1 требования к структуре умк дисциплины


Өз-өзін бақылау сұрақтары



жүктеу 1,17 Mb.
бет5/9
Дата19.11.2018
өлшемі1,17 Mb.
#21157
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Инвестициялық қызмет түсінігі

  2. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің қандай құралдарын білесіз?

  3. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары

  4. Инвестициялық қызметтің заңнамалық қамтамасыз етілуі

  5. Инвестициялық ресурстар, олардың жіктелінуі

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Найденков В.И. Инвестиции. Учебное пособие. Москва: «РИОР», 2005г.

  2. Подшиваленко Г.П., Киселева Н.В., «Инвестиционная деятельность». Учебное пособие. М: «Кнорус», 2005г.

  3. Аньшин В.М. Инвестиционный анализ. Учебное пособие. М: «Дело», 2003г.

  4. Бочаров В.В. Инвестиционный менеджмент. Учебное пособие. С-П: «Питер», 2002г.

  5. Булатов А.С. Экономика. Учебник. М: «юрист», 2000г.

5 Қысқа мерзімді банктік несиелеу инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әдісі ретінде

Лекция мақсаты - Инвестициялық шешімдерді таңдау жіктелінуі. Инвестициялық шешім түсінігі. Инвестициялық шешімнің жіктелінуі. Инвестициялық сұраныс және қарыз қаражаттарын ұсыну теориялары. Инвестициялық шешімді қабылдау және жүзеге асыру кезеңдері. Инвестициялық жоба туралы түсінік. Инвестициялық жобаның түрлері. Инвестициялық жобаның өмірлік циклы. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері. Инвестициялаудың алдындағы кезең. Инвестициялық кезең. Эксплуатациялық кезең

Лекция сұрақтары:

1. Инвестицияны қаржыландыруға арналған несиелердің формалары

2. Факторингтік және форфейтингтік операциялар.

3. Қысқа мерзімді несиелеудің негізігі түрлері

4. Вексельдік несиелеу

Лекция мазмұны

Ақша қаражаттарын клиентке айналым активтерінің қозғалысын құру және ұйымдастыру, соның ішінде жалақыны төлеумен байланысты мақсаттарға беру қысқа мерзімді кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бір нұсқасы болып табылады. Несиені алушылар заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Резидент еместер несиені егер олар инвесторлар болған жағдайда ала алады, ал несие инвестициялық мақсаттарға беріледі. Несие есебінен нақты келісім-шарттар төленеді және ақша клиенттің қарыз шотынан өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) жабдықтаушысына бағытталады. Несие қолма-қолсыз нысанда беріледі. Қолма-қол ақшада несие жалақыны төлеу үшін беріле алады. Несиені пайдалану үшін төлем күнделікті қалдыққа есептелетін пайыздарда бекітіледі. Пайыздар әр ай сайын алынып отырады. Несиені пайдалану бойынша пайыздарды клиент өзіндік құнға қосады. Несиелік келісім-шарт міндетті түрде қамтамасыз етілуі қажет. Кепілдің сомасы кепіл бағалары бойынша несие сомасының 130%-ын құрайды. Кепіл бағалары банктің өз бетімен анықталады және көбінесе бростық нарықтық бағаларға сәйкес келеді. Аса сенімді клиенттер үшін несиенің сомасынан 100% мөлшерінде кепілді алуға мүмкін болады. Несие бірреттік несие, несиелік желі немес жаңартылатын несиелік желі нысанында берілуі мүмкін.

Қаржыландырудың ерекше тәсілі факторинг болып табылады. Факторинг банктің клиенттен өзінің төлеушілеріне берген төлем талаптарын сатып алатын мәмілені білдіреді. Төлем талаптарын сатып алу дисконтпен жүзеге асырылады. Талаптар сатып алынатын мерзім 2–3 айдан аспайды. Берілген құралды ұзақ мерзімде пайдалану үшін факторингтің генералды келісім-шартын жасауға болады. Клиенттің төлем талаптарын сатып алған кезде банк ақша қаражаттарын клиенттің факторингтік шотынан клиенттің есептік шотына аударады (ол қысқа мерзімді несиелеуден ыңғайлы).

Вексельдік несиелеу екі нұсқада болуы мүмкін – төлемді ұзартумен вексельді сату және вексельдік заем. Бірінші жағдайда банк клиентке вексельді (өзінің эмиссиялаған немесе сатып алған) оның төлемін ұзартумен белгілі мерзімге сатады. Екінші жағдайда клиентке белгіленген мерзімде немесе сол мерзімде банкке беру арқылы клиенттің банкке қайтаратын вексель (қарыз беру келісім-шарты бойынша) беріледі

Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері:


  • айналым қаражаттарын толықтыруға алынатын несиелер;

  • сауда-сатып алу қызметіне алынатын несиелер;

  • келісім-шарттарды жүзеге асыруға алынатын несиелер.

Несие бойынша пайыздық қойылым қарыз алушының қаржылық жағдайын, несиенің қамтамасыз етілу өтімділігінің деңгейі, клиенттің банкте ашылған шоттары бойынша айналымдардың көлемі мен тұрақтылығын, несиелік тарихы және басқа шарттарды есепке алғанда бекітіледі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Акциялар нарығындағы инвестициялардың табыстылығы

  2. Бағалаудың динамикалық әдістері нені көрсетеді?

  3. Банктік несиенің қаражаттарды тартудағы рөлі


Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Булатов А.С. Экономика. Учебник. М: «юрист», 2000г.

  2. Новиков А.В. Фондовый рынок как механизм привлечения инвестиций. Новосибирск НТ АЭиУ, 2000г.

  3. Уотшем Т.Дж., Паррамоу К. Количественные методы в финансах. Учебное пособие для ВУЗов/ Пер с англ. Под ред. М.Р. Ефимовой. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999г.

Нормативтік-құқықтық база:

  1. «Инвестициялар туралы» 8.01.2003 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы

  2. «Шетелдік инвестициялар туралы» 24.12.1994 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы




  1. Лекция Лизинг - инвестицияны орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде

Лекция мақсаты - Лизингтің пайда бллу тарихы. Лизинг негізгі түсніктері. Лизинг беруші. Лизинг алушы. Лизингтің түрлері мен жіктелінуі. Таза толық және бөлшек лизинг. Мерзімді және жаңартылатын лизинг. Тікелей, жанама, бөлінген және қайтарымды лизинг. Қаржылық және жедел лизинг. Ішкі және сыртқы лизинг. Лизинтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизинг мәміленің технологиясы. ҚР-дағы қызметтери нарығының қазіргі жағдайы.

Лекция сұрақтары:

1. Лизингтің негізгі түсініктері.

2. Лизингтің түрлері мен жіктелінуі.

3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

4. Ипотекалық несиелеу түсінігі

Лекция мазмұны

Лизинг – lease («мүлікті уақытша пайдалануға алу және беру») етістігінен шығатын ағылшын сөзі. Лизинг бір ұйымның (пайдаланушы-лизинг алушы) басқа ұйымға (лизингтік компанияға) қажетті құрал-жабдықты сатып алу және оны оған пайдалануға беру өтінішімен барған кезде болатын мүліктік қатынастар деп аталады.

Лизинг – бұл қаржылық жалға беру келісім-шарты (лизинг) бойынша жалға беруші (лизинг беруші) келісім-шартта көзделген мүлікті белгілі бір сатушыдан меншікке сатып алуға және осы мүлікті жалгерге (лизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша пайдалануға төлемақыға беруге міндеттенуі кезінде уақытша бос немесе тартылған қарыз қаражаттарын инвестициялауға бағытталған инвестициялық қызметтің түрі.

Лизинг объектісі жіктелуі бойынша негізгі құралдарға, жер учаскелерінен және басқа табиғи ресурстардан басқа, кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сонымен бірге нарықта ерікті айналымға түсуге тыйым салынған объектілер болуы мүмкін. Лизингке берілген мүлік лизинг келісім-шартының бүкіл әрекет ету мерзімі кезінде лизинг берушінің, бюджеттік қаражаттар есебінен сатып алынатын мүліктен басқа меншігі болып табылады.

Лизингтік мүлікті лизинг беруші немесе лизинг алушының балансындағы шарттары лизинг келесім-шарты жақтарының арасындағы келісім бойынша анықталады. Лизинг келісім-шартында лизинг алушының келісім-шартының мерзімі біткеннен немесе біткенге дейінгі лизингтік мүлікті сатып алу құқығы қарастырылған. Лизинг беруші лизингтік мүлікті, егер лизинг келісім-шартында ескерілмесе, кепіл ретінде пайдалануға құқылы. Лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлікті сатып ала отырып, сатушыны осы мүліктің белгілі бір тұлғаға жалға (лизингке) беруге арналғаны туралы ескеруі қажет. Лизинг алушыға лизингтік мүлікті жеткізу сәтінен бастап сатушыға мүліктің сапасы, жинақтылығы, жеткізу мерзімі және сатушы мен лизинг алушы арасындағы сатып алу-сату келісім-шартын дұрыс орындамау жағдайларында шағым беруге құқылы болады. Егер лизинг келісім-шартында көзделмеген жағдайда, бірақ сатушыны таңдау жауапкершілігі лизинг алушыда болған жағдайларда лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату келісім-шартынан шығатын шарттарын орындауына жауап бермейді. Соңғы жағдайда лизинг алушы өзінің таңдауы бойынша сатып алу-сату келісім-шартынан шығатын талаптарды мүлікті сатушыға сияқты лизинг берушіге де қоя алады. Лизингтік қызмет нарығы лизинг нысандарының көптүрлілігімен, лизингтік келісім-шарттар мен лизингтік операцияларды реттейтін заң нормаларының моделдерімен сипатталады.

Лизинг түрлерін бөлген кезде жалға алынатын мүлікті; лизингтік операцияны қаржыландыру типін; лизингтік мүліктің типін; лизингтік мәміленің қатысушыларының құрамын; лизингтік мүліктің өтелу дәрежесін; лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторын; салықтық, кедендік және амортизациялық жеңілдіктер преференцияларға қатынасты; лизингік төлемдердің тәртібін сипаттайтын жіктелу белгілерінен шығады.



Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Қысқа мерзімді қаржылық құралдардың табыстылығын өлшеу

  2. Лизинг беруші және лизинг алушылар дегендеріміз кімдер?

  3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

  4. Лизингтің қалыптасу тарихын айтыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Староверова Г.С., Медведев А.Ю, Сорокина И.В. Экономическая оценка Инвестиций. Учебное пособие. М: «Кронус», 2006 г.

  2. Баймуратов У.Б Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. Том3. Избранные научные труды. – Алматы: «БИС», 2005г.

  3. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов М.: ФиС, 2003г.

  4. Маренков Н.Л. Инвестиции. Учебник. М: «Учебник МГУ», 2003г.

  5. Риск - анализ инвестиционных проектов: учебник для ВУЗов/ под ред. Грачевой М. В. М.: ЮНИТИ-Дана, 2001г.




  1. Лекция Ипотекалық несиелеу-инвестицияны ұзақ мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде

Лекция мақсаты - Ипотекалық несие түсінігі. Ипотекалық несиенің ерекшеліктері және өзіне тән айырықша белгілері. Ипотекалық жүйе. Иоптекалық несиелеу жүйесінің субьектілері. Ипотекалық банктер. Риэлторлық компаниялар. Құрылыс компаниялары. Ссуда-жинақтық қауымдастықтар. Сақтандыру компаниялары. Сақтандыру копаниялары. Ипотекалық несиенің көздері. Қазақстандағы ипотекалық несиелудің дамуы. Ипотекалық несиелеудің шет мемелекеттердегі дамуы.

Лекция сұрақтары:

1. Ипотекалық несиелеу жүйесінің субъектілері

2. Ипотекалық несиелеу көздері

3. Ипотекалық несиелеудің классикалық үлгілері

4. Ипотекалық несиелеудің тиімділігін анықтау

Лекция мазмұны

Ипотекалық несиелеу – жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға және салуға (қайта құруға) несиелер беру – көптеген нарық субъектілерінің өзара әрекетін білдіретін маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды орындайтын несиелік қатынастардың нысаны болып табылады. Жылжымайтын мүлікті несиелеудегі ең ірі бағыттар – тұрғын үйді сатып алу және салуға, жер учаскелерін игеруге, коммерциялық және өнеркәсіптік мақсаттағы тұрғын емес құрылысқа берілетін ссудалар.

Ипотекалық несие берілген жылжымайтын мүлікті сатып алу (салу) мақсатында жылжымайтын мүлік объектісінің кепіліне ақшалай немесе ипотекалық облигациялар нысанында берілетін несие болып табылады. Ипотекалық несиенің мәні жылжымайтын мүлікті арнайы құжаттармен – ипотека келісім-шартымен жасалатын қамтамасыз ету формасы ретінде емес, оның мақсатты пайдаланылуы – жылжымайтын мүлікті сатып алу немес салу болып табылады.

Ипотекалық несиенің анықтамасынан және оның бірқатар ерекшеліктерінен шыққанда оның келесі спецификалық белгілерін бөлуге болады:



  • Несие берушінің талаптары жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген.

  • Ипотека кепіл беруші ипотека объектісіне жеке меншік құқығына ие болған жағдайда ғана туындайды.

  • Ипотека белгілі мерзімде және талап ету мөлшерінде болады.

  • Ипотека ұзақ мерзімді сипатқа ие (ипотека 10–25 жылға беріледі).

  • Берілетін қарыз сома бойынша маңызды болады.

Ипотекалық бизнестің құрылуы экономиканың нақты секторында позитивті жақтарға ие (құрылыстың өсуі, өндірістің модернизациясы және т.б.), әлеуметтік тұрақсыздықты жеңуге оң әсер етеді, елдің банктік және жалпы несиелік жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігн арттыруда маңызды рөл атқарады.

Несиелік қызметтің берілген түрі несие берушілерге белгілі артықшылықтарды береді: несиелеу кезіндегі салыстырмалы төмен тәуекел, себебі ипотекалық несиелер сенімді және өтімді актив – жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген; несиелердің ұзақ мерзімді сипаты қаржылық жоспарлау тұрғысынан несие беруші үшін белгілі қолайлылық туғызады; жылжымайтын мүлікті қаржыландыру дамыған жүйесінің бар болуы кезінде ипотекалық несиелер және кепілдер екінші нарықта сатуға болады; мемлекеттен салықтық және басқа жеңілдіктерді алу мүмкіндігі; ипотекалық бағалы қағаздарды шығару жолымен қосымша қаржылық ресурстарды тарту; жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде қарыз қаражаттарын пайдалану мүмкіндігі қарыз беруші (инвестор) үшін бірқатар артықшылықтарды құрауы; меншік қаражаттарының көлемінен асатын жылжымайтын мүлік объектісінің төлем мерзімін ұзарту арқылы сатып алу мүмкіндігі; шектеулі меншік қаражаттарын аралас қаржыландырумен бірнеше жобаларға салу мүмкіндігі, ол инвестициялық портфельдің диверсификация дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік береді; өзіндік капиталға табыстың жоғары ставкасын алу үшін қаржылық левередж) тиімділігін қолдану мүмкіндігі.



Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Ипотекалық жүйенің негізгі элементтері

  2. Ипотекалық жүйенің негізгі элементтері неде?

  3. Ипотекалық несиенің еркшеліктері мен артықшылықтары

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Найденков В.И. Инвестиции. Учебное пособие. Москва: «РИОР», 2005г.

  2. Подшиваленко Г.П., Киселева Н.В., «Инвестиционная деятельность». Учебное пособие. М: «Кнорус», 2005г.

  3. Аньшин В.М. Инвестиционный анализ. Учебное пособие. М: «Дело», 2003г.

  4. Бочаров В.В. Инвестиционный менеджмент. Учебное пособие. С-П: «Питер», 2002г.

  5. Булатов А.С. Экономика. Учебник. М: «юрист», 2000г.




  1. ТАРАУ. Инвестициялық жобалар

  1. Лекция Инвестициялық жоба құрылымы, оның талдауы мен өмірлік циклы

Лекция мақсаты - Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудағы жалпы әдістер. Жобаның тиімділігінің көрсеткіштері. Жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері. Бағалаудың статистикалық әдістері. Инвестицияның өзін-өзі өтелу мерзімі. Инвестиция тиімділігінің коэффициенті. Бағалаудың динамикалық әдістері. Таза дисконтталған табыс

Лекция сұрақтары:

1. Жобалық талдаудың рөлі мен мәні

2. Жобалық талдаудың түрлері

3. Жобалық талдаудың негізгі қағидалары



Лекция мазмұны

Қазіргі батыс әдебиетінде инвестициялық жоба түсінігінің жалпы мағынасы «Жобаларды басқару туралы білімдер кодексінде» (Project Management Institut, USD) айтылған: «Жоба міндеттің орындалу тәсілдерімен көзделген белгілі бастапқы мәліметтері және қажетті нәтижелері бар міндетті білдіреді». Отандық экономикалық әдебиетте «жоба» деп оның шегінде құрылған мақсаттар жүйесі аталады. Берілген анықтама жобаны жасау және оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды және қызметтің барлық түрлерінің ерекшеліктерін есепке алады. Осы анықтаманың өзі жобаның инвестициялық екенін білдіреді.

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңында «Инвестициялық жоба – бұл жаңа өндірістерді құруға, әрекеттегі өндірісті кеңейту және жаңартуға салынатын инветицияларды көздейтін шаралардың кешені». Инвестициялық жоба – белгілі мақсаттарға жетуді (белгілі нәтижелерді алуды) қамтамасыз ететін қызмет, шара.

Әрбір жоба жүзеге асырылу кезінде алдын ала көзделген мақсаттарды көздеу қажет. Экономикалық теорияда инвестициялық жобаға қолданылатын мақсаттардың жіктелуі құрылған.

Берілген мақсаттарды келесі түрде көрсетуге болады:


  • Инвестордың қажеттіліктерін қанағаттандырудың өсуімен байланысты мақсаттар.

  • Фирманың мүліктік жағдайын оңтайландырумен байланысты мақсаттар.

Осы мақсаттар құндық нысанда көрінуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, ол:

  • пайданың максимизациясы;

  • сату көлемінің өсуі;

  • тауар айналымының ұлғаюы;

  • ағымды шығындардың минимизациясы;

  • инвестициялық шығындардың қысқаруы және т.б.

Жобаның алдында бір уақытта бірнеше мақсат тұруы мүмкін. Жобаның құрылған мақсаты оның өмір циклының барлық кезеңдерінде қатаң сақталуы қажет, себебі оның өзгеруі берілген жобадан бас тартуға және жаңа жобаны жасауға алып келеді.

Инвестициялық жобалар экономиканың нақты талаптарымен, институционалды ортамен, құқықтық кеңістікпен, әлеуметтік және демографиялық ортамен, қаржылық нарықтардың дамуы, өнім және ресурстар нарықтарымен анықталатын сыртқы ортамен өзара әрекетте жүзеге асырылады. Жобалар соңғы нәтижелерге әсер ететін сыртқы ықпалдарды есепке алумен қарастырылады және жоспарланады.

Кез-келген жоба әртүрлі ресурстардың: материалды, техникалық, еңбек, қаржылық және т.б. салынуын талап етеді. Олардың барлығы шектеулі, және әрбір нақты жағдайда шектеулер енгізілуі мүмкін.

Өз-өзін бақылау сұрақтары


  1. Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың жалпы бағыттары

  2. Инвестициялық жобалардың түрлері

  3. Инвестициялық жобалаудың қандай түрлерін білесіз?

  4. Инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы

  5. Инвестициялық жобаның құрылымы

  6. Инвестициялық жобаның сатылары

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Басовский Л.Е, Басовская Е.Н. Экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Инфра-М», 2007г

  2. Афонин И.В. Инновационный менеджмент и экономическая оценка реальных инвестиций, Учебное пособие, М.: Гардариже, 2006г.

  3. Староверова Г.С., Медведев А.Ю, Сорокина И.В. Экономическая оценка Инвестиций. Учебное пособие. М: «Кронус», 2006 г.

  4. Баймуратов У.Б Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. Том3. Избранные научные труды. – Алматы: «БИС», 2005г.

  5. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов М.: ФиС, 2003г.

  6. Маренков Н.Л. Инвестиции. Учебник. М: «Учебник МГУ», 2003г.



  1. Лекция Инвестициялық жобаны бизнес-жоспарлау

Лекция мақсаты - Техника-экономикалық негіздемені құру. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын құру әдістемесі, мақсаттық арналымы және типтік құрылымы. Бизнес-жоспарды жүзеге асыру. Жобаны басқару негіздері. Жобаны басқару мақсаттары мен міндеттері. Жобаны басқару әдістері. Жобаны басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жобаны басқарудың келісім-шарттық кезеңі

Лекция сұрақтары:

1. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары

2. Бизнес-жобаны жүзеге асыру

3. Жобаны басқару әдістері



Лекция мазмұны

Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктелуіне негізделуі қажет. Инвестициялық жобаларды таңдалған критерийге тәуелді жіктеуге болады. Инвестициялық жобаларды басқару тұрғысынан жіктеу қажетті инвестициялардың көлемі, жобаны жүзеге асыру мерзімі, тәуекелге қатысты, жобаның қатысушысы, ақша ағымының типі, жобалар арасындағы қарым-қатынас, енгізу белгісі негіздемелері бойынша көрсетілуі мүмкін.

Қажетті инвестициялардың көлеміне қатысушылардың белгілі бір шеңберінде жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі және берілген жобаны қаржыландыру жолдарын іздестіру тәуелді болады. Берілген критерий жобаның масштабы деген атқа ие. Қажетті инвестициялардың көлемі бойынша жобаларды ірі (мегажобалар), дәстүрлі және кіші деп бөледі. Батыс тәжірибесінде масштаб бойынша кіші және мегажобалардың келесі сипаттамалары қабылданған.

Кіші жоба масштабы бойынша үлкен емес, қарапайым және қажетті қаражаттардың көлемімен шектелген:


  • капитал салымдары: бірнеше мыңнан 10–15 млн АҚШ долларына дейін;

  • еңбек шығындары: бірнеше жүзден 40–50 мың адам-сағатқа дейін.

Мегажобалар келесі ерекшеліктерге ие:

    • жоғары құны – 1 млрд доллардан асады;

    • капиталды көп қажет ететіні – осындай жобаларды жүзеге асыру үшін қорлар қаржылық резервтерден асады, қаржыландырудың қосымша көздері: банктік несиелер, экспорттық несиелер, аралас несиелеу;

    • фирмалардың консорциумдарының қаржыландыруын жүзеге асыруы;

    • сағаттағы жұмыстардың жалпы көлемі: жобалауға 2 млн сағат, объектілерді салу үшін 15 млн сағат;

    • жүзеге асыру мерзімдері – 5-7 жыл және одан көп;

    • активтердің динамикасы кезінде табыстар мен шығындардың жоғары деңгейі;

    • халықаралық бизнестің мәселелерін шешу қажеттілігі;

    • мегажобалар жүзеге асырылатын аудандардың қашықтығы, инфрақұрылымға қосымша шығындар;

    • мегажоба жүзеге асырылатын аймақтың және елдің әлеуметтік және экономикалық сфераларының ықпалы.

Қазақсатандық тәжірибеде масштаб бойынша жобаларды нақты бөлу жоқ, бірақ берілген бөлу шартты және инвестицияны жүзеге асыратын компаниялардың көлемімен байланысты екенін естен шығармау қажет. Осылай, мысалы, ірі кәсіпорын және кіші кәспорын үшін талданатын жобаны ірі немесе ұсаққа жатқызу өте ерекше болады.

Жүзеге асыру мерзімі бойынша жобалар: қысқа, орта, ұзақ мерзімді.

Тәуекелге қатысты критерийі бойынша: жобалар тәуекелді және тәуекелсіз болып бөлінеді..

Жобаның қатысушылары бойынша: мемлекеттік кәсіпорындар, біріккен кәсіпорындар, шетел инвесторларын есепке алу саналады.



Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары

  2. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының құрылымы

  3. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын құрудың мақсатты

  4. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының негізі

  5. Инвестициялық жобаның жүзеге асуы қандай кезеңдерден тұрады?

  6. Инвестициялық жобаның тиімділігінің көрсеткіштері

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Найденков В.И. Инвестиции. Учебное пособие. Москва: «РИОР», 2005г.

  2. Подшиваленко Г.П., Киселева Н.В., «Инвестиционная деятельность». Учебное пособие. М: «Кнорус», 2005г.

  3. Аньшин В.М. Инвестиционный анализ. Учебное пособие. М: «Дело», 2003г.

  4. Бочаров В.В. Инвестиционный менеджмент. Учебное пособие. С-П: «Питер», 2002г.

  5. Булатов А.С. Экономика. Учебник. М: «юрист», 2000г.

  6. Новиков А.В. Фондовый рынок как механизм привлечения инвестиций. Новосибирск НТ АЭиУ, 2000г.


10 лекция Инвестициялық жобаның микроэкономикалық фундаменталды талдауы

Лекция мақсаты - Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудағы жалпы әдістер. Жобаның тиімділігінің көрсеткіштері. Жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері. Бағалаудың статистикалық әдістері. Инвестицияның өзін-өзі өтелу мерзімі. Инвестиция тиімділігінің коэффициенті. Бағалаудың динамикалық әдістері. Таза дисконтталған табыс

Лекция сұрақтары:

1. Талдаудың мәні мен мазмұны

2. Қаржылық талдаудың мәні мен мақсаты

3. Шығынсыздықты талдау

4. Кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштерін бағалау


жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау