100 СҰРАҚ ЖƏне жауап № Сұрақтар Жауаптар



жүктеу 303,09 Kb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата20.11.2018
өлшемі303,09 Kb.
#22044
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ақсап жататын болса медициналық қызмет ақысы жартылай төленеді немесе 

төленбейді.  

Сонымен  қатар,  медициналық  қызмет  сапасын  уəкілетті  мемлекеттік 

органдар  да  қадағалайтын  болады.  Олар  тəуелсіз  сарапшылардың  көмегіне 

жүгінеді. 

Сондай-ақ, алдағы уақытта халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану 

деңгейін  мобильді  қосымшалардың  жəне  сауалнамалардың  көмегімен, 

денсаулық  сақтау  субъектілерінде  орналасқан  қызмет  сапасын  бағалау 

терминалдары арқылы анықтау көзделіп отыр. 

Қор  көрсетілген  медициналық  көмектің  түріне  қарай  əр  медицина  ұйымына 

арнап тікелей жəне ақырғы нəтиже индикаторларын əзірлейді. 

Қызмет  сапасын  бағалау  нəтижесі  бойынша  жеткізуші  компаниялардың 

рейтингі  жасалады.  Рейтинг  Қордың  интернеттегі  ресми  сайтында 

(ресурсында) жарияланады. Əр пациент осы рейтинг негізінде медициналық 

мекемені таңдау құқығына ие болмақ. 

73 


Əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

қорындағы 

қаржының 

ашық 


бөлінуі 

(мақсатқа сай жұмсалуы) қалай қамтамасыз 

етілмек? 

Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығы төмендегі 

тетіктердің көмегімен қамтамасыз етіледі: 

• 

жарналар мен қаржы түсімдері тұрақты мониторингтен өткізіледі 



• 

көрсетілген медициналық қызметтерге тұрақты мониторинг жасалады 

• 

Қоғамдық кеңестер құрылады 



• 

уəкілетті  органдарға  (ҚР  ДСМ,  Үкімет,  Есеп  комитеті)  қаржының 

пайдаланылуы туралы стандартты есептер беріледі  

• 

жалпы жұртшылыққа арналған жылдық есеп жарияланады  



• 

Əлеуметтік медициналық сақтандыру қорының веб-сайтында ұйымның 

стратегиялық  құжаттары,  сақтандырылған  азаматтарға  арналған  ақпараттар 

орналастырылады.  Ақпарат  жалпы  негізде  (құқықтары,  міндеттері, 

мүмкіндіктері,  жаңалықтар,  қызмет  көрсету  талаптары,  тарифтер  т.б)  жəне 

жеке  кабинет  арқылы  жеке  негізде  (жарна  төлейтін  жəне  қызметтерді 

пайдаланатын  пациентке  арналған  есеп)  жарияланады.  Сонымен  қатар,  веб-

сайттан  жеткізушілерге  арналған  ақпараттарды  да  табуға  болады 

(нормативтік-құқытық  актілер,  сатып  алу  тəртібі,  тарифтер,  жеткізуші 

компаниялармен  бекітілген  келісімшарттардың  мазмұны,  соның  ішінде 




қаржылық  мəліметтер,  жеткізушілерді  бақылау  нəтижесі,  сатыпалужəне 

бақылау жоспарлары) 

• 

медициналық көмек көрсету саласындағы түрлі сараптамалар, шолулар 



мен зерттеулер  

• 

жеткізушілердің рейтингтерін жариялау 



• 

күрделі  мəселелер  мен  жоспарланып  отырғанөзгерістерді  талқылау 

мақсатында  мүдделі  тараптармен  тұрақты  жəне  мақсатты  кездесулер  өткізу 

(жеткізуші компаниялардың өкілдері, пациенттердің ұйымдары) 

74 

Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 



жариялайтын  конкурсқа  қатысу  үшін 

медицина  ұйымының  ақпараттық  жүйесі 

болуы міндетті ме?  

Денсаулық  сақтау  ұйымдары  Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру 

шеңберінде  қызмет  көрсету  үшін  ақпараттық  жүйелер  мен  электронды 

ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті. 

75 

Əлеуметтік 



медициналық 

сақтандыру 

қорының  қызметіне  қоғамдық  бақылау 

жүргізіле ме? 

 «Міндетті 

əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

туралы» 

заңда 


қарастырылған  бақылау  тетіктерінің  бірі – медициналық  қызметтердің 

сапасын  бақылайтын  бірлескен  комиссия.  Бұл  комиссия  Денсаулық  сақтау 

министрлігі,  Əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қоры,  жұртшылық 

өкілдерінің арасындағы диалог пен келісім алаңына айналуы тиіс. Комиссия 

құрамына дəрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының өкілдері, сондай-

ақ, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері кіреді. 

Əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қорының  жарғысында  міндетті 

сақтандыру  жүйесінің  қызметін  қамтамасыз  ету  жəне  дамыту  мəселелері 

жөніндегі қоғамдық кеңес құру мүмкіндігі қарастырылған. Оған мемлекеттік 

органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ҚР азаматтары мүше 

бола алады.  

76 


Міндетті 

əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру  денсаулық  сақтау  саласы 

қызметкерлеріне не береді? 

Міндетті əлеуметтік сақтандыру енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау саласы 

қызметкерлері  жүйенің  төмендегідей  артықшылықтарын  біртіндеп  сезіне 

бастайды: 

• 

жалақыны еңбегіне қарай төлеу; 



• 

материалдық  ынталандыру,  əлеуметтік  пакеттер,  сыйақы  мен 

бонустардан тұратын ынталандыру пакеті; 

• 

жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттыру; 



• 

медициналық техникалар мен жабдықтарды жаңарту; 




• 

жұмыс  процестерін  оңтайландыру  жəне  еңбек  ету  жағдайларын 

жақсарту; 

• 

жұмыс орнында білімін арттыру (оқу); 



• 

кəсіби мобильділік; 

• 

жүйені сапалық тұрғыдан жақсарту. 



77 

Міндетті  сақтандыру  енгізілгеннен  кейін 

ерікті  медициналық  сақтандыру  жүйесі 

қалай жұмыс істейді? 

Ерікті  медициналық  сақтандыру  (ЕМС)  сақтандырылған  азаматтың 

медициналық қызметке кететін шығындарын толық немесе жартылай жабуға 

мүмкіндік  береді.  Болашақта  міндетті  сақтандыру  пакетіне  кірмейтін 

қызметтердің  кейбір  түрлерін  қосымша  ақы  негізінде,  ерікті  медициналық 

сақтандыру  арқылы  алуға  болады.  Мысалы,  ересектерге  арналған 

стоматология  қызметі,  зиянды  өндіріс  орындарында  жұмыс  істейтін 

қызметкерлердің  денсаулығын  міндетті  тексеруден  өткізу,  санаторлық-

курорттық  ем  т.б.  Бұл  жерде  мəселе  жеке  тұлғаның  немесе  жекелеген 

кəсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері мен қалауына байланысты.  

78 


Міндетті 

əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру  енгізілгеннен  кейін  саладағы 

қызмет көрсету сапасы жақсара ма? 

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  енгізілгеннен  кейін 

медициналық  қызмет  сапасы  сөзсіз  жақсарады.  Ол  үшін  мынадай  кешенді 

шаралар қолға алынбақ:  

Сапаны бақылау жөніндегі бірлескен комиссия құру;  



-  сапаны  бақылау  саласындағы  функцияларды  өзара  бөліске  салу,  соның 

ішінде бақылауға үкіметтік емес ұйымдарды тарту;  

-  медициналық  ұйымдар  көрсеткен  қызметтерді  сараптамадан  өткізу 

қызметін күшейту;  

медициналық  қызмет  көрсететін  клиникалар  арасында  бəсекелестікті 



арттыруға жағдай жасай отырып сапаны күшейту;  

сапа  индикаторларын  Қор  мен  медициналық  қызметтерді  жеткізетін 



ұйымдар  арасындағы  келісімшарттарға  енгізу  жəне  қаржыландыру  деңгейі 

соған тəуелді ету т.б. 

79 

Міндетті 



əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

кадр 


мəселесін 

шешуге 


мүмкіндік бере ме?  

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесінің  енгізілуін  басқа 

реформалармен  кешенді  түрде  қарастыру  қажет.  Соның  ішінде,  бұл  мəселе 

медициналық  ЖОО-ның  білікті  маман  даярлауы  жəне  медицина  саласы 

қызметкерлерінің  біліктілігін  тұрақты  түрде  арттыруға  бағытталған 

шаралармен қабысып жатыр. 




жүктеу 303,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау