Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі (1-7);
Қосымша (1-4).
3-ТАҚЫРЫП ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
3.1. Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері
Бұл бапта жұмысшылардың негізгі еңбекақылары, құрылыс, монтаж жəне басқа да құрылысқа қатысқан жұмысшылардың еңбекақысы есептеледі.
Құрылғыны монтаждауда бұл бапта монтажшылардан басқа, монтаж алаңында металды конструкцияларды жасауға, құрыл-ғының боялмаған жерлерін бояуға, оны тасуға немесе көтеруге, құрылғыны қорабынан алуға, тазалауға жəне тексеріп көруге қатысқан жұмысшылардың еңбекақылары көрсетіледі.
Жұмысшылардың негізгі еңбекақылары уақытша жəне бір-жолғы түрде жұмыс атқарғаны үшін төленген төлемнен, жұмыс-тан тыс уақытта жұмыс жасағаны үшін төленген төлемнен, жұмыс беруші кінəсінен бос тұрған уақытқа төленген төлемнен, ақау үшін төлемнен, жаңа процесті меңгеруге, жұмыстың күрде-лілігі үшін төленген қосымша төлемнен , өндірісте оқушыларды оқытқаны үшін жəне басқа төлемдерден құралады.
Бұл бапқа құрылыс машиналары мен механизмдерін басқа-ратын жəне оған қызмет ететін жұмысшылардың, қосымша өн-дірістегі уақытша қондырғыларды орнатуға, құрылыс алаңын жайлы жағдайға келтірген жұмысшылардың еңбекақысы жат-пайды. Тағы да бұл бапқа құрылғыны монтаждауға қатысқан жұмысшылардың да еңбекақысы қосылмайды.
Негізгі еңбекақы 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде жəне 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы бойынша берешек» шоты-ның кредитінде көрсетіледі.
Құрылыста қосымша еңбекақы үстеме шығындар смета-сының құрамындағы шығындарға кіреді, сондықтан ол үстеме шығындардың құрамында есепке алынады.
Құрылыс-монтажды жұмыстармен айналысқан жұмысшы-лардың негізгі еңбекақысы алғашқы құжаттар негізінде соған сəйкес құрылыс объектілеріне жатады.
Негізгі еңбекақы құрамына кіретін, объектілерге тікелей апаруға болмайтын (мысалы, жаңа процесті меңгеруге төленген қосымша төлем, оқушыларды үйретуге төленген төлем) қосым-ша төлемдердің кейбірі олардың арасында негізгі еңбекақыға тікелей пропорционалды түрде бөлінеді.
Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбеккерлер еңбек келісім-шартында жəне қызмет нұс-қауында белгіленген көлеміне сай орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың əртүрлі ынталандыру жолда-ры бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұ-мыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбекақы төлеу туралы» ережесін дербес əзірлей алады, сондай-ақ онда еңбек-керлердің категориясын, жұмыс уақытының тəртібін, «Қызмет-кер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тəртібін ұйымдастыру жəне еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке жəне ұжымдық еңбек нə-тижесі бойынша жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс беру-шінің белгілеген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.
Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады — кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) жəне мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).
Мерзімді еңбекақы деп, нақты істеген уақыты үшін ең-бекақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшер-лемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының ныса-нын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай мерзімдік жəне сыйақылы мерзімдік болып бөлінеді.
Жай мерзімдік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептептеледі жəне осы жүйеге сандық, апталық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы мерзімдік төлем түрінде төленеді.
Тариф мөлшерлемесін жəне əкімшілік саладағы еңбеккер-лердің, қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгі-леген кезде жалақының төменгі деңгейін жəне бірыңғай тариф кестесін пайдаланады . Бірыңғай тариф кестесі еңбекақының 21-разрядының негізінде құрылады жəне əрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді (3-кесте).
|
Тарифтік кесте
|
|
|
|
|
|
|
|
Тариф
|
Тарифтік
|
Тариф
|
Тарифтік
|
кестесінің
|
коэффициент
|
кестесінің
|
коэффициент
|
|
бірыңғай
|
(1-разрядқа
|
бірыңғай
|
(1-разрядқа
|
|
разряды
|
қатынасы)
|
разряды
|
қатынасы)
|
|
1
|
1,0
|
12
|
2,20
|
|
2
|
1,07
|
13
|
2,37
|
|
3
|
1,15
|
14
|
2,55
|
|
4
|
1,24
|
15
|
2,74
|
|
5
|
1,33
|
16
|
2,95
|
|
6
|
1,43
|
17
|
3,17
|
|
7
|
1,54
|
18
|
3,41
|
|
8
|
1,66
|
19
|
3,67
|
|
9
|
1,78
|
20
|
3,94
|
|
10
|
1,91
|
21
|
4,24
|
|
11
|
2,05
|
|
|
|
Жұмысшы мамандығы негізінен біріншіден сегізінші раз-рядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай тарифтік кесте бойынша тарифика-цияланады. Бірыңғай тарифтік -мамандандырылған (квалифика-цияланған) анықтама (БТМА) жəне мамандандырылған анық - тама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін жəне əртүрлі машықтық-маман-дандырылған топтардағы қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кə-сіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып, бірыңғай тарифтік кестеде белгіленген тарифтік-мамандан-дырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.
Тарифтік-мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға жəне оларға əртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады. Ал маман-дандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрде-лілігін мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай жəне салалық болып келеді.
Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар əзірленуі жəне белгіленуі мүмкін.
Ал меншік нысанына тəуелді кəсіпорындар еңбекақы туралы мəселені ұжымдық келісім-шарттың негізінде дербес түрде шеше алады . Тарифтік-мамандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.
Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын ала белгіленіп қойған деңгейде əзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың əрбір бірлігіне есептейді (дана, тк/м, килограмм). Кесімді еңбе-кақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
— тікелей кесімді еңбекақы жүйесі əрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;
— кесімді сыйлық, бұл — қосымша марапаттау төлемін қа-растырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
— кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өн-діргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөл-шерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайын-далған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есеп-тейді;
— жанама кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы жəне басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учас-кесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлемақысына шақ-қандағы пайызымен анықталады;
— еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұ-
мысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұ-мысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда жəне жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынта-лылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда, осы тəріздес жұмыс үшін қолданылып жүрген нормативтік тапсырмалар мен баға (расценка ) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тəртібі белгіленуі мүмкін.
Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтардың жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараланудың кемуі кесімді жүйенің қолданыс аясын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімдік-ұжымдық жəне мерзімдік-сыйақылық жүйелеріне алмастыруы мүмкін.
Ынталандыру сипатындағы төлемдер. Өндіріс тиімділігін жəне орындалатын жұмыстың сапасын арттыру мақсатында еңбеккерлердің материалдық мүддесін күшейту үшін сыйлық пен марапаттау жүйесін енгізу керек, ал ол жыл соңының нəтижесі бойынша жəне басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі мүмкін.
Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нəтижелері үшін сыйлық беру мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады: еңбек өнімділігіне, өнім сапасының арттырылуына жəне өндірістің соңғы нəтижелерінің жақсаруына байланысты. Сыйақылардың мөлшерлері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделі-лігіне қарай жұмысшылардың кəсіптері мен топтары бойынша сараланып белгіленеді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжы-мының жұмыс нəтижелері үшін төленетін қаражат мөлшерінде бригаданың əрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нəтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тəртібі мен ішкі тəртіп ережелерінің сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық, əдетте айлық жұмыс нəтижелері бойынша бе-ріледі.
Басшы қызметкерлерге, мамандарға жəне қызметкерлерге сыйлық беру. Бұл категорияларға сыйлық кəсіпорынның ша-руашылық қызметінің негізгі нəтижелері үшін беріледі. Кəсіпо-рын қызметкерлеріне: басшы қызметкерлерге бүтіндей алғанда кəсіпорын жұмысының нəтижелері үшін; басқару аппараты қыз-меткерлеріне — бөлімшелердің, басқару аппаратының қызме-тінің қорытындыларын немесе жекелеген еңбек көрсеткіштерін ескере отырып, бүтіндей алғанда кəсіпорын жұмысының нəти-желері үшін; құрылымдық кəсіпорындардың қызметкерлеріне — осы бөлімшелердің жұмыс нəтижелері үшін сыйлық беріледі.
Сыйлықтарды жазу үшін басқару аппаратының басшы қыз-меткерлеріне бухгалтерлік жəне статистикалық есептердің де-ректері, сондай-ақ жедел есеп пен зертханалық бақылау дерек-тері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметкерлеріне бухгалтерлік есептердің, жедел есептің жəне лабораториялық бақылаудың деректері негіз болып табылады. Сонымен қатар, олардың моральдық факторлары да ескеріледі.
Еңбек жағдайы өзгерген кезде жасалатын қосымша төлем-дер . Бірнеше қызметті қатарынан атқарған кезде немесе уақыт-ша жұмысқа келмегендердің міндетін атқарған кезде қосымша төлем жасалады.
Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы. Түнгі уақыт кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін созылады.
Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбекақы. Нормадан артық жұмыс істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша төлем жасалады.
Демалыс жəне мереке күндерінде жұмыс істегені үшін жасалатын төлем. Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса , онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс.
Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі еселенген кесімді бағалар бойынша; еңбектері сағаттық не күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не күндік төлем мөлшерімің екі еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелік күні жұмыс істегені үшін айлығының шегінде, сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбекақы төленеді.
Айрықша жағдайда төленетін еңбекақы. Жеке жəне ұжым-дық келісім -шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыс-пен, қауіпті жəне денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен, ин-тенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергілікті жерде қо-сымша еңбекақы белгіленуі мүмкін.
Еңбек төлемі құрылыс саласында Еңбек туралы заңға сəй-кестендірілген жүйе арқылы ерекше түрде төленеді. Бұл деге-німіз — сметалық құжаттағы көрсетілген жұмыс түрлерінің күр-делілігіне байланысты белгіленген шамасына орындалған жұ-мыстың көлеміндегі үлесі арқылы есептелетін сома. Осы сома мөлшері сол жұмыс түріне қатысқан жұмысшыларға нақты еңбекке қатысу коэффициентімен есептеледі. Өндіріс техноло-гиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жайларын компьютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің əртүрлі əдістерін қолданады. Əртүрлі өндірістегі өн-дірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарасты-райық.
Жаппай-толассыз өндірісте жəне еңбекті бригадалық əдіспен ұйымдастыруда өнім өндірімі мен еңбек төлемі есебі, əдетте соңғы операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі. Бригаданың əрбір мүшесінің өнім өндіруі мастер немесе бригадир толтыратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек төлемі оның операциялары бойынша өндіріміне сəйкес есептелінеді. Бұл мақсаттар үшін өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады.
Бригаданың өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің бел-гілі бір түріне жазылады, оның бір данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім , жұмыс істеген уақыты жəне жұмысшылардың разряды — осы үшеуі еңбек төлемінің есептелуіне негіз бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |