1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер


КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



жүктеу 1,19 Mb.
бет3/16
Дата11.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#32421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Академиялық жазу

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9.1 Дәрістер

1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. «Академиялық жазу» пәнінің мақсаты мен міндеттері

Сағат саны: 2 сағ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері.

2.Тілдік қатынастың түрлері: оқылым жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім.
Дәріс тезисі

Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлеуметке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді.

Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникация сияқты іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады. Жалпы жазу термині қазіргі тіл білімінде мынадай мағыналарда жұмсалады:

а) ойды, айтылған сөзді қағазға түсіру, таңбалау процесі;

ә) осы процесс арқылы жазба мәтін құрау (хат жазу, арыз жазу, ойды жазу арқылы сыртқа шығару);

б) белгілі бір тілдің жазба тілінде қызмет ететін графикалық жүйе (мысалы, араб жазуы);

в) әліпби; орфография; жазба тілжүйесі (қоғамдық таңба, тілді реализациялайтын жүйе);

г) жазылған дүниенің сыртқы формасы, қолтаңба (менің жазуым жаман деген мағынада);

ғ) шығармашылықты жүзеге асыру (әңгіме жазу, өлең жазу,диссертациялық еңбек жазу);

д) музыкалық туындыны таңбалау (балет, опера жазу).



Бекіту сұрақтары

  1. «Жазылым» деген сөзді қалай түсінесіздер? 

  2. «Оқылым» дегенімізді қалай түсінесіздер? 

  3. Тілдік қатынас денімізді қалай түсінесіздер?  

  4. Тілдік қатынастың қандай түрлері бар? 

  5. «Академиялық жазылым» пәнінің мақсаты қандай? 

  6. Өз мамандығыңыз бойынша жазылған қандай ғылыми еңбектерді білесіздер?

Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
2 Дәріс тақырыбы: Ғылыми стиль туралы түсінік

Сағат саны: 1 сағ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.Ғылыми бағытта жазылатын жұмыстардың ерекшелігі

2. Академиялық мәтіннің түрлері және олардың құрылымы
Дәріс тезисі

Ғылыми стиль - жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады.

Ғылым әдетте зерттеу нысандарының, табиғаттың, қоғам дамуының т.б. заңдылықтарын айқындау үшін керекті талдау, топтастыру, салғастыру материалдарына негізделетін қорытындылар жасауды керек қылады. Олар ғылым түрінің ерекшеліктеріне қарай кейбіреуі сол ғылым (химия, физика, математика) мамандарына арналса, бірқатары, әсіресе қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиеттер, оқулық, оқу құралдары көпшілікке арналады.

Ғылыми әдебиет стиліне тән тілдік ресурстар ғылымның дамуы мен, ғылыми әдебиеттердің молаюымен байланысты. Ғылми стильде зерттеу нысаны болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше.

Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер жатады. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі-стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі-ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетінғылыми шығармалар.

Ғылыми стильге ғылымының әр саласына байланысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі.

Ғылыми стильдің түрлері:

• таза ғылыми стиль;

• ғылыми-оқулық стилі;

• ғылыми көпшілік стиль.



Әдебиет: Негізгі 1; 2; 3
3 Дәріс тақырыбы: Тақырып таңдау


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау