4. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық – негізінен цитоплазма оргоноидтарында (митохондрия, пластидтер т.б.) орналасқан гендер арқылы анықталатын тұқым қуалаушылық.
Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық жасушада ядродан тыс орналасқан гендер арқылы беріледі,оларды плазмогендер,ал олардың жиынтығын плазмон деп атайды.Тұқым қуалаушылықтың мұндай түрі аналық жыныс жасушасы арқылы беріледі,себебі сперматозоидтарда цитоплазма болмайды.Аналық жыныс жасушасы арқылы хломидонаданың стрептомицин және т.б антибиотиктерге төзімді болу қасиеті өсімдік жапырақтарында ақ дақтардың болуы , кейбір өсімдіктердің гүлдерінде аталықтардың жетілмеуі т.с.с белгілер беріледі.
Кейбір отбасыларда үш ұрпақ бойына 79 қыз туылып,бірде-бір ұл баланың туылмауын да осы цитоплазмалық тұқым қуаалаушылық арқылы т үсіндіруге болады.
5.Генетикалық инженерия және оның жетістіктері.
Генетикалық инженерия- жасушада өздігінен көбейе алатын,белгілі бір затты синтездеуге қабілетті,тұқым қуалаушылық материалдарды қолдан жасайтын молекулалық биологияның жаңа саласы.Генетикалық инженерия 1972 жылдан бастап дамып келеді.Осы жылы Берг алғаш рет ішек бактериясы мен бактерияфаг ДНҚ –ларынан құрылған жасанды гибридтік ДНҚ молекуласын құрастырған.Генетикалық инженерия ғылымының өзіне тән әдістері болады,олар:
1.қажетті гендерді ДНҚ молекуласынан бөліп алу.
2.оларды қолдан көбейту.
3.ол генді басқа жасушаға -иесіне енгізіп жұмыс істеу.Осы операцияларпдың бәрін плпзмиданы пайдалану арқылы жүргізеді.
Плазмидалар дегеніміз-жасушада тұрақты күйде кездесетін және хромосомамен байланыссыз , дербес тұқым қуалау факторы.Плазмида деген терминді 1952 ж Ледерберг енгізген болатын .Плазмидалар сақина тәрізді ДНҚ молекуласынан тұрады.Оларға митохондрия ,хлоропластор бактериялардың тұқым қуалаушылық аппараты жатады.Плазмидалар хромасомамен қосылып эписома түзеді де активтенеді.Плазмидалар генетикалық инженерия саласында жиі пайдаланылады,себебі оған кез-келген қажетті генді жалғауға ,содан кейін оны бактерия жасушасына ендіруге және көбейтуге болады.
Генетикалық инженерия әдісімен 1977 жылы соматотропен гормонын ,1978 ж инсулин , интерферон т.б гормондарын биотехнологиялық жолмен ала бастады.Генетикалық инженерияның болашағы өте мол, әсіресе денсаулық сақтау саласында -тұқым қуалаушылық аурулармен күресу үшін маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |