№12 жалпы білім беру орта мектебі» кмм 5«Д» сыныбының тәрбие жұмысының жылдық есебі 2017-2018 оқу жылы


«Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі



жүктеу 1,87 Mb.
бет13/25
Дата12.05.2020
өлшемі1,87 Mb.
#30356
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
«Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі» атты тәрбие сағатының ақпарламасы.

«Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі» атты 8«Г» сыныбында тәрбие сағаты өтілді. Сыныпта жалпы саны 25 оқушы. Тәрбие сағатқа оқушы саны 24 оқушы болды.1-оқушы қатыспады. Қатыспаған себебі ауырып қалды.

Тәрбие сағаттың басты мақсаты  Оқушыларды қазақ жігіті мен қыздарының бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт – дәстүр,әдет– ғұрып тарихымен байланыстыра білу және тәрбие сағаты арқылы қазақ жігіттері мен қыздарының бұрынғы өмірі мен олардың киген ұлттық киімдерімен таныстыру.

Тәрбие сағатта балалар өз ойларын ортаға салды, баяндама оқылып талқыланды. Тәрбие жайлы баяндамалар оқып, ғарышкерлер жайлы ғибратты,нақыл сөздер мақал-мәтелдер айтылды.

Тақырыпқа байланысты «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Мұнда әр оқушы өздерінің ойын,пікірін ортаға салып талқылады. Сұрақтар қойылып сұрақтарға жауап берілді. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өткізілді.


Бірлігіміз жарасқан

Мақсаты: Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі – елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу, ұлттар достығын сақтау мен нығайтудың маңызы зор екеніне көз жеткізу. 
Күтілетін нәтиже Оқушылар ұлттар достығының маңызын түсінеді, ұлттар арасындағы достықты нығайту қажеттігін біледі. 
Керекті жабдықтар Интерактивті тақта, компьютер, проектор, постер, түрлі түсті маркер, стикер, глобус, таймер. 
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті 
Кіріспе Оқушылармен амандасу. 
«Достық, ынтымақ, бірлік»сөздері арқылы бөлу Топтарға бөлінеді. 
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. 
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. 
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. 
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. 
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. 
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұның барлығы достық, татулық, бірліктің арқасында болып отыр. 
«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.

Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін. Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі. Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.

Жарасқан байрақтың мәні бар,


Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !

Далам! Кең-байтақ. Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда - «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған»

Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.

Республика халқының саны 17 миллионнан астам.


Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау