12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет7/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

17

- толық жалпы  білімнің жекелеген  пән  бағдарламаларын  тереңдете

оқытуды қамтамасыз ету;

- оқушыларға  жеке  оқу  бағдарламаларын құруға  кең және  икемді

мүмкіндіктер бере отырып, жоғарғы сынып оқушыларының оқыту мазмұнын

біршама саралауға жағдайлар жасау;

- жеке икемділіктері  мен қажеттіліктеріне орайластырып, оқушылардың

түрлі  категорияларының толыққанды  білім  алуына  тең жағдай  орнату,

оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту;

- жалпы  және  кәсіби  білім  берудің арасында  сабақтастық орнату,  оның

ішінде мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламасын игеруге тиімді

дайындау да қамтылады.

Бейінді  оқытуды  енгізу,  көп  ретте,  мектептің типтік  оқу  жоспарын

(ТОЖ) қалыптастырудың дәстүрлі  жолдарына өзгерістер  енгізеді.  Бұл

құжаттың мектеп өмірінде,  оқыту  мазмұнында,  оқу үдерісін ұйымдастыруда

маңыздылығы  зор,  оны құрастыру ұстанымдарын өзгерту  арнайы  талқылап

қарастыруды қажет  етеді.Білім  мазмұнының теориясы  (соның ішінде  жалпы

білім  беру)  соңғы  кезге  дейін  бөлшектенген,

үзінділерден  тұратын,

педагогиканың

басқа  тарауларына  кірігіп  кеткендей  болатын  Бұлай

толығымен мектептің оқу жоспарын құрудың басқа да мәселелеріне қатысты

айтға  болады.  Егер  педагогиканың осы  саласын  сипаттайтын  болсақ, күні

кешеге  дейін қолданыста  болған  білім  мазмұны  тұжырымдамасы қандай

болсын  білім  беру ұйымдарының оқу  жоспарларына қандай  пәнді  кіргізуге

болатыны  туралы  толыққанды  жауап  бере  алмады.  Сондықтан  олар

тәжірибеде  тиімділікпен қызмет  ете  алмады,  түсіндіре  алатын  және  болжай

алатын қажетті күш қуаты болмады [13].

Қазіргі кезеңде дидактика жалпы білім берудің инвариантты негізін және

сол  негізді құрайтын  оқу  пәндерінің тізімін  анықтауға  мүмкіндік  беретін

тұжырымдамалық негізге ие.

Мектептің жоғарғы  сатысында  бейіндік  оқытудың осындай  типтік  оқу

жоспарын  жүзеге  асыру үшін  маңызды  болып  табылатын  екі қағиданы  атап

өту керек.

Біріншіден,  ТОЖ  жобасының

негізіне  жалпы  орта  білім  беру

стандартының жобалары  енгізілген.  Бұл  мәселе,  көп  жағдайда,  ТОЖ-ның

жалпы  мазмұнын  және  базалық және  бейіндік  деңгейлердегі  жекелеген

пәндерді оқуға бөлінетін уақытты анықтауға негіз болды.

Екіншіден,  ТОЖ-ның  қарастырылып  отырған  жобасы  мен  мектепте

қолданылып  жүрген  оқу  жоспарының сабақтастықтығы  сақталынып,  мектеп

біліміне қойылатын  жаңа  талаптарды  енгізеді.  Бұл  ретте  мектеп  білім

мазмұнының  құрылымы  мен  мазмұнын  эволюциялық жолмен өзгерту

ұстанымы  басшылыққа  алынып,  оған  педагогикалық тұрғыдан    негізделген

және тәжірибеде өзін ақтаған инновациялар енгізілді.

Бейіндік  оқытуды  жүзеге  асыру  жоғары  сатыдағы  білім  мазмұны

инварианттық компонентінің  үлесін  азайтуды  талап  етеді.  Олай  етілмеген



18

жағдайда  оқушының иығына  түсірілген  керек  емес  жүк  болып  табылады

және  оның тиімді  болып, қойылған  міндеттергеқол  жеткізетіні  неғайбіл

болып қалады.

Өйткені  бейіндік  оқыту  оқушының жүктемесін  азайтып,  білім  мазмұнын

оқушылардың  қызығушылығына, ұмтылыстары  мен қабілеттеріне жауап

беретін  вариативті қылу үшін    енгізіліп  отыр.  Бірақ оған қол  жеткізу үшін

жай ғана  бар  білім  мазмұнына  бейін  бағдарлы  оқу  материалын қоса  салу

жеткіліксіз [14].

Сөйтіп,  бейіндік  оқытудың жүзеге  асырылуы  тек  базалық жалпы  орта

білім  беретін  бейіндік емес  пәндердің білім  мазмұнынжеңілдету  және  сағат

көлемін  азайту  негізінде ғана  мүмкін  болады.  Бұл  жерде  басқа  шешім  жоқ,

өйткені  олай  болмаған  жағдайда  жоғары  сынып  оқушыларының апталық

жүктемесі  42-44 сағатқа дейін өсіп кетеді.

Айтылғандар бос сөз болып қалмауы үшін және бұл шешім таңылғандай

болмауы үшін,  оқу  жоспарындағы  инвариантты,  міндетті  және  вариативтік

компоненттердің

сәйкестіктерін

өзгертудің

мүмкін  нұсқаларын  талдап

көрейік.

Неғұрлым  батылдау  болып  келетін  алғашқы  нұсқа  бойынша - жоғары

сыныптан  базалық пәндерді  алып  тастап,  тек әр  бейіннің  өзне  тән  бейіндік

және  элективтік  курстардың белгілі  бір  жиынтығын қалдыру.  Бұл  тұрғыдан

келетін болсақ, жалпы орта білім беру міндетті болып табылмайды, және осы

бағытты  жақтаушылардың пікрінше,  жоғары  сынып  оқушыларын  тек  ЖОО-

ға  түсуге  дайындық  үшін ғана  керек.  Мұндай  батылдыққа қарамастан,  бұл

көзқарасты  ата-аналар  мен    ЖОО  оқытушылары    тарапынан қолдаушылар

көп.

Екінші  нұсқа – жоғары  сыныптарда  инвариантты  бөлшекті  бұрынғы



көлемде  сақтап қалу.  Бұл  көзқарасты  жақтаушылар,  негізінен,  жоғары

сыныптарда мамандандыра оқытуды сынаушылар. Олардың айтуынша, 15-16

жаста  кәсіби қызметті  саналы  түрде  таңдау  мүмкін  емес,  бұлай  етпеген

жағдайда  мектеп өзінің жалпы  білім  беру  және  жалпы  дамытушылық

болмысынан айрылып қалады [15].

Сөз жоқ, оқушылардың көпшілігі (әлеуметтанушылардың мәлімдеуінше –

30-35%)  оныншы  сыныптың аяғында өзінің  әрі қарайғы өмір  жолының,

мүмкін  деп  санайтын  кәсіби қызметінің бағытын  нық сеніммен  таңдауға

дайын  емес.  Бірақ мұндай  оқушыларға  кәсіби  бағдар  беретін  жұмыстар

жүргізілетін бейіндік емес мектептер мен сыныптар сақталынады. Облыстық

білім  басқармаларының пікірінше,  оындай  мектептердің саны  жақын  арада

мектептердің жалпы санының  30 % санын құрайтын  болады.

Осы  нұсқаны  бағалай  отырып  ескеретін  екінші  мәселе: қазіргі  жоғары

сынып  оқушыларның  40  %  (оқыту  нәтижелерінің мониторингі  көрсетуінше)

қолданылып  отырған  оқу  бағдарламаларындағы  пәндерді  талап  етілетін

деңгейдегі  білім  мазмұнын  игермейді.  Мұның басты  себептерінің бірі –

пәндердің оқу  материалын  игеруге  деген  оқушының мектептен  кейінгі



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау