10
- күрделілігі жоғары теориялық және қолданбалы сыпаттағы есептерді
шығарудың практикалық дағдыларын дамыту;
- жаратылыстану нысандары мен үдерістерді танып-білу мен модельдеуді
жүзеге асыру біліктері мен қабілеттерін дамыту;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға
даярлану.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағытта
үш бейін болады: филологиялық,
әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық.
Фиологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне арналған
«Қазақ тілі» (ілгері деңгей), «Қазақ әдебиеті» (ілгері деңгей), орыс тілді
мектептерге арналған «Орыс тілі» (ілгері деңгей), «Орыс әдебиеті» (ілгері
деңгей), «Әлем әдебиеті», «Екінші шет тілі», «Информатика және АКТ».
Филологиялық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- мемлекеттік тілдің қоғамның ресми, саяси-қоғамдық, қоғамық-
экономикалық, ғылыми, күнделікті бейресми сияқты түрлі салаларында қызмет
ету ерекшеліктерін білуі, басқа да тілдердің ерекшеліктерін білуі т.б.;
- қазақ тілінің түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қызмет ету
ерекшеліктерін меңгеру;
- қоғамда мемлекеттік тілде қарым-қатынас құруда ауызша және жазбаша
сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;
- танылатын нысандарды өзара салыстыру, салғастыру, бағалау және
жіктеме жасаудың
критерийлерін
өз бетімен сұрыптай алатын білік-
дағдыларды меңгерту;
- білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеруге
баулу, дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;
- сөз сөйлеуге дайындалу (тақырыпты таңдау, аталымды жинақтау, ішкі,
психологиялық көңіл-күй т.б.) және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын
меңгеру;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі
білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін
талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға
даярлану.
Тарих-құқықтық
бейінге мынадай пәндер кіреді: «Қазіргі
әлемдегі
Қазақстан»,
«Қазақстан
заңнамасы»,«English
for
specific
purposes»,
«Информатика және АКТ», «Этика және қарым-қатынас психологиясы».
Тарих-құқықтық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- қазақстандық патриотизмге, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға
тәрбиелеу;
- оқушылардың тарихи және құқықтық сауаттылығын дамыту;
- қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік коммуникацияға кіру мәдениетін
дамыту;
11
- оқушыларда қоғамдық-тарихи ақпаратарды талдау, мәнін түсіну және
түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;
- қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың тіліне,
тарихына, дәстүріне және мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу;
- басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі
білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін
талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға
даярлану.
Әлемуеттік-экономикалық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Экономики
және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «English for specific
purposes»,
«Информатика және АКТ», «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі
геоэкономикасы».
Әлемуеттік-экономикалық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз
етуі тиіс:
- қазақстандық патриотизмге, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін, белсенді
азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;
- әлеуметтік өмірдің түрлі салалары, қазақстандық қоғамның даму
заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болуы;
- кәсіби бағдар беру және білім алушылардың экономика мен кәсіпкерлік
салаларда табысты еңбек ету дағдыларын дамыту;
- Қазақстанның индустриалды-инновациялық жаңашаландырылуы және
әлеуметтік-экономикалық даму жолдары туралы жүйелі білім қалыптастыру;
- адамзаттың жаһандану жағдайында тұрақтылықпен даму заңдылықтары,
мәселелері мен жолдары туралы заңдылықтары туралы білімді меңгерту;
- оқушыларда
әлеуметтік-экономикалық
және
қоғамдық-саяси
ақпараттарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын
қалыптастыру;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі
білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін
талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, өзіндік кәсіби келбеті қалыптасқан тұлға болуға
даярлану.
12
3 Оқыту бағыттарын есепке ала отырып, бейіндік сыныптарда мектеп
және оқушы компонентінің үлгілік мазмұны
Оқушылар жүктемесінің жоғарғы шегі Мемлекеттік жалпыға білім беру
стандартында көрсетілген оқу жоспары негізінде анықталады.
Бейіндік оқытудың ерекшеліктері оны жүзеге асырудың сан алуан түрлі
формаларынан туындайды. Түрлі деңгейдегі мектептерді осылай ұйымдастыру
арқылы тек таңдалған бейін мазмұны жүзеге асырылып қана қоймайды, сонымен
оқушылардың әрқайсысы үшін қызықты әрі маңызды болып табылатын бірге
басқа бейіндік пәндердің де мазмұнын меңгеру мүмкіндігі беріледі. Ол мүмкіндік
білім беру үдерісін ұйымдастырудың сан алуан формалары (қашықтан оқу
курсы, экстернат) арқылы да және түрлі білімдік ұйымдардың (жалпы білім беру,
қосымша білім беру, бастауыш, орта кәсіби білім беру т.б.) қауымдасуы (білімдік
ресурстардың бірлестігі) арқылы да іске асырылады. Бұл жағдай бір жалпы білім
беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына білімдік тұрғыдан қажеттіліктері
мен қызығушылықтарын толық жүзеге асыруға тірек болатын екінші білім беру
ұйымдарының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік туғызады [7].
Жоғары сатыдағы бейіндік оқытудың
мемлекеттік жалпы білім беру
стандартымен байланысы маңызды болып табылады. Егер білім беруді
жаңашаландыру бағытында ұлттық тестілеуді енгізуді қарастыратын болса, егер
мәселе білім сапасын тексерудің жалпыұлттық жүйесі туралы болса, онда мұндай
жүйенің шынайылығы мен жүзеге асырылуы тек соған лайықты білім беру
стандарттарының ендірілуімен және тек базалық жалпы білім беру ғана емес,
сонымен бірге бейіндік жалпы білім беру пәндері үшін де қамтамасыз етілуімен
мүмкін болады.
Осымен де байланысты, жоғары сатыдағы мектепте бейіндік оқыту ұлттық
тестілеумен тікелей байланысты болуы тиіс. Негізгі сатыдағы оқушының өзіндік
жолын айқындай алуына ықпал ететін білім беру кеңістігін қалыптастырудың
қажетті шарты болып таңдау курстары негізінде бейіндік даярлауды енгізу
алынады.
Осы мақсатта:
- Типтік оқу жоспарында жалпы орта білім берудің негізгі сатысындағы
түлек сыныпта вариативтік (мектеп) компонентінің сағатын көбейту;
- міндетті пәндерді оқытуда сыныпты керекті топ санына бөлу;
- білім беру ұйымдарына вариативтік компонент сағаттарын, ең алдымен,
бейіналды даярлықтарына пайдалану көзделінеді.
Бейіналды даярлық мектептің психология-педагогикалық, ақпараттық және
ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде енгізіліп, оқушылардың болашақ
бейіндік оқыту бағытын саналылықпен таңдауға дайындауды іске асырады.
Бейіналды дайындауды жоспарлауда негізгі мектеп оқушыларының жоғары
бейіндік мектептегі білім кеңістігіндегі өзінің индивидуалдық маршрутын
таңдаудың күрделілігі мен өзіндік ерекше болатынын ескеру керек [8].
Көп жылдық педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, өзін-өзі анықтау
жағдаяттарына даярлық 11 сынып оқушыларында жеткіліксіздік танытады.
Түлектердің үштен екісі (2/3) өз оқуларын жалғастыруда кездейсоқ факторларды
себеп қылатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |