12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет5/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

13

Бұл  мәселе  бейіналды  даярлық аясында кәсіби  бағдар  беруге ерекше  назар

аудару қажеттілігін дәлелдей түеді. Бұл ретте оқушыларға оқуды жалғастырудың

түрлі  нұсқаларын  жобалауы  және  жасөспірімнің  әлеуметтік,  кәсіби,  мәдени

тұрғыдан  даярлығын  жоғарылатуы  барысында  психология-педагогикалық сүйеу

болуға бағытталған арнайы қызмет ұйымдастырылуы керек.



Таңдау курстарын ұйымдастыру ерекшеліктері. Таңдау курстарының басты

функциясы – кәсіби  бағдар  беру.  Осымен  де  байланысты,  мұндай  курстардың

саны  мол  болғаны  дұрыс.  Ол  курстар қысқа  мерзімді  және өзара  алмасып

отыратындай  және  оқу  модульдері  ретінде ұйымдастырылуы  керек.  Таңдау

курстарын біртіндеп енгізу керек.  Курстардың сан алуан түрлерін бірден енгізу

арқылы  оқушының  (оның отбасының) алдына  күрделі  міндеттер  туындатып

жіберу қаупі  бар. Таңдау  курстары,оқушыларғаөз  мүмкіндіктерін  айқын  танып,

бағалауға  және  оқу  бейіндерін  таңдауда  дұрыс  бағдар  беруге  көмектесуі  тиіс.

Осыған  байланысты  оқушылардың шешім қабылдау  тетіктерін  меңгеретін

мақсатты  түрдегі,  оза ұйымдастыру  жұмыстары өзінің  «мүмкіндіктері  мен

жауапкершіліктерін» тани алатындай  ретте ұйымдастырылуы керек [8].

Негізгі  мектеп  түлектерінің  қорытынды  аттестациясы  және  жоғары

бейнідік мектепке түсуді ұйымдастыру.

Маңызды  жаңа қадам  ретінде  атап өтілетін  нәрсе –бейіндік  мектептер  мен



сыныптарға қабылдауғa байланысты  сұрақтардың реттелуі  мен  олардың

неғұрлым  шынайы,

әділетті  негізге  түсірілуі.  Бұл  мәселе негізгі  саты

түлектерінің  қорытынды  аттестациясының формаларын өзгертуді,  сөйтіп  10

сынып оқушыларының бітіру емтихандарын неғұрлым шынайы, «сыртқы», жөн-

жосықтарына өтудіталап етеді.

Негізгі  мектеп  түлектерінің білімдік  рейтингісін құру  идеясы жоғарыда

айтылғандармен байланысты.

Шамалауымыз бойынша, рейтингінің негізгі құраушылары ретінде:

а) қорытынды  аттестациялаудың нәтижелері  (10  сыныптан  соңғы  «сыртқы»

емтихандар);

ә)  «портфолио»  яғни  оқушының сабақтан  тыс кезде қолы  жеткен  жеке  оқу

жетістіктерінің жиынтығы (жеке «оқу жетістіктері портфелі»).

9-10  сынып  оқушылары үшін  мамандық таңдау  оңай  шаруа  емес.  Олардың

көбі өз өмірлерінде алғаш рет жауапкершілікті қадам басу туралы ойланады.

Бұл тұста бейінді дұрыс таңдаудың өзі жоғары сынып оқушысының болашақ

өмірімен тікелей байланысты болатынын ұмытпаған жөн.

Мотивтер  және  бейін  мен  болашақ мамандықты  таңдауды  зерттеу  барысы

көрсеткеніндей,  жоғары  сыныптарда  бейін  мен  болашақ мамандықты  таңдауда

басым  мотивтер  ретінде әлеуметтік  жайлы  мотив  алынатыны  анықталған.  Бұл

ретте әлеуметтік  жайлы  мотивті  оқушылардың жартысынан  астамы  маңызды

мотив  ретінде  таңдаған.  Бұл  көрсеткіш  бойынша,  ішкі  тетіктер,  ішкі қозғаушы

күштер (ішкі мотивация)  зерттеу кезінде әлсіз қалыптасқан деуге болады. Бейінді

таңдауда оқушының өзінің жеке басы ерекшеліктерінен, қызығушылықтары мен

қабілетінен  гөрі  достары  мен  ата-аналарының пікірлері үлкен  ықпал  етеді.  Бұл

ретте  оқушылардың  өз қызығушылығын, қабілеті  мен  тұлғалық бағдарын

анықтау қажеттілігі зор болып келеді [9].



14

Ғалымдар атап көрсеткеніндей, «мамандықты таңдау, барлық басқа таңдауды

дұрыс  жасауды  талап  ететін  жағдаяттар  сияқты,  жеке  тұлға құрылымындағы

күрделі  түзілім  болып  табылады.  Кәсіби  бағдарын  анықтауда қозғаушы  күш

болып табылатын факторлар ретіндегі компоненттер өзара бір-біріне ықпал етені

тығыз байланыста тұрады.  Шешім қабылдау және таңдау жасау - қай адамнан да

белгілі  бір  деңгейдегі  пісіп-жетілген  ақыл-ой  болмысын

қажет  етеді»

(Е.А.Климов).

Психологияда  адамның кәсіби  тұға  ретінде  пісіп-жетілгенін  танытатын

мынадай параметрлер анықталған:

- автономдық;

- мамандық әлемі туралы ақпараты болуы және ол ақпаратты өзінің болмыс

ерекшеліктерімен сәйкестендіре салыстыра білуі;

- шешім қабылдай алу білігі болуы;

- өзінің кәсіби өмірін жоспарлай алатын білігі болуы;

- шешім қабылдау  бойынша  туындаған  жағдаятты  сезімталдықпен  тани

білуі.


Жеке  тұлғаның дербестігі өзін қоршаған  адамдардан  даралай  алатын

қасиетімен өлшенеді, өзінің мақсатын  ата-ананың және  басқа  да өзінің сыйлас

адамдарының

көрсеткен

мақсатынан  бөлек  анықтай  алатын

қабілетінен

танылады, өзінің жеке тұлғасының тұтастығын  тану және сақтауға ұмтылуынан,

өзінің мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға ұмтылысынан,  мансаптық шешімдер

қабылдау барысындағы шынайылықты анықтай алу деңгейінентанылады.

Дербестікті қалыптастыру есею үдерісін танытады. Егер есею үдерісінде жеке

тұлғаның бейімделу  ресурстары  болмаса, үлкен қиындықтарға ұшырайды.  Бұл

ретте  сөз  бейіндік  оқытудың оқушының алдын  ала  даярлығынсыз  басталғанда

және  сыныптарды қайта құру,  басқа  мектепке  ауысу  жасөспірімді әлеуметтік

жағдаят  пен  тұлғааралық  өзара

қарым-қатынастардың

жаңа  жүйесіне

бағдарлайды.  Көбінесе  жасөспірім  басқа  бейінді  таңдап  алған өз  достарымен

тұрақты


қарым-қатынасынан  айрылып

қалып  жатады-дағы,    бейімделу

мүмкіндіктерін төмендетіп алады [10].

Сөйтіп,  психолог  маманның    өзіндік  сананы  дамытуға,  мақсаттылықты

айқындай  алуға,  шешемі қабылдауға  байланысты  жүргізетін  жұмысы  7-9

сыныптарда ұйымдастырылуы орынды екенігі айқындала түседі.

Мамандықты таңдау үшін адам сол мамандық турлы мол ақпаратқа ие болуы

керек;  мамандық  әлемін  тани  білуі  керек,  еңбектің пәні  мен  мақсатын,

мамандықтың адамға қоятын  негізгі  талаптарын  түсінуі  керек,  таңдалған

мамандықты қай  жерде  игеруге  болатындығын,  осы  мамандық бойынша  кәсіби

өсу бағытын тани білуі керек.

Мамандық

таңдауға  кең ақпараттық даярлықпен  келу  арқылы  адам өз

санасында  көптеген

өзіндік  ақпараттық  қорды

қалыптастырады.  Ол

ақпараттық қорда:

- мектептен соң өзі қалаған мамандық бойынша білім алу тәсілдері туралы;

- сол білімді алуға жіберетін күш-қуат туралы;

- жеке басында таңдаған білімді меңгеруге керекті практикалық даярлық пен

қабілеттер туралы;

- білімінің арқасында игеретін мамандықтар туралы;




жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау