11-тақырып. Инклюзивті (интеграцияланған) білім беруді енгізудің ұйымдастырушылық шарттары Сұрақтар


Психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының мазмұны



жүктеу 233,58 Kb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата29.11.2022
өлшемі233,58 Kb.
#40389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
С ра тар О ушыларды инклюзивті мектепке абылдау а идалары

4. Психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының мазмұны.
Қызмет мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық зерттеуі қолдаудың 
бірінші кезеңі болып табылады. ПМПК тұжырымдамасы бар оқушылар, мектепке 
алғашқы келген оқушылар, сондай-ақ мектепте үлгермеушілік қауіпіне байланысты 
мұғалімдерді алаңдататын оқушылар тексеріледі. Соңғы жағдайда мұғалімдер қолдау 
қызметіне мамандардың кеңесінің қажеттілігі туралы сауал жібереді. Бұндай сауал 
жазбаша түрде (В қосымшасы) орындалады.
Балаларды педагогикалық зерттеу диагостикалық және жекеше түрдегі арнайы 
тапсырмалар беріле отырып, тікелей сабақ барысында жүргізіледі. Мұғалім 
оқушылардың серіктестікке дайындығына, құрдастарымен және ересектермен қатынас 
орната білуіне, сабақ оқуға қызығушылығының болуына назар аударады. Сабақ 
барысында қоршаған әлем туралы білім мен түсініктерінің көлемі, санау 
операцияларын меңгеруі, дыбыстық- әріптік талдауы, кеңістіктік-мезгілдік 
түсініктерінің көлемі анықталады. Мұғалім оқушының өзінің әрекеттерін реттеу және 
басқару икемділігіне, тұжырымдай, пайымдай білетініне назар аударады.
Логопедиялық зерттеу логопедтің сабаққа қатысуынан және сөйлеу тілінде 
бұзылыстары бар оқушыларды анықтаудан басталады. Осыдан кейін зерттеу 
барысында фонематикалық есту қабілеті, сөйлеу тілін түсіну, дыбысты айту жағдайы, 
сөздік қоры, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасқандығы 
зерттелетін тереңдетілген жеке-дара тексеру жұмысы жүргізіледі.
Психологиялық зерттеу мұғалімде алаңдатушылық сезімдерін шақырған оқушыларды 
тексеруден басталады. Бұл оқушының оқу материалын түсінудегі қиындықтарына, оқу 
материалын тез ұмытып қалатынына, алаңдаушылықтың жоғары болуына, жұмысқа 
қабілетінің төмен болуына, сыныптастарымен қатынастағы қиындықтарға, тәртіп 
бұзушылдыққа және т.б. қатысты болуы мүмкін. Оқушыны арнайы ұйымдастырылған 
тексеруден басқа, психолог баланы сабақ әрекеті жағдайында бақылау үшін сабаққа 
қатысады. Бақылауды тіркеу үшін Г қосымшасында үлгі ретінде берілген дайын 
хаттаманы пайдалануға болады.
Сонымен бірге әрбір нақты жағдайда түзету жұмысын құру кезінде тірек етіп алуға 
болатындай бала дамуының жағымды жағын көру өте маңызды.
Қарастырылған кезең баланы зерттеу нәтижесі бойынша мамандардың жеке 
тұжырымда жасауымен аяқталады.
Оқушыны тексеруді жүргізгеннен кейін мамандар алынған нәтижелерді коллегиалды 
талқылайды. Бұл талқылауды қолдау мамандары қызметінің екінші кезеңі ретінде 
қарастыруға болады.
Осындай тексеру нәтижесін бірге талқылау оқушыны басқа мамандардың көзімен 
көруге ғана емес, сондай-ақ баланың мәселелері, оның даму ерекшеліктері туралы 
бірыңғай жан-жақты түсініктерді алуға, оқушыға оқуда табысты болуына көмектесетін 
педагогикалық шаралар кешенін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл коллегиалды 
жұмыстың қорытынды бөлігіне оқушының білім алудағы жеке қажеттілігіне сәйкес 


психологиялық- педагогикалық сүйемелдеудің бағдарламасының мазмұнын анықтау, 
сондай-ақ оның дамуына қажетті түзету және дамыту бағдарламаларын анықтау 
жатады. Бұл жерде мамандардың бір-бірімен ары қарайғы өзара әрекеттенуін үйлестіру 
мен келісу талаптары талқыланады. Қажет болған жағдайда оқушымен жұмысқа әр 
түрлі мамандардың қосылу тәртібі анықталады.
Қолдау мамандары қызметінің пәнаралық қағидасы оқушының қажеттілігіне жалпы 
ұғынуды қалыптастыруды қарастырады. Бұл өз кезегінде коллегиалды талқылауды 
жүргізудің қажетті технолгиясын, яғни пәнаралық өзара әрекеттену технолгиясын талап 
етеді. Бұл жағдайда негізгі «жүктеме» оқушының мәселесін талқылауды жүргізу 
атқарымын өзіне алған маманға түседі. Жетекші маманның маңызды міндетіне оқушыға 
арнайы педагогикалық көмектің қажеттілігі туралы мамандар мен педагогтардың өзінің 
пікірі туралы айтылымдарының бірізділігін анықтау мен реттеу жатады. Коллегиалды 
талқылаудың қорытынды шешімінде мамандардың балаға қойған қандай да болмасын 
бірде-бір 
диагнозының 
болмауы 
маңызды. 
Талқылаудың 
қорытындысына 
педагогикалық қолдаудың мазмұнына қатысты құрылымдық ұсынымдар болуға тиісті. 
Сонымен бірге, жеке түзете дамыту сабағының болжалды ұзақтығы, сабақтар 
циклының жалпы ұзақтығы анықталуға міндетті. Арнайы педагогикалық қолдаудың 
мазмұны психологиялық- педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасында 
бейнеленеді.

жүктеу 233,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау