1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 252,95 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі252,95 Kb.
#7006



Жарнама туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы.

      Жарнама туралы

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер



1-бап. Заңның мақсаттары

      Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.



2-бап. Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.

3-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;

      1-1) жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;

      1-2) жарнама құрылысы – жарнама бейнесі мен жарнамалық ақпаратты салуға, орналастыруға немесе бейнелеуге арналған әртүрлі көлемді немесе тегістікті сыртқы (көрнекі) жарнама оъектілері, оның ішінде электрондық және бейнесуреттерді көрсетуге арналған экрандар мен электрондық таблолар;

      1-3) сыртқы (көрнекі) жарнама – жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған және елді мекендер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі ашық кеңістікте көруге болатын жарнама;

      2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;

      3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;

      7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;

      7-1) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат;

      7-2) нұсқағыш – жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда объектісінің немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оған тікелей жақын жерде орналасқан, оның атауы туралы ақпарат, оны дараландыру және навигация құралдары бар, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі жарнама құрылысы.

      8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар

      Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.

2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар

6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

      1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.

      2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.

      Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.

      Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.

      2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.

      3. Алынып тасталды.

      4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.

      Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

      5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.

      5-1. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.

      6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.

      7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.

      8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.

      8. Әлеуметтік жарнамада, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың нақты таңбалары (модельдері, артикульдері), тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері туралы және оларды дараландырудың өзге де құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді.

      Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айтуға жол беріледі.

      Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы әрқайсысы туралы – үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға – кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264; 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi

      1. Мынадай:

      1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар;

      2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;

      3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар;

      4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететін;

      5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.

      2. Мыналарға:

      1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi, пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және ұлттық стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты сипаттамаларына;

      2) өнiмнің нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне;

      3) жарнама тарату және орналастыру кезiндегi өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң қосымша шарттарына;

      4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;

      5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне;

      6) қолданудың болжамды нәтижелерiне;

      7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға;

      8) мемлекеттiк нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;

      9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;

      10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға;

      11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге;

      12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға;

      13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық ақпаратқа;

      14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттiлiк деңгейiне қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады.

      3. Мыналар:

      1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;

      2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлеріне, тарих ескерткіштерiне нұқсан келтiретiн;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.

      4. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған жарнама болып табылады.

      5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады.

      6. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264, 2010.03.19 № 258-IV, 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама

      1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс.

      Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.

      2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.

      3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.

      4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама

      Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды.

      Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.

10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама

      1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.

      2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.

      3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.



11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама

      1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың 2 – 7-тармақтарында көзделген тәртіппен, плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде және жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен жүзеге асырылады.

      1-1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар орналастыратын мынадай жарнама объектілері:

      маңдайша;

      жұмыс режимі туралы ақпарат;

      мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шаралардың репертуары бар арнайы бөлінген жерлерде орналастырылған афишалар;

      қызмет көрсетудің техникалық құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;

      жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:

      тауарлық өнімнің үлгілері;

      жеке дараландыру құралдары;

      декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру;

      автожанармай құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атауы мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло;

      қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд жатпайды.

      1-2. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.

      2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға:

      1) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезiнде - Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, белгілi бiр мерзiмге беретiн құжат;

      1-1) сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы және облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат;

      1-2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-3) сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат;

      1-4) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат;

      1-5) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат;

      1-6) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.

      3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы арқылы өтетіндерді қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, селолардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы есептеледі және төленеді.

      4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастыруға берілген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.

      5. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.

      6. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар өтiнiштi алғаннан кейiн бес жұмыс күні iшiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негiздi түрде бас тарта отырып жазбаша жауап қайтаруға мiндеттi.

      7. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

      Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттiк бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама

      Көлiк құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ережелерi сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.



13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшелiктерi

      1. Мыналарды:

      1) этил спиртін және алкоголь өнімін;

      2) ана сүтін алмастырушыларды;

      3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);

      4) темекі және темекі бұйымдарын;

      5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында;

      6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.

      1-1. Алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.

      1-2. Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттелмеген, сәйкестікті растау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдардың жарнама жасауына тыйым салынады.

      2. Алынып тасталды.

      3. Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.16 № 186-IV Заңымен.

      5. Қызметтiк қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерiнде жол берiледi. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсiлдерiн тiкелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиiс.

      6. Өзінің жобалау құжаттамасына және мемлекеттік құрылыс нормалары мен қағидаларында көзделген тұрғын үй ғимараттарының сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан, сондай-ақ алғаш пайдалануға берілген тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) жарнамалауға тыйым салынады.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 № 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264, 2009.07.16 № 186-IV; 17.01.2014 N 166-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшелiктерi

      Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдалануға байланысты қаржы (соның iшiнде банктiк), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетiлетiн қызметтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:

      1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге немесе бағалы қағаздарға тiкелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;

      2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне кепiлдiк беруге;

      3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;

      4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгі (кiрiстiлiгi) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар беруге;

      5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;

      6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебiнен жеке тұлғаларды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;

      7) сот үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттан айырғаннан кейін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) жарнамалауға тыйым салынады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 181 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгізілді) 2007.06.19 № 264, 2009.07.11 № 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктері

      1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері түпнұсқа тілінде келтіріледі.

      2. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 № 264; өзгеріс енгізілді - 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау

      Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды олардың сенiмiн және тәжiрибесiнiң жоқтығын терiс пайдаланудан қорғау мақсатында:

      1) ата-ананың беделiн түсiруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;

      2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнiмдi сатып алуға иландыра шақыратын тiкелей ұсыныс жасауға;

      3) белгiлi бiр өнiмге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретiнiн, сондай-ақ қолда ондай өнiмнiң болмауы керiсiнше жағдайға алып келетiнiн кәмелетке толмағандарға тiкелей көрсетуге;

      4) кәмелетке толмағандарды қауiптi орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтiндiк, көрнекi немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;

      5) кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) тiкелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерiн көрнекi немесе дыбыстық пайдалануға;

      6) өнiмдi пайдалану нәтижелерi көрсетiлген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнiмдi пайдалану дағдыларының қажеттi деңгейiн кемiтiп көрсетуге жол берiлмейдi. Жарнама өнiм арналған жас мөлшерi тобындағы кәмелетке толмағандар үшiн нақты қол жеткiзуге болатын ақпарат беруге тиiс;

      7) кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнiмнiң құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсiнiк қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнiмге кез келген отбасы бюджетi қол жеткiзе алады деген тiкелей немесе жанама нұсқауға жол берiлмейдi.

16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi

      Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшiрмелерiн, оларға кейiннен енгiзiлетiн өзгерiстердiң бәрiн қоса алғанда, жарнама берушi, жарнама жасаушы бiр жыл бойы, жарнама таратушы - жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемiнде бiр ай бойы сақтауға мiндеттi.

3-тарау. Жарнама саласындағы
мемлекеттік реттеу

17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу

      1. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу деп Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленетiн жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсiнiледi.

      Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi тиiстi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      2. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:

      1) ұлттық мүдделердi қорғау;

      2) жөнсiз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бiрдей қабылданған мораль және адамгершiлiк нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;

      3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.

17-1-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

      Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

      1) жарнама туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      2) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;

      4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

      5) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 № 264 Заңымен.



17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді;

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

      3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органдарға сыртқы (көрнекі) жарнаманы реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады.

      Жарнама саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактілерін фото немесе бейнетіркей отырып, байқау арқылы бақылаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 № 264, жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Жарнамалық ақпарат беру

      Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкiлетті органдардың талап етуi бойынша жарнама берушi, жарнама жасаушы және жарнама таратушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге мiндеттi.

      Егер жарнама берушi, ескертуге қарамастан, өзiнiң жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзiнiң жарнамалық ақпаратының дәйектi екендiгiне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсiз жасауы мүмкiн өзге де мән-жайларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, белгiленген тәртiппен шартты бұзуға және залалдың толық өтелуiн талап етуге құқылы.

19-бап. Терiске шығару

      1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзу фактiсi анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу тоқтатуға және Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген тәртiппен терiске шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте терiске шығару жөнiндегi шығыстардың бәрiн бұзушылыққа жол берген тұлға көтередi.

      2. Терiске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсiлдерiмен терiске шығарылатын жөнсiз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңiстiгiнiң, орны мен тәртiбiнiң нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      3. Егер терiске шығару белгіленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда уәкiлетті органның шешiмi бойынша терiске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгiленген мерзiмде терiске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы керi талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиiс.



20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.

      2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.

      3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.

      4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264 Заңымен.



21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.



      Қазақстан Республикасының
Президентi


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 252,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау