Екінші минералдардың түзілуі.Сонымен жоғарғы сипатталған алғашқы минералдардың көп жылдар бойы әрі қарай үгілуінің нәтижесінде майда ұнтақталған, яғни екінші минералдар пайда болады. Алғашқы минералдарды үгуші агенттер: су, оттегі, көмір қышқылы, әр түрлі органикалық қосылыстар. Олардың минералдарға әсерлері негізінен төменгі құбылыстар арқылы жүзеге асады.
24.Топырақтың жылулық режимі және оның экологиялық маңызы
Ауа райы әрқашанда топыраққа өз ықпалын тигізеді. Оның жыл мезгіліндегі өзгерістері топырақтың температурасының құбылмалы болуына және оның қабаттарында өтіп жатқан топырақтың даму процестеріне мәнді үлес қосады. Топырақтың жылу тәртібіне байланысты өсімдіктердің көктеп өсуі және пісіп жетілуі немесе дамуының тежелуі байқалады. Жер бетінде өсімдіктердің аймақтық заңдылықтары сақтай таралуының басты себептерінің бірі – топырақтың жылу режімінің қалыптасуымен байланысты. Сонымен бірге өсімдік тамырларының жайылуы, олардың қоректік заттарды сіңіруі, өсімдіктердің ылғалды буландыруы, өнім мөлшерін қалыптастыруы топырақтың жылу реттілігімен сыбайлас. Топырақ құрамындағы микроағзалардың дамуы, олардың қарымталы әрекеті, органикалық және минералды қосылыстардың ыдырауы, өзгеруі құбылыстары да топырақтың жылу режиміне тәуелді.
Топырақтың жылу тәртібінің қалыптасуына басты ықпал жасаушы - күн сәулесі энергиясы. Жер қабығының жоғарғы қабаттарында өтіп жатқан химиялық, биологиялық, радиациялық құбылыстардан пайдаболған жылудың және жердің ішкі қабаттарынан келіп жететін жылудың топырақ температурасына әсері шамалы болады.
Бетіне түскен күн сәулесі энергиясын топырақ өзіне сіңіріп жылу энергиясына айналдырады және оны төменгі қабаттарына жеткізеді. Күн нұры энергиясының бір бөлігі топырақ бетінен шағылысады. Топырақ бетінің температурасы оған жанаса орналасқан атмосфера температурасынан жоғары болса, ол ауаға жылу таратады. Топырақтың сіңірген күн сәулесі энергиясымен өзінен ауаға таратқан жылу мөлшерінің ара қатынасына байланысты ол немесе қызып жылиды немесе салқындайды. Осы құбылыстарға ықпалын тигізетін жағдайлар: топырақтың түсі, құрылымы, өсімдік жамылғысы, ылғалдылығы және оның жылу қасиеттері.
Топырақтың жылулығы топырақтың белгіленеді. Температура тәуліктік, апталық, айлық, маусымдық және
жылдық көрсеткіштермен ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |