1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 117,34 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата27.12.2019
өлшемі117,34 Kb.
#25065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, 

ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны және нақты жұмыс жағдайы, төленетін еңбекақы мөлшері 

және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі.

      4. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге олардың келісімімен ғана жол 

беріледі. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, 

кәсіптік және басқа да жеке ерекшеліктері ескеріледі.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы мен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс беруші және 

әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін жұмыссыз арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбекақы мөлшерін және оны 

төлеу шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздерін қамтуға тиіс.

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше 

тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту 

орталығына қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысуы мүмкін.

      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек 

заңнамасы қолданылады.



21-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру

      1. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта 

білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын 

білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы 

белгіленген.

      2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:

      1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім 

беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен

еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін айқындайды.

      3. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар 

практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындарын құрған кезде тұрақты жұмыс 

орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды.

      Құрылған жұмыс орындары түлектің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келуге тиіс.




      4. Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге

олардың келісімімен ғана жол беріледі. Олардың еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты шегінде, 

сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс беруші және 

жастар практикасына жіберілетін түлек арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайын, еңбекақы 

мөлшері мен оны төлеу шарттарын, қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтуға тиіс.

      6. Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 

қолданылады.

22-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      1. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және 

бюджет қаражаты шегінде және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен 

қаржыландырылады.

      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

      1) жұмыссыздардың;

      2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары 

сынып оқушыларының;

      3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

      1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым 

құқықты пайдаланады.

      Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында 

тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.

      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      4. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар, 

олардың есебінен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен 

бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.



      5. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар 

зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

      6. Осы Заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға

тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.

      7. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 

қолданылады.



23-бап. Кәсiпкерлiк бастамашылыққа жәрдемдесу

      1. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 

кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтер көрсету, 

қайтарымды негізде микрокредиттер беру арқылы оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жолымен

жүзеге асырылады.

      2. Жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан мемлекеттік қолдау шараларын 

алу үшін:

      1) ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдардың;

      2) мүгедектердің, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек 

міндеттемелерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа 

адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;

      3) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін елу жастан асқан адамдардың;

      4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың басым құқығы бар.

      3. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен микрокредит алған адам арасында әлеуметтік 

келісімшарт жасалады.

24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу

      1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге:

      1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті

төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және 

экономикалық өсу орталықтарына;

      2) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс 

аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Қазақстан Республикасының

Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.




жүктеу 117,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау