артықшылық танытты. Өйткені бұл үлгі шығындарды азайту, өнімнің өсуі және
кәсіпорынның табысын арттыру арқылы бизнес үшін даусыз экономикалық пайданы
қамтамасыз етеді.
Медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі пайдасы жұмыскерлердің уақытша
жұмысқа жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығындарды азайту.
Осылайша, жыл сайын 2,6 млн. астам қызметкер уақытша еңбекке
жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді. Егер күн
сайын орта есеппен әрбір қызметкер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетуді)
шығаратын, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд.
теңгені құрайды.
Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту, сапалы
ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін азаматтардың
денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін қысқартуға
және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
52.
Медициналық сақтандыру
жүйесіне төленетін
салымдардың көлемі қандай
болуға тиіс?
Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда Сіз ай сайын Қорға – 2017 жылғы 1
шілдеден бастап сіздің қызметкерлеріңіздің еңбекақы қорынан – 1%, 2018 жылы –
1,5%, 2019 жылы - 1,5%, 2020 жылы - 2%, 2020 жылдан – 3% сақтандыру
аударымдарын жүргізетін боласыз. Қайта үйлестіру сомалары корпоративтік табыс
салығынан шегеруге жатқызылады.
Сонымен бірге, ай сайын қызметкердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы - 1%, ал
2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке
табыс
салығынан
(ЖТС)
шегеруге
жатқызылады.
Сонымен
қатар
аударымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын айлық табыс минималды
еңбекақының 15-еселік көлемінен аспау керек (2016 жылы – 342 885 теңге).
Сақтандыру аударымдары мен жарналар қорға мынадай табыс түрлерінен
төленбейді:
қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы жұмыстан;
қызметкерлердің егістік жұмыстарынан;
бюджет қаражатынан қызметкерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы
және компенсацияға байланысты шығындардан;
сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық
қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, минималды жалақы шеңберіне жерлеуге
берілген төлемдерден;
стипендиядан;
сақтандыру сыйақыларынан
53.
Жұмыс беруші үшін МӘМС-
қа аударымдар тетігі қандай
болады?
Жұмыс беруші өз бетінше ай сайын, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
заңмен орнатылған мөлшерлеме бойынша жұмысшының табысынан аударымдарды
екінші деңгейдегі банктер арқылы шегереді және аударады.
54.
2019 жылы табыс салығын
есептеу кезінде
жұмыскерлердің жарналары
шегеруге жатқызылады ма?
Міндетті сақтандыруға салымдар жеке табыс салығы бойынша шегеруге
жатқызылады, осылайша, салық салынатын негіз жарналардың сомасына азайтылады.
55.
Жеке кәсіпкерлер, шаруа
қожалығының жұмыскерлері,
базардағы сатушылар
жарналарды қалай төлейді?
Жарналарды есептеу және төлеу келесі тәртіппен есептеледі:
- Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жеке нотариустер, жеке сот
орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар үшін – 2017 жылдың 1
шілдесінен 2 төменгі жалақы көлемінен кем дегенде 5 пайыз, табыс түскен
айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмеуі тиіс;
- Нәтижесіз еңбек ететін тұрғындар, соның ішінде «Тұрғындарды жұмыспен
қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес өз-өзін жұмыспен қамтитындар (өз бетінше
тауар өндірушілер, жұмыс істейтіндер, қызмет көрсететіндер) 2018 жылдың 1
қаңтарынан бастап ең төменгі бір жалақы мөлшерінен 5 пайыз көлемінде
жарна төлей бастайды.
Шаруа қожалықтарының жұмыскерлеріне Қорға жарнаны жұмыс беруші,
яғни шаруа қожалықтарының қожайындары төлейді. Егер саудагер
жалдамалы жұмыскер болса (базардағы саудагерлер), онда төлемдер мен
жарналар жұмыс беруші аударған табыстан ұсталады.
56.
Менің жұмыскерлерім қымбат
жоғары білікті
мамандандырылған
медициналық көмекті ала
алады ма?
Ия, әрине. Әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс беруші және
жұмыскерлер бірігіп жүргізген салымдар көлемінен құны айтарлықтай артық жоғары
мамандандырылған медициналық көмек алуға Сіздің жұмыскерлеріңізге мүмкіндік
береді.
Мысалы, Қорға жылына 240 мың теңге сомасына аударымдар жасаса, егер мәселе
1 млн. теңге тұратын жүрек операциясы жайлы болса, онда Сіздің жұмыскеріңіз
Медициналық көмек қорының қаражаты есебінен төлеуге сүйене алады, оған қоса
дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуды қолдау.
Сақтандыру жүйесі ортақ және әділдік қағидаттарына құрылған. Осыған сәйкес,
табыстан жүйеге жарналарды экономикалық белсенді азаматтардың бәрі төлеуі тиіс
және де емге жұмсалған қаражат көлемі жарналар көлемінен тәуелсіз өтеліп
отырады.
57.
Жұмыс беруші өзінің МӘМС-
ке салымдарына бақылауды
жүзеге асыра алады ма?
Қор,
Сіздің
жұмыскерлеріңіздің
мәртебесі
(сақтандырылған
немесе
сақтандырылмаған) және сұрау салынған кезеңге енгізілген қаражат сомасы туралы
ақпаратты ұсына алады.
Одан басқа, жұмыс беруші:
қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі – қызметтің айқындылығын
қамтамасыз ету;
кәсіптік қауымдастық мүшесі – стандарттарды қарау мен тарифтерді бекітуге
қатысу;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылауға
қатыса алады.
58.
Тұрақты табысы жоқ
Маусымдық жұмысшылар үшін жарнаны табыс бар кезінде оның жұмыс берушісі
Достарыңызбен бөлісу: |