- Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшесі болса – қызметтің айқындылығын
қамтамасыз етуге;
- Кəсіби қауымдастық мүшесі болса – стандарттарды қарауға жəне
тарифтерді бекітуге қатыса алады.
58
Тұрақты
табысы
жоқ
маусымдық
қызметкерлер
МƏМСҚ-на
қалай
аударымдар жасайды?
Маусымдық жұмысшылар үшін жарнаны табысы бар кезінде оның жұмыс
берушісі төлейді, табысы жоқ кезеңде ол өз бетінше екінші деңгейдегі
банктер арқылы Əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1 төменгі
айлық жалақының 5%-ы мөлшерінде жарна аудара алады.
59
Мен
жұмыс
беруші
ретінде
өз
қызметкерлеріме медициналық ұйымды
таңдай аламын ба?
Жоқ, таңдай алмайсыз. МƏМС кезінде медициналық қызметтерді алу үшін
жұмыскер медициналық ұйымды өзі таңдайды.
Жұмыс беруші ерікті медициналық сақтандыру кезінде ғана медициналық
ұйымдарды таңдай алады.
60
Менің жұмыскерлеріме ерікті сақтандыру
есебінен жеке медициналық компания
қызмет көрсетеді. Ендеше МƏМС-на жарна
төлеудің керегі не?
Жұмыс беруші өз жұмыскерлерін ерікті медициналық сақтандыру үшін
(ЕМС) келісімшарт жасайды, ол жұмыс беруші аударымдарының сомасы
шегінде медициналық көмектің белгілі бір көлемін алуды көздейді. Бұдан
артық ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек
көрсетілмейді. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру көрсетілетін
медициналық көмектің көлемі мен сомасын шектемейді.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің таңдауы жəне жұмыскердің келісімі
бойынша, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірмейтін
медициналық қызметтердің тізбесі ерікті медициналық сақтандыру шартында
аталуы мүмкін. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне
кірмейтін жекелеген медициналық қызметтер түрі ерікті медициналық
сақтандыру арқылы төленуі мүмкін, мысалы: ересектерге арналған
стоматология, зиянды өндірістердің жұмысшыларына арналған міндетті
мерзімдік
медициналық
тексерулер,
санаторийлік-курорттық
ем,
косметология жəне т.б.
Одан басқа, ерікті медициналық сақтандыруда жекеменшік емханалар
тарапынан көрсетілген қызметтерге бағасы өте жоғары шоттармен есептесу
қаупі бар, ол жұмыс берушілер үшін ақталмаған шығындар. Сондай-ақ ерікті
медициналық сақтандыруда тапсырыс берушіде (қазіргі жағдайда – жұмыс
берушіде) жеткізуші көрсететін медициналық көмектің сапасын бақылау
тетігі, мүмкіндігі жоқ. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді,
сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
61
Жұмыс берушілер, салықтардан қашып,
жұмыскерлер санын жасырмайды ма?
Өкінішке қарай, табысты жəне «көлеңкелі» жалақыны жасыру қаупі,
салықтан құтылу тəсілі ретінде кез келген экономикада бар. Бұл мəселені
шешу үшін фискалдық органдар тарапынан түрлі күресу əдістері
қолданылады.
Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы
жүгінген кезде жұмыс берушінің (2017 жылдан бастап) жəне жұмыскердің
өзінің (2019 жылдан бастап) салымдары, жұмыс беруші тарапынан
қаншалықты уақытылы аударылғаны салыстырылады. Осылайша жұмыскер
жұмыс берушіден аударылған түсімдерді бақылай алады.
Екіншіден, салық қызметі органдары Міндетті əлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына жарна аудару туралы декларация қабылдайды, соның
негізінде қарыздарды бақылау жəне өндіріп алу жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда біздің экономикамызда жұмыспен қамту көрсеткішінің едəуір
өскендігі байқалады. Отандық кəсіпорындарда 6,5 млн.-нан астам жалдамалы
жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына 53 млрд. теңге жəне өз жұмыскерлерінің пайдасына
МƏМС қорына 23 млрд. теңге аударады. Белсенді емес тұрғындар үшін
міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу
міндеттемесін мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының
барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.
62
Жұмыскерлер жыл бойы медициналық
ұйымдарға
жүгінбесе,
онда
жұмыс
берушілер аударған жарнаны қайтару
қарастырыла ма?
Жоқ, қарастырылмайды. Жұмыскерлері жыл бойы медициналық ұйымдарға
жүгінбеген жұмыс берушілердің төленген жарналары қайтарылмайды. Бұл
əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының
ортақтастығына жəне теңдігіне, яғни негізгі қағидаттарына қайшы келеді.
Төленген қаражаттар, осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген басқа
қолданушыларға медициналық көмекті төлеуге жұмсалады.
63
Біздің кəсіпорында жеке ведомстволық
медициналық-санитариялық бөлім бар,
Қолданыстағы «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға
сəйкес қорға аударымдар мен жарналарды енгізу барлығына міндетті болып
онда біз кəсіпорын есебінен ем аламыз.
Онда не үшін біз тағы МƏСҚ-ға жарналар
төлейміз?
табылады жəне Сіз оны Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру
қорына уақытылы төлеуге тиіссіз. Сіздің медициналық-санитариялық бөлімге
қатысты айта кетсек, басқа медициналық ұйымдар секілді ол да, Қор
өткізетін амбулаториялық-емханалық жəне стационарлық көмек көрсетуге
арналған конкурстарға қатысуға, қосымша ақша табуға құқылы.
Медицина саласы қызметкерлерінің сұрақтары
64
Міндетті
əлеуметтік
медициналық
сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істемек?
Жұмыскер, жұмыс беруші, жеке кəсіпкер жəне мемлекет төлеген жарналар
мен аударымдар Əлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық
банктегі есеп-шотына түседі.
Қорға түсетін аударымдарды бақылау қызметі Мемлекеттік кіріс
департаментіне жүктеледі, ал, атауландырылған есепті «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.
Қор медициналық қызмет түрлерін сатып алатын бірыңғай стратегиялық
нысан рөлін атқарады. Медициналық қызметтер конкурс негізінде сатып
алынады. Конкурс екі кезең бойынша өтеді.
Бірінші кезеңде медициналық ұйымның ресурстық жабдықталу деңгейінің
(орналасқан ғимараты, медтехника, кадрлары) минималды мемлекеттік
стандарттарға сəйкестігі тексеріледі.
Ресурсы оң баға алған мекеме екінші кезеңге өтеді. Конкурстың екінші
кезеңінде медұйымның көрсететін қызмет көлемі, қызмет құны мен сапасы
белгіленген талаптар бойынша бағаланады.
Осылайша, медициналық қызмет көрсету мүмкіндігіне тек қана ең үздік,
ресурстық жабдықталу деңгейі жоғары əрі тəжірибелі де білікті мамандары
бар мемлекеттік жəне жеке-меншік клиникалар ғана ие болмақ.
65
Жұмыскерлер өздерінің сақтандырылған
азамат
ретіндегі
мəртебесін
қалай
анықтайды?
Барлық медицина ұйымдарына ҚР Сақтандырылған азаматтарының бірыңғай
регистріне кіру мүмкіндігі беріледі.
Азамат медициналық көмекке жүгіну үшін жеке сəйкестендіру нөмірін
(ЖСН) енгізіп, сақтандырылған азамат ретіндегі мəртебесін анықтай алады.
Егер аударымдар мен жарналар Қорға дер кезінде түсіп тұрған болса, ол
міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде
көрсетілетін барлық медициналық көмек түрлерін пайдалана алады. Егер
жарна төленбеген болса, оған мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін
Достарыңызбен бөлісу: |