№
Сұрақтар
Жауаптар
34
стационарлардың ауруларды
қабылдау бӛлмесі қалай
қаржыландырылады?
денсаулығы күйіне байланысты екі дәреже бойынша тӛленеді. Біріншісі, ауруларды
қабылдау бӛлмесінде кӛрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа
дейін орналасуға тӛлеуді кӛздейді.
82.
Айтыңызшы, медициналық
ұйымдарды жергілікті
атқарушы органдар деңгейінде
қаржыландыру сақталады ма
және қандай бағыттар
бойынша?
ЖАО деңгейінде қоғамдық денсаулық және МӘлМС және ӘлМСҚ арқылы ТМККК
жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру
сақталады.
83.
Құралдарды сатып алу мен
күрделі жӛндеуге шығыстар
қалайша ӛтеледі?
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»
мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес
медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды
кезең бойынша қосу жоспарлануда. Құня 100 млн. теңгеден астам құралдарға тӛлем
және күрделі жӛндеу ЖАО есебінен жүргізілетін болады.
84.
Елімізде барлық халықтың
бірыңғай деректер базасы бар
ма?
Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы. Сондай-
ақ Бекітілген халық тізімі бар. Жоғарыда атап ӛтілген базалардағы деректердің
негізінде МӘлМС жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар реестрі қалыптасады.
85.
МӘлМС енгізу кезінде жеке
медицинаны дамыту мүмкін
бе?
2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанды
медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘлМС енгізумен, бәсекелестік ортаны
дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді кӛрсетуге жеке медициналық
ұйымның басым бӛлігі қатысады деп болжаймыз.
86.
МӘлМС-тың қандай
Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция,
№
Сұрақтар
Жауаптар
35
халықаралық тәжірибесі бар?
Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері).
Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті
медициналық сақтандыруға жарналар есебінен ӛтеледі, Францияда – 75%, Эстонияда
– 72%, Германияда - 66% және т.б.
Жұмыс берушілердің МӘлМС-ке жарналар мӛлшерлемесі Германияда 7,3%-ды,
жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3%
және 6%.
МӘлМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға,
2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға ӛтеуге мүмкіндік береді.
87.
Қазіргі кезде кӛптеген
мемлекеттік медициналық
ұйымдар белсенді түрде
бизнеспен айналысуда:
медициналық қызметтердің
басым бӛлігі, әсіресе
стационарлар ақшалай
кӛрсетіледі. Бұл қызметтер
ТМККК тізбесіне кірсе де,
бақылау жоқ, халық тӛлеп
жатыр, мемлекет керісінше
ақшалай табыстарды
мемлекеттік кәсіпорындарға
ынталандырады. МӘлМС
енгізу кезінде жағдай қалай
ӛзгереді?
ТМККК және МӘлМС шеңберіндегі қызметтер қазір де, МӘлМС енгізумен де
ақылы негізде кӛрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз
етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық
сақтандыруға жарналар тӛлеумен МӘлМС жүйесіндегі медициналық қызметтер
спектрі мен кӛлемінің бір мезгілде артатынын кӛргенде, ақылы қызметтерді тұтыну
азаяды. «МӘлМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне оның ішінде
амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық
қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық кӛмек, амбулаториялық-
емханалық кӛмек кіретінің еске саламыз.
Медициналық кӛмек түрлерін қайта бӛлу МӘлМС шеңберінде экономикалық
белсенді емес халық үшін мемлекеттің жарна мӛлшерлерін кезең бойынша арттыруды
ескере отырып, ТМККК-дан ӘлМС-қа жүзеге асырылады.
№
Сұрақтар
Жауаптар
36
88.
Ертең барлық медициналық
ұйымдар ӘлМСҚ-пен
келісімшарт жасай алады ма?
Бұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология
бӛлімшесі бар үш аурахана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып
алудың минималды стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең
сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді кӛрсететін, заманауи
құрылғылары, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай
жасайтын медициналық ұйымды таңдайға құқылы.
Осылайша, Қор осы ӛңірдегі медициналық кӛмек түрлеріндегі нақты
сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды
және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында
медициналық
ұйымдардың
ішінде
шеберлік-жоспарларды
оңтайландыруды
ынталандырады.
89.
Белгілі тұрғын орны жоқ
адамдар (БТЖА) қандай
медициналық кӛмекке сене
алады?
Егер бұл санаттың адамдары медициналық кӛмекке жүгінсе, онда олардың
тарапынан Медициналық сақтандыру қорына аударымдары жоқ болса, олар ТМККК
шеңберіндегі медициналық кӛмекті алуға құқықтары бар.
2020 жылға дейін нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін бұл пакетке
амбулаторлық-емханалық және амбулаторлық-дәрілік кӛмек кіретін болады.
90.
ММК-ке және ЖММК-ке баға
белгілеу қаншалықты
ӛзгереді?
ММК мен ЖММК тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере
отырып, клиникалық-шығын топтардың негізінде жетілдірілетін болады.
91.
Пациенттер басқа аудандарға
жүгінетін болса, Бекітілген
халықтың тізімі (бұдан әрі –
БХТ) рӛл атқарады ма?
Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер
бекітілу орнын мынадай жағдайларда ауыстыра алады:
-
Тұрақты немесе уақытша тұрғын орны, бір
әкімшілік-аумақтың бірліктен тыс жұмыс немесе оқуы ауысқан кезде;
-
МСАК ұйымын қайта құру немесе тарату
кезінде;
№
Сұрақтар
Жауаптар
37
-
Азаматтың
дәрігерді
және
медициналық
ұйымды еркін таңдау кезінде жылына бір реттен жиі емес;
-
Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін
халықты МСАК ұйымына тіркеу бойынша ӛткізілетін кампания кезінде.
Егер пациент басқа ӛңірлерге жүгінсе, бірақ басқа ӛңірде тіркелсе, оған тек шұғыл
кӛмек кӛрсетіледі.
Сонымен қатар, тіркелмеген азаматқа медициналық кӛмек кӛрсету үшін медициналық
ұйымдар арасында ӛзара есеп айырысуды іске асыру жоспарлануда.
92.
ММ меншік нысаны бар
медициналық ұйымдар қалай
қаржыландырылады және
шаруашылық жүргізу
құқығына (ШЖҚ) ауысу
қажеттілігі бар ма?
Медициналық
кӛмек
кӛрсету
бойынша
қызметтерді
сатып
алу
ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды ұйымға – мемлекеттік мекемеге жүзеге
асыру мүмкін емес. Осыған байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды
ӛзгерту қажеттілігі бар.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанға - ШЖҚ-дағы мемлекеттік кәсіпорындарға ауысуы медициналық ұйымдарда
басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға
кӛмектеседі (дербестікті дамыту).
93.
Егер жергілікті пациенттер ӛз
қалауы бойынша Алматы
қаласының медициналық
ұйымдарын таңдаса, онда
аудандық ауруханалармен не
болады?
МӘлМС жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау
тетігі және «ақша пациенттің артынан жүреді» принципі сақталады. Бұл жағдайда,
Алматы қаласында кӛмек кӛрсетілетін пациенттер үшін Қор, кӛмек кӛрсеткен
медициналық ұйымға тӛлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер кӛлемінің
ӛзгерістеріне байланысты шарттың құнын кӛбейту немесе азайту тетігі
қарастырылған. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық кӛмек алған
сақтандырылғандарға ғана тӛлем алады.
94.
Медициналық жабдықтарды
қалай және кім сатып алады
МӘлМС енгізумен тарифтер қайта қаралады. Құрамына, негізгі қордың
жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық салымдар кезең бойынша
№
Сұрақтар
Жауаптар
38
және бӛледі?
енгізіледі. Медициналық техниканы сатып алу жӛніндегі тұжырымдамаға сәйкес,
медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті медициналық жабдықты ӛз бетінше
сатып ала алады, құны 5 млн.теңгеден 100 млн.теңгеге дейін медициналық жабдықты
«Казмедтех» АҚ арқылы лизингіге сатып алуға болады (лизинг тӛлемдерін ӛтеумен),
ал 100 млн-нан астам теңгеге сатып алулар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бір
отралықтан жүзеге асырылады. Одан басқа, медициналық жабдықтарды
жеткізушілерден медициналық жабдықтарды жалға алу қарастырылуда.
95.
МӘлМС жағдайында
медициналық кӛмектің кӛлемі
қалай жоспарланады?
МӘлМС жағдайында медициналық қызметтердің кӛлемін жоспарлау, халықтың
медициналық кӛмек түрлеріне деген қажеттіліктерінің негізінде, ӘлМСҚ аумақтық
бӛлімшелерімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге
асырылады. Сонымен қатар, демографилық болжамдар және макроэкономикалық
модельдер қолданылады, ҚР стратегиялық құжаттарының артықшылықтары және
Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі.
96.
Сақтандыру жағдайының құны
қалай ӛтеледі? КШТ бойынша
ма, әлде нақты шығыстар
бойынша ма?
Медициналық қызметтерді жеткізушілерге бәсекелестік ортаны құруға
бағыттықты және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етуді ескере отырып, МӘлМС жағдайында медициналық қызметтерді
тӛлеудің қолданыстағы тәсілдерін, оның ішінде стационарлық қызметтерді тӛлеу
тәсілін одан әрі жетілдіру.
Ынталандырушы компонентімен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру
жүйесі амбулаториялық деңгейде дамытылады, пациенттердің ықыласында
медициналық қызметтердің кешенділігі мен мұрагерлігін қамтамасыз ету үшн
қызметтердің аралас тарифтерін қалыптастыру үйретіледі;
– Стационарлық деңгейде, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып,
клиникалық-шығын топтардың негізінде тарифтері жетілдірілетін болады;
– Сондай-ақ, ауруларды басқарудың енгізілетін тұжырымдамасы шеңберінде,
кейбір жағдайларда медициналық кӛмек кӛрсетудің барлық деңгейі біріктірілген
№
Сұрақтар
Жауаптар
39
тарифтер қарастырылады: МСАК-тан стационарлық емдеуге және одан кейнгі
оңалтуға дейін, әсіресе, қымбат тұратын диагностика және емдеу технологиясын
қолдану жағдайларында.
97.
1996-1998 жылдардағы
ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі
біздің есімізде. Осындай
жағдай қазір де
қайталанбайтынына кепілдік
бар ма?
Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген ӛзгерістердің ӛз жағымды және жағымсыз
жақтары бар.
1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын кӛзбен ғана
қабылдауға болмайды, оның сӛзсіз жақсы жақтары бар.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту
есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық кӛмектің
барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балалар мектепке
дейінгі мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін
сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен
салыстыруға келмейді.
20 жыл бұрын кӛптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап
болғаны бәріміздің есімізде, олардың кӛбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша
үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық
сақтаундыру қорына тӛлемеудің негізгі себебі болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты
аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да
қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі ӛсімін белгілейміз.
Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай
сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және
ӛз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады.
Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды тӛлеу бойынша міндеттемелерді
№
Сұрақтар
Жауаптар
40
мемлекет ӛз мойнына алатынын атап ӛткен жӛн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.
98.
ҚР-да жұмыс істейтін
шетелдіктерге, еңбекші
мигранттарға медициналық
кӛмек қалай қамтамасыз
етіледі?
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
туралы» заңының 2-бап 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында
тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер
басқасы
қолданыстағы
заңмен
кӛзделмесе,
Қазақстан
Республикасының
азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық
кӛмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде кӛрсетіледі. Егер мұндай келісімдер
болмаса, онда еңбекші мигранттар ЕМС шеңберінде және ортаға қауіп тӛндіретін
аурулар кезінде тегін медициналық кӛмек алады.
99.
Патент бойынша жұмыс
істейтін жеке кәсіпкерлер
ӘлМСҚ-ға жарналарды қалай
тӛлейді?
Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК жарналарды санауды және
тӛлеуді ӛз бетінше, Қор шотына екінші деңгейдегі барктер арқылы қаражатты тікелей
аудару жолымен, патенттің құнын тӛлеу үшін Қазақстан Республикасының салық
заңнамасы қарастыратын мерзімде жүзеге асырады.
Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК-ның жарналары 2017
жылғы 1 шілдеден 2%, 2018 жылғы 1 қаңтардан – 3%, 2019 жылғы 1 қаңтардан – 5%
және 2020 жылғы 1 қаңтардан – 7% кәсіпорын табысынан құрайды (аударымдар және
(немесе) жарналарды санау үшін қабылданатын ай сайынғы табыс, тиісті қаржылық
жылға республикалық бюджет туралы заңмен орнатылған минималды еңбекақы
тӛлемінің он бес есесінен аспауға тиіс).
100.
Әлеуметтік-маңызды аурулар
санатына не кіреді және олар
қалай қаржыландырылады?
Әлеуметтік-маңызды ауруларға мыналар жатады: туберкулез, АИТВ және АИТВ
тасушысынан туындаған ауру, В, С вирустық гепатиті, қатерлі ӛскіндер, қант диабет,
психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы, балалар милық салдануы, миокард
инфаркты (алғашқы алты ай), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелік зақымдалуы,
орталық жүйке жүйенің тұқым қуалайтын-дегенерациялық аурулары, орталық жүйке
№
Сұрақтар
Жауаптар
41
жүйенің миелинсіздендіру аурулары.
Сондай-ақ, айналадағы ортаға қауіп тӛндіретін аурулар санаты бар. Оларға
жататындар: АИТВ және АИТВ тасушысынан туындаған аурулар, Конго-Крымдық
геморрагиялық қызба, дифтерия, менингококтық жұқпа, полиомиелит, тек жыныс
жолымен берілетін жұқпалар, алапес, безгек, күйдіргі (жеңіл үлгісі), туберкулез,
тырысқақ, оба, іш сүзек, вирустық гепатит, психикалық бұзылу және мінез-құлықтың
бұзылуы.
Әлеуметтік-маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға медициналық ұйымдардағы
медициналық кӛмек ТМККК шеңберінде кӛрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |