Сөж тақырыбы: Ақпаратты қорғау бойынша ҚР заң, заңнамалары, нормативтік құжаттары. Орындаған: Қолдасқызы Сара Тексерген: Иманбаева А. К алматы 2022ж



жүктеу 72,25 Kb.
Дата10.10.2022
өлшемі72,25 Kb.
#39583
Қолдасқызы Сара срс



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «физика техникалық»
Кафедрасы «қатты дене және бейсызық »

СӨЖ
Тақырыбы: Ақпаратты қорғау бойынша ҚР заң, заңнамалары, нормативтік құжаттары.
Орындаған: Қолдасқызы Сара
Тексерген: Иманбаева А. К
Алматы 2022ж
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. – М., 1980. - С.98.

  2. Қазақстан Республкасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» №217 Заңы

  3. Уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред. Н.И. Ветрова и Ю.И. Ляпунова. – С. 324

  4. 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексі




  • Ақпаратқа қол жеткізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ.

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қылмыстық құқықтық қорғау

  • Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы

Анықтамалар:



  1. Ақпарат – кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер




  1. Ақпаратқа қол жеткізу – мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және тарату құқығы



  1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган




  1. Ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға



  1. Қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар ызметтік ақпарат




  1. Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы


Қоғамның қазіргі таңдағы дамуы ақпараттық процесстер мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне азаматтардың қызметін қамтамасыз етудің қажетті атрибутына айналғандығымен ерекшеленеді. Өзінің маңыздылығы бойынша ақпараттық ресурстар табиғи, қаржы, еңбек жəне өзге ресурстармен қатар мемлекеттің жəне қоғамның маңызды потенциалын құраушы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ақпарат еркіндігін жариялай тұра (20-баптың 2-бөлігі) осы еркіндіктің шексіз емес екендігін көрсетіп отыр: 20-баптың 2-бөлігінде «Əркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тəсілмен еркін ақпарат алуға жəне таратуға құқығы бар» деп көрсетілген, оған қоса, Конституцияның 18-бабының 1-бөлігінде «Адамның жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің жəне отбасының құпиясының қорғалуына құқығы бар» деліген.
Кейбір ақпарат рұқсатсыз қосылудан құқықтық қорғаудың қажеттігі ең алдымен алғашында жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуымен отандық заң ғылымына жəне тəжірибесіне белгісіз болған жаңа қолсұғушылықтардың пайда болуымен түсіндірінділеді. Мысалы, коммерциялық маңызы бар ақпаратты заңсыз алу жəне тарату жеке тұлғаларға да, ірі ұйымдарға да үлкен моральдық жəне материалдық шығындар келтіруі мүмкін. Азаматтардың жеке өмірі жəне мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді алу жəне тарату одан да озасан зор зардаптарға əкеп соғуы мүмкін.
1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінде заңмен қорғалатын ақпарат аясындағы қоғамға қауіпті іс əрекеттер үшін жауапкершілік көздейтін бірқатар нормаларды қарастырған: 135, 165, 166, 172, 173, 200, 227, 322, 355, 356 баптар.
Ақпаратты оның төңірегінде қылмыстық əрекеттер жасалатын феномен ретіндегі мəні жəне қасиеттері жайлы нақты көрінісін бағалау қыин. Бұл əрекеттерді дұрыс түсіну, оларды қоғамға қауіпті əрекеттер ретінде саралау үшін, осындай əрекеттерді заңсыз жəне құқыққа қайшы деп саралайтын Қазақстандық заңнама нормаларының жиынтығын қажет етеді. Ақпараттық қатынастарды реттейтін нормаларды анық ұғынбай, құқық қорғау органдары дəлелдеуге жататын мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтай алмайды жəне ақпараттық қатынастар саласында анықталған қылмыстарға дəл құқықтық баға бере алмайды. Осыған орай, заңмен қорғалатын ақпаратпен жұмыс жасаудың тəртібін сақтаудан туындайтын қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқықтық қорғаудың механизмін зерттеу жəне жоғарыда айтылған ақпаратты қорғаудың проблемаларын анықтау, сонымен қатар заңнаманы жетілдірудің бағыттарын айқындау қажеттігі туындап отыр.
Қоғамда қатынастардың ерекше түрі бар – ол адамдар арасында ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану бойынша туындайтын ақпараттық қатынастар. Ақпарат – ақпараттық қатынастардың заты болып табылады.

Қазiргi уақытта Қазақстанның саяси өмiрiндегi және экономикасындағы болып жатқан қайта құру процестерi оның ақпараттық қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне тiкелей әсерiн тигiзедi. Бұл ретте ақпараттық қауiпсiздiктiң нақты жай-күйiн бағалау және осы саладағы негiзгi проблемалар мен бағыттарды айқындау кезiнде ескерудi қажет ететiн жаңа факторлар туындайды.


Көрсетiлген факторларды саяси, экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық деп бөлуге болады. Саяси факторлар:әлемнiң түрлi өңiрлерiнде геосаяси жағдайдың өзгеруi; әлемдiк саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және басқа да процестердiң жаһандық мониторингiн жүзеге асыратын, ақпаратты бiртарапты артықшылықтар алу мақсатында тарататын әлемнiң дамыған елдерiнiң ақпараттық өктемдiгi;
демократия, заңдылық, ақпараттық ашықтық, елдiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру принциптерi негiзiнде жаңа Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуы;
iшкi саяси дағдарыстардың туындауы: билiк тармақтары арасындағы, аумақтық мемлекеттiк құрылым субъектiлерi арасындағы жанжалдар, қорғалатын тұлғаларға қастандық жасалуы;
iшкi саяси блоктардың, одақтардың, альянстардың қызметi, әлемде күштердiң геосаяси орналасуына әсер ететiн жаңа әскери-саяси бiрлестiктердiң құрылуы;
Ақпарат заттық емес табиғатқа ие жəне материалдық құндылықтардың есебінен заттанады. Қазіргі қоғамда кез келген құқық объектісі секілді ақпаратта оған қандай да бір қол сұғушы- лықтардан қорғауды қажет етеді. Осыған байланысты «ақпарат қауіпсіздігі» деген ұғым пайда болды. Бір жағынан ақпараттық қауіпсіздігі оған қарсы құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан жəне əсер етулерден қорғалуының жай-күйі ретінде анықталады. Екінші жағынан ақпараттың қауіпсіздігі мазмұны бойынша ондағы адамның психикасына немесе өзге ақпаратқа жасырын ықпал етулердің болмауымен сипатталады. Ақпараттық қауіпсіздік құқықтық режиміне байланысты оның жалпыға қол жетімдігі жəне қолжетімдігі шектеулі болып екі сыныпқа бөлінеді. Соңғысы құпия ақпараттар мен мемлекеттік құпиялардан тұрады. Құпия мəліметтердің негізі болып – біздің қабылдауымыздан жəне түсінуімізден жасырылған объективті шындық аясы танылады. Қол жетімдігі шектеулі ақпаратты құпияларды (мысалы, мемлекеттік құпияларды) қылмыстық құқықтық қорғау институты тиімді əрекет етіп жатыр. кейбір жағдайларда құпияларды қылмыстық құқықтық қорғау механизмдері сыр беріп жатады. Коммерциялық жəне банктік құпияларды қылмыстық құқықтық қорғау мəселесі толық шешілмеген. Қолжетімдігі шектеулі ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету аясында қылмыстық құқықтық базаның қалыптасуы осындай қол сұғушылықтарға қарсы тұруда шетел мемлекеттерінің тəжірибесіне жүгінуі тиіс.
жүктеу 72,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау