медициналық көмек көлемі шеңберінде ғана қызмет көрсетіледі.
66
Міндетті
əлеуметтік
медициналық
сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық
сақтау ұйымдарына не береді?
Олар біріншіден, көрсетілген қызметіне қарай лайықты деңгейде қаржы
алады;
Екіншіден, медперсоналдың жалақысын көтеруге жəне жұмыс нəтижесіне
қарай еңбекақы тағайындау жүйесін енгізуге мүмкіндік алады;
Үшіншіден, тарифке енгізілетін амортизациялық төлемдер есебінен
медициналық техниканы жаңартуға мүмкіндік алады.
Бір сөзбен, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне
шоғырландырылған қаржы денсаулық сақтау саласының сапасын жақсартуға
бағытталады.
67
Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінде
медицина
ұйымдары
қалай
қызмет
көрсетеді?
Қор кепілдендірілген конкурс жариялап, тегін медициналық көмек көлемі
(КТМКК) мен Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру (МƏМС)
шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді мемлекеттік жəне жеке
меншік клиникалардан сатып алады.
Конкурс 2 кезең бойынша өтеді.
Бірінші кезеңде медицина ұйымдары өзіне қатысты техникалық-
экономикалық жəне медициналық мəліметтерді Жеткізушілердің бірыңғай
реестріне (тізіліміне) енгізеді.
Қор осы мəліметтерді негізге ала отырып, олардың белгіленген минималды
стандарттарға сəйкестігін тексереді.
Қорытынды нəтижесі дұрыс болған жағдайда медицина ұйымы конкурстың
екінші кезеңіне өтеді.
Екінші кезеңде Қор өткен жылдарда көрсетілген қызметтердің көлемін,
олардың құны мен сапасын бағалайды (белгіленген талаптар бойынша).
Егер медицина ұйымының ресурстық жабдықталу деңгейі белгіленген
минималды стандарттарға, ал, көрсететін қызметі сапа талаптарына сай
келетін болса, аталған клиника (ұйым, мекеме) қызмет түрлерін əлеуетті
жеткізуші болып таңдалады.
Міндетті əлеуметтік сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек
тұтынушыларға денсаулық сақтау субъектісі мен Қор арасында
(медициналық қызметтерді сатып алу жөнінде) бекітілген келісімшарт
негізінде көрсетіледі.
68
Міндетті
əлеуметтік
сақтандыру
жағдайында қандай медициналық қызмет
түрлері көрсетіледі?
Алдағы уақытта медициналық қызметтердің екі пакеті болады.
Біріншісі – еліміздің барлық азаматтарына мемлекет тарапынан
кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМКК). Оған мынадай
қызметтер кіреді:
•
Əлеуметтік маңызы бар сырқаттарды емдеу
•
Екпе егу
•
Жедел жəрдем
•
Санитарлық авиация
•
2020 жылдың 1-қаңтарына дейін – емханалық-амбулаторлық жəне
шұғыл стационарлық көмек
Екінші пакет – Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде
көрсетілетін медициналық қызметтер пакеті. Сақтандырылған азаматтарға
арналған бұл пакетке мынадай қызмет түрлері кіреді:
•
Емханалық-амбулаторлық көмек:
- дəрігердің қабылдауы жəне консультация
- профилактика
- диагностика
- емдеу
•
Стационарды алмастыратын көмек
•
Стационарлық көмек:
- емдеу жəне оңалту
- паллиативті көмек жəне медбике күтімі
•
Жоғары технологиялық қызметтер
•
Дəрі-дəрмектің кейбір түрлерімен қамтамасыз ету
69
Медициналық
ұйымдардың
міндетті
əлеуметтік сақтандыру жүйесі шеңберінде
көрсеткен қызметтерінің ақысы қалай
төленеді?
Денсаулық сақтау нысандарының міндетті əлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде көрсеткен қызметтерінің ақысы уəкілетті орган
бекіткен тариф бойынша, қызмет көрсету актілері негізінде төленеді. Ақы
төлеу барысында:
1) медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты келісімшарт
міндеттемелерінің орындалу деңгейін мониторингтеу нəтижесі;
2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау
нəтижелері;
3) азаматтардың денсаулық сақтау субъектісін таңдау құқығының сақталу
деңгейі есепке алынады;
Денсаулық сақтау субъектілері көрсеткен қызметтердің ақысы Қордың есеп-
шотынан төленеді.
70
Медицина
саласы
қызметкерлерінің
жалақысы өсе ме?
Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесі медицина қызметкерлерінің
еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді.
Міндетті сақтандыру қаржысы дəрігерлердің жалақысын көтеруге, қызмет
сапасын арттыруға бағытталмақ.
71
Медицина
саласы
қызметкерлерінің
жалақысын көтеру тетігі қандай? Оны
қандай қаржы көзінен жүзеге асыру
көзделіп отыр?
Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде əрбір медицина
ұйымы еңбекақы төлеудің сараланған тəсілдерін біртіндеп енгізіп,
персоналды материалдық жағынан ынталандырудың тиімді үлгісін өз
бетінше қалыптастыруына болады.
Яғни, көпшілік тарапынан мойындалған білікті мамандар, тəжірибелі
дəрігерлердің жалақысы қазіргіден əлдеқайда жоғары болуы тиіс. Медицина
ұйымдарының менеджменті белгілі бір клиниканың табысы мен қаржылық
əл-ауқатының білікті мамандарға байланысты екенін ұғынуы қажет. Жеке
меншік медицина саласында көптен бері пайдаланылып келе жатқан
еңбекақы төлеудің бұл тетігі тиімділігін əлдеқашан дəлелдеп те қойды.
Өйткені, пациенттердің басым бөлігінің бүгінде беделді дəрігерлерге
қаралып, емделуді қалайтыны жасырын емес. Ал, ондай жоғары білікті
мамандардың материалдық жағдайы да дəрежесіне лайықты болуы тиіс.
Болашақта міндетті сақтандыру жүйесінде медицина саласы мамандарын
ынталандырудың осындай тетіктері қалыптасады деп үміттенеміз. Себебі,
МƏМС жүйесі діттеген негізгі мақсат – медициналық қызмет сапасы мен
ақырғы нəтижеге негізделген.
72
Медициналық
қызмет
сапасы
қалай
бағаланады?
Медициналық қызмет сапасы қызмет көрсетудің əртүрлі кезеңдерінде
бағаланады. Ішкі сараптаманы медицина мекемелерінің ішкі бақылау қызметі
жүргізеді. Ал, сыртқы сараптаманы Əлеуметтік медициналық сақтандыру
қорының сарапшылары жасайды. Олар денсаулық сақтау саласындағы
ақпараттық жүйелерді, көрсетілетін қызмет көлемі мен сапасына қатысты
қолданыстағы индикаторлардың көмегіне сүйенеді. Сапа мен қызмет көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |