5. Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыз ету картасы
№
|
Окылатын
тарау
|
Негізгі әдебиеттер
|
Қосымша әдебиеттер мен интернет көздері
|
Басқа да қосымша ресурстар
|
1
|
Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестициялар
|
Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2011 ж.
|
www.kase.kz
www.iosco.isp
www.cats.fran
www.lme.bram
www.investfounds.kz
|
Электронды тасымалдағы оқулық әдебиеті
|
2
|
Қазақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет пен инвестициялық климаттың рөлі
|
Афонин И.В. Инновационный менеджмент и экономическая оценка реальных инвестиций, Учебное пособие, М.: Гардариже, 2006г.
|
www.kase.kz
|
Презентация
лар
|
3
|
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты
|
Баймуратов У.Б Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. Том3. Избранные научные труды. – Алматы: «БИС», 2005г.
|
www.iosco.isp
|
|
4
|
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты
|
Басовский Л.Е, Басовская Е.Н. Экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Инфра-М», 2007г
|
www.cats.fran
|
Кейсті тапсырмалары
|
5
|
Қаржыландыру көздері: инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
|
Графова Г.Ф, ГуськовС.в экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Дашков и К», 2007г.
|
www.lme.bram
|
|
6
|
Қысқа мерзімді банктік несиелеу инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әдісі ретінде
|
Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов М.: ФиС, 2003г.
|
www.investfounds.kz
|
Кейсті тапсырмалары
|
7
|
Лизинг-инвестицияны орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде
|
Маренков Н.Л. Инвестиции. Учебник. М: «Учебник МГУ», 2003г.
|
www.kase.kz
|
Кейсті тапсырмалары
|
8
|
Ипотекалық несиелеу-инвестицияны ұзақ мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде
|
Омарова А. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2011 ж.
|
www.iosco.isp
|
|
9
|
Инвестициялық жоба құрылымы, оның талдауы мен өмірлік циклы
|
Риск - анализ инвестиционных проектов: учебник для ВУЗов/ под ред. Грачевой М. В. М.: ЮНИТИ-Дана, 2001г.
|
www.cats.fran
|
Презентация
лар
|
10
|
Инвестициялық жобаны бизнес-жоспарлау
|
Староверова Г.С., Медведев А.Ю, Сорокина И.В. Экономическая оценка Инвестиций. Учебное пособие. М: «Кронус», 2006 г.
|
www.lme.bram
|
Кейсті тапсырмалары
|
11
|
Инвестициялық жобаның микроэкономикалық фундаменталды талдауы
|
Янковский К.П. Инвестиции, Учебное пособие СПб: Питер 2007 «Серия» «Краткий курс».
|
www.investfounds.kz
|
Презентация
лар
|
12
|
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
|
Банковское дело. Учебник. Под ред. Искакова У.М. Алматы, 2011г.
|
www.kase.kz
|
|
13
|
Белгісіздік және тәуекелдік жағдайында инвестициялық жобаны бағалау
|
Адамбекова А.А. учебное пособие. Современные тенденции развития финансового рынка. Алматы 2011
|
www.iosco.isp
|
Кейсті тапсырмалары
|
14
|
Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау
|
Банковский менеджмент. Учебное пособие. Алматы, 2010
|
www.cats.fran
|
Презентация
лар
|
15
|
Халықаралық инвестициялар
|
Кушенова Б.А. Биржа ісі. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2010 ж
|
www.lme.bram
|
Презентация
лар
|
Дәріс кешені
1 ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ, ОНЫҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУЫ
Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестициялар
Лекция мақсаты - инвестицияның экономикалық мазмұнын, инвестицияның рөлін, инвестицияның жіктелінуі және түрлерін, нақты және қаржылық инвестициялар, тікелей және портфельдік инвестициялар, инвестицияның ақшалай негізі және оның капитал құраушысын, инвестицияның субъектілері мен объектілерін, стратегия және жанама инвесторлардың, инвестициялық процесс түсінігін ашу және оларға анықтама беру.
Лекция сұрақтары:
1. Инвестицияның экономикалық мәні
2. Инвестиция рөлі
3. Инвестиция түрлері мен жіктелінуі
4. Инвестициялық процесс түсінігі
Лекция мазмұны
Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қатынастарға өтумен байланысты және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне және оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бойынша «капитал салымы» немесе «капитал жұмсалымы», яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым термині қолданылған. Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік. Кең мағынада, инвестиция – пайда табу үшін кәсіпорын қызметінің объектілеріне салынған заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интелектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Қорыта айтқанда, инвестиция – бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлерін сипаттайды.
Инвестицияларға ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдар, өндірістік қорлар және т.б жатады. Халықаралық заңдарда инвестицияны саяси және әлем шаруашылығы аспектілері шеңберінде сипаттайды. Инвестицияны қарастырғанда, оның мазмұндық сипаттамасынан бұрын инвестицияның мақсатты бағыттарын білу керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестиция – табыстың ең маңызды бөлігін құрайды. Себебі ол жалпы ұлттық табысты өндіруге жұмсалады және капитал құру мен ақша капиталына қарағанда нақты капиталды ұлғайтумен байланысты өндірісті ұлғайтуға, оны кеңейтуге кеткен шығындарды көрсетеді. Экономикалық деңгейде инвестицияларды макро және микро деп екіге бөлуге болады. Инвестицияны бағытталуына байланысты және объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты екіге жіктелінеді.
1. бағытталуына байланысты –
Нақты инвестициялар
Материалдық емес активтерге салынатын инвестиция
Интеллектуалдық инвестиция
Қаржылық инвестиция
2. Объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты –
Тікелей инвестициялар
Портфельді инвестициялар
Басқа да инвестициялар
Сонымен қатар, инвестиция типтеріне байланысты –
Салым салу саласына және ақша-қаражаттарды жұмсау бағытына қарай
Жүзеге асырылу мерзіміне байланысты:
Қайта өндіру процесіне қатысу деңгейіне байланысты:
Тәуекелдік деңгейіне байланысты
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Инвестицияның жіктелінуі
Инвестицияның макро- және микродеңгейдегі рөлі
Инвестицияның мәні мен рөлі неден қорытындыланады?
Инвестицияның түрлері
Инвестицияның экономикалық мазмұны
Ұсынылатын әдебиеттер
Янковский К.П. Инвестиции, Учебное пособие СПб: Питер 2007 «Серия» «Краткий курс».
Графова Г.Ф, ГуськовС.в экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Дашков и К», 2007г.
Басовский Л.Е, Басовская Е.Н. Экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Инфра-М», 2007г
Афонин И.В. Инновационный менеджмент и экономическая оценка реальных инвестиций, Учебное пособие, М.: Гардариже, 2006г.
Староверова Г.С., Медведев А.Ю, Сорокина И.В. Экономическая оценка Инвестиций. Учебное пособие. М: «Кронус», 2006 г.
Лекция 2 Қазақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет пен инвестициялық климаттың рөлі
Лекция мақсаты - инвестициялық қызмет түсінігі. Қазақстанның инвестициялық қызметінің заңнамалық қамтамасыз етілуі. «Инвестициялар туралы» ҚР-ның Заңы. «2015 жылға дейін Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы». Шетелдік инвестициялар. Шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі себептері, мақсаттары және формалары. Халықаралық қаржылық ұйымдардың қарыздары. Тікелей шетелдік инвестициялар. Шетел коммерциялық банктерінің несиелері. Тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтары. Инвестициялық климат. Тікелей шетелдік 3инвестициялардың тартылуына жағымды әсер ететін факторлар. Инвестицияларды тартудың жағымсыз факторлары
Лекция сұрақтары:
1. Инвестициялық қызмет түсінігі
2. Қазақстанның инвестициялық қызметінің заңнамалық қамтамасыз етілуі
3. Шетелдік коммерциялық банктердің несиелері
4. Инвестициялық климат
Лекция мазмұны
«Инвестиция» түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің субъектісі, инвестициялау объектісі түсініктерімен тығыз байланысты. Инвестициялық қызмет инвестицияларды салу процесін сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды. Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Инвестициялық қызмет ғылыми техникалық, өндірістік процесті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне әсер етеді. ҚР-да инвестициялық қызмет заңдармен және бағдарламалық мақсаттық сипатқа ие.
Инвестициялық қызмет – бұл инвестицияларды салу және инвестициялау, инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қызметтер жиынтығы. Осылайша, инвестициялық қызмет дегеніміз – инвестордың инвестициялық объектіні таңдауы және құруы. Оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдарды жүзеге асырумен сыртқы қаржыландыруды тартуы бойынша инвесторлардың қызметін түсіндіреді. Инвестициялық қызметтің бірінші кезеңі – инвестициялау объектісін таңдау болып табылады.
Инвестициялау объектісі дегеніміз – инвестицияға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрі. Инвестициялау объектісіне: ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар; жылжитын және жылжымайтын мүліктер; авторлық құқық, ноу-хау және т.б интелектуалдық құндылықтар; жер учаскелері және басқа да ресурстарды пайдалану құқықтары. Сонымен қатар, басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне:жеке және заңды тұлғалар; мемлекет; шетелдік мемлекеттер; өзге де халықаралық ұйымдар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде, бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушылар (инвесторлар), екінші жағынан, инвестициялық ресурстарда қажеттілігі бар кәсіпорындар, ұйымдар және т.б. қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады.
Инвестициялық қызмет және инвестициялық объект түсініктерін бөлу, инвестицияның нәтижесін бағалауға маңызды ықпал етеді. Егер нәтиже ретінде инвестициялық объектіні қарастырсақ, онда оның нарықтық құнымен анықталады. Егер инвестиция нәтижесінде инвестициялық қызмет ықпал етсе, онда ондай баға толық емес болып табылады. Себебі сыртқы көздерден қаражаттарды тарту және уақытша бос капиталды қосымша инвестициялау нәтижесінде, инвестор алатын пайдасының тиімділігі ескерілмейді.
Инвестициялық қызметте инвесторлар маңызды орын алады. Отандық заңнамада инвестор – бұл инвестициялық жобаға өзіндік және басқа тартылған меншікті және интеллектуалдық қаражаттарды салуды жүзеге асыратын және шешім қабылдайтын, сонымен қатар олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Қазақстан экономикасындағы инвестицияның рөлі
Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялардың рөлі
Қазақстандағы инвестициялық климат
Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар
Ұсынылатын әдебиеттер
Баймуратов У.Б Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. Том3. Избранные научные труды. – Алматы: «БИС», 2005г.
Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов М.: ФиС, 2003г.
Маренков Н.Л. Инвестиции. Учебник. М: «Учебник МГУ», 2003г.
Риск - анализ инвестиционных проектов: учебник для ВУЗов/ под ред. Грачевой М. В. М.: ЮНИТИ-Дана, 2001г.
Сейтказиева А.М Инвестиционная деятельность предприятий Республики Казахстан. Учебное пособие. А: «Экономика», 1999 г.
Лекция 3 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты
Лекция мақсаты - Инвестициялық саясат түсінігі, оның мақсаттары мен міндеттері. Инвестициялық саясат – Қазақстанның мемлекеттік экономикалық саясатының ажырамас бөлігі. Аймақтық ИС, салалық ИС. ИС шаруашылық субъектілердің саясаты. Мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асырудың негізгі принциптері және механизмі. Инвестициялық белсенділік түсінігі. Нақты сектор кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігін ынталандыру. Инвесторлар үшін жағымды инвестициялық ортаны қалыптастыру. Инвестициялар бойынша Комитеттің қызметі. ҚР-ның Президентінің жанындағы шетел инвесторларының Кеңесінің өкілеттілігі
Лекция сұрақтары:
1. Инвестициялық саясат түсінігі, оның мақсаттары мен міндеттері
2. Инвестициялық белсенділік түсінігі
3. Инвестициялық климат
4. Инвестициялық климатты қалыптастырушы факторлар
Лекция мазмұны
Инвестициялық саясат дегеніміз инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша стратегия мен тактиканы жасауға және жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы.
Құрылымдық-инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының мәнін ашу үшін Қазақстандағы экономикалық қайта құрулардың бастапқы кезеңіне тоқталайық, 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен жасалған және қабылданған инвестициялық қызмет бойынша екі заң қабылданды – олар «Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құру қоры туралы» Қазақстан Республикасынң Заңы және «Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесі туралы» Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетімен жаңа қазақстандық Құрылысты қаржыландыру және несиелеу ережелері бекітілді. Содан кейін жоғарыда айтылған заңдар мен Құрылысты қаржыландыру және несиелеу ережелерді жүзеге асыру механизмі ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қаржы миинстрлігімен және Экономика министрлігімен шаруашылық етудің нарықтық жағдайларына өту кезеңінде инвестициялық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша сәйкес нормативтік ережелер жасалды және енгізілді.
Сонымен қатар құрылымдық-инвестициялық саясатты жетілдіру мақсатында 1997 жылы екі маңызды заң қабылданды – олар «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы және «Сыртқы қарыз алу мен сыртқы қарызды басқару туралы» ҚР Заңы, сонымен бірге Инвестициялар бойынша ҚР мемлекеттік комитеті құрылды.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған инвестициялық саясатты жүргізу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
инвестициялық бағдарламаларға сәйкес;
мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік қаржы бөлулерді және бюджеттен тыс қорды тікелей басқару;
сараланған пайыздық қойылымдар мен жеңілдіктерді енгізу;
экономиканың нақты жағдайына қатысты өлшенген қаржылық, баға (мемлекеттік секторда), сонымен қатар несие саясатын өткізу;
инвестициялық жобаларды тиісті сараптау.
Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың басты бағыттары:
экономиканың мемлекетаралық интеграциясы;
инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асыруды ұйымдастыру;
шаруашылықтың нарықтық жағдайына келісілген байланысты қайта құру;
тәуекелдерден инвесторларды қорғау (сақтандыру және т.б.);
нарықтық жағдайлар үшін кадрларды дайындау бойынша жұмыстың тиімділігін көтеру және т.б.
Өзінің инвестициялық саясатында Қазақстан инвесторлармен қарым-қатынаста тұрақтылық және анықтылық қағидаларын, инвесторлардың мүдделерін қорғау, жергілікті және шетел инвесторлары үшін тең жағдайлар құру, жасалған келісім-шарттардың тұрақтылығы қағидаларын ұстайды.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің қандай құралдарын білесіз?
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары
Инвестициялық қызметтің заңнамалық қамтамасыз етілуі
Инвестициялық ресурстар, олардың жіктелінуі
Инвестициялық саясат түсінігі, оның мақсаттары мен міндеттері
Инвестициялық саясатты жасау қандай қағидалардан қалыптасады?
Инвестициялық саясатты жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар қызметі
Ұсынылатын әдебиеттер
Янковский К.П. Инвестиции, Учебное пособие СПб: Питер 2007 «Серия» «Краткий курс».
Графова Г.Ф, ГуськовС.в экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Дашков и К», 2007г.
Басовский Л.Е, Басовская Е.Н. Экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Инфра-М», 2007г
Афонин И.В. Инновационный менеджмент и экономическая оценка реальных инвестиций, Учебное пособие, М.: Гардариже, 2006г.
Староверова Г.С., Медведев А.Ю, Сорокина И.В. Экономическая оценка Инвестиций. Учебное пособие. М: «Кронус», 2006 г.
2 ТАРАУ. Инвестициялық қызметті қаржыландыру мен несиелеу КӨЗДЕРІ
4 лекция Қаржыландыру көздері: инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
Лекция мақсаты - Инвестицияны қаржыландыруға арналған несиелердің формалары. Факторингтік және форфейтингтік операциялар. Вексельдік несиелеу: вексельді уақытын шегеру арқылы сату және вексельдік заем. Лизингтің негізгі түсініктері. Лизингтің түрлері мен жіктелінуі. ҚР-дағы лизингтік қызметтер нарығының қазіргі кездегі жағдайы.
Лекция сұрақтары:
1. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерінің жалпы сипаты
2. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары
3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудың қарыздық және тартылған бюджеттен тыс көздері
Лекция мазмұны
Жобаны қаржыландыру жобаны жүзеге асыру процесінде қаржылық ресурстарды шоғырландыру және тиімді пайдалану процесін білдіреді.
Жобаны қаржыландыру кезінде келесі негізгі міндеттер орындалады:
жобаның әрбір қатысушысы үшін қажетті тиімділік деңгейінде жобаның қаржылық жүзеге асырылуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін инвестициялардың құрылымын құру және қаржыландыру көздерін анықтау;
инвестицияларды бөлу, ол қаржыландырудың жалпы көлемін төмендетуге және жобаға кеш қаражатарды салудың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қаржыландырудың келесі тәсілдерін көрсетуге болады:
ақша қаражаттарын салу, құрал-жабдықтарды, технологияларды жеткізуді білдіретін акционерлік қаржыландыру;
несиелер (соның ішінде жеңілдетілген) нысанында инвестициялық бағдарламалар және тікелей субсидиялау есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік көздерден қаржыландыру;
банктердің несиелері, заңды және жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері есебінен өндірілетін қарыздық қаржыландыру;
құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүлікті пайдалануға берумен байланысты ұзақ мерзімді жалға беруді білдіретін лизингтік қаржыландыру;
жобаны жүзеге асыруға қаржылық қаражаттарды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, консалтингтік қызметтерді көрсетуде қорытындыланатын жобаны жүзеге асыруда мүдделі болашақтағы пайдалануышылардың аванстық төлемдері есебінен қаржыландыру. Осы кезде жобаға қаражат салған тұтынушыларға бірқатар жеңілдіктер беріледі, бірақ олар жобаның иелері болып табылмайды.
Жалпы жағдайда жобаны қаржыландыру көздері келесілер болуы мүмкін:
1. Инвестицияларды қаржыландырудың меншікті көздері. Меншікті қаржыландыру көздерінің ішінде маңызды рөлді салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда атқарады. Пайданы өндірістік дамуға, тұрғын үйлерді, бала-бақшаларды және өндірістік емес мақсаттағы басқа объектілерді салуға, егер ол акционерлік қоғам болса, дивидендтерді төлеуге, қайырымдылық мақсаттарға және т.б. бағыттауға болады.
2. Инвестицияларды қаржыландырудың сыртқы көздері. Қаржыландырудың сыртқы көздерінің ішінен маңызды рөлді банктердің несиелері атқарады. Басқа көздерге компаниялардың облигациялар эмиссиясы, мемлекет бюджетінен және инвестициялық қолдау бюджеттен тыс қорлардан берілетін несиелер (отандық инвестициялық, венчурлық, зейнетақы, сақтандыру қорлары мен компаниялары, даму және экспорттық несиелеу агенттіктері және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушылардың сатып алушылардың және мердігерлердің несиелері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |