13 МАУСЫМ
СЕНБІ
2015 ЖЫЛ
№45 (7863)
Шалқия кентінде тұратын 22 жастағы кәсіпкер сол маңдағы
тұрғындарды шлакаблок өнімімен қамтамасыз етуде.
– Шлакаблокқа сұраныс жақсы. Қазір 20 000 шлакаблокқа
тапсырыс түсті. Одан бөлек, Сүттіқұдық ауылының тұрғындары
қора мен сарай секілді нысандар салуда берік құрылыс мате-
риалын пайдаланып жатыр. Осыны ескеріп, сонда да пункт
ашуды жоспарлап отырмын. Алайда маусымдық жұмыс
болғандықтан, облыста баламасы жоқ кәсіп түрін ашпақпын.
Қазіргі таңда, ет өнімін өңдейтін жобаны бітірдім. Енді «Даму»
арқылы жобаны қаржыландыруға жұмыс жасаудамын, – деді
жас кәсіпкер.
«Жұмыс жоқ» деп екі қолын қалтасына салып жүрген жа-
старды көргенде, ниет қылып, жұмыстың көзін тапса пайдаға
шалқымаса да, Дінмұхамедтей бір отбасыны, әулетті асырауға
болатынын түсінесін. Талапты жігіт маусымдық жұмыспен
шектеліп қалмас үшін, ет өңдейтін цех ашуды ұйғарыпты.
Құптарлық іс емес пе?! Ол көздеген мақсатты межесіне жету
үшін құжаттарды дайындап, қалдықсыз өнім өңдеуді көздеп
отыр.
«Ет қалдықсыз өңделеді. Халал сертификатын алу-
ды да жоспарлап отырмын. Цехта мал сою пункті болады.
Онда сойылған мал еті бөлек-бөлек өңделеді. Яғни, сүйектен
ажыратылған етті бір бөлек, сүйегін бөлек, ішек-қарны мен
өкпе-бауыры бөлек арнайы пакетке салынып, сатылымға
жіберіледі.
(Жалғасы 2-бетте)
БОЛАР БАЛАНЫҢ БАҒЫН БАЙЛАМА, БЕЛІН БУ
КӘСІБІҢ – НӘСІБІҢ
«ҚОЛДАН КЕЛМЕС ІСКЕ ҰМТЫЛ – АЗАТ БАСЫҢ БОЛСЫН
ҚҰЛ». «ҚАРАКЕТ ҚЫЛ, ПАЙДАСЫ КӨПКЕ ТИСІН». «ЕҢБЕК
ҚЫЛМАЙ ТАПҚАН МАЛ ДӘУЛЕТ БОЛМАС, ҚАРДЫҢ СУЫ
СЕКІЛДІ ТЕЗ СУАЛАР». «АДАМЗАТҚА ТІРЛІК – ДӘУЛЕТ».
ХАКІМ АБАЙДЫҢ ОСЫ СӨЗДЕРІН СӨЗ ЕТКЕН САЙЫН, КӘСІБІН
ДӨҢГЕЛЕТІП ЖҮРГЕН ДІНМҰХАММЕД БҰРЛЫБАЕВТЫҢ ТА-
ЛАБЫ ОЙҒА ОРАЛАДЫ.
«Жаңақорған тынысы» газетінің оқырманы
арасында білім, денсаулық, мәдениет, спорт
саласы қызметкерлері басымдық алып отыр.
Осындай жанашыр әрі басылыммен тығыз бай-
ланыс жасаған азаматтарға шығармашылық
байқау жариялаймыз.
Байқаудың
бас
тақырыбы:
«Жаңақорған-жүрегімнің жәннаты».
Байқау шарты: Қатысушыларға Таймс ню
роман шрифті, 14 кегль бойынша екі беттен
аспайтын (интервал 1,5) мақала, очерк, эссе
жанрымен жазылған шығармасын ұсына ала-
ды. Жеңімпаздың шығармасы газетте жария-
ланады.
Байқау қорытындысы «Баспасөз, те-
ледидар және байланыс қызметкерлері»
күні қарсаңында шығарылады. Автор өзінің
толық мәліметін, фотосын, байланыс құралын
және газетке жазылғаны жөнінде түбіртек
көшірмесін туындысымен жолдауы тиіс.
Қатысушы өз туындысын редакцияға алып
келеді немесе janakorgangazeta@mail.ru
электрондық почтасына «Байқауға» деп жол-
дай алады.
Жүлдеге үш орын, үш ынталандыру
сыйлығы белгіленді, жеңімпазға планшет, фо-
тоаппарат, ұялы телефон беріледі.
Байқаудың демеушісі: «СКЗ-U» ЖШС.
Ұйымдастырушы: «Жаңақорған ты-
нысы» газеті, қосымша мәліметті: 21-9-71,
79-1-35, 22-2-44 телефонынан ала аласыздар.
Оқырманның ой додасы
БАЙҚАУ
АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ
Келелі кеңес «Діни көшбасшылар мен сая-
си қайраткерлердің бейбітшілік және даму диалогы»
тақырыбын қамтыды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
қатысуымен өткен съезде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун,
ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО басшылары, өзге де түрлі дін лидерлері
мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері орамды ойы
мен тұщымды тұжырымдарын ортаға салды.
Алқалы жиынның ағашқы күні Мемлекет басшысы
Н.Назарбаев БАҚ саласын дінаралық келіспеушілік пен
конфессияаралық араздықты өршітпеуге шақырды.
«Барлық интернет желілермен қатар, БАҚ өкілдерін
адамдар арасындағы діни араздықты тудыру әрекеттерін
тоқтатуға шақырамын. Төртінші билік саналатын бар-
ша бұқаралық ақпарат құралдары осы істе өздерінің
моральдық жауапкершілікті көтеретінін білуі керек»–
деді, Елбасы.
Сондай-ақ Президент осының алдындағы съез-
ден соңғы үш жыл ішінде әлем жұртшылығы адам-
дар арасына діни әркелкілік арқылы іріткі салудың
жаңа әрекеттеріне тап келіп отырғанына назар аудар-
ды. Әсіресе, жаһандық лаңкестіктен төнген қатер «Ис-
лам мемлекеті» деген науқан түріндегі мейлінше қауіпті
сатыға көшкенін атап айтты.
–Содырлар жалған діни көзқарас ықпалымен Ирак
пен Сирияда мыңдаған жылдар бойғы өркениеттердің
мәдени мұраларын әдейі қиратуда. Олар өзге дін
ұстанушыларды, журналистер мен еріктілерді жа-
рия түрде өлім жазасына кесудің сұмдық шарала-
рын ұйымдастырып, интернет арқылы таратуда,–деді
Н.Назарбаев.
Съезд барысында барлық дін қайраткерлерін
ұстамдылық
пен
төзімділікке,
соғыстар
мен
қақтығыстарды тоқтатуға, бейбітшілік және адамдар
арасындағы келісімге шақырған Елбасы, кез келген
халық өз бірлігін бағалап, сақтай білгенде ғана өміршең
әрі ұлы болатынын атап көрсетті.
Мұнан кейін съездің мәртебелі мейманы БҰҰ
Бас хатшысы Пан Ги Мун баяндама жасап, әлемдік
діни татулықты нығайтуда құрылтайдың
маңыздылығын ерекше атады.
Отырыс
барысында
Финляндия
Президенті Саули Ниинисте, Қасиетті
Тақтың дінаралық диалог жөніндегі Папа
кеңесінің Президенті Ж.Л.Торан, Минск
және Заславск митрополиті, күллі Беларусь
Патриархтық Экзархы Павел, Дүниежүзілік
Ислам
мәзхабтарын
жақындастыру
ассамблеясының бас хатшысы Аятолла
М.Араки, Дүниежүзілік Ислам Лигасы бас
хатшысының орынбасары А.Бен Абдалла
әз-Зейд, Израильдің сефардтық бас раввині
И.Йосиф сөз сөйледі.
Бейбітшілік және келісім сарайын-
да өткен. Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің V съезінің екінші жалпы от-
ырысына қатысқан Мемлекет басшы-
сы Н.Назарбаев Съезд хатшылығына «Ру-
хани әлем мен келісімді дамытуға және
нығайтуға қосқан үлесі үшін» сыйлығын
және құрмет белгісін белгілеуді және
діндер мен мәдениеттер диалогының та-
рихын зерттейтін Съездің ғылыми мекемесі
ретінде Бейбітшілік пен келісім музейін са-
луды ұсынды.
«Діндер мен мәдениеттің диалогын
жандандыратын, діндер мен этностар ара-
сында руханилық пен толерантты қарым-
қатынастың биік үлгілерін жасайтын әрбір
дүние біз үшін маңызды. Сол үшін мен ру-
хани әлем мен келісімді дамытуға және
нығайтуға қосқан үлесі үшін сыйлығын және
құрмет белгісін белгілеуді ұсынамын. Ол діни
лидерлердің шешімімен белгіленіп, Съездің
жалпы отырыстарында табысталатын бола-
ды», - деді Елбасы құрылтайдың қорытынды
басқосуында.
Осылайша екі күнге созылған форум ба-
рысында 2 пленарлық және 4 секциялық
отырыс өз мәресіне жетті. Съезд аясында
ұлтаралық және конфессияаралық татулық
пен келісімді қамтамасыз ету тетіктері
талқыланды. Сондай-ақ ағымдағы әлемдік
жағдайларды есепке ала отырып, діни және
саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейту,
халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын еңсеру
мәселесі де жан-жақты қарастырылды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының
съезі бүкіл әлем қоғамдастығының назарын аударып
отырған бірегей оқиға. Барған сайын көрнекті сипат
алып, әлемдік жоғары деңгейде өркениет пен
мәдениетаралық диалогтың дамуына өзіндік
үлесін қосуда. Биылғы форумның құрметті
қонағы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның
қатысуы съезд жұмысына серпіліс берді.
Одан бөлек 42 елден 80-нен астам делегация
қатысты.
Съезд
қорытындысы
бойын-
ша қатысушылар әскери қақтығыстарға
қатысып жүрген тараптарды жанжалды
тоқтатып, ашаршылықтың, эпидемиялардың,
жұмыссыздықтың, осы сияқты өзге де
қатерлердің проблемаларын шешу үшін
діни, саяси қайраткерлердің күш-жігерін
жұмылдыруға бағытталған Әлемдік және
дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің де-
кларациясын қабылдады. Сондай-ақ Діни
көшбасшылар кеңесінің келесі үшінші отыры-
сы және VI съезд 2018 жылы Астанада өтеді
деп белгіленді.
Түйін. Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың
бастамасымен құрылған Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайы
дінаралық және конфессияаралық диалог
үшін бірегей алаңға айналды. Халықаралық
қоғамдастық әлемнің көптеген елдері
үшін үлгі бола алатын ұлысаралық және
конфессияаралық келісімнің қазақстандық
тәжірибесіне қанықты. Бұл күндері еліміздің
барлық ұлт өкілдеріне деген толеранттылық
ұстанымы саяси мәдениеттің нормасы ғана
болмай, демократиялық мемлекет құрудағы
басты ұстанымдардың бірі болып жалғасын
табуда.
Аталмыш ұстанымдар негізінде әлемде
бейбітшілік пен тыныштықтың орнауы
үшін форум барын күш-жігерін жұмсауда.
Бейбітшілік пен келісімді ту еткен діни ли-
дерлер съезі әлемді алаңдатқан діни экстре-
мизм мен лаңкесттікке, діни алауыздықтарға
қарсы екенін мәлімдеп, дінаралық татулық
пен толеранттылықты темірқазық қылатынын
қадап айтты.
Ресми ақпарат көзінен дайындаған
Әбдісамат ӘБДІШ.
БІРІНШІ СЪЕЗДЕ ЭКС-
ТРЕМИЗМГЕ ЖӘНЕ
ТЕРРОРШЫЛДЫҚҚА
ӘДІЛЕТСІЗ СОҒЫСТЫҢ
АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ
ДІНГЕ ЖАЛА ЖАП-
ПАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ТАЛҚЫЛАНДЫ. ЕКІНШІ
СЪЕЗД ОТЫРЫСЫНДА
ӘЛЕМДЕ БЕЙБІТШІЛІК
ПЕН КЕЛІСІМ
МӘДЕНИЕТІН ОДАН
ӘРІ НЫҒАЙТА ТҮСУГЕ
БАСА НАЗАР АУДАРЫЛ-
ДЫ. ҮШІНШІ СЪЕЗДЕ РА-
ДИКАЛИЗМ КӨРІНІСІНІҢ
БЕЛЕҢ АЛУЫНА,
АУҒАНСТАНДАҒЫ ҚИЫН
ЖАҒДАЙЛАРҒА, ЗАҢСЫЗ
ЕСІРТКІ АЙНАЛЫМЫНА
ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
ТАЛҚЫЛАНҒАН БОЛАТЫН.
IV СЪЕЗ «БЕЙБІТШІЛІК
ПЕН КЕЛІСІМ–АДАМ-
ЗАТ ТАҢДАУЫ»
ТАҚЫРЫБЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ
ӨРБІДІ. V СЪЕЗ «ДІНИ
КӨШБАСШЫЛАР МЕН СА-
ЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ
БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ ДАМУ
ЖОЛЫНДАҒЫ ДИАЛОГЫ»
ТАҚЫРЫБЫН АРҚАУ ЕТТІ.
ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ ЕКІ
КҮНГЕ СОЗЫЛҒАН ӘЛЕМДІК
ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР
КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ
СЪЕЗІ ӨТТІ.
Жеке кәсіпкер Нұрболат Әшірбековтің
иелігіндегі жасанды бассейн жазғы де-
малыстың бір күнін бүлдіршіндерге тегін
қызмет көрсетуге арнады. Бұл күні бас-
сейнде 300-ге жуық бала шомылып демал-
ды.
Бесарық су қоймасы жанындағы
облыстық олимпиадалар және қосымша
білім беру апталығы өзінің жаңа маусымын
ашты. Мұнда қазірде 300 бала Қармақшы
ауданынан келіп демалып жатыр.
Бұл орталықта өткен жылы 5 ауысым-
да 1636 оқушы демалған болатын. Биыл да
сол межеде жұмыс істейді.
ДІНАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаңақорған 30
Қосүйеңкі 8
Ақүйік 5
Аудан әкімінің аппараты 14
Кәсіпкерлік бөлімі 3
Аудандық мәдениет бөлімі 4
12 МАУСЫМҒА ДЕЙІНГІ
«ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛҒАНДАР 4918
БОЛДЫ. АЛ, ТОП БАСТАҒАНДАР ТӨМЕНДЕГІЛЕР:
БАСПАСӨЗ – 2015
КІМ АЛДА?
Апта басында орман қорына қарасты
аумақта өрт оқиғасы орын алды. Өртті
сөндіруге 5 өрт сөндіру көлігі, 2 трак-
тор, 2 УАЗ автомашинасы, 42 адам
жұмылдырылды.
***
2015 жылдың 07 маусым күні сағат 25
минут шамасында Жаңақорған ауданы,
Төменарық елді мекені, «Қызылбайыр»
бос жер аумағында көлемі шамамен 10
(он) гектар болатын табиғи қураған шөп
өсінділері жанған.
№10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері
сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудандық «Ардагерлер және жастар
ресурсы» орталығында зейнеткер әйел-
аналар арасында дойбыдан сайыс өтті.
Оған 10-ға жуық талапкерлер қатысты. І
орынды Дәмегүл Абдуллина, ІІ-орынды
Бақтыгүл
Әбдіқайымова,
ІІІ-орынды
Ұлжан Қытырбекова иеленді. Жүлдегерлер
аудандық спорт комитеті тарапынан Диплом
және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Олар енді облыстық байқауда бақ сынайды.
ДОЙБЫДАН САЙЫС ӨТТІ
САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ САЛ-
ДАРЫ
«ТАЛДЫСУДА» ТЫНЫҒУДА
БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Қыраш 5
Төменарық 5
Байгенже 3
Төменше жағдайлар бөлімі 4
Қазынашылық 2
Келінтөбе 3
Қаратөбе 3
Кейден 2
Жұма күні Қызылорда қаласындағы
А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет са-
райында жерлесіміз, жазушы, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжан-
ды еске алу кеші өтті. Облыс әкімі баста-
масымен өткен бұл игі шараға жазушының
қаламдастары, замандастары, оқырмандар
қатысты.
Жұртшылық
жазушының
шығармаларымен жете қанығып, болмы-
сы бөлек суреткердің тұңғиық әлемінен сыр
тартты.
ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ