12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет12/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

27

Осылай, қарастырылып  отырған  нұсқалар -

мүмкін  бейіндердің оқу

жоспарларының үлгілері ғана емес, сонымен бірге оларды құру ұстанымынң

көрнекі түрде таныстыру деп түсінілсе дұрыс болады.

Бейіндік оқыту – кәсіби еректенудің тәсілі, құралы. Әрине, білім мазмұны

болашақ кәсіби білім мен кәсіпке бағдарлануы тиіс.

Бейіндік сныптардағы білім мазмұны үш типтегі оқу пәндерінен құралуы

керек: базалық жалпы білім беру (бейінді емес), бейіндік жалпы білім беру,

элективтік.

Бейіндік оқытуды іске асыру тек бейіндік емес пәндердіңоқу материалын

қысқартқанда ғана,  кей  ретте  кіріктірілгенде ғана  (артық жүктеме  болмауы

үшін) мүмкін болады.

Элективтік курстар бейіндікпен бірге, біріншіден, жалпы жән кәсіби ілім

беру  арасындағы  сабақтастықты  сақтау  тиіс;  екіншіден,  кәсіби  білім  мен

болашақ кәсібін уәжділікпен таңдауын қамтамасыз етуі тиіс.

Бірқатар  пәндер  бойынша - базалық курстар  бойынша – базалық білім

беу аяқталады.

Бірқатар  пәндер  бойынша

бейіндік  курстар  бойынша – дайындық

кеңейеді әрі тереңдетіледі.

Элективтік  курстарда – оқушылардың таңдауы  бойынша  дайындық

бағыты мамандандыылады, кеңейеді не толықтырылады.

Элективтік  курстар – оқушылардың таңдауы  бойынша қатысуы  міндетті

курстар  болып  саналады,  олар  мектептің жоғары  басқышындағы  бейіндік

оқыту құрамына  кіреді.  Элективтік  курстар  жоғары  сыныптардағы  білім

мазмұнының вариативтік  бөлігінің компонентті болып табылады және әрбір

оқушының жеке  білімдік қызығушылығын,  сұранысы  мен қабілеттерін

қанағаттандыруға қызмет  етеді.  Олар  жеке  білім  бағдарламаларын құрудың

маңызды

құралы 


болып 

саналады,

өйткені

әрбір 


оқушының 

өз

қызығушылығын  танытып,  болашақ  өмірлік  жоспарларымен  байланысты



болатын  пәндер сұрыпталынады. Осылай, элективтік курстар, жоғары сынып

оқушыларының    әр  алуан  білімдік  сұраныстарына  жауап  беретін  базалық

және    бейіндік  курстардың мүмкіндіктерін  толықтырады  және  дамытады.

Ұсынылатын  бейіннің  құрамындағы  элективтік  курстардың саны    оқушы

таңдайтын крстардың санынан асып жығылуы керек [24].

Мынадай элективтік курстардың типтерін ұсынуға болады:

1)пәндік элективтік курстар;

2)оқушылардың табиғат  пен қоғам  туралы  білімін  кіріктіруге  арналған

пәнаралық элективтік курстар;

3)типтік оқу жоспарына енбейтін пәнер бойынша элективтік курстар.



Элективтік курстар мынадай міндеттерді шешеді:

- бейіндік оқу пәнінің мазмұнын тереңдету;

- базалық пәндердің бірінің мазмұнын кеңейту;

- оқушылардың

таңдаған 

салалары 

бойынша 

танымдық


қызығушылықтарын қанағаттандыру;


28

- адами


қызмет 

аясындағы 

белгілі 

бір 


салаға 

деген 


кәсіби

қызығушылықтың уәжделуі;

- бейіндік жалпы білі беретін пәндер – жоғары деңгейдегі пәндер болып

табылады, олар әрбір бейінді оқытудың бағытын анықтайды.

Оқытуды бейіндеу базалық пәндер мазмұнына бейін бойынша қажетті

компоненттер қосуды және қолданбалы курстарды эксперименттік сыныптарға

енгізуді негізге алады|.

Базалық пәндер мазмұнындағы бейіндік компонент барлық курстар

бойынша бөлінген ауқымды және өзекті тақырыптардан тұрады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер «Шешендік өнер»,

«Дүниежүзілік көркем мәдениет», «Абайтану» сияқты қолданбалы курстарда

қамтылған.



Абайтану

Ұлы  Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың  ғасырлар  бойы

маңызын  жоймайтын  рухани қазынасы.  Абайды  тану,  бағалау,  насихаттау,

оқыту – қоғамдық ой-санада  тың серпілістер  туғызып,  мақсаткерлікке

жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан

тану, ғылыми  тұрғыдан  тың байламдар  жасалуы  заңдылық. Ақынның мұрат-

мақсаттарын  бүгінгі  жастарымыздың санасына  сіңіру  абыройлы  борышымыз

болмақ.


11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсының бағдарламасы  2012 жылы

27  сәуірде  бекітілген «Қазақстанның ішкі  саясатындағы  идеологиялық



менеджментті қайта  жаңғырту  жөніндегі  2012-2013  жылдарға  арналған

Жалпыұлттық іс-шаралар  жоспарының» 41  және  42-тармақтарына  сәйкес

әзірленді.

12  жылдық оқытуға  көшу  экспериментінің  қоғамдық-гуманитарлық

бағытындағы    11-сыныптарына  арналған  «Абайтану»  курсының жылдық оқу

бағдарламасына  34  сағат  бөлінген.  Оның  31

сағаты  бағдарламадағы

материалдарды  оқуға,  2  сағаты  шығармашылық жұмыстарды  орындауға,  1

сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.

11-сыныпта  Абай  мұрасының  XX  ғасырдың отызыншы-алпысыншы

жылдарындағы    зерттелу  жайы, қазіргі  абайтанудағы өзекті  мәселелер, өнер,

білім, қоғамдық  құрылыс,  тарих,  ел,  махаббат,  азаматтық көңіл-күй  туралы

қарасөздері, өлеңдері  және  аудармалары,  поэмалары  топтастырылып  берілді.

Абайдың талантты  ақын  шәкірттерінің шығармашылығына  да  көңіл  бөлінді.

Абай  шығармашылығындағы  тұлға  болмысы,  толық адам  танымдарының

идеялық-көркемдік ұстаным  негізіндегі  байламдарын  байыпты  бағдарлауға

назар аударылды.

Курстың соңына қарай күллі қазақ халқына: «Қалың елім, қазағым, қайран

жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер, ойшыл Абай «Қазақтың бас

ақыны» ретінде танылады.



29

Бағдарлама ұлы  ақын,  жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы,  философ

Абай Құнанбайұлының шығармаларын  терең де  жан-жақты  танытуды  мақсат

тұтады.


Курсты оқытудың мақсаты:

- ақын шығармаларын оқыту арқылы отансүйгіш, халқымыздың әдебиетін,

өнерін,  тілін,  салт-дәстүрін құрметтейтін,  оны  ең жоғарғы құндылық ретінде

бағалайтын,  эстетикалық талғам  деңгейі  жоғары,  алған  білімін,  білігін,

дағдыларын өз  кәдесіне  жарата  білетін, ұлттық сана-сезімі  мықты, өркениетті

қоғамда өмір сүруге бейім, терең білімді дара тұлға қалыптастыру.



Курсты оқытудың міндеттері:

-

ақын  шығармаларындағы

ғылым,  білім,  ақындық  өнер,  елдік

мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;

- ақынның  қоғамдық  құрылыс,  азаматтық көңіл-күй,  тарихи  таным үрдісі

туралы  жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы  көзқарастарымен

таныстыру;

- Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол

мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

- қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау,

жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

- ақынның көркем-әдеби  туындыларындағы ұлттық таным  мен  рухани,

мәдени құндылықтарды  оқушылардың бойына  сіңіру  және  ақын  идеяларын

күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу;

- Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;

- Абайдың ақындық мектебі,  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық

ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту;

Абай  және қазіргі қазақ  әдебиетінің рухани  байланысын ғылыми  негізде

пайымдау;

ақын қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының, ән мен

күйлерінің мазмұны  адамгершілікті,  имандылықты,  махаббатты,  достықты,

әділеттілікті,  татулықты,  бірлікті  жырлайтындығын  келер ұрпаққа үлгі-өнеге

ету.

Шешендік өнері (риторика)

«Шешендік өнер» курсы қоғамда өздігінен іске асыруға және әлеуметтенуге

дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған қазіргі мектепке аса

қажет. Өйткені тіршілік қарекетінің  әртүрлі  салаларында  адамдар  арасындағы

өзара түсіністік, өзара әрекет ету, орынды сөйлей алу – бұл заманауи әлемдегі

баға жетпес байлық және ірі жетістіктің құраушысы.



Курстың негізгі  мақсаты – мәдениаралық коммуникация  жағдайында

нақты  сөйлеу  жағдаяттарында  тиімді  сөздік қарым-қатынасты  жүзеге  асыра

алатын тілдік тұлғаны қалыптастыру.

Курсты  оқыту міндеттері:

‒ Шешендік өнер  туралы ғылым  ретінде,  оның басты  міндеттері  мен

ұғымдық аппараты туралы көзқарас қалыптастыру;



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау