|
№1 тјжірибелік жўмысПуск, MS Access, Новая база данных, ОК
|
бет | 2/5 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 74,5 Kb. | | #31509 |
| 1 тәжірибелік жұмысПуск, MS Access, Новая база данных, ОК.
Қажетті папка атын, МҚ атын енгізіп, Создать батырмасын басу.
МҚ терезесінде Таблицы объектісін белгілеп, Создать батырмасын басу.
Ашылған Новая таблица терезесінің оң жақ бөлігінде кесте құрудың әр түрлі режимдері орналасқан:
режим таблицы- жаңа кестені Таблица режимінде құруға мүмкіндік береді;
конструктор- жаңа кестені Конструктор режимінде құруға мүмкіндік береді;
мастер таблиц – жаңа кестені Мастердің көмегімен құруға мүмкіндік береді;
импорт таблиц – активті МҚ-на басқа файлдан кестені енгізуге мүмкіндік береді;
связь с таблицами – басқа файл (МҚ) кестесімен байланысқан кесте құруға мүмкіндік береді.
Қажетті режимді таңдап, <ОК> батырманы шерту.
Кестенің құрылымын енгізу.
Әр кестеге сәйкес атын енгізу, оны сақтау.
Кілтті өрісті үшін Правка, Ключевое поле команда орындалады немесе батырма қолданылады.
Кестеге мәліметтер енгізу және өңдеу. Кестелерден сүзгі көмегімен деректерді іздеу
Access кестелеріне мәліметтер енгізудің бірнеше жолы бар:
Таблица режимінде мәліметтерді енгізу;
Үлгі (Форма) көмегімен мәліметтерді енгізу;
Басқа кестелердегі мәліметтерді көшіру
Басқа файлдардан мәліметтер кірістіру;
Басқа файл кестелерін қосу;
Таблица режимі кестеге мәліметтерді тез және ыңғайлы енгізуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл режимді кесте көлемі кішікірім болған жағдайда қолданған дұрыс.
Таблица режимінде енгізу барысында 20-дай жазба және ағымдық жазбаның жолының сол жағында белгісі көрініп тұрады. Егер кесте үлкен болса, оның алғашқы және соңғы жазбасына бару үшін кестенің төменгі жағындағы батырмалар қолданылады. Батырма түрлері:
- алғашқы жазбаға бару
- ағымдық жазбаның алдындағы жазбаға бару
- ағымдық жазбадан кейінгі жазбаға бару
- соңғы жазбаға бару
- жаңа жазба қосу
Үлгі бір жазбадан мәліметтерді қосуды қамтамасыз етеді. Басқа кестедегі мәліметтерді көшіру үшін қажетті кестені ашып, жазбаларды белгілеп, Копировать команда (немесе Ctrl+Insert) арқылы буферге көшіріп, жазба қойылатын кестені ашып, Вставить (Shift+Insert) команданы орындау керек. Басқа файлдардан (Excel файлынан, Access-тің басқа МҚ-нан, мәтіндік файлдардан) мәліметтерді кірістіру (импорт) үшін:
сыртқы кестені енгізілетін мәліметтер қорын ашыңыз;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|