|
1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік
|
бет | 23/88 | Дата | 25.08.2020 | өлшемі | 1,1 Mb. | | #31349 | түрі | Құрамы |
| Топырақтану ответЕкінші минералдардың түзілуі.Сонымен жоғарғы сипатталған алғашқы минералдардың көп жылдар бойы әрі қарай үгілуінің нәтижесінде майда ұнтақталған, яғни екінші минералдар пайда болады. Алғашқы минералдарды үгуші агенттер: су, оттегі, көмір қышқылы, әр түрлі органикалық қосылыстар. Олардың минералдарға әсерлері негізінен төменгі құбылыстар арқылы жүзеге асады.
21.Топырақ температурасы.
Жылу-өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордың бірі. Топырақ қабатында температура төмендегенде тіршілік әрекеті баяулайды, ал артқанда өсімдіктің жер беткейіндегі бөлігі жақсы дамиды. Өсімдік тамырларының белсенділігі мен тіршілік әрекеті топырақ қабатындағы темпера-тураға байланысты. Дақылдардың дән түсетін тереңдіктегі топырақтың белгілі бір температураға дейін жылуын тұқым себудегі қолайлы мерзімді көрсететін (уақыт) мерзім ретінде пайдаланады. Жылу — топырақтың қажетті қасиеттерінің бірі. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Өсімдіктердің есуіне, дамуына қолайлы жағдай туады. Егіншіліктегі дақылдардың тұқымдары көктеуінен бастап, пісіп жетілуіне дейін жылуды кажет етеді. Топырақ қабаты салқын болса тұқымның көктеуі тежеледі де, тамыр жүйесі жақсы дамиды. Температура жоғары болғанда өсімдіктің сабақтары шапшаң өседі, ал тамыр жүйесі бәсеңдейді.
Топырақ қабатындағы темпе-ратурасы химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Топырақтағы температураның, көтерілуі миқрооргаінизмдердің тіршілігін, органикалық қалдықтардың ыдырауын күшейтеді. Топырақ жылуды негізінен күн сәулесінен алады. Сонымен қатар жылу топырақтағы микробиологиялық процестерден, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақ құрамындағы кейбір заттардың өзара косылысқа түсуінен, су буының қоюланып буға айналуынан да пайда болады. Күн нұрының әсерінен әр түрлі топырақ түрліше жылынады. Ылғалы мол ашық түсті топыраққа қарағанда, қарашірікке бай құрғақ топырақ анағұрлым тез жылынады. Құмдақ топырақ сазды топырақтан оңай жылынады. Температураның әсерінен топы-рақ түйіршіктері әрдайым бұзылып отырады. Ауа райының жағ-дайларына қарай топырақтың жылу режимдері де өзгереді. Топырақтағы пайдалы микроорганизмдер жоғары және төмен-гі температураға мейлінше төзімді, дегенмен де олардың тіршілі-гі үшін ең қолайлы температура 25—30°С болып саналады. Топырақтың бұл температурасы мәдени өсімдіктер үшін ең қолай лысы. Топырақтың температурасы төмендегенде, олар өзінің тіршілік әрекетін күрт төмендетеді, ал көктемде топырақ қайтадан жылынғанда олар бұрынғы қалпына келеді. Осының салдарынан ерте көктемде қоректік заттардың, әсіресе азоттың жетіспеуінен өсімдіктерде «аштық кезеңі» жиі кездеседі. Бұл әсіресе куздік егістерде жиі байқалады. Олар көктемде ерте оянып, әдетте азот тыңайтқышымен устемелеп қоректендіргенді қажетсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|