арасындағы қаражатты қайта бөлуге жол бермеді.
Осыған байланысты, Германия ауруханалық кассаларды ірілендіре бастады,
нәтижесінде олардың саны, бірыңғай қорды құрудың одан арғы үрдістерімен 100-ге
дейін қысқартылды.
2014 жылдан бастан АҚШ президент Обаманың бастамасы бойынша
медициналық қызметтердің қымбат болуы себебінен халықтың барлық тобына
медициналық
көмектің
қолжетімділігі
қамтамасыз
етілмеген
жинақтаушы
медициналық сақтандыру жүйесінің орнына, Affordable Care Act, немесе халықта
Obamacare аталып кеткен заң негізінде жалпыға қолжетімді медициналық
сақтандырудың әмбебап жүйесі енгізілді. АҚШ-тың денсаулық сақтау реформасының
басты элементі АҚШ азаматтарының, егер олар сақтандырылмаған болса,
медициналық сақтандыруды сатып алу міндетін енгізу болып табылады. Сонымен
қатар, аз қамтылғандарға субсидиялар көзделеді.
Реформа сондай-ақ полисі бар азаматтардың медициналық сақтандыру жағдайын
жақсартуға арналған. Осылайша, заң жобасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап
егер еңбек шарты басталмас бұрын жұмысшының ауыр созылмалы ауруы расталған
болса (мысалы, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, қатерлі ісік және т.б.)
жұмыс берушілер және оларды сақтандырушылар жұмысшыларға медициналық
сақтандыру ұсынудан бас тарта алмайды немесе оларға сақтандыру жарналарын
көбейте алмайды.
36.
Зиянды жағдайларда жұмыс
істейтіндер үшін салымдар
төлеген кезде қандай да бір
жеңілдіктер болады ма?
Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде жеңілдіктер
қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық
жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге
жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды
есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу
объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады.
37.
Медициналық сақтандыру
қорында экономикалық
ахуалдың төмендеу жағдайына
резервтерді қалыптастырудың
дағдарысқа қарсы сценарийі
бар ма?
Экономикалық жағдайдың қиындай түсуі кезінде Қор:
- ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы экономика бойынша орташа айлық
жалақыдан экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет аударған жарналарды
қарастыратын контрциклдік шараларды қолданады. Дағдарыс кезеңдерінде бұл,
жұмыс берушілерге қарағанда, бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды
қамтамасыз етеді;
- жоспарланбаған шығыстарға резервтер Қор активтерінің 3 %-на дейінгі көлемде
қалыптастырылады.
38.
Міндетті медициналық
сақтандыру қорының
қаражатын әр түрлі
қатерлерден, бірінші орында
инфляциядан қорғау
қарастырылған ба?
Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін басқа
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарағанда, әлеуметтік сақтандыру қорында
қаражаттар жиналмайды, олар медициналық ұйымдар күнделікті көрсететін
қызметтерді төлеуге бағытталады.
Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі экономикалық белсенді
тұрғындардың жарналарының есебінен өтеледі. Себебі, олардың табысында инфляция
деңгейі қамтылған.
39.
Мен МӘМС шеңберінде
көрсетілген қызметтер
бойынша ақпаратты қадағалай
аламын ба?
Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азамат өзінің
логині және құпия сөз арқылы жеке кабинетіне кіре алады, онда көрсетілген
медициналық қызметтер туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде
емделу барысы, диагностика, дәрігерлердің қабылдауы және т.б. туралы мәлімет
орналасады
40.
Қордың шығындары бойынша
ақпарат халық үшін
қаншалықты айқын болады?
Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі
қарастырылған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің айқындылығы
мыналар арқылы жүзеге асырылады:Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті
мониторингі;
Көрсетілген медициналық қызметтердің күнделікті мониторингі;
Қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну
(Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігіне, Үкіметке, Есеп Комитетіне);
Қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық веб-
сайтта және жеке БАҚ басылымдарда)
Әлеуметтік сақтандыру қорының стратегиялық құжаттары (5 жылға даму
стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын
Міндетті әлеуметтік сақтандыру веб-сайтын жүргізу.
41.
Өзімен бірге сақтандыруды
(карточка) үнемі алып жүру
керек пе, әлде жеке куәлік
жеткілікті болады ма?
Өз жеке сәйкестендіру номерін (ЖСН) білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке
басын куәландыратын құжат болуы тиіс.
42.
МӘМС енгізу азаматтардан
төлемдерді талап ету арқылы
жемқорлықтың өсімін
тудырмайды ма?
Біз жемқорлықтан кетудеміз. Біздің жарналар, жұмыс берушінің немесе
мемлекеттің біз үшін аударымдары бұл біздің жоспарланған емдеуге жатқызуға төлем
болып табылады.
Осыған байланысты, медициналық көмек ұсыну кезінде медициналық ұйымдар
тарапынан Тегін медициналық кепілдендірілген көмекке және Міндетті әлеуметтік
сақтандыруға кіретін қызметтерге «көлеңкелі сыйақылар» ұсынылмауға тиіс.
Қызметтерге ақы төлеу, медициналық ұйымның ұсынылған медициналық көмегінің
сапасы мен көлемін растау арқылы Қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
43.
Жақында әкемізге есту
аппаратын сатып алдық.
МӘМС шеңберінде өз бетінше
сатып алынған техникалық
оңалту құралдарына
жұмсалған шығынның көлемін
қалай анықтайтынын білгіміз
келеді?
Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдарға жұмсалған шығыстарды Қор
өтемейді.
44.
Стоматологиялық қызметтер
міндетті медициналық
Міндетті сақтандыру жүйесінде медициналық көмек тізбесіне мыналар кіреді:
- шұғыл стоматологиялық көмек (қатты қақсау), балаларға және ересектерге:
Достарыңызбен бөлісу: |