15
- меңгеруі мүмкін мамандықтардың мазмұны мен шарттары туралы;
- оқуды аяқтаған соң кездесетін жағдайлар туралы (яғни осы мамандыққа
нарықтың сұранысы, еңбекақы өтемі, жеке басының және мансаптық өсу
жолдары т.б.);
- таңдаған білімі арқылы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын жүзеге
асыру үмкндіктері және кәсіби қызметі туралы.
Осындай мазмұндағы ақпараттарды оқушыларға меңгерту
әлеуметтік
педаогтің, сынып жетекшісінің, тәрбеи жұмысын ұйымдастырушылардың қязмет
аясына кіреді. Солай десек те, ата-аналармен жүрізілетін ақапарттық жұмыстың
бір бөлігін психолог өзіне алуы жөн. Атап айтқанда, оқушылардың жас
ерекшелігі, жеке тұлғаның таңдау мәселелері, ата-аналардың емтихан, бәйге
іріктеулері, қиындықты басынан өткеру деген түрлі сынақтардыөз балаларымен
бірге бөлісуі сияқты мәселелерді түсіндіру жұмыстары психолог жүргізгені
дұрыс.
Ер жетіп есею, сонымен бірге адамның таңдау барысында практикалық және
мотивациялық дайындығы болуын керек етеді.
Практикалық дайындықтың құрамында мыналар болады:
- мектеп түлектерінің өз білімін әрі қарай жалғастыруды таңдау біліктеріне
ие болуы;
- оқушыларда мектептен соң өзі таңдаған бағыт бойынша білім алуға керекті
практикалық білім мен білік болуы.
Таңдау жасау білігі оқушыда бірнеше басқа біліктердің болуын талап етеді:
- өзінің қажеттіліктері мен мүмкінктеріне орайы келетін білім алудың
баламаларын айрықшалау;
- олардың артықшылықтары мен жетіспестіктерін бағалау;
- қолда бар нұсқалардың ең жақсысын таңдау.
Мотивциялық-құндылық немесе психологиялық дайындықтың құрамында
мыналар болады:
- түлектің алғысы келетін біліміне сәйкес келетін өз қабілеттері мен
мүмкіндіктерінөзіндік бағалауы;
- құндылық бағдардың болуы және индивидуалдық айқын мақсаттар болуы,
олардың білім алудың әрі қарайғы тәсілдері мен болашақ мамандықпен
байланысты болуы.
Саналы таңдау романтикалық немесе кездейсоқ таңдаулардан өзіндік ерекше
болады, өйткені онда оқушы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын
саналылықпен түйсініп, оларды жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктерін
анықтықпен бағалайды, ал жасаған таңдауы оның ішкі құндылық бағдарларын
ерекшеленбейді, сөйтіп өзінің жеке ниетін іске асыруға тірек болады [11].
Орта буын оқушыларының (6-8 сыныптар) мақсатты тұжырымдар жасай
алуы үшін, саналылықпен таңдап, мамандықтар әлемімен белсенді әрі жүйелі
танысуы үшін белгілі бір мамандықтың қыр-сырын тану үшін психологиядан
арнайы
сынып
сағаттарын,
сабақтар,
факультативтер
өткізіп,
бүгінде
басылымдарда жарияланып жатқан ойындардың, тренингтердің бай қорын
пайдалану керек.
16
4 Пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны
Орта мектептің жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуды енгізу -мектеп
білімін жаңашаландырудың маңызды бір бағыты ретінде танылады. Қоғамда
қалыптасқан пікір бойынша. Жоғарғы сыныптардадағы білім мазмұнын
бейіндендіру
қазіргі кезде мектепті дамытудың
айшықты, көрнекі
қадамдарының бірі ғана емес, сонымен қатар оны жаңашалаудағы оң
бағаланатын іс-шаралардың бірі ретінде де танылады.
Мектептің
жоғарғы
сатысында,
бір
жағынан,
оқушылардың
функционалдық сауаттылығын және жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуін
қамтамасыз ететін жалпы орта білім алуы аяқталады, екінші жағынан,
жастардың әлеуметтік және азаматтық еректенуіжүріп жатады. Мектептің
жоғары сатысының осы функциялары білім мазмұны бағытының онда
әлеуметтік сауатты және жинақы
әлеуметтік тұлғаның қалыптасуына
мұрындық
болады. Ондай тұлға
өзінің
азаматтық құқықтары мен
міндеттерін, өзінің әлеуетін, ресурстарын және таңдалған өмірлік жолының
жүзеге асырылуын көз алдына айқын елестете алады [12].
Жоғарғы сыныптарда жаңа мақсаттар мен білімдік нәтижелерге бағдар
алу – қоғамның әрбір адамның әлеуметтік мәртебесіне қоятын талаптарына
беретін жауабы болып табылады. Осы талаптардың ішіндегі неғұрым
маңыздысы
–дербес болу, таңдаудың
табысты болуы мен
өмірлік
жоспарлардың жүзеге асырылуында
өзіне жауапкершілікті ала білуі,
азаматтық орны болуы, еңбек нарығының өзгерістеріне қарай қызметтің жаңа
амал-тәсілдерін, жаңа мамандықтардыигеру т.б.
Көрсетілген мақсаттардың
тиімділікпен жүзеге асырылуы, осындай
нәтижелерге қол жеткізу қазіргі мектеп жағдайында мүмкін емес. Сондықтан
да мектептің
жоғарғы сатысында оқушылардың бейіндік білім алуы
қарастырылған. «Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында
мамандандырылған дайындық (бейіндік оқыту) жүйесін жасау, білім беруді
дараландыру мен білім алушыларды әлеуметтендіру, соның ішінде еңбек
нарығының сұранысын ескеру..., бейіндердің икемді жүйесін өтеп шығу және
мектептің жоғарғы сатысының бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім
мекемелерімен қауымдасуы» міндеті қойылған.
Бейіндік оқыту – саралай оқыту мен даралай оқытудың құралы, ілім беру
үдерісінің құрылымындағы, мазмұнындағы және
ұйымдастыруындағы
өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары, икемділіктері мен
қабілеттері
неғұрлым
толыққанды
қамтылып,
жоғарғы
сынып
оқушыларының кәсіби қызығушылықтары мен білім алуды жалғастыру
ниеттеріне сәйкес білім алуына керекті жағдайлар жасалады.
Бейіндік оқыту - жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту үдерісін
жүзеге асыруға бағытталған. Бұл ретте оқушының меншікті, индивидуалды
білім алуының жылжу жолы мәнді түрде кеңейеді. Бейіндік оқытуға көшу,
өстіп, бірнеше басты мақсатқа жетуді көздейді: