1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


Істелген жұмысқа толтырылатын құжаттар және еңбекақы түрлерін есептеу



жүктеу 442,5 Kb.
бет9/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
6. Краткое содержание лекций

3.2. Істелген жұмысқа толтырылатын құжаттар және еңбекақы түрлерін есептеу
Есеп айырысу-төлем тізімдемесінің жасалуы. Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттар, яғни жұмысшылардың істеген жұмысына толтырылған табельдік есептеме (3-қосымша) тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.

Əрбір жұмысшыға бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ кар-точкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі, аты, табельдік нөмірі, цех, учаске, құжаттарының толтырылған күні мен нө-мірі, сағаттық нормасы, əрбір құжат бойынша есептелген жала-қы сомасы, төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу-төлем тізімдемесін жасау үшін пай-даланады. Есепті жүргізу компьютерлендірілген жағдайда жи-нақ карточкалары (ведомостар), сондай-ақ есеп айырысу-төлем тізімдемелері, əдетте бір ғана жұмыс күнінде жасалады.

Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу əртүрлі кəсіпорын-дарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлем тізімдемесінде (оны, сонымен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады) жəне жеке толтырылған төлем тізімдемесінде; əрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарында); жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімдемелерінде жүргізіледі.

Есеп айырысу-төлем тізімдемесі — жиынтық құжат, онда есептелген еңбек төлемінің барлық түрі жəне жұмыс істеп жүр-гендерге берілетін басқа да төлемдер, сондай-ақ қолданыстағы заңдарға сəйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақ-талған. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасайды. Тізімдемеде қызметкердің тегін, атын, əке-сінің атын, оның табельдік нөмірі мен қызмет орнын, разрядын немесе айлық жалақысын көрсетеді. Оған к əсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «есептелді» деген бөліміне құжаттармен негізделген кесім, мерзімінен тыс т.б. төлемдердің есептелген сомалары енгізіледі. «Ұсталынды жəне есепке алынды» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары, несиеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне кіретін аванс жəне басқа ұсталымдар енгі-зіледі. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеге əрбір жұмысшыға берілуге тиісті соманы шы-ғарады.

Орташа жалақыны есептеу тəртібі. Заң жүзінде еңбеккер-лердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысанын-дағы төлемі), олардың заңмен арнайы есептеу тəртібі белгілен-ген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне жəне денсаулығына келтірілген зиянды есептеу кезінде жəне олардың еңбек міндет-темесін орындау кезінде) кезде:

— кəсіпорындар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұ-зылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқар-ған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;

— үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді əскер қатарына шақырғанда;

— пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін;

— қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;

— шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінəсінен емес) уақытына төлем жасау кезінде;

— басқа да əлеуметтік төлемдер жасау үшін.

Орташа жалақы, бұл — белгілі бір уақыт кезеңіне еңбек-керлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға). Оны есептеу үшін күнтізбелік он екі ай жəне сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл ке-зеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те айтады.

Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағ-дайларды есептеу үшін қажет, мысалы: кəсіпорындар жойылған жағдайда, босанғандарға өтемақы есептеу үшін, жүктілігіне жəне бала табуына байланысты жəрдемақыны есептеу үшін, жұ-мысқа уақытша жарамсыздығы үшін жəне т.б.

Барлық жағдайда Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндері есептеу кезінде есепке алынбайды.

Еңбеккерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік, не орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек-ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған, əрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені , қосымшаны жəне басқа да марапаттау төлем түрлерін ескереді. Орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін. Де-мек, орташа жалақыны анықтаудың екі жолы бар, оның бірін-шісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбекақы алынса, ал екін-шісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады. Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алынбайды:

— жыл сайынғы еңбек демалысы үшін берілген өтемақы;

— еңбекке уақытша жарамсыздығына, жүктілігіне жəне бала табуына, бала асырап алуына байланысты берілген жəрдемақы-лар;

— денсаулықты жақсартатын шараларға берілген жəрдема-қылар;

— қызмет бабы бойынша іссапарға берілген өтемақылар жəне оларға қосылып берілетін үстемелер мен қосымша төлем-дер;

— дала жұмыстарымен шұғылданатын еңбеккерлердің ала-тын үлестері;

— басқа жерлерге қызмет бабы бойынша ауысқан кезде ала-тын өтемақы;

— тараптардың келісімі бойынша өндірістік мақсат үшін жеке көлікті пайдаланған кезде төленетін өтемақы;

— арнайы берілген киімдер, аяқ киімдер, алғашқы медици-налық көмектер, сабын, сүт т.б. құндылықтардың құны;

— материалдық көмектер;

— бір жолғы берілетін мақтау сыйлығы;

— жалақыны кешіктіріп төлегені үшін жұмыс берушінің ең-беккерлерге төлеген өсімі;

— еңбеккерлердің мамандығын көтеру үшін оқумен байла-нысты шығыстары;

— байқауда жəне басқа да жарыстарда жүлделі орындарды алғаны үшін төленетін ақшалай наградалар.

Сыйлықты жəне басқа да ынталандыру сипатындағы төлем-дерді есептеген кезде нақты уақыты бойынша алынған жала-қысы емес, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық табыстары алы-нады, сондай-ақ материалдық мақтау кезінде де 1/3, 1/6, 1/12 мөлшері бойынша есептелінеді, ал айлық сыйлықтар сол айлық деңгейінде беріледі.

Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлем. Жұмыс беруші 1999 жылы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 731 қаулысымен бекітілген «Жұмыс берушінің есебінен əлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жəрдемақыны төлеу мен тағайындау туралы» нұсқау талаптарына сəйкес, ең-бекке уақытша жарамсыз күндері бойынша əлеуметтік жəрде-мақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті. Ал олардың қатарына:

— жалпы ауруы бойынша;

— жұмыста мертігуі жəне кəсіби сырқаты үшін;

— тұрмыстық зақым;

— жүктілік жəне босану жатады.

Еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жəр-демақы мына жағдайда төленбейді:

— қылмыс жасау кезінде алған зақымына;

— сот шешімі бойынша анықталған, мəжбүрлі түрде емдел-ген уақытына;

— алкогольдің, есірткінің, улы заттардың салдарынан алған зақымдарына.

Сонымен, еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша бері-летін жəрдемақыны есептеу орташа айлық жалақыдан алынады, бірақ орташа айлық жалақы он есе еселенген АЕК-тің деңгейі-нен аспауы керек.

Жүктілік жəне босану бойынша, сондай-ақ перзентханадан тікелей баланы асырап алған əйелдерге берілетін жəрдемақы жүктілігі жəне босануы бойынша берілген демалысының бары-сында, баланың туған күнінен бастап 56 күн өткенше төленеді, егер де əйелдер екі жəне одан да көп бала тапса, онда жəр-демақы 140 күнге төленеді.

Жеке еңбек шартын бұзу. Жұмыс беруші келесі себептер бойынша еңбек қатынасын тоқтатқан жағдайда орташа айлық жалақының мөлшерінде өтемақы төлеуі тиіс:

— заңды тұлға жойылған кезде, жұмыс беруші өз қызметін тоқтатқан кезде (жеке тұлға) (Еңбек туралы заңның 26-б., 1-т.);

— еңбеккерлердің штатын немесе санын қысқартқан кезде (Еңбек туралы заңның 26-б., 2-т.);

— үш күннің ішінде ұсынған құжаты бойынша еңбеккерлер əскер қатарына шақырылған кезде (Еңбек туралы заңының 30-б., 1-т.).

Демалысқа шыққанда төленетін төлем. Белгіленген тəртіп бойынша жыл сайын жұмыс орнын сақтай отырып жəне еңбек шарты бойынша əрбір жұмыс істеуші ақылы демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына шығуға барлық қызметкерлердің құқы бар, олардың арасында жеке келісім-шарт жасалса да, жа-салмаса да. Мұндай заң құқығы Еңбек туралы заңның 12-б., 5-т. қарастырылған.

Еңбек демалысының ұзақтығы əртүрлі болады, егер де ең-беккер бірінші жыл жұмыс істеп жатса, онда оған демалыс 12 ай өткен соң беріледі. Демалысқа шығатын күніне мереке күндері қосылмайды, яғни еңбеккерлердің демалыс күні 24 жұмыс күніне тең болса, бірақ ол арада 1 мейрам күні болатын болса, онда қызметкердің 25 күн демалуына болады.

Демалысқа шығу кезінде оның алдын ала жасалып қойған кезектілігі сақталады. Демалыс аванс ретінде келесі қызмет ка-тегориясына бөлінеді:

— Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;

— орта жəне бастауыш оқу орындарының мұғалімдеріне, сондай-ақ жоғары оқу орнының оқытушыларына;

— екі жəне одан да көп балалы əйелдерге (14 жасқа жəне мүгедектердің 18 жасқа дейін балалары бар болса);

— медициналық қорытындының негізінде емделуге берілген жолдамасы бар еңбеккерлерге.

Еңбек стажын есептеудің тəртібі Еңбек туралы заңның 61-

бабына сəйкес жүргізіледі, ал ол өзіне келесі кезеңдерді енгізеді:

— есепті жылдың барысында нақты істеген уақыты;

— заңсыз жұмыстан шығарылған, жұмыссыз жүрген күн-дері;

— уақытша жұмысқа жарамсыз, яғни емдеуде жүрген уақыты.

Қызметкерлермен еңбекақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы бойынша бере-шек» шотында жүргізіледі. Бұл — пассивтік шот.

Еңбекақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

— 2930 шоты «Аяқталмаған құрылыс» күрделі құрылыспен шұғылданатын жəне сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің ең-бек төлемінің сомаларына;

— 7110 шоты «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар» өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 7210 шоты «Жалпы жəне əкімшілік шығындар» жалпы шаруашылық жəне əкімшілік-басқармашылық қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 8010.4 шоты «Өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы» негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 8030 шоты «Қызметкерлердің еңбекақысы» қосалқы өн-дірістердің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сома-ларына;

— 7210 шоты «Қызметкерлердің еңбекақысы» цехтағы (жалпы өндірістегі) қызметкерлерге есептелген төлемнің сома-ларына.

Жалақыдан ұстау 3350 шотының дебетінен мына шоттардың кредитіне жазылады: 3310, 3390, 3120, 3220, 1010, 1040, 1070, 1250, 1280, 3540.

Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердің демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебі 5300 «Ре-зервтер» шотында жүреді (демалыс ақысын төлеудің резерв-тері). Бұндай резервтерді құру оларды өндіріс шығындарына жатқызудың бірқалыптылығын жəне дұрыстығын қамтамасыз етудің жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерінің орташа ұзақтығына байланысты болып келеді. Резервті құру кезінде 5300 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1260, 7110, 7210, 7330, 7600, 8000. Ал демалысты есептеген кезде 5300 шоты дебеттеліп, 3350 шоты кредиттеледі.

Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жəр-демақылардың жəне əлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да төлемдердің сомасы 3220 «Əлеуметтік сақ-тандыру жəне зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу» шотының дебеті жəне 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы бойынша берешек» шоттарының кредиті бойынша көрініс та-бады.

Жеке тұлғалардан ұсталған табыс салығына 3350 шоты дебеттеліп, 3120 «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шоты кредиттеледі.

Еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 3350 шоттардың дебеті бойынша көрініс табады жəне мына шоттар-дың кредитіне жазылады: 1250 «Жұмысшылардың қысқамер-зімді дебиторлық қарызы» шотында — есеп беруге тиісті тұл-ғалардан ұсталған сомалар; жетіспеушіліктер; ысыраптар мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетіледі.

Қызметкерлерге аванс ретінде жəне өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретінде төленген еңбек төлемінің сомалары 1010 жəне 1040 шоттарының кредитінен 3350 шоттарының дебетіне көшіріледі.

Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін жəне жұмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жала-қысы туралы мəліметтер алу үшін бухгалтерия əрбір қызмет-керге дербес шот немесе есептік бет толтырады. Дербес шот не-месе есептік бет өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мəлі-меттер, өндірімдер мен орындалған жұмыстардың жəне тө-лемнің əр алуан түрлеріне арналған құжаттардың негізінде қалыптасады.

Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккер-лердің жалақысынан əрекет етіп тұрған заңға сəйкес əр түрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ таушы зейнетақы қорға аударады, жеке табыс салығын, атқару парақтары (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбек-керлердің өз өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің ) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, əкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.

Табыс салығын ұстау. Салықтар ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жал-пымемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің са-лық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Ко-дексінің бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұста-лады.

Жеке табыс салығын ұстаған кезде 3350 шоттары дебеттеліп, 3140 шоты кредиттеледі.

Жеке табыс салығын ұстау 2007 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап Қазақстан Республикасының «Салықтар жəне бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексінің негізінде жүргізі-леді . Табыс салығы есептелген жеке тұлға табысына 10 пайыз-дық мөлшерде салынады.

Қазақстан Республикасының «Салықтар жəне бюджетке мін-детті басқа төлемдер туралы» Кодексі бойынша табыс салы-ғының салық объектісіне жылдық жиынтық табыс пен қарастырылған шегерулер арасындағы айырмашылық ретінде есептел-ген салық табысы жатады.

Салықты ұстап , бюджетке аудару жауапкершілігін табыс төлеуші жеке жəне заңды тұлға арқалайды. Табыс төлеуші жеке жəне заңды тұлға салық, соған байланысты айыппұл мен өсі-мақы төлеуге міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті зейнеткерлік жарна еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемде-рінен, үстемесінен жəне басқа да табысынан 10 пайыз мөлшерде ұсталады жəне оны жұмыс беруші аталған қорға аударады.

Əлеуметтік салықты төлеу ай сайын айдың екінші жартысы үшін еңбекақы төлемімен белгіленген мерзімде жүргізіледі, алайда ол еңбекақы мөлшерінің 15 еселік жылдық есептік көрсеткішінен жоғары деңгейде көтерілген жағдайда ұста-лынған мөлшеріне қатысты.

Есептік кезең үшін мемлекеттік кəсіпорындар есептеген салық сомасы Салық Кодексінің 320-бабына с əйкес, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша, жүктілік жəне туу (бала табу, босану) бойынша Қазақстан Республикасының Əлеуметтік жəр-демақы жөніндегі заңына орай төленген сомаға кемітіледі. Əлеуметтік салық бойынша бюджетпен нақты есеп айырысу есеп беру кезеңі күнтізбедегі бір ай болып табылады.

Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың синте-тикалық есебі 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы бойынша бере-шек» пассивтік шотта жүргізіледі:

Жалпы шаруашылық жəне əкімшілік басқару қызметкерле-ріне (лауазымды қызметтегі тұлғалардан басқасы) есептелетін еңбекақы сомасына арналған 7210 «Əкімшілік шығындары».

Еңбекақы төлемі 3350 дебет шоты бойынша жəне 1010 кре-дит шоты бойынша көрініс тапқан.

Демалыс төлемақысының резерв есебі. Жұмыс жоспары шо-тына қызметкер демалысының төлемі бойынша қызметкер-лермен есеп айырысу есебі үшін 5300 «Қызметкерлерге демалыс бойынша есептелген берешек» шоты енгізіледі.

Демалыс төлемінің жəне бір жылдық сіңірген еңбегі үшін жыл сайынғы сыйақының резервін құрау өндіріс шығындары мен басқа шығындар шотында өндіріс жүмысшылары жəне инженерлік-техникалық қызметкерлердің жеке топтарына демалыс төлем шығындары мен бір жылда сіңірген еңбегі үшін төленетін сыйақы дұрыс, əрі бірқалыпты жүргізіледі. Демалыс төлемінің резервіне есептелетін пайыз қызметкерлер демалы-сының орташа ұзақтығына байланысты болады.

Жылдық түгендеу (инвентаризация). Демалыс төлем ре-зервінің дұрыс құрылуы жəне пайдаланылуын тексеру аса қа-жет. Түгендеу кезінде қызметкерге заңда қарастырылған кезекті (жыл сайынғы) жəне қосымша демалыстарына арналған ре-зервтік қордан пайдаланылмаған демалыс күндері , қызметкердің еңбекақысына кететін шығынның орташа күндік сомасы (орта-ша еңбекақының есеп айырысудың белгіленген əдісін ескеру арқылы) жəне міндетті аудармалар арқылы нақтылануы керек.

Есептік кезеңнің желтоқсанында есеп айырысудың түген-деуімен бекітілген сомадан нақты есептелген резервті арттыру жағдайында өндіріс шығындарының шоты бойынша сұрыптау жазуы жүргізіледі, ал жеткізбей есептелген жағдайда өндіріс шығындарына қосымша аударуды қосу бойынша қосымша жазу жазылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорына аударымды ұстау 3350 дебет шоты жəне 5310 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу» кредит шоты бойынша жүзеге асырылады.

Кəсіпорынның қаражат есебінен уақытша еңбекке жарам-сыздық бойынша ж əне басқа төлемақылар бойынша есептелетін жəрдемақы сомасы 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы бойынша бе-решек» дебет шоты жəне кредит 5300 шоты бойынша жүзеге асырылады.

Жеке табыс салығын ұстау 3350, 3120 дебет шоттары бойын-ша жəне 3220 «Бюджетпен басқа есеп айырысулар» кредит шоты бойынша көрініс табады.

Еңбекақыдан ұстау жəне шегеру 3350 дебет шоты бойынша жəне 3390, 3540, 4170, 4430 кредит шоттары бойынша көрініс табады.

1250 «Қызметкер ж əне басқа тұлғалардың берешегі» — ұста-лынған есеп берушілік сомасы ; жетіспеу, яғни кем шығушылық (недостачи); шығындар мен талан-тараж; несиеге алынған тауарлар жəне т.б.

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша-лар» жəне 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша» кредит шотындағы 3350 шоттар дебеті — қызметкерге аванспен төлен-ген жəне біткен айдың аяққы (түпкілікті) есеп айырысудағы ең-бекақы сомасына қатысты.

Депоненттелген еңбекақы сомасы 3390 «Басқалар» кредит шотына 3350 ішкі шот (субъект) дебетіне аударылады.

5300 кредит шоттары бойынша журналдық-ордерлік фор-масы шартындағы операциялар № 10 журнал-ордерінде, ал кредит 3350 шоты бойынша № 9 журнал-ордерінде көрініс та-бады.

Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың анали-тикалық есебі машинограммдағы қызметкердің аты-жөні мен табельдік нөмірі бойынша жəне негізінде бөлімшелер бойынша «Жиынтықты есеп айырысу тізімі» жасалатын еңбекақы кіта-бында жүргізіледі.



жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау