз-
дай жастардың жаны мен тәнінің санасының уланып жатқаны
алаңдатады. Ал қазір нас де, мейлі лас де, бәрібір бірақ жанның
құмарын қандырып жүрген, кейбіреулер үшін құнды зат. Себебі
шүйкелі басқа сыр бергенде, құрысып, тырысқанда, лезде рахат
сыйлайды.
Олардың насыбай деп тартып жүргендері әктің суы, супер
клей сияқты қоқыр-соқырлар қосылған-у кәдімгі. Асқазанын тесіп
құриды, сосын ет жей алмай, күшің құриды. Тістің қызыл етін
кетіреді, миыңды кептіреді. Негізінен түрлі химиялық қоспалардан
астыртын дайындалатын, сапасы аса күмәнді, денсаулыққа ора-
сан зор зиянын тигізетін зат. Оны құстың саңғырығына күл қосып,
оған нас деп аталатын шөпті араластырып жасайды.
Ақ халатты мамандардың айтуынша, ол ауыз қуысындағы
ұсақ тамырлар арқылы миға соққы беру салдарынан ұмытшақтық
ауруына шалдықтырады. Сезім мүшелеріне айтарлықтай зиян
келтіріп, дәм, иіс сезу қабілетінен айырып қана қоймай, өзіне
тәуелді етеді. Соған қоса адам өмірін қысқартып, ақыр аяғы
азапты өлімге алып барады. Одан соң ауыз қуысы, ас қорыту
жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды. Жалпы өмір сүруге деген
ықылас азаяды екен. Ұйқысыздық дертке ұшырауы да мүмкін.
Ең қорқыныштысы, қолы күректей азаматтар насыбайдың
бедеулікке апаратынын біле бермейді. Бедеулікке ұшыраған
күннің өзінде олардың денсаулықтарының оңалып кетуі екіталай.
Тіпті дәрігерлер бұл дерттен айығудың өзі мүмкін емес деп дабыл
қағады. Медицинада ұрпақсыз қалудың қаупі насыбай мен темекі
өнімін тұтынушыларда жиі кездесетіндігін дәлелдеген.
Насыбайды бір рет пайдаланғанның өзінде үлкен қайғыға
душар етуі ықтимал. Сондықтан бір сәттік ләззатты өмірлік
қуанышқа айырбастаудың еш қажеті жоқ. Ойланып қарасақ, мы-
нау жалғанда адамды алдап қоятын нәрселері көп-ақ. Тигізетін
кесірін біліп тұрғанның өзінде, көз жұмып пайдалану әдетке
айналған.
Айталық, аялдамада немесе үйлердің бұрыш-бұрышын
иемденіп, ернін томпайтып, сақауланып сөйлеп, насыбай атып,
көрінген жерге түкіріп, айналасын ластап, сықылықтап күлген
жастарды көзің шалады. Езуі бұлтылдап, екі көзі жылтыл-
дап, қымсынбай қақырынып тұрғанын көргенде жиіркенесің,
жиренесің. Жастардың көбі оны қызық көріп, сонан соң басқаларға
еліктеп тартады. Оны мақтаныш көре ме? Уыс толы насыбайын
ұртына толтырып, айызы қанғандай рахаттанған күйіне қарап
түңілесің. Өздерінің осы қылықтарына ұялуы тиіс қой.
Қазір кейбіреулер темекіні, насыбайды бір-бір ұлтқа теліп
қоятын болыпты. Насыбайдың мұсылмандыққа ешбір қатысы жоқ.
Жастарымыз насыбай орнына ұлттық сусын қымыз-қымыранды
қана ішіп жүрсе қандай жарасымды, әрі әлге қуат.
Әсіресе, ұсақ саудагерлердің болмашы тиын үшін өз ұрпағын
улап жатқанын білгісі келмейтіні қынжылтады. Ұлт болашағын,
ұрпағының қамын, ел ертеңін ойлаған әр азамат осыған тосқауыл
қоюға атсалысу керек. Ағзалары насыбаймен жастайынан уланған
ұл-қыз болашақта ұрпағын қалай тәрбиелейді? Денсаулықтары
кеміп, келешек ақыл-есі дұрыс емес сәбилердің дүниеге келуі
көбейеді. Қандай қорқынышты. Жан түршігеді. Сондықтанда жа-
ман әдеттен тезірек құтылсақ екен...
–
Уәке, алғашқы сұрақ, «Сегіз қырлы, бір сырлы»
болып қалыптасуыңыздың қайнар бұлағы неде?
–
Нартайдың әндерін сырнаймен құйқылжыта орындай-
тын әкемнің сазды даусының сарыны бала жүректе сақталды.
Анам Жанаттың да той-жиындарда сызылта ән салатыны бар.
Әуен құдыретіне бесіктен құлағымыз қанып өскен барлығымыз
өнерді қадір тұтып өстік.
Орта мектептен соң әскер қатарында болдым. Келген
соң “Бірлік” ауылындағы клубқа жұмысқа тұрып, «Гүлдәурен»
ансамблінің іргесін қалауға атсалыстым. Өнерлі жастар
өңіріміздің талай жерін араладық. Бойдағы барды өмірімізден
артық бағаладық. Өнер бағасын білер елдің де рухы биік еді.
Қызыл Отау меңгерушісі Манап Көкеновтың көзіне іліктім бе,
ауданға №12 автоклубқа меңгеруші етіп тағайындады. Бір
күні «Алтын күз» мерекесінде қазақтың салт-дәстүрі- «Бета-
шарды» сахналайтын болдық. Шынайы түрде өткізу үшін жаңа
түскен келін де дайын екен. Мәкеңе сеніп алғанбыз, ол кісі бұл
міндетті маған жүктеді, бағыт-бағдар берді, нұсқасын жаттатты
«ал жолың болсын» деп батасын берді. Не керек, сол күні дүйім
жұрт алдында домбыраны сабалап, «Беташарды» сар желдірдім.
Нашар шықпаған сияқты, ертесіне-ақ мені іздеушілер көбейді.
Мәкеңмен ақылдасып аламын, нобайын, жөн-жобасын жазып
аламын да, салып ұрып тақпақтатып келемін. Қалтаға судырап
ақша түседі, 25 сомын Мәкеңнің алақанына сап, мәз қып қоямын.
Сөйтіп бірте-бірте төселдім, көмейіме төгіліп сөз тіркесі келеді,
бұрынғыдай Мәкеңе де жаутаңдамайтын болдым, пендешілік
25 сомды да қимай, қашқақтайтындаймын ба, «Әй, сен бала
көрінбей кеттің ғой» деп Мәкең де онымды еске салып қояды.
Түйсінгенім, Тәңірдің назары түскеннің батасы қиыс кетпейді
екен, бүгінде Манап ақын атындағы шығармашылық мектептің
тізгінін ұстап, тілеуқоры болып отырған жайым бар.
–
Халық сыншы, өзіңізді күміс көмейлі әнші, саз-
гер, әртіс, «Экспресс» ансамблі дауылпазшысы, асаба
ретінде жақсы танып, жоғары бағасын беріп жатады.
Жеке өміріңізде хоббийіңіз не?
–
Қолым сәл босаса қолыма балға, шеге ұстап, ұсталық
қылғанға құмартамын. Орындық, стол, асүйлік, қабырғалық
жиһаз, диван, кресло, басқа да үй жабдықтарын жасай беремін.
Бұл өнерімнің пайдасын кешегі тоқырау жылдары өзім де, дос-
жараным да көп көрдік.
Тағы бір өнерім-суретшілік. Қайбір жылдары орталықтағы
балабақша ғимараты №56 мектепке айналдырылды. Мектеп
директоры Әмір Рысбеков болатын. Сол мектепке қосымша
жұмысқа орналасып, ғимараттың іші-сыртын түгел көркемдеп,
талапқа сай безендіруге күш салдым. «Өнерді үйрен де жирен»
дейді ғой, жеті өнерді меңгергеннің еш зияны жоқ, тек талпыну
керек. Ынта болса адамның істегенін меңгерудің түк қиындығы
жоқ дер едім.
–
Отбасыңызда жолыңыды қуғандар бар ма?
–
Ұлым Шоқанның келешегінен үмітіміз мол. «Қазақстан
дауысы» эстрада жұлдыздары байқауының қатысушысы атанып,
жоғары бағаға ие болды. Кішкентайынан «Бозторғай», «Жас
қанат» байқауларында топ жарып, талантын мойындатқан жас
түлектің бақ талайы алда. Бауырым Кенжебек те өнер жолында
жүр.
–
Өз өміріңізге көңіліңіз тола ма?
–
Қай жерде жүрсе де өнер адамы үшін ең қымбаты-
халықтың бағасы, халықтың қошеметі. Жүрегіміз таңдаған
кәсібіміздің қара қазанына қайнағанымызға 40 жылдан аса уақыт
өтіпті. Бір күніміз екіншісіне ұқсамайды. Үнемі іздену, жаңаны
табу, таң қылу, талғамнан табылуға тырысамыз. 1983 жылда-
ры Әмір Мәжитовтың «Бір үзім нан»-пьесасымен Бұкілодақтық
көркемөнерпаздар байқауында Бас жүлдені жеңіп алдық.
Ару астанада Құнан Тастанбеков, Тұңғышбай Жаманқұлов,
Мейірман Нұрекеевтер біздің өнерімізге риза болып, қалаға
келсек, жатақхана беріп, жәрдемдесуге уәде етті. Арамыздан
Қалила Омаров Алматыда қалуға келісті. Өзгеміз бір жағынан
жүрексіндік, бір жағынан ауылды қимадық. Туған жердің төсін
дүркіретіп, күнде бір өнер шығарып, ел еңсесін көтеруге жан
тер болып жүрген жұмысымызды жарты жолдан тастап өз ба-
сымызбен болып кетсек ауыл халқына кім қызмет көрсетеді?
Мәдениетті кім ілгері сүйрейді? деген перзенттік парыз көңілімізді
қамшылады. Сол жанашыр сезім, сол тілек күні бүгінге дейін
отын сөндірмей, жас баладай желпілдетіп, көңілімізге жел бітіріп,
өнер десе жанып тұратын қасиетімізден жаңылған емеспіз. Бұл
өңірде біз білмейтін, біз қызығына ортақтаспаған отбасы жоқ.
Қызықшылықтарының шаттығын кіргізіп, өнерден шашу шашып
қана қоймай, тойларының тәлімді, жөн-жоралғысының мәнді
етуіне бар білім білігімізді жұмсаймыз. Біле-білгенге, өнер тәрбие
атаулының ішіндегі ең құдыреттісі десем де болады. Біз осы та-
лап тұрғысынан танылуға күш салуға тиіспіз.
–
Манап
мұрасының
шырақшысы
ретінде
көзқарасыңыз: дәстүрлі айтыс ақындарының жолын
қуған, мәйегін меңгерген шәкірттеріңіз бар ма?
–
«Шөп те өлең, шөңге де өлең» дегендей, жастарымыз
екі ауыз сөздің басын ұйқастырса ақынмын деп сахнаға шығып
кететін дерт жамады. Бұл айтыстың құнын түсіреді, халықтың да
ықыласын ортайтады. Бұрын қыз бен жігіт айтысы, елді мекендер
атынан түсетін ақындар айтысы газет беті арқылы да желі тар-
тып, бір-бірінің кемшілігін аямай сынға алып жататын. Қазір осы
дәстүр жойылды. Қазақтан өзге халықта жоқ, тек қазақ халқына
тән өлең үлгісі, пішіні, стилі, жалпылай айтқанда мақамының
жоғалып бара жатқаны ойландырады. Манап шығармашылық
мектебі ұлттың алтын қоры-айтысымыздың рухын жандандыру
бағытында жас талаптарды тауып, тәрбиелеуге күш салудамыз.
–
Соңғы уақыттағы шығармашылығыңыз жөнінде
не айтасыз?
–
Манаптан кейінгі ұстазым Әмір Мажитовке арнаған
А.Сопыбековтың сөзіне жазылған «Әмір аға» әнім эфирден
беріліп жүр. Жақында туған жерім-Бірлікті жырға қосқан «Ұшқан
ұяға тағзым» әнім дүниеге келді. Ауыл азаматы А.Ұлымбетовтың
сөзіне марш екпінімен жазылған ән жұртшылық жүрегіне ұялап,
алтын бесігімнің әнұраны іспеттес қабылданғанына қуанулымын.
Алда әлі талай мақсат көп. Ең бастысы, алақанына салған туған
халқымның ілтипатына ризамын. Бұл үшін өнерге өмір бойы
қарыздармын.
–
Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Баян ҮСЕЙІНОВА.