қайдан білуге болады?
14.
МӘСҚ-мен шартқа отырмаған
коммерциялық клиникалардың
дәрігері жазып берген дәрілік
заттарға жұмсалған
шығыстарды МӘСҚ өтей
алады ма?
Коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарды міндетті
әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы Қор мен клиника арасында шарт жасалған
жағдайда ғана өтеледі.
15.
Емханаларда
ұйымдастырушылық техника
жетіспейді, ал қолданыста
бары ескірген, сондықтан
анализге рецептті немесе
жолдаманы 40 минуттай
тосуға тура келеді (осындай
жағдай 6 емханада бар). Оған
қоса қабылдау кестесі
сақталмайды. Сонымен қатар
медициналық персонал екі
есептілікті жүргізуге мәжбүр –
қағаз және электрондық.
Нәтижесінде, арнаулы
мамандарға жолдама алу үшін
алдымен терапевт кабинетінің
жанында жарты күн тұру
керек, одан кейін УДЗ немесе
басқа да тексерулерге жолдама
Біріншіден,
әлеуметтік
медициналық
сақтандыру
жүйесі
жағдайында,
медициналық қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұмыскерлерінің саны,
техникалық жарақтандырылуы және медициналық көмек ұйымының құрылымы
белгіленген минималды талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық
ұйымдар ғана қатыса алады.
Екіншіден, конкурста тек сапалы медициналық қызмет көрсеткендер ғана жеңе
алады.
Ал ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жалғыз қызметтерді
көрсетушілер ретінде, Міндетті сақтандыру қоры ұсынылатын медициналық көмектің
сапасын жыл сайын арттыру туралы талаптарын қояды.
Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларда техникалық қайта
жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені осы жылдан бастап Қор амортизациялық
аударымдарға қаражат бөледі.
Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV,
медициналық ұйымдардың өз порталдары арқылы жазылуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік сақтандыру енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың әлеуметтік
сақтандыру қорының ақпараттық технологиялар жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс.
алу үшін тағы 2-3 апта күту
керек. Осындай жағдайларда,
ақылы дәрігерге қаражаты жоқ
науқастар алтын уақыттарын
жоғалтады, ауру келесі кезеңге
көшеді. Бұл проблема
медициналық сақтандыруға
көшкен кезде шешіледі ме?
Қалай шешіледі?
16.
Медициналық сақтандыру
дәрігер жазып берген
дәрілерге жұмсалған
шығынның орнын толтырады
ма және қандай аурулар 100%-
дық өтеледі?
Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін
анықтады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде осы тізбе
сақталып қана қоймайды, сондай-ақ оның бірқатар позициялары кеңейтіледі және
жақсартылады.
17.
Сақтандырылған адам ММС
жүйесінде республикадан
тысқары жерде тегін емделе
алады ма?
Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасында көрсетілген
медициналық қызметтерге ғана ақы төлейді.
18.
Жұмыс беруші МӘСҚ мен
үшін салым төлеп жатқанын
өзіме қалай білуге болады?
Егер Сіздің интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болса, онда Сіз, Медициналық
сақтандыру қорынан сақтандыру жарналарының аударылуы туралы ақпаратты
автоматты түрде жеке электрондық поштаңыздан ала аласыз не жеке мәліметтеріңізді
көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрату жібере аласыз.
Егер Интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда сақтандырылғаныңыз туралы
Сіз бекітілген емханаға хабарласып білуіңізге болады.
Заңнамаға сәйкес жұмыс беруші, есепті айдан кейінгі айдың 15-ші күнін
кешіктірмей ай сайын аударымдар мен жарналар төленетін жұмысшыларына
есептелген және аударылған салымдар мен жарналар туралы мәліметті ұсынуға
міндетті.
19.
Егер мен өзін-өзі нәтижесіз
жұмыспен қамтығандар
қатарына жатсам, менде
уақытша табыстар болса және
мен жұмыссыз ретінде
тіркелмеген болсам, онда мен
МӘСҚ салымдар аударуға
тиіспін бе, егер аудару керек
болсам, онда қайда және
қанша пайыз аударуға тиіспін?
Егер Сіз өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар санатына жатсаңыз, онда 2020
жылға дейін Сізге тегін амбулаторлық емханалық қызметтер пакеті тегін ұсынылады,
бірақ бұл пакетке жоспарлы госпитализация кірмейді.
Біз Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және мәлімдеген табысыңыздан
аударымдар жасауға,
не – жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз статусын алу үшін жұмыспен қамту
орталығына жүгінуді,
не – өзіңіз екінші деңгейдегі банктер арқылы ең төменгі жалақы көлемінен 5 %
мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына жарна жасауды ұсынамыз.
20.
Жұмыс орнын ауыстырған
кезде, жаңа жұмысқа
ауысқанға дейін менде 1-2 ай
үзіліс болса, МӘМС
шеңберіндегі медициналық
қызметтер пакеті жұмыс
істейді ме?
Ұсынылып отырған нормалар бойынша соңғы жарна жасалған айдан бастап 3
айдың ішінде Міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында медициналық көмекке құқық
сақталады, сонымен қатар 3 айға жасалатын жарналарды төлеу міндеттемесі
(берешегі) сақталады.
21.
Жекеше зертханаға жүгінген
кезде медициналық
сақтандыру қоры менің талдау
тапсыруға жұмсалған
шығыстарымды төлейді ме?
Қор зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер Қормен келісімшарт
жасаған емхананың жолдамасы бойынша Сіз зертханаға жүгінсеңіз зертхана
қызметтері Сізге тегін болады.
22.
Адам сақтандырылғаны
Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі