100 СҰРАҚ ЖƏне жауап № Сұрақтар Жауаптар



жүктеу 303,09 Kb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата20.11.2018
өлшемі303,09 Kb.
#22044
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Министрлік  пен  аймақтардағы  денсаулық  сақтау  басқармалары  халыққа 

білікті  қызмет  көрсететін  медицина  мекемелерінің  персоналмен  жəне 

медициналық қондырғылармен жабдықталуын қамтамасыз етеді. 

Қызметтерді  жеткізетін  медицина  ұйымдары  міндетті  сақтандыру 

шеңберіндегі  конкурстарға  қатысуға  мамандарының  саны  жағынан  да, 

көрсетілетін қызметтердің тізімі жағынан да жан-жақты дайын болуы шарт. 

80 

Жаңа 


тариф 

саясаты 


медициналық 

ұйымдардың дамуын қамтамасыз ете ме?  

Қамтамасыз  етуі  тиіс.  Өйткені,  болашақта  тарифтерге  біртіндеп 

амортизациялық шығындарды қосу жоспарланып отыр. Бұл негізгі қаржыны 

жаңартуға  жəне  активтерді  тиімді  бөліске  салған  жағдайда  жаңа 

технологияларды енгізуге мүмкіндік бермек. 

81 

Ауылдық  жерлердегі  медицина  мекемелері 



жаңа жүйені енгізуге дайын ба? 

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  енгізілгеннен  кейін  ауыл 

медицинасы бірден түбегейлі өзгерістерге ұшырайды деу қиын. Құрылымдық 

өзгерістер 

шеңберінде 

ауылдық 


медицина 

ұйымдарының 

атынан 

медициналық  қызметті  бір  заңды  тұлға  көрсетеді.  Ауыл  медицинасының 



емханалық-амбулаторлық  бөлімі  белгіленген  корпоративтік  табыс  салығы 

негізінде,  ал,  стационарлар  клиникалық-шығыны  бірдей  топтар  (КЗГ) 

көрсеткішін пайдалана отырып қаржыландырылады. 

82 


Міндетті 

əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

жүйесіне 

көшкен 


кезде 

стационарлардың 

қабылдау 

бөлімдері 

қалай қаржыландырылады? 

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесінде  жоспарлы 

стационарлық көмек маманның жолдамасы негізінде көрсетіледі. Жолдаманы 

алғашқы  медициналық-санитарлық  көмек  нысаны  немесе  медицина  ұйымы 

мамандары береді. Егер жолдама берілген азамат ауруханаға жатып емделген 

жағдайда,  Қор  келісімшарт  бекіткен  денсаулық  сақтау  субъектісі  көрсетінің 

стационарлық көмек ақысын төлеуге міндетті. 

83 


Жергілікті  атқару  органдары  шеңберінде 

медицина ұйымдарына қаржы бөлу дəстүрі 

сақтала ма? 

Жергілікті  атқару  органдары  медицина  ұйымдарының  міндетті  əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

(МƏМС) 

жəне 


Кепілдендірілген 

тегін 


медициналық  көмек  көлеміне  (КТМКК)  кірмейтін  негізгі  шығындарын 

қаржыландырады. 

84 

Қондырғылар  сатып  алуға  жəне  күрделі 



жөндеуге  жұмсалған  шығындар  қалай 

өтеледі? 

Қазақстан  республикасының 2016-2019 жылдары  денсаулық  сақтау  саласын 

дамыту жөніндегі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сəйкес, жаңарту 

шығындарын  біртіндеп  медициналық  қызмет  тарифіне  қосу  жоспарланған. 

Құны 100 млн  теңгеден  асатын  қондырғылар  мен  күрделі  жөндеу 

жұмыстарының ақысы жергілікті атқару органдары есебінен төленеді. 



85 

Елімізде  барлық  тұрғындардың  бірыңғай 

деректер базасы бар ма? 

Иə,  мұндай  база  бар.  Олардың  қатарында  Жеке  жəне  заңды  тұлғалардың 

мемлекеттік  мəліметтер  базасын,  сондай-ақ,  Тіркелген  тұрғындар  регистрін 

атауға  болады.  МƏМС  жүйесінде  сақтандырылған  тұлғалардың  тізілімі  осы 

мəліметтер базасы негізінде жасалады. 

86 


Міндетті 

əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру  енгізілген  кезде  жекеменшік 

медицинаның дамуы мүмкін бе? 

2016  жылы  республикалық  бюджет  қаржысы  есебінен 246 жеке  меншік 

медицина 

ұйымымен 

келісімшарт 

бекітілді. 

Міндетті 

əлеуметтік 

медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін қызмет көрсететін жеке меншік 

ұйымдардың саны артып, бəсекелестік күшейеді деп үміттенеміз. 

Қор  денсаулық  сақтау  субъектілерінің  қызметін  уəкілетті  орган  белгілеген 

тəртіп  бойынша,  медициналық  қызмет  көрсететін  нысандардың  теңдігі 

принципі  негізінде  сатып  алады.  Бұл  жеке  меншік  жəне  мемлекеттік  емдеу 

мекемелерін дамытуға теңдей мүмкіндік беруі тиіс. 

87 

Міндетті 



əлеуметтік 

медициналық 

сақтандырудың 

қандай 


халықаралық 

тəжірибе бар? 

Бүгінгі  таңда  əлемде  медициналық  сақтандырудың:  мемлекеттік,  жеке 

меншік жəне қоғамдық деп аталатын үш түрі бар.  

Сақтандырудың  мемлекеттік  моделінде  медициналық  қызметтер  салық  пен 

мемлекеттік  бюджет  есебінен  көрсетіледі.  Денсаулық  сақтау  министрлігі 

ресурстарды бөліске салатын агенттіктен бөлек жұмыс істейді. 

Бұл  модельдің  артықшылығы  неде?  Оның  əлеуметтік  жағы  басым,  елдің 

бəріне қолжетімді, баға бақылау мүмкіндігі жоғары. Ал, осал тұстары: Жүйе 

толығымен  бюджетке  тəуелді,  халықтың  сұранысынан  туындайтын 

өзгерістерге бірден бейімделе алмайды жəне таңдау еркіндігі шектеулі. 

Сақтандырудың  жеке  меншік  үлгісінде  тұрғындар  жарна  төлеуге 

міндеттелмейді. Бірақ бұл жүйе халықтың барлық тобының денсаулық сақтау 

саласындағы  қажеттіліктерін  толық  өтеуге  негізделмеген.  Мұнда  жекелеген 

жеке-меншік жүйелер жұмыс істейді. 

Оның  басты  артықшылығы – азаматтың  қалауы  мен  мүмкіндігіне  қарай 

сараланған пакет. 

Кемшіліктері:  бағаны  бақылау  мүмкіндігінің  жоқтығы,  медициналық 

ұйымдардың  медициналық  емес  факторлар  бойынша  бəсекеге  түсуі, 

экономиканың  денсаулық  сақтау  саласына  жұмсайтын  шығындарының 

көптігі,  төлеу  қабілеті  төмен  азаматтардың  медициналық  қызметті 

пайдалануға мүмкіндігінің жоқтығы. 




Үшіншісі  сақтандырудың  қоғамдық  үлгісі:  Қордың  қаражаты  Денсаулық 

сақтау  министрлігінен  бөлек  ұсталады,  медициналық  қызмет  ақысы  Қорға 

жинақталған  міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жарналары 

есебінен қамтылады. 

Артықшылықтары:  əлеуметтік  жағының  басымдығы,  жалпыға  ортақ 

жауапкершілік,  бəсекелестік  пен  сапаны  бақылау  мүмкіндігінің  артуы, 

биресми төлемдердің азаюы. 

Кемшіліктері: жарна төлеуден бас тарту салдарынан қаржы тапшылығы қаупі 

туындайды, тиісті ІТ инфрақұрылымдар қажет. 

Қазақстан осының ішінде қоғамдық сақтандыру жүйесін таңдап алды. Жүйе 

мемлекет,  жұмыс  беруші  мен  азаматтардың  ортақ  жауапкершілігі  принципі 

бойынша жұмыс істейді. 

 

88 


Қазіргі 

таңда 


мемлекеттік 

емдеу 


мекемелерінің  басым  бөлігінің  бизнеспен 

айналысатыны 

рас. 

Əсіресе, 



стационарларда  қызметтің  басым  бөлігі 

ақылы  негізде  көрсетіледі.  Бірақ  олардың 

денін  Кепілдендірілген  тегін  медициналық 

көмек 


көлемі 

шеңберінде 

мемлекет 

тарапынан қаржыландырылатын қызметтер 

құрайды.  Яғни,  бақылау  жоқ,  халық  ақша 

төлейді, 

үкімет 

мемлекеттік 



кəсіпорындардың  ақылы  табыс  табуын 

ынталандырып  отыр.  Міндетті  əлеуметтік 

медициналық  сақтандыру  енгізілгеннен 

кейін жағдай өзгере ме?  

Кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  (КТМКК)  пен  Міндетті 

əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  (МƏМС)  пакеті  шеңберіндегі 

қызметтер  қазір  де,  жаңа  жүйе  енгізілгеннен  кейін  де  тегін  көрсетілуі  тиіс. 

Жұртшылық  кепілдік  берілген  көмектің  барлық  түрлерімен  қамтамасыз 

етіледі.  Алайда,  сұраныстан  ұсыныс  туатыны  белгілі.  Азаматтар 

медициналық  сақтандыру  жарнасын  төлеу  арқылы  міндетті  əлеуметтік 

медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемі  мен 

түрлерін  арттыруға  мүмкіндік  жасайды.  Нəтижесінде  ақылы  қызметті 

пайдаланушылар  саны  азаяды.  ҚР  «Міндетті  əлеуметтік  медициналық 

сақтандыру  туралы»  заңының 7-бабына  сəйкес,  сақтандыру  пакетіне 

жоспарлы  стационарлық  көмек,  емханалық-амбулаторлық  көмек,  дəрі-

дəрмекпен қамтамасыз ету, жоғары технологиялық қызмет түрлері кіреді. 

89 

елдегі 


Барлық 

медицина 

ұйымдары 

Əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

қорымен келісімшартқа отыра ала ма?  

Оған ешкім кепілдік бере  алмайды.  Мысалы, бір қалада  кардиология бөлімі 

бар үш аурухана жұмыс істейді делік. Қор соның ішінде қызметтерді сатып 

алудың  минималды  стандарттары  мен  талаптарына  жауап  беретін, 

пациенттерге  жағдай  жасайтын,  сапалы,  жоғары  технологиялық  қызмет 

көрсете алатын, жоғары білікті мамандары мен заманауи қондырғылары бар 

медицина ұйымын таңдайды. 



Бір  сөзбен  айтқанда,  Қор  денсаулық  сақтау  нысандары  желісін  де, 

бəсекелестікті  дамыту  мақсатында  медициналық  ұйымдардың  ішіндегі 

бизнес-процестерді  де  аталған  аймақтағы  медициналық  көмек  түрлеріне 

деген нақты сұранысқа қарай оңтайландырады.  

МƏМС  шеңберіндегі  медициналық  қызмет  түрлері  Денсаулық  сақтау 

субъектілерінен уəкілетті орган бекіткен тəртіп бойынша сатып алынады. Ол 

тəртіптер мынадай: 

1) медициналық көмек көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындай отырып, 

міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесі  табысының  балансын 

қамтамасыз ету; 

2)  міндетті  əлеуметтік  сақтандыру  жүйесінде  көрсетілетін  медициналық 

көмектің аумақтық тұрғыдан қолжетімділігін қамтамасыз ету; 

3) денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі; 

4) дұрыс бəсекелестік; 

5) медициналық қызмет көрсету тиімділігі мен сапасы. 

90 


Тұрақты  тұратын  жері  жоқ  адамдар 

(БОМЖ) қандай көмек ала алады?  

Мұндай  санаттағы  азаматтар  сақтандырылмаған  жағдайда  Кепілдендірілген 

тегін медициналық көмек шеңберінде көмек ала алады.  

91 

Жедел  медициналық  жəрдем  мен  Жоғары 



мамандандырылған  медициналық  көмек 

бағасы қалай өзгереді?  

Жедел  медициналық  жəрдем  мен  ЖММК  тарифтері  де  халықаралық 

тəжірибелер  мен  медициналық  қызметтерді  жеткізушілердің  нақты 

шығындарына байланысты жетілдіріледі. 

92 


Пациенттер басқа аудандардағы емхананың 

немесе  клиниканың  көмегіне  жүгінгенде 

Тіркелген  тұрғындар  регистрі  (РПН) 

қаншалықты рөл атқарады? 

Пациенттерді  тіркеу  мен  тіркеуден  шығарудың  қолданыстағы  тəртібіне 

сүйенсек,  пациенттер  таңдаған  емханасын  (клиникасын)  мынадай 

жағдайларда өзгерте алады: 

-  тұрғылықты  немесе  уақытша  тұрып  жатқан  жерін,  жұмысын  немесе  оқу 

орнын басқа əкімшілік-аумақтық бірлікке ауыстырған жағдайда; 

-  бастапқы  санитарлық-медициналық  көмек  ұйымы  қайта  құрылған  немесе 

таратылған жағдайда;  

- азаматтың дəрігерді жəне медицина ұйымын еркін таңдау құқығы негізінде 

жылына бір рет; 

-  бастапқы  санитарлық-медициналық  көмек  мекемелерінде  жыл  сайын 

өткізілетін  тіркелу  науқаны  кезінде,  яғни, 15 қыркүйек  пен 15қараша 

аралығында. 




Егер пациент өзі тіркелген аймақтан басқа өңірдегі емдеу мекемесіне барса, 

оған шұғыл жəрдем ғана көрсетіледі.  

93 

Мемлекеттік 



емханалар, 

шаруашылық 

жүргізу  құқығындағы  кəсіпорындар  қалай 

қаржыландырылады?  

ҚР  заңдарына  сəйкес,  мемлекеттік  орган  болып  саналмайтын  мемлекеттік 

мекемелерге  басқарушылық,  мəдени-əлеуметтік  жəне  коммерциялық  емес 

сипаттағы  өзге  де  қызметтерге  қоса,  табыс  табатын  қызмет  түрлерімен 

айналысу құқығы берілген (ақылы қызмет көрсету). 

94 

Егер 


жергілікті 

пациенттер 

Алматы 

қаласындағы 



медицина 

ұйымдарын 

таңдайтын болса аудандық ауруханалардың 

жайы не болмақ?  

Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медицина ұйымын 

таңдау  тетігі  мен  «ақша  пациенттің  соңынан  жүреді»  принципі  сақталады. 

Егер пациент Алматыдағы медицина ұйымын таңдаған жағдайда Қор ақшаны 

қызмет  көрсеткен  клиникаға  аударады.  Сонымен  қатар,  көрсетілген  қызмет 

көлеміне  қарай  келісімшарт  құнын  арттыру  немесе  кеміту  тетіктері 

қарастырылған.  Аудандық  ауруханалар  өздері  көмек  көрсеткен  азаматтар 

үшін ғана ақша алады. 

95 


Медициналық  жабдықтарды  кім  қалай 

сатып  алады  жəне  олар  медициналық 

ұйымдар арасында қалай бөлінеді? 

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  енгізілгеннен  кейін  тарифтер 

қайта 

қаралады. 



Тарифтерге 

негізгі 


қорды 

жаңартуға 

арналған 

амортизациялық  шығындар  қосылады.  Сонымен  қатар,  болашақта 

медициналық  жабдықтарды  жеткізушілерден  жалға  алу  мүмкіндігі  де 

қарастырылмақ. 

96 

Міндетті 



əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру  шеңберіндегі  медициналық 

көмек қалай жоспарланады?  

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  шеңберіндегі  медициналық 

көмек  көлемі  Қор  мен  жергілікті  атқару  органдары  деңгейінде,  халықтың 

белгілі  бір  медициналық  көмекке  деген  сұранысына  қарай  жоспарланады. 

Жоспарлау  барысында  Қордың  қаржылық  мүмкіндіктері  ескеріліп, 

демографиялық  болжамдар  мен  макроэкономикалық  модельдер  де 

пайдаланылады.  

97 

Сақтандыру 



жағдайы 

туындағанда 

көрсетілетін  көмек  құны  қалай  өтеледі? 

Клиникалық 

шығыны 

бірдей 


топтар 

бойынша төлене ме, əлде, нақты шығындар 

негізінде төлене ме?  

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  енгізілгеннен  кейін 

медициналық  қызмет  ақысын  төлеудің  қолданыстағы  тəсілдерін  жетілдіру 

жоспарланған. 

Соның 

ішінде, 


жеткізуші 

компаниялар 

арасында 

бəсекелестікке жағдай жасап, денсаулық сақтау саласының жалпы қаржылық 

тұрақтылығын  қаматамасыз  ету  мақсатында  стационарлық  көмек  ақысын 

төлеу тəсілдері де жаңғыртылады. 

Амбулаториялық көмек деңгейінде адам санына қарай қаржыландыру жүйесі 

дамытылып,  пациенттердің  медициналық  қызметтерді  кешенді  түрде  алуын 




қамтамасыз  ететін  аралас  тарифтерді  қалыптастыру  мүмкіндіктері 

қарастырылмақ; 

–  Стационарлық  деңгейде  халықаралық  тəжірибелерге  сүйене  отырып, 

клиникалық-емдеу шығыны бірдей топтардың негізінде тарифтерді жетілдіру 

жоспарланған; 

–  Енгізіліп  отырған  кей  жағдайларда  ауруларды  басқару  тұжырымдамасы 

шеңберінде  медициналық  көмектің  барлық  деңгейлерін  (бастапқы 

санитарлық-медициналық  көмектен  бастап  стационарлық  ем,  əрі  қарай 

оңалту шаралары) біріктіріп, тарифтерді қайта қарау көзделген. 

98 


Қазақстан 

Республикасында 

жұмыс 

істейтін 



шетел 

азаматтарына, 

еңбек 

мигранттарына  медициналық  көмек  қалай 



көрсетіледі? 

«Міндетті  медициналық  сақтандыру  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Заңының 2-бабы 2-тармағына  сəйкес,  міндетті  сақтандыру  жүйесінде 

Қазақстан  Республикасы  аумағында  тұрақты  тұратыншетелдіктер  мен 

азаматтығы  жоқ  тұлғаларға,  сондай-ақ,  оралмандарға  да  ҚР  азаматтарымен 

бірдей  құқықтар  мен  міндеттемелер  жүктеледі.  Мысалы,  олар  да 

қазақстандықтар  сияқты  салық,  соның  ішінде,  міндетті  əлеуметтік 

медициналық  сақтандыру  жарнасын  төлеуге  міндетті.  Еңбек  мигранттарына 

медициналық  көмек  мемлекетаралық  келісімдер  негізінде  көрсетіледі. 

Мысалы,  Еуразия  кеңістігіндегі  (Ресей,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Армения 

жəне  Беларусь)  бес  мемлекет  аумағында  жедел  медициналық  көмек 

қайтарымсыз негізде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер бекітілмеген болса 

еңбек  мигранттары  ерікті  медициналық  сақтандыру  (ЕМС)  қызметін 

пайдалана  алады.  Ал,  қоршаған  ортаға  қауіп  төндіретін  сырқаттарға 

шалдыққан мигранттарға тегін көмек көрсетіледі.  

99 


Жеке кəсіпкерлер Əлеуметтік медициналық 

сақтандыру 

қорына 

жарнаны 


қалай 

төлейді? 

Жеке  кəсіпкерлер 2017 жылдың  1шілдесінен  бастап 2 төменгі  айлық 

жалақының 5 пайызы көлемінде жарна төлейді. 

Мамандар  болжамынша, 2018 жылы  төменгі  айлық  жалақы 28 284 теңге 

болатынын  ескерсек,  жеке  кəсіпкерлердің  ай  сайын  төлейтін  жарнасы 2 828 

теңгені құрамақ. Жарнаны ай сайын немесе бірден бір жылға төлеуге болады. 

Зейнетақы  жарналарын  аудару  тəртібіне  ұқсас  болып  келетін  бұл  жүйемен 

жұмыс  берушілер  де,  жеке  кəсіпкерлер  де  жақсы  таныс.  Бұл  аударымдарды 

жеке  есеп-шот  ашу  арқылы  да,  есеп-шот  ашпай-ақ,  екінші  деңгейлі  банктер 

мен Қазпоштаның кез-келген бөлімшесі арқылы да аударуға болады. 



100  Əлеуметтік  маңызы  бар  сырқаттарға  не 

жатады  жəне  оларды  емдеуге  жұмсалатын 

қаржы қалай бөлінеді? 

Əлеуметтік  маңызы  бар  сырқаттарға:  туберкулез,  иммунтапшылығы 

вирусынан  туындайтын  аурулар  жəне  ВИЧ,  жұқпалы  В,  С  гепатиті,  қатерлі 

ісік,  қант  диабеті,  психикалық  аурулар,  балалардың  сал  ауруы,  инфаркт 

(бастапқы  алты  ай),  ревматизм,  дəнекер  тіндердің  жүйелі  зақымдануы, 

орталық  жүйке  жүйесінің  тұқым  қуалайтын-дегенеративті  сырқаттары, 

орталық  жүйке  жүйесінің  миелин  қабықшасының  зақымдануынан 

туындайтын аурулар жатады.  

Сонымен  қатар,  айналадағы  адамдарға  қауіп  төндіретін  сырқаттар  да  бар. 

Ондай науқастарға: иммунтапшылығы вирусынан туындайтын аурулар жəне 

ВИЧ  індеті,  Конго-Қырым  қанды  безгегі,  дифтерия,  менингококк 

инфекциясы,  полиомиелит,  тек  қана  жыныстық  жолмен  таралатын  жұқпалы 

аурулар,  алапес,  безгек,  түйнеменің  (сібір  жарасы)  жеңіл  түрі,  туберкулез, 

тырысқақ,  оба,  іш  сүзегі,  вирусты  гепатит,  мінез-құлық  пен  психикалық 

ауытқулар. 

Əлеуметтік  маңызы  бар  сырқаттарға  шалдыққан  азаматтарға  медициналық 

көмек  Тегін  кепілдендірілген  медициналық  көмек  көлемі  (ТКМКК) 

шеңберінде көрсетіледі. 



 

 

жүктеу 303,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау