1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-тарау. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің еңбегін қолдану



жүктеу 325 Kb.
бет4/4
Дата19.11.2018
өлшемі325 Kb.
#20724
1   2   3   4

7-тарау. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің еңбегін қолдану
40-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота


  1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.

Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы нормалары:

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi;

дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;

мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен расталған құжаттары бар;

Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;

«Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшы және мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін жоғары бiлiмді;

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын;

құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалары бар, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аталған қатысушысын (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бiрлескен шешiмiмен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган және мүдделі мемлекеттік орталық орган өкілдерінің ведомствоаралық комиссиясы айқындайтын санаттар тізбесіне және санға сәйкес объектіні (объектілерді) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;

экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуға келген;



Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

  1. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін жыл сайын квоталау туралы нормалары корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

  2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына пайыздық қатынаста белгіленеді, ол:

  1. экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

  2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар бар болған кезде, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

  3. еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квотаны қамтиды.

  1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.



41-бап. Жұмыс берушілердің шетелдiк

жұмыс күшiн тартуы
1. Жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмысшылар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырады

  1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.

  2. Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар басқа жұмыс берушіге беруге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік жұмысшыны күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іс-сапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында қолданылады.

  3. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмысшыларды тартуға берілетін рұқсаттар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімге Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған және алымдарды төлеген кезде беріледі және (немесе) ұзартылады.

Осы тармақтың шетелдік жұмысшыларды тартуға рұқсаттарды беруге және (немесе) ұзартуға арналған алымдарды төлеу бөлігіндегі ереже корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

  1. Қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмысшыларды тартуға рұқсаттарды беруді және (немесе) ұзартуды жергілікті атқарушы орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электронды нысанда жүзеге асырады.

  2. Рұқсат бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күші санының Қазақстандық кадрлар санына пайыздық ара қатынасы сәйкес келуге тиіс.

  3. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (өтілі) кәсіби стандарттарға, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.



42-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу

шеңберінде шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруы


  1. Шетелдік жұмысшылар экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы үш айдан аспайтын мерзімге жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген анықтамалардың негізінде еңбек шартының мерзімін үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.

  2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  3. Шетелдік жұмысшы өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін, Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.

Шетелдік жұмысшы Қазақстан Республикасында болған жағдайда, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік жұмысшы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.

  1. Шетелдік жұмысшылардың біліктілік талаптарына және білім деңгейіне анықтама беру тәртібін, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.



43-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде

шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруы


  1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмысшылар еңбек шартында айқындалған үш жылдан аспайтын мерзімге, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде еңбек шартының мерзімін бір жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады.

  2. Жұмыс берушілерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары мен тәртібін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап).

  3. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына кіргеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға олар туралы:

  1. олар ауысатын ұйымның және елдің санын, атауын;

  2. тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);

  3. әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, мамандығын және жұмыс тәжірибесін;

  4. еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпарат жібереді.

  1. Менеджерлерді және мамандарды корпоративішілік ауыстыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдік жұмыс күші санының Қазақстандық кадрлар санына пайыздық ара қатынасын сақтауды ескере отырып жүзеге асырылады.

  2. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүргізеді.

8-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау және есептілік
44-бап. Халықты жұмыспен қамту

саласындағы мемлекеттік бақылау


  1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

  2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.



45-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік

бақылауды жүзеге асыратын органдар

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.



46-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы

ведомстволық статистикалық байқау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек нарығындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.

2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер, оның ішінде Осы Заңның 39-бабына сәйкес уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етуге мiндеттi.

3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, салық органдарымен, ішкі істер органдарымен және республикалық және өңірлік деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әр тараптың өз функцияларын орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттамамен және мәлiметтермен өтеусiз негiзде алмасады.

4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етедi.



9-тарау. Қортынды ережелер
47-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын

бұзғаны үшін жауапкершілік
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа:

1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 33) және 34) тармақшаларын, 12-баптың 24) және 25) тармақшаларын, 14-баптың 5) тармақшасын, 39-баптың 4-тармағын, 40-бапты, 41-бапты, 42-бапты және 43-бапты;

2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 14-баптың 6) тармақшасын, 15-баптың 9) тармақшасын, 22-баптың 2-тармағының 8) тармақшасын, 30-бапты, 35-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын және 3-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда енгізіледі.

2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; №11, 02-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат), 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 7-баптың 5-1) тармақшасын, 10-баптың 4-тармағын,


11-бапты қоспағанда.

Қазақстан Республикасының

Президенті



жүктеу 325 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау