1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру



жүктеу 325 Kb.
бет3/4
Дата19.11.2018
өлшемі325 Kb.
#20724
1   2   3   4

26-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру
1. Жастар практикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздарға әдейi арналған;

2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі бойынша:



  1. жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;

  2. жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, тартылатын түлектердің саны, қатысушылардың еңбек жағдайы мен еңбекақысы және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі.

  1. Жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін арнайы жұмыс орындарын құрады. Оны іске асыру үшін тұрақты жұмыс орындарындағы бос орындар пайдаланылмайды.

Орындалатын жұмыс түлектің меңгерген кәсібіне (мамандығына) не оның біліктілік деңгейіне сәйкес келуге тиіс.

4. Түлектерді жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.

5. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілер және жастар практикасына жіберілетін түлектер арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайын, еңбекақы мөлшерін және оны төлеу шарттарын қаржыландыру мерзімдері мен көздерін қамтуға тиіс.

Әлеуметтік келісімшарт жастар практикасына жіберілген жұмыссыздың тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналасуы кезінде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

6. Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары қолданылады.

7. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

27-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы халықты уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ақы төленетін қоғамдық жұмыстар өткізуді мемлекеттік меншіктегі ұйымдарда және келісімшарт бойынша басқа ұйымдарда ұйымдастырады.

2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздар;

2) оқудан бос уақытта студенттер, сондай-ақ жазғы каникул кезеңінде жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары;

3) интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектері;

4) кідіру кезеңінде жалақсы сақталмайтын еңбек демалысындағы адамдар құқылы.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алмайтын жұмыссыздар;

2) Халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

3. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуына, олардың Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен ғана жол беріледі.

4. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы туралы әлеуметтік келісімшарт, олар тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналасқан кезде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

5. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ жұмыссыздарға міндетті медициналық сақтандыру туралы заңнама қолданылады.

6. Жұмыссыздар өз бетінше, дәлелді себептерсіз қоғамдық жұмыстарға қатысуды тоқтатқанда, жұмыссыз ретінде есептен шығарылады және Халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген (өтініш білдірген) күннен бастап тек үш ай өткеннен кейін ғана қайта жіберілуі мүмкін.

7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

9. Осы Заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.



28-бап. Кәсiпкерлiк бастамаларға жәрдемдесу


  1. Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға көрсетіледі және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтер көрсету, қайтарымды негізде микрокредиттер беру арқылы жүзеге асырылады.

  2. Микрокредиттер алу үшін жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан ауылдық жерлерде тұратын әйелдер, мүгедектер, егер медициналық қортынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек міндеттемелерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төнбесе, елу жастан асқан адамдар, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар басым құқыққа ие.

3. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен микрокредит алған адам арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

4. Микрокредит алған адамдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тіркеуден өтуге тиіс.

5. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде микрокредиттеуді ұйымдастыру үшін микроқаржы ұйымдарын және кредиттік серіктестіктерді іріктеуді жүзеге асырады.

7. Конкурстық негізде микроқаржы ұйымдарын және кредиттік серіктестіктерді кредиттеу халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

29-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру

үшін өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу


  1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге:

  1. жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, төмен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерден жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына;

  2. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдеседі.

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығы адамдардың мына санаттарын жұмысқа орналастыру үшін:

  1. жұмыс іздеген адамдарға;

  2. жұмыссыздарға;

  3. өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және олардың отбасы мүшелерінің басқа жерге өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдеседі.

Жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз адамдар арасында басқа жерге қоныс аудару үшін:

  1. он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

  2. оралмандар;

  3. орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;

  4. жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.

3. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:

1) қызметкердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, қоныс аударуға, осыған байланысты шығыстардың орнын толтыруға субсидиялар беруді;

2) тұрғын үй беру, жұмыс беруші қызметкерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;

3) қажет болған кезде кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытуды;

4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.

4. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударатын адамдар және жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілер арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

5. Адамдардың өз еркімен қоныс аудару және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

30-бап. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру

үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру
1. Арнайы жұмыс орындары мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін және олардың жұмыспен қамтылуын оны құрған сәттен бастап кемінде күнтізбелік он екі айға сақтау үшін құрылады.

2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырады.

3. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шартын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

31-бап. Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу


  1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмысқа орналасуға осы Заңның 37, 39-баптарына сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығы, жеке жұмыспен қамту агенттіктері жәрдемдеседі.


32-бап. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін

әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру
1. Белгiленген тәртiппен жұмыссыздар деп танылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын адамдардың «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.

2. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыссыз азаматтардың құқығы оларды Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберген кезде сақталады.

3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың осы Заңның 20-бабының 2-тармағының талаптарын бұзғаны туралы ақпарат табылған күннен бастап, оны Мемлекеттік корпорация арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ұсынады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген алынған ақпараттың негізінде жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттарда тоқтата тұрады не тоқтады.

4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастырудың жеке картасына тиісті өзгерістерді уақтылы енгізеді.

33-бап. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету
1. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен Халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдірген, белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылған адамдарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы кезінде атаулы әлеуметтік көмек берілетін болады.

2. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері және оларды ұсыну шарттары «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасының заңмасына сәйкес айқындалады.



34-бап. Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа

орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар


  1. Жергілікті атқарушы органдар:

  1. халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарды есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді;

  2. пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды;

  3. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;

  4. интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді.

  1. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ қызметкерлердің орташа жылдық санынан жиырма пайыздан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

  2. Интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



5-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыру
35-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты

жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;

2) персоналды кәсiптік оқыту жүйесін дамыту;

3) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;

4) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;

5) қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;

6) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру;

7) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бар бос орындарға қабылдау;

8) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;

9) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді ұсыну;

10) жұмыс орындарын құру арқылы қатысады.

2. Жұмыс берушi:

1) еңбек жағдайын және оған ақы төлеуді көрсете отырып, бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға олар туралы мәлiмет жiберуге;

2) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, оның ішінде жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістің және орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын Халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде ақпарат беруге;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру мекемелерінің бұрын мәлімделген түлектерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тартқан жағдайларды қоспағанда, жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқытуға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушыларына шәкіртақылар төлеуге және материалдық көмекке бағытталған шығыстарын өтеуге;

4) Халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (Халықты жұмыспен қамту орталығы оған жұмыс іздеп жүрген адамдарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;

5) мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;

6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;

7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қолданысының тоқтатылуына байланысты, тартылған шетелдік жұмысшының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қамтамасыз етуге;

8) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдар жүргізуге міндетті.

3. Жұмыс берушінің:

1) оған тікелей өтініш білдірген адамды Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бар адамдармен бірдей жағдайда жұмысқа қабылдауға;

2) Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға;

3) Халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыс күшін ұсыну, жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыруға іріктеу және жіберу жөніндегі қызметтер туралы тегін ақпарат алуға;

4) қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға, уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;

5) мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құруға Халықты жұмыспен қамту орталығынан субсидия алуға;

6) Халықты жұмыспен қамту орталықтарының және олардың лауазымды тұлғаларының шешімін, әрекетін және әрекетсіздігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) және/немесе сотқа шағымдануға;

7) экономиканың салалары бойынша кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруға және анықтауға қатысуға құқығы бар.



36-бап. Кәсіптік одақтардың жұмыспен

қамту саласына қатысуы


  1. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтан және оның салдарларынан қорғау жөніндегі кәсіптік одақтар мен олардың бірлестіктерінің қатысуы құқықтары мен міндеттері осы Заңмен, «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен және келісімдермен айқындалады.

  2. Кәсіптік одақтар:

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге;

кәсіптік стандарттар әзірлеуге, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға, білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге қатысуға құқығы бар.


  1. Кәсіптік одақтар мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге және олардың бірлестіктеріне халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.


6-тарау. Еңбек делдалдығы

37-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі қызметі
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш жасауға құқылы.

2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді:

1) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыс алу мүмкіндіктері, бос орындар туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз адамдар туралы ақпараттандыру;

2) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды өз ісін ұйымдастыру үшін микрокредит беру шарттары, мерзімдері және мөлшерлері туралы ақпараттандыру;

3) кадрларды іріктеуде жұмыс берушілерге жәрдем көрсету және қажет болған кезде өз еркімен қоныс аударуды ұйымдастыру;

4) лайықты жұмыс ұсыну;

5) жұмысқа орналасуға жолдама беру;

6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру;

7) жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен және бос орындар жөнінде деректер базасы бар үкіметтік емес ұйымдармен ақпарат, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз адамдар бойынша ақпарат алмасу;

8) бос орындар жәрмеңкесін өткізу арқылы өтемсіз негізде көрсетеді.

3. Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі қызмет көрсету тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

38-бап. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы


  1. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – бұл халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында уәкілетті органдардың, Халықты жұмыспен қамту орталықтарының, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметі мен өзара iс-қимыл жасауын автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.

  2. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі және тіркелген жұмыссыздар және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, оралмандар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, шетелдік жұмыс күшін әкелу, мүгедектігі бар адамдар, зейнетақы және жәрдемақы төлеу, әлеуметтік сақтандыру, жұмыс күші туралы деректерді қамтиды.



39-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:

1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;

2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;

3) бос орындары бар жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;

4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;

5) халықаралық шарттар бар болған жағдайда, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;

6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;

7) адамдарды шетелде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкетуге рұқсат құжаттарын рәсiмдеуге;

8) Халықты жұмыспен қамту орталығы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберген адамдарды кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша конкурстарға қатысуға құқығы бар.

2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:

1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;

4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;

5) кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы Халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын ақпарат беруге;

6) еңбек нарығының бірыңғай деректер базасын қалыптастыруға қатысуға мiндеттi.

3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту, бос орындар жәрмеңкесіне қатысу және ұйымдастыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.

Жеке жұмыспен қамту агенттiктерінің Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқығы бар.



  1. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн әкетумен байланысты қызметті жеке меншік жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына жеке жұмыспен қамту агенттiгі кепiлдiк берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету кезінде жұмыс берушілердің банктерге кепілді жарна енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасымен реттеледі.



жүктеу 325 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау