№12 (8319) 14 ақпан, сенбі, 2015 жыл



жүктеу 365,44 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата01.01.2018
өлшемі365,44 Kb.
#6550
1   2   3   4

3

Тiршiлiк тынысы

№12 (8319) 14 ақпан, 2015 жыл

Қазақстан 

Республикасының 

монополияға 

қарсы 

заңнамасына  сәйкес,  тиісті  тауар  нарығында  нарық 



субъектісінің  немесе  бірнеше  нарық  субъектісінің  нарық 

субъектісіне  немесе  бірнеше  нарық  субъектісіне  тиісті  тау-

ар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жал-

пы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы 

үстем немесе монополиялық жағдай болып танылады. 

Бұл  ретте,  үстем  немесе  монополиялық  жағдайға  ие 

нарық  субъектілерінің  тиісті  тауар  нарығына  кіруді  шектеу-

ге,  бәсекелестікті  болғызбауға,  шектеуге  және  жоюға  әкеп 

соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) тұтынушылардың, 

өзге  де  тұлғалардың  заңды  мүдделеріне  қысым  жасайтын  іс-

әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне тыйым салынады. 

Осы  негізде,  Монополияға  қарсы  орган  Қазақстан 

Республикасының 

монополияға 

қарсы 

заңнамасының 



бұзылуын  жою  мақсатында  бірқатар  жұмыстарды  жүргізді, 

атап айтқанда:  

«СНПС-Ай  Дан  Мұнай»  АҚ-на  үстем  немесе 

монополиялық жағдайды теріс пайдалану мәніне монополияға 

қарсы  заңнамасының  бұзылуына  тергеу  жүргізіліп,  тер-

геу  қорытындысымен  монополияға  қарсы  заңнамасын  бұзу 

фактісін анықтады. 

Яғни, «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-ы Қазақстан Республи-

касы географиялық шекарасында үстем немесе монополиялық 

жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне Аи-

80,  Аи-92  маркалы  жанар-жағар  майларын,  дизельдік  отын, 

сұйытылған газды көтерме сату нарығы бойынша енгізілген. 

Тергеу нәтижесінде, «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-ы жанар-

жағар майды көтерме саудада өткізуде нарық субъектілерімен 

немесе  тұтынушылармен  жасалған  мәні  бірдей  келісімдерге 

объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлі бағалар мен 

шарттарды қолданғандығы анықталды.  

Осы  негізде,  монополияға  қарсы  органмен  әкімшілік 

өндірістер 

қозғалып, 

Қызылорда 

мамандандырылған 

ауданаралық  әкімшілік  сотымен  ҚР  ӘҚБтК-нің  147-бабының 

3-бөлігі бойынша заңды тұлғаға 97433993,16 теңге және жеке 

тұлғаға 259650 теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, мемле-

кет кірісіне өндірілді.  

Сонымен  қатар,  монополияға  қарсы  орган  монополияға 

қарсы  заңнамасының  бұзылуына  жол  берген  дара  кәсіпкер 

С.Рамановтың іс-әрекетін анықтады. 

Яғни,  дара  кәсіпкер  С.Раманов  Қызылорда  облысының 

географиялық  шекарасында  Тиісті  тауар  нарығында  үстем 

немесе  монополиялық  жағдайға  ие  нарық  субъектілерінің 

мемлекеттік тізіліміне «қантты көтерме саудада өткізу» қызмет 

түрі бойынша енгізілген. 

Жүргізілген  тергеу  нәтижесімен  дара  кәсіпкер  С.Раманов 

қантты  көтерме  саудада  өткізуде  нарық  субъектілерімен  не-

месе  тұтынушылармен  жасалған  мәні  бірдей  келісімдерге 

объективті  түрде  ақтамайтын  себептермен  әртүрлі  бағаларды 

қолданғандығы анықталды. 

Осы  негізде,  монополияға  қарсы  органмен  әкімшілік 

өндіріс қозғалып, Қызылорда мамандандырылған әкімшілік со-

тымен дара кәсіпкер С.Рамановқа ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабының 

3-бөлігімен 878800 теңге әкімшілік айыппұл салынып, мемле-

кет кірісіне өндірілді. 

Монополияға  қарсы  орган  үстем  немесе  монополиялық 

жағдайға ие нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының 

монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына жол бермеудегі 

жұмыстарды  одан  әрі  жүргізіп,  тұтынушылардың  бұзылған 

құқықтарын қалпына келтіруге көмектеседі. 

Еркін ҚАЗЫҒҰЛОВ,

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монопо-

лияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің 

Қызылорда облысы бойынша департаментінің тергеу және 

құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

ҮСТЕМ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС 

ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Күңіреніп 

күндей 

өтті 


ғой  соғыс»  демекші,  адамзат 

тарихындағы  жойқын  соғыстың 

жеңіспен  аяқталғанына  70  жылға 

аяқ  басқанымен,  оның  зұлмат 

дүмпуі  жүректерді  зіл  батпанға  ба-

тырумен  келеді.  Уақыт  жарасы  жазыл-

майтын  да  шығар.  Әйткенмен,  бүгінгі  бейбіт  күннің  көзімен 

қарасақ,  осы  жайма  шуақ  тіршіліктің  өзі  оңайға  түспегенін 

байқаймыз. Кешегі өткен сұрапыл соғысты, оның құрбандарын 

мәңгі есте сақтау-баршамыздың 

борышымыз. 

Ұлы 


Отан 

соғысы 


басталғанда 

менің 


атам 

Жұбанов  Нұрадин  небәрі  17   

жаста  екен.  Майдан  жолын 

Харьков  қаласында  орналасқан 

518-авиа  полктен  бастаған. 

Ол  туралы  үйімізде  мынадай 

құжат  сақталған.  Кіші  сержант 

Жұбанов  Нұрадин  Қорғаныс 

істері  жөніндегі  халкомның 

бұйрығына сәйкес 1941 жылдың 

10  қазанында  жасақталған  

№518  жылдам  ұшатын  авиа-

полк  құрамында  қызмет  еткен. 

1941 жылдың соңында полк Ка-

линин  майданында  кескілескен 

ұрыстарға  қатысып,  жауды  ой-

сырата  шығынға  ұшыратты.  Осы  ұрыста  кіші  сержант  «Ка-

дишовты  азат  еткені  үшін»  медалімен,  одан  кейінгі  жылдары 

«Киевті азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медаль-

дарымен және жауды жеңіп, елге оралғаннан кейін «Жеңістің 20 

жылдығы» медалімен марапатталған. 

Осынау  қиын-қыстау  зұлмат  соғыс  аяқталған  кезде,  атам 

елге 1950 жылы оралады. Елге оралған соң, әжем Шораева Са-

рамен  бас  қосады.  Бірге  елдің  еңсесін  тіктеуіне,  шатқаятаған 

шаруашылықты  қалпына  келтіруге  атсалысады.  Сол  екі  орта-

да атам Петропавл қаласында бухгалтер мамандығы бойынша 

бітіріп келіп, Қаракөл елді-мекенінде қызмет істеді. Одан кейін 

Сырдария ауданындағы «21 партсъезд» кеңшарында бухгалтер 

қызметін  атқарды.  Әжеміз  Шораева  Сара  атама  осы  жылдары 

қасында жан серігі болып, қолғабыс етіп жүрген. Әжем дүниеге 

4 ұл, 2 қыз әкелген. Атам дүниеден ерте кетті, әжем алты ба-

ланы  ер  жеткізді.  Кеңшардағы  озат  күрішші  атанды.  Балала-

ры осы уақытта аналарына қолғабыс көрсетті, еңбекқор болып 

өсті. әкелерінің «не тапсаң да еңбекпен тап» деген нақыл сөзін 

әсте  естен  шығармаған. 

Үлкен  ұлы  Жұбанов  Гала-

дин  ішкі  істер  бөлімінде 

қызмет  істеді.  Осы  саладан 

зейнетке шықты. Оның ұлы 

Жеңісбек  те  әскери  салада 

қызмет  істеп  жүріп,  кенет-

тен  қайтыс  болды.  Екінші 

ортаншы  ұлдары  Жұбанов 

Дәуренбек  пен  Мәуленбек 

Алматы  қаласында  меди-

цина  саласында  қызмет 

атқарады. 

Кіші 


ұлы 

Жұбанов  Құрманбек  ішкі 

істер  саласында  лауазымды 

қызмет  атқарды.  Қыздары 

Сабигүл мен Майра Алматы 

қаласында  тұрады,  атқарып 

жатқан  өз  қызметтері  бар. 

Осындай  атаның  ұрпағы  болғанымызды  мақтан  тұтамын. 

Осы орайда, аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алда 

келе жатқан Жеңістің 70 жылдық мерекесіне аман-есен жетіп, 

денсаулықтарының мықты болуына тілектеспін.

Абзал ЖҰБАНОВ,

аудандық мүмкіндігі шектеулі балалар 

қоғамдық қорының кеңесшісі

АТАМДЫ МАҚТАН ЕТЕМІН

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 

денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2011-2015  жылдарға 

арналған  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы 

ұлт  саулығын  нығайтуды  және  медициналық  ұйымдардың 

арасындағы  бәсекелестiк  қатынастардың  нарығын  құруды 

көздейтін бірден-бір бағдарлама. 2011 жылдан бастап іске асырыла 

бастаған мемлекеттік бағдарлама 4 жылдың ішінде медициналық 

саланың  профилактикалық  бағыттылығын  қамтамасыз  етуге, 

медициналық  көмектiң  қолжетiмдiлiгi  мен  сапасының  деңгейiн 

арттыра  отырып,  денсаулық  сақтау  жүйесiн  қарқынды  дамытуға, 

арнайы  әлеуметтiк  қызметтердi  енгiзуге,  сондай-ақ  денсаулық 

сақтау  жүйесiн  қоғамның  қазiргi  талаптарына  және  нарықтық 

жағдайларына  бейiмдеуге  ықпал  етті.  Бағдарлама  негізінде 

халыққа  дәрі-дәрмектер  тегін  беріліп,  олардың  салауатты  өмір 

салтын  қалыптастыруға  мүмкіндігінше  көмектер  көрсетілді.  Бұл 

бүгінде үрдіс болып қалыптасып, жыл сайын тегін дәрі-дәрмекке 

қомақты  қаржы  бөлініп,  тұрғындардың  денсаулығын  жақсарту 

жолындағы  көмектер  тоқтаған  емес.  Осы  бағдарламаның  аясын-

да елімізде көптеген іс-шаралар өткізіліп, ұлт саулығын дамытуға 

серпінді  қадамдар  жасалды.  Осының  нәтижесінде  елдiң  орнықты 

әлеуметтiк-демографиялық  дамуы  қамтамасыз  етіліп,  Қазақстан 

азаматтарының  денсаулығын  жақсартудың  негізгі  жүйелері 

қалыптасты.

Биыл  аталмыш  бағдарламаның  соңғы  кезеңі  жүзеге  асыры-

луда.  Соның  шеңберінде  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

проблемаларының ұлттық орталығының  ұйымдастыру-әдістемелік 

жетекшілігімен  үстіміздегі  жылдың  2-11  ақпан  аралығында  рес-

публика  көлемінде  Дүниежүзілік  обырға  қарсы  күрес  күніне 

орайластырылған  онкологиялық  аурулардың  алдын  алу  мен  ерте 

анықтау  жөнінде  онкүндік  өткізілді.  Мұндағы  негізгі  мақсат  - 

қоғамның назарын қатерлі ісік ауруларының қазіргі уақытта әлемдегі 

қауіп-қатер туғызатын басты індет екендігіне насихаттық жұмыстар 

жүргізу, сонымен бірге, олардың туындау себебі мен дер кезінде 

анықтаудың маңыздылығын түсіндіру және аурудың алдын алу ша-

ралары жөнінде ақпарат беру, тұрғындардың өз денсаулығына де-

ген жауапкершілігін арттырып, скринингтік тексеруден уақытылы 

өтуге шақыру. Осы бағытта онкүндіктің соңғы күні ОСӨСҚО Сыр-

дария аудандық құрылымдық бөлімшесі мен аудандық-емханалық 

қызметі  бар  «Сырдария  аудандық  орталық  ауруханасы»  ШЖҚ 

МКК-ның  ұйымдастыруымен  «Бұл  -  қолжетімді!»  ұранымен  ак-

ция өтті. Бұл акция ауданымыздағы барлық елді-мекенде және кент 

орталығындағы белгіленген аймақтарда жүргізілді. Оған аудандық 

орталық аурухана мен емханадан мейірбикелер мен жауапты ма-

мандар  жұмылдырылып,  қатерлі  ісік  ауруларының  алдын  алу 

жөнінде тұрғындар ақпараттандырылды. 

Осы  күні  кент  орталығында  бөлінген  аймақтар  бойын-

ша  күні  бойы  ақпараттандыру  шаралары  ұйымдастырылды. 

Онколог-дәрігер Ғ.Балмағамбетов пен СӨСҚ Сырдария аудандық 

құрылымдық  бөлімшесінің  маманы  Г.Жаналиева  Ғ.Мұратбаев 

көшесінің  тұрғындарына  уақытылы  скринингтік  тексеруден  өту 

арқылы  денсаулықты  сақтау  мен  нығайту,  обыр  ауруларының 

алдын  алу  және  қатерлі  ісікті  ерте  анықтау  қажеттілігі  тура-

лы  насихаттық  жұмыстарды  жүргізді.  Салауатты  өмір  салтын 

таңдауға, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, өмір сапасын 

арттыру мен барлығына емнің қолжетімді болуына халықтың на-

зарын аударуға бағытталған акцияда жауапты мамандар алдымен 

қатерлі ісіктің пайда болуы туралы айтып берді. Онколог-дәрігер 

Ғ.Балмағамбетов  қатерлі  ісік  ауруларының  пайда  болу  жолда-

рын  түсіндірді.  -  Қатерлі  ісік  аурулары  бүгінде 

елімізде  өршіп  тұр.  Көптеген  адамдардың 

өмірін  қиюда.  Обыр  аурулары  жалпақ  тілмен 

халық  арасында  «рак»  деп  айтылып  жүр.  Ол 

дегеніміз  кәдімгі  өзендегі  шаян.  Оның  қозғалу 

әдісі  -  көп  аяқтары  арқылы  жан-жағын  жалмау. 

Сондықтан  қатерлі  ісік  аурулары  адамның  ішкі 

құрылымының  барлығына  зақым  келтіріп,  оның 

өміріне  балта  шабады.  Медициналық  тұрғыдан 

айтқанда,  обыр  аурулары  клеткалардың  өзінің 

шамасынан  тыс  көбеюінен  пайда  болады.  Ол 

дененің  сыртқы  немесе  ішкі  ағзаларында,  мида, 

жұлында,  теріде,  етте  шыға  береді.  Сондықтан 

әрбір  тұрғын  оны  болдырмаудың  жолдарын 

жасаған  жөн,  -  деген  дәрігер-онколог  қатерлі 

ісік  аурулары  жұқпалы  емес  екендігін  ай-

тып,  анағұрлым  ерте  анықталып,  ем-домы  жа-

салса,  науқастың  өмірі  ұзаратынын,  аурудан 

айығатынын  жеткізді.  Сонымен  қатар,  жауапты 

маман халықтың мұндай ауруларға тап болуының 

себебін  де  айтып  берді.  Мәселен,  республика 

көлемінде  15  мыңға  жуық  адам  обыр  ауруына 

шалдығатын  болса,  олардың  10  мыңға  жуығы  көз  жұмады  екен. 

Мұның  себебі,  тұрғындар  жыл  сайынғы  скринингтік  тексеру-

ден  уақытылы  өтпейді  немесе  медициналық  тексерулерді  тамыр-

таныс  арқылы  жасатып  алады.  Соның  салдарынан  ауруларды, 

оның  ішінде  қатерлі  ісік  кеселдерін  дер  кезінде  анықтау  мүмкін 

болмай отырған көрінеді. Обыр аурулары анықталған жағдайда да 

тұрғындардың оған мойынсұнбай, емделуден қашуының әсерінен 

өздерінің  өмірлеріне,  денсаулықтарына  қауіп  төнуде.  Осын-

дай  жағдайларды  Ғ.Мұратбаев  көшесінің  тұрғындарына  ескерт-

кен  дәрігер  зиянды  әдеттерден  аулақ  болып,  дұрыс  тамақтанып, 

күнделікті режимді сақтаса денсаулықтың мықты болатынын айт-

ты. Мұнан соң онколог-дәрігер әйелдерде емшек безі ауруының да 

көп  кездесетінін  жеткізіп,  скринингтік  тексерулердің  түрлерімен 

таныстырды. Жалпы медицинада скринингтік тексерулердің 10 түрі 

болса, онкологияға қатысты 5 түрі бар. Маммография, асқазан мен 

өңеш, ректальді (тік ішек аурулары), бауырға қатысты тексерулер 

аудандық емханада уақытымен жүргізіледі. Ауылдық округтер мен 

кент орталығындағы аймақтарды скринингтік тексеруден өткізудің 

уақыттарын белгіленіп қойған. Асқазан мен өңешті тексеру осыған 

дейін  облыс  орталығында  жүргізілсе,  бүгінде  аудандық  емханаға 

арнайы  маманы  келген.  Ал  бауырға  қатысты  қазіргі  таңда  142 

адам тіркеуде тұрса, биылғы жылдың өзінде 43 науқас анықталған. 

Статистикалық мәліметтер бойынша, өткен жылы қатерлі ісік ауру-

ларынан 36 адам қайтыс болса, оның 9-ы бауыр обырынан өмірден 

озған. Осындай мәліметтермен ақпараттандырған Ғ.Балмағамбетов 

әркім өздері үшін тексерулерден өту қажеттілігін ескертіп өтті. 

Шет  елдерге  қарағанда  Қазақстанда  скринингтік  жап-

пай  тексерулердің  тегін  екенін  айтқан  аудандық  СӨСҚ  маманы 

Г.Жаналиева  аудандық  емхананың  101  кабинетінде  арнайы  ма-

мандар тұрғындардың осы тұрғыдағы барлық сауалдарына жауап 

беретінін жеткізді. Ол елімізде өмір сүру ұзақтығының төмендігін 

тілге тиек етіп, скринингтік тексеруде тамыр-таныстыққа жол бер-

мей, әрбір адам өзі тексеруден өту қажеттілігін қайта ескертті. Сон-

да ғана қатерлі ісік ауруларын ерте анықтап, онымен дер кезінде 

күресуге  мүмкіндік  болатынын  атап  өтіп,  тұрғындарға  салауат-

ты өмір салтын ұстану, обыр ауруларынан сақтану тұрғысындағы 

үнпарақшаларды  таратты.  Өз  кезегінде  тұрғындар  да  сұрақтарын 

қойып, дәрігерден жауаптарын алды. 

Е. БЕРКІНБАЕВ

ДЕНСАУЛЫҚҚА 

САЛҒЫРТ ҚАРАМА ...

Акция

«Сырдария аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы қызметіне 

Сырдария  аудандық  білім  бөлімінің  «№35    Иса  Тоқтыбаев 

атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ди-

ректоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Кызмет еткен жылдарына  байланысты басшылық еңбекакысы  

75433 теңгеден  90255 теңгеге дейін  (экологиялық коэффициентті 

есепке алмағанда)



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

-жоғары педагогикалық білімі;

-педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы неме-

се білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында 

немесе  ұйымдарда  басқарушылық  қызметте  жұмыс  өтілінің  5 

жылдан кем болмауы;

- бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

-облыстық  білім  басқармасының  кандидатура  бойынша 

келісімінің болуы;

- сотталмаған болуы тиіс.



Лауазымдық міндеттері:

Білім  беру  ұйымының  қызметін  оның  жарғысына  және 

басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілерге  сәйкес  басқарады. 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын 

педагогикалық  және  әдістемелік  кеңеспен  бірлесе  отырып  іске 

асыруды  ұйымдастырады.  Жұмыс  жоспарын,  бағдарламалар 

мен  жұмыс  жоспарларын  бекітеді.  Бекітілген  учаскедегі  ба-

лаларды  жалпыға  міндетті  оқытумен  қамтамасыз  ету  заңына 

сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие 

процесінің  ғылыми-әдістемелік  және  материалдық-техникалық 

базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін 

әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. 

Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялардың  дамуын 

қамтамасыз етеді.

Педагогикалық  ұйымдар,  әдістемелік  бірлестіктер,  бала-

лар  ұйымдары  қызметіне  ықпал  етеді.  Білім  беру  құқығына 

берілген  лицензиясына  сәйкес  оқушылар,  тәрбиеленушілер 

контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді 

әлеуметтік  қорғауды  қамтамасыз  етеді.  Жетім  балалар  мен  ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан 

тәрбиеленушілердің  заңды  құқығы  мен  мүдделерін  (жеке, 

мүліктік,  тұрғын  үй,  еңбек  және  басқа  да)  қорғайды,  олардың 

туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бой-

ынша  шаралар  қабылдайды.  Оқу-тәрбие  процесі  кезінде  білім 

алушылардың  (тәрбиеленушілердің)  және  білім  беру  ұйымы 

қызметкерлерінің  өмір  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  сақтауға 

қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру 

ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді.      

Нормативтік  талаптарға  сәйкес  есеп  жүргізіп,  оқу-

материалдық  базаның  сақталуын  және  толықтырылуын 

қамтамасыз  етеді,  ішкі  еңбек  тәртібі  ережесін,  санитариялық-

гигиеналық  режимді,  еңбекті  қорғау  және  техника  қауіпсіздігін 

сақтау үшін жауап береді.

Педагог  кадрларды  және  қосымша  қызметшілерді  іріктеуді 

және  жұмысқа  тартуды  жүзеге  асырады,  басқару  құрылымын, 

қызметкерлердің  штаттық  кестесін,  лауазымдық  нұсқаулығын 

бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасай-

ды. 


Педагогикалық  кеңесті  басқарады.  Белгіленген  тәртіп  бой-

ынша  қызметкерлерді  аттестаттауға  дайындауға  қатысады. 

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім 

беру  ұйымдарының  қызметкерлерін  өзінің  құзыретіне  қарай 

марапаттауға  және  көтермелеуге  ұсынады  және  өз  құзыретінің 

шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен,  ата-аналармен  (немесе  оларды  алмасты-

рушы  адамдармен)  байланысты  жүзеге  асырады.  Мемлекеттік 

және  басқа  да  ұйымдарда  білім  беру  ұйымының  атынан 

өкілдік  етеді,  қажетті  есеп  құжаттарын  дайындау  мен  ұсынуды 

қамтамасыз  етеді.  Компьютерлік  сауаттылықты,  ақпараттық-

коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.



Білуге  тиіс:  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, 

Қазақстан  Республикасының  Еңбек  Кодексін,  «Неке  және  отба-

сы  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Кодексін,  Қазақстан 

Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы 

тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары 

туралы»,  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»,  «Неке 

(ерлі-зайыптылық)  және  отбасы»,  «Қазақстан  Республикасын-

да мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бой-

ынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк 

жәрдемақылар  туралы»,  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және 

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Ар-

найы  әлеуметтік  қызмет  туралы»,  «Кәмелетке  толмағандардың 

арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз 

және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа 

да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын 

нормативтік-құқықтық  актілерді,  педагогика  мен  психология 

негіздерін,  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандар-

тын,  педагогика,  педагогикалық  психология,  педагогикалық 

ғылым  мен  практиканың  жетістіктерін,  менеджмент  негіздерін, 

қаржы-шаруашылық  қызмет  туралы  заңнамаларды,  еңбек  ту-

ралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы 

қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер 

мен нормаларды.

- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді атқару 

үшін қажетті басқа да білімнің болуы;

- Компьютерде жұмыс істеу қабілеті.

-Конкурс  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  2012  жылғы  21    ақпандағы    №57  бұйрығына 

сәйкес өткізіледі.

-Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар Сырдария аудандық 

білім бөліміне құжаттарды тапсырады:

1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу 

орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен 

қоса өтініш;

2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын 

құжат көшірмесі;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;

4)  нотариалды  куәландырылған  еңбек  кітапшасының 

көшірмесі;

5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фото мен 

кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы 

жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7)  нотариалды  куәландырылған  бар  біліктілік  санат  немесе 

ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;

8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.

Конкурсқа  қатысуға  кандидат  комиссия  қарауына  өзінің 

кәсіби  жетістіктері,  біліктілігін  арттыру,  ғылыми  зерттеулер, 

өзінің  педагогикалық  тәжірибесін  қорытындылау,  наградалары 

туралы қандай да болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға 

құқылы.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс жөніндегі 

аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен 15 жұмыс күннің 

ішінде Сырдария аудандық білім бөліміне, мына мекен-жай бой-

ынша  тапсырылуы  тиіс:120600,  Қызылорда  облысы,  Сырдария 

ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді  №43.

Құжаттарды  қабылдау  аяқталғаннан  кейін  бес  жұмыс  күні 

ішінде комиссия қатысушының  біліктілік талаптарына сәйкестігін 

бағалауды  жүргізеді.  Конкурсқа  қатысушылардың  біліктілік  та-

лаптарына  сәйкес  мәніне  бағалаудың  нәтижелері  бойынша  ко-

миссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес кел-

ген  кандидаттардың  тізімін  бекіту  туралы  немесе  әңгімелесуге 

жіберуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды.

Ұйым үш жұмыс күннің ішінде біліктілік  талаптарына сәйкес 

келетін  конкурсқа  қатысушыларды  оларды  кандидат  ретінде 

бекіту, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар 

етеді.


Конкурстың  барлық  кезеңдері  аяқталғаннан  кейін  комис-

сия  бес  жұмыс  күні  ішінде  қорытынды  отырыс  өткізеді  және 

конкурсқа  қатысушының  бос  лауазым  біліктілік  талаптарына 

сәйкес келуі туралы шешім шығарады. Үміткерлермен әңгімелесу 

мына  мекен-жайда жүргізіледі.

120600,  Қызылорда  облысы,  Сырдария  ауданы,  Тереңөзек 

кенті, Аманкелді көшесі   № 43 үй, телефон: 21-3-80.

Аталмыш  лауазымдарға  орналасқан  адамдар  үшін  көтерме 

шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Сырдария  аудандық  білім бөлімінің 

конкурстық комиссиясы

ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жол-

дауларында,  еліміздің  «2015-2025  жылдарға  арналған  сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  стратегиясында»  қоғамымызға 

қауіп  төндіретін  кез  келген  мемлекетте  кездесетін  оны  түп-

тамырымен  жоюдың  және  алдын  алудың  кешенді  шаралары 

белгіленген. 

Қазіргі  таңда  елімізде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-

қимыл  жүйелі,  жан-жақты  жүргізілуде.  Ең  бастысы,  оны 

болдырмауға,  алдын  алуға  маңыз  берілуде.  Елбасының  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жүргізіп,  мемлекеттік 

органдардың сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін жаңа 

органды  құру  туралы  саяси  шешім  қабылдауы  елімізде  аса 

қауіпті кеселге қарсы күреске ерекше мән берілуінің айғағы.

Мемлекет  басшысы,  Қазақстан  Республикасының  Мемле-

кеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлықққа  қарсы  іс-

қимыл  агенттігі,  осы  агенттіктің  Қызылорда  облысы  бойын-

ша  департаменті  біздің  алдымызға  сыбайлас  жемқорлықпен 

күресте  нақты  тапсырмалар  жүктеп  отыр.  Ол  сыбайлас 

жемқорлықтың  алдын  алуға  арналған  іс-шараларды  кеңінен 

жүргізу, жемқорлықтың жасалуына ықпал ететін факторлардың 

алдын  алып,  оны  барынша  төмендету  ең  бастысы  тұрғындар 

арасында  жемқорлыққа  төзбестік  жағдайларын  қалыптастыру 

болып табылады. 

Қазақстан  Республикасының  «2015-2025  жылдарға 

арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  онжылдық 

стратегиясының»  қабылдануы    бұны  біздің  еліміздің  қатерлі 

індетпен күреске қосылған жаңа құқықтық негізі деп бағалауға 

болады.  Мұнда  елімізде  электронды  үкіметті  дамыту,  сыбай-

лас  жемқорлықтың  жолын  кесетін  бірден-бір  тәсіл  екендігі 

айқындалып, оның  жұмыс көлемі артуда. Сондай-ақ, елімізде 

мемлекеттік  органдар  мен  кәсіпкерлер  арасындағы  тікелей 

қарым-қатынасты  азайту  жолға  қойылып  келеді.  Бұл  өз 

кезегінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға қызмет етеді.

«Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»  деп  ұлы  МҰхтар 

Әуезов  айтқандай,  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  болашақ 

балғындарымыз  тәрбиеленетін  балабақшадан  басталып,  мек-

тептерде,  арнаулы  жоғары  оқу  орындарында,  тәрбиелік  және 

ақпараттық  негізде  ашық  сабақтар  өткізілсе,  нұр  үстіне  нұр 

болар  еді.  Орталық  аймақ  бойынша  біздің  бөлім  келешекте 

аудандық прокуратурамен, «Нұр Отан» партиясы аудандық фи-

лиалымен,  БАҚ  өкілдерімен  бірлесіп,  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы дөңгелек үстелдер, қоғамдық қабылдаулар т.б. көпшілік 

шаралар  өткізуді  жоспарлап  отыр.  Осы  басқосуларға  аудан 

тұрғындарын белсенділікпен қатысуға шақырамын. 

Сыбайлес  жемқорлықпен  күрес  құқық  қорғау  органдарын 

ғана  емес,  бүкіл  халық  жұмылғанда  ғана  нәтижесін  береді. 

Қоғамымыздағы қауіпті кеселді құрықтап, оны болдырмаймыз 

десек, көп болып күресейік. Бұл тұрғыда аудан көлемінде сы-

байлас  жемқорлық  сипатындағы  көріністер,  оқиғалар  белгілі 

болған  жағдайда  орталық  аймағы  бойынша  бөлімнің  21-9-31 

телефонына қоңырау шалуды қаперлеріңізге сала кеткенді жөн 

көрдім. 

А.БИТАБАРОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облы-

сы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша 

бөлім басшысы

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 

ЖАҢАША ІС-ҚИМЫЛ



жүктеу 365,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау