1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік


Тау жыныстарындағы және топырақтардағы химиялық элементтердің мөлшері



жүктеу 1,1 Mb.
бет29/88
Дата25.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#31349
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
Топырақтану ответ

26.Тау жыныстарындағы және топырақтардағы химиялық элементтердің мөлшері.

Топырақ түзілу құбылыстарының нәтижесінде жалпы тау жыныстарының

құрамын сақтайды. Бірақ көптеген элементтердің мөлшерлері өзгереді.

Топырақтардың орташа химиялық құрамы, % (А.П.Виноградов, 1962)

O – 49

K - 1,36


Р - 0,08

Sі – 33


Mg - 0,63

Zn - 0,005

Al - 7,13

Tі - 0,46

Cu - 0,002

Fe - 3,80

C - 2,00

В - 0,001

Ca - 1,37

N - 0,10


Мо- 0,0003

Na - 0,83

S - 0,085

Co - 0,0008

Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші

орында О мен Sі, екінші Al мен Fe, үшінші Са мен Mg, солардан кейін Na,

K т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың химиялық құрамы өзін

түзген тау жыныстарының химиялық құрамынан айырмашылығы

көрінеді. Мұнда органикалық элементтердің мөлшерлері көп: көміртегі

20 есе, азот 10 есе артықСонымен қатар оттегі және сутегі мөлшерінің көп,алалюминий,темір,калий,кальций,магнийдің аз екені байқалады. Осы элементтер әр түрлі химиялық қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. Өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі, сутегі, оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді, минералды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.

Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі - кварц

минералы SіO2. Кремний және кремний қышқылдарының тұздары

силикаттар мен алюмосиликаттар құрамына кіреді. Өсімдіктердің

құрамында да кремний бар, мысалы, ол дәнді дақылдарда 10% -дан

60%-ға дейін жетеді.

Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында

кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы онша емес. Al2O3-тің

топырақтағы жалпы мөлшері 1-2%-дан 15-20%-ға дейін, ал ферралитті

топырақтарда 40%-ға дейін жетеді.

Темір әртүрлі оксидті,гидроксидті және шалакүкіртті қосындылардың құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктергетемір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып хлороз деген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері әр түрлі. Мысалы құмдақ топырақтарда 0,5-1,0%,лесс жыныстарында топырақтарында 3-5, ал ферралитті топырақтарда 20-50%.

Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа

минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп,

басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор

қышқылдарының тұздарын құрайды.. Бұл екі элемент те өсімдіктерге өте қажет. Топырақта ол 1-3% мөлшерінде болады. Титан көбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін минералдардың құрамына жатады (ильменит, рутил, сфен). TіO2 мөлшері топырақта көп болмайды.

Марганецтің топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, баунит,оливинсияқты микроэлементтер дамуына өте қажет.

Күкірт өсімдіктердің немесе жануарлардың қалдықтарынан түзілген органикалық заттардың құрамында болады Пирит деген

минерал түрінде де кездеседі: Fe2S. Топырақта SO3 мөлшері проценттің

оннан бір бөлігінен аспайды, кейбір сульфатты тұздар топырақта көп

болуы мүмкін. Егер де күкірттің топырақта жылжымалы түрі мол болса,

оның себебін осы төңіректе ластаушы өндіріс орындарынан іздестірген жөн.

Көміртегі, сутегі, азот, фосфор - органогендік элементтер.Олардың топыраққа

Тигізер пайдасы көп.

Көміртегі гумустың,органикалық қалдықтардың құрамында, сутегі газдардың, өсімдік пен жануарлардың денелеріндегі органикалық заттарда болады. Көміртегіорганикалық заттарға бай топырақтарда 3-10%, сутегі 3-6% мөлшерде.

Азот өсімдіктің өсуінде, жануарлардың тіршілігінде зор рөл атқарады.

Оның мөлшері топырақта көбіне органикалық қосындылар, аммиак,

азот және азотты қышқылдардың тұздары күйінде кездеседі (0,3-0,4,

кейде 0,1%). Топыраққа азот екі жолмен келеді: 1) үлкен қысым, әрі

катализатор (найзағай) қатысуы арқылы аммиак NH3 түзіліп, жауын-

шашынмен түседі; 2) азот сіңіруші бактериялардың (бос немесе

бұршақты өсімдіктер тамыр түйіндеріндегі) қатысуымен шоғырланады.

Фосфор апатит, фосфорит минералдары құрамында және топырақ

шіріндісінде, органикалық қосындыларда кездеседі. Топырақта фосфор

- фосфор қышқылының тұздары фосфаттар түрінде болады .

Топырақта көбінесе суда еритін, өсімдікке сіңімді Са(Н2РО4)2 түрі болуы қажет.

Микроэлементтер. Кейбір химиялық элементтердің мөлшері

топырақта өте аз ((n10-3) болғандықтан, оларды: бор, молибден, мыс,

жез, марганец, кобальт, мырыш, иод, фторды (B, Mn, Mo, Cu, Zn, Co, І, F)т.б. жеке топқа жатқызады. Микроэлементтер өсімдіктерге қоректік

элемент ретінде тікелей сіңбейді, олар қоректік элементтермен бірге

сіңіріледі және тірі организмдердің ферменттік құрамына кіреді де

топырақта биохимиялық алмасу процестерін жеделдетеді. Өсімдіктер

өнімі мен оның сапасының және топырақтағы микроэлементтер

мөлшерлерінің арасында тікелей байланыс бар.





жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау