Сағат саны: 1 сағ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тақырыпқа қойылатын талаптар.
2.Жұмыс тақырыбын таңдау кезінде жиі кездесетін қателіктер.
3.Тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы деген не?
Дәріс тезисі*
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді. Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет. Зерттеу тақырыбын негіздеу. Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар: Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі). Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы). Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы); Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу). Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті-тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар). Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Бекіту сұрақтары:
Зерттеу тақырыбын қалай таңдаймыз және мәселені қалай анықтаймыз?
Жұмыс тақырыбын таңдау кезінде нені есте сақтау қажет?
Тақырыпқа қойылатын талаптар қандай?.
Жұмыс тақырыбын таңдау кезінде жиі кездесетін қателіктер?.
Тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы деген не?
Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
№4 Дәріс тақырыбы: Оқылым, оның түрлері
Сағат саны: 1сағ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Оқылым әрекеті және оның түрлері:
Танымдық оқылым;
Зерделік оқылым;
Ізденімдік оқылым;
Көрсетімдік оқылым.
2.Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқу және жинақтау
Дәріс тезисі
Оқылым әрекеті және оның түрлері: Танымдық оқылым; Зерделік оқылым; Ізденімдік оқылым; Көрсетімдік оқылым.
Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, біріншіден, ой мен мидың жұмысына байланысты болса, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің ролі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушырманның қажетіне жарайды.
Танымдық оқылым дегеніміз – оқырманның кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т.б. материалды оқып-түсіну.
Зерделік оқылым - материалды, не тексті басынан аяғына дейін толық түсініп оқу. Текстің барлық мазмұнын тәптіштеп біліп, ондағы информацияның бірде бірін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге үйренуші шығармаға, яғни текске анализ жасай отырып, ондағы әрбір единицаны талдайды. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді. Кей ретте зерделік оқылым арнайы жасалған схема, таблица, сурет, жоспар, көрнекіліктермен қатар жүргізіледі.
Бекіту сұрақтары
Сөйлесім әрекетінің түрін ата?
Оқылым және оның түрлерін тарқатып айт?
Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді қалай жинақтаймыз?
Танымдық оқылым деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |