11. Білім философиясын меңгерудің педагог мамандар үшін маңызы, мәні


Қазіргі заманның философиялық парадигмаларының жалпы сипаты



жүктеу 64,88 Kb.
бет3/13
Дата03.02.2022
өлшемі64,88 Kb.
#35376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
емтихан 11,12,13

Қазіргі заманның философиялық парадигмаларының жалпы сипаты

Мазмұны: [Жоспарын жабу]

  • 1 Қазіргі заманның философиялық парадигмаларының жалпы сипаты

  • 2 Қазіргі заман философиясындағы иррационалистикалық — гуманистік бағыт

  • 3 Қазіргі заман философиясының позитивтік тенденциясы

XIX ғ. ортасына қарай қалыптасқан философияны классикалық деп атайды. Бұл, философияның бұрынғы дамуымен салыстырғанда теориялық ойлардың қалыптасуындағы ең маңызды қадамдардың бірі еді. Бұл философияға тән сипаттардың бірі, ойлыақылға деген шексіз сенім. Классик — философтар рационалдық танымды, ғылымды алдағы уақыттары адамзаттың барлық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін сенімді күш деп таныды.

Классикалық философия адамды және тарихты қарастыра отырып, өз назарларын бостандық проблемасына және басқа гуманистік құндылықтарға шоғырландырды және адамзаттың жалпы өнегеліктік принциптерін, идеалдарын рационалды танудың қажеттілігін бекітті.



XX ғ. философиясы (классикалық емес) ең алдымен нақты бір «жаңа философиялық ойлау» сияқты классикалықтың антитезисі ретінде құрылды. Классикалық емес философияға мына ерекшеліктер тән:

  1. Қазіргі заман философиясы әр түрлі философиялық мектептерге бөлінуімен сипатталады. Олардың ең белгілілеріне мыналар жатады: герменевтика, экзистенциализм, неопозивитизм, неофрейдизм, неотомизм, персонализм, прагматизм, структурализм, феноменология, антропологиялық философия және т.б.

Әйткенмен де бұл оның ғарышталынуы емес. Керісінше қазіргі заман философиясы жалпыазаматтық, планетаарлық сипат алуда. Негізінде, XX жүз жылдық — бұл адамзаттың біртүтастығының қалыптасу уақытында, өзін белсенді түрде жалпыадамзаттық тәжірибенің субъектісі ретінде анықтай бастаған жаңа деңгейі. Бұл жағдайларда философия өзінің бүткіл тарихында алғашқы рет нақты «дүниежүзілік философияға» айналды — оның басқы мектептері планетаарлық философиялық ойдың дүниежүзілік тенденцияларының мәртебесіне ие болды. Бұл жағдайлар әр түрлі мэдениет өкілдерінің бірін — бір түсінуге маңызды алғы шарт болып табылады.

  1. Қазіргі заман философиясы рационализмнен бастартып, иррационалистік тұрғыдан шықты. Иррационализм (лат. Irrationaiist — ақылға сыймайтын, санасыз) — философсиялық ілімдердің бұл жүйелері, рационалдылық танымның шектелгендігін сақтайды, және оған танымның негізгі түрлер ретінде интуицияны (зердені), сенімді қарама-қарсы қояды. Философия тарихында иррационалдықтың негізгі идеясы — неоплатоншылдарға, августианшылдарға және басқа философиялық мектептерге тән болатын. Философиялық бағыт ретінде иррационализм XIX ғ. құрылып батыс философиясында үстем бола бастады; «ойлау философиясы» «өмір философиясына» ауыстырылды.

Иррационализмді оның бұрынғы рационалдық танымды төмендететін немесе әлемді объективті түрде тануға мүмкін еместігін жариялайтын агностицизмен шатастыруға болмайды.

  1. Қазіргі заман философиялық жүйелерінің көпшілігі антропологиялық сипатта болады. Оларды бір ерекшелік біріктіреді: ең негізгі философиялық мэселелерді анықтағанда, атап айтқанда адам мәселесіне келгенде оларға жалпы ортақ тұрғы тән. Антропологиялық жеке адамның өрістерін және негіздерін және субъективтілігін анықтау әрекеттерінен көрінеді, адамды «барлық заттардың өлшемі» ретінде қарастыруынан, оның өзінен және соның арқасында дәл өзін, сол сияқты қоршаган ортаны (табиғатты, қоғамды) және сонымен қатар мәдениетті түсінуге деген талпынысынан көрінеді. Антропологияшылдық философияның дамуына мына идеялар (ой) ықпалын жасады. Біріншіден, адам — түрлі символдарды жасай алушы жан иесі тегінен. Екіншіден, адам, табиғаттан салыстырмалы дербестігін ала отырып өздігінен даму, түрлену мүмкіншілігіне ие болды. Үшіншіден, адамдық табиғаттың жоспарсыздығы, олардың іс-әрекеттер арқылы болмысты өзгерте алуы, бейне бір адамның өзін қайта жасайтындығы, тек қана рухани жағын емес, сонымен қатар биологиялық түр ретінде.

  2. ХХ-шы жүз жылдықтағы философияда ғылымға деген қарама-қайшы түсініктер байқалды. Сциентизм (лат. science — білім, ғылым) және антисциентизм сияқты көзқарастар пайда болды. Сциентизм — дүниеге көзқарас, оның негізінде әмбебап мәдени қүндылықтар туралы және адамның әлемде бағыттала алуына жеткілікті жағдайлар ретіндегі ғылыми білім туралы түсініктер жатады. Ғылым — бұл «бәрін көріп біле алатын», барлық сүрақтарға жауаптары бар және адамға кез-келген өмір жағдайларындағы әрекеттерінің табыстылығына абсолютті кепілдігін беретін әмбебап. Бұндай көзқарас ғылымның ең маңызды белгісін, дәлірек айтсақ діннен айырмашылығын елемейді.

Ал антисциентизм болса принципиалды түрде адамдық бар болу проблемаларын шешуде ғылымның шектілігін бекітеді, ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз зардаптарына назар аударады. Антисциентизм ғылымды адамдық бар болудың трагедиялығының қайнар көзі болатын «дегуманистік күш», ретінде түсіндіреді.

5. XX ғ. діни философия одан әрі дами түсті. Шындықты діни тұрғыда түсіну әрекеттері ғылыми әдістерден басқа өз ерекшіліктері болады. Алайда діни арнада да адамзат мәдениетіне маңызды әсер берген көрнекті философиялық ілімдер туды.

6. XX ғ. көптеген философиялық мектептер және ағымдар марксизм философиясына қарсы тұрды. Өйткені, тәжірибе жүзінде коммунистік ойларды іске асыруға талпынған қоғамның саясаты мен идеологиясының басты мақсаты марксистік көзқарас арқылы болды. Марксистік принциптердің іске асуы мүмкін емес екендігін дәлелдеу барысында философиялық ағымдардың көпшілігі сынға ұмтылды. Философияның ұзақ жылдар бойғы дамуы идеологиялық қарсыласу өрістерінде жүзеге асырылды. Нағыз философиялық мэселелерді шешудің орнына қарсыластар бір-бірінің философиялық концепцияларының кемшіліктері мен осал жерлерін іздеді. Осының негізінде идеология ықпалынан, табиғаттылықтан, тіптен ғьшымнан дербес философиялық жүйелерді құру әрекеттері күшейді.

XX ғ. көптеген философиялық бағыттардың және ағымдардың ішінде олардың дамуының негізгі тенденциясын көрсететін бірнеше тізбектілікті байқауға болады. Олар, біріншіден, иррационалшыл-гуманистік; екіншіден, сциентистикалық; үшіншіден, діни. Енді осы бағыттардың негізгі идеялары қандай, адамзат менталитетін жаңа сатыға көтере алды ма, әлеуметтік-мәдени болмысқа, адамның дүниені түсінуіне және руханилығына ықпал жасай алды ма деген мәселелер тұрғысынан қарастыралық.




жүктеу 64,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау