3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға негізделген халықты
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
шараларын қамтамасыз етеді.
2-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамтуды реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді
және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
2) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу және оны
Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге
де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де
функцияларды орындайды.
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды, еңбек
ресурстарын дамыту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады;
2) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) жұмыс күшіне болжамды қажеттіліктерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек нарығының жай-күйі туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді;
5) экономиканың кадрларға қажеттігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық
атқарушы органдармен келіседі;
6) мыналарды:
қоғамдық жұмыстарды;
әлеуметтік жұмыс орындарын;
жастар практикасын;
кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
7) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
9) мыналарды:
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын
квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
10) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін
әзірлейді және бекітеді;
12) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс
берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
13) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік
бағдарлау жүргізудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
14) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз
етеді;
15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ведомстволық есептіліктер,
тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары нысандарын әзірлейді және бекітеді;
16) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
17) ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті
мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу
нысандарын әзірлейді және бекітеді;
18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық)
және өңірлік
комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлейді және бекітеді;
19) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту картасын
қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
20) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
20) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және
бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
21) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібін, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ
адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің)
және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
22) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
22) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны
Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлейді;
РҚАО-ның ескертпесі!
23) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
23) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар,
республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;
24) жұмысқа орналастырудың жеке картасын және оны толтыру нысанын әзірлейді және бекітеді
;
25) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық
жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
26) әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және
талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен