|
1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтарТәжірибелік сабақтың (семинарлық) жоспары
|
бет | 31/34 | Дата | 09.11.2022 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #40082 |
| Байланыс лекция2.3 Тәжірибелік сабақтың (семинарлық) жоспары
№ 1 Тәжірибелік сабақ
Тапсырма: Әрбір студентке берілген графикалық модель желісі бойынша түйіндер үшін жолдар жиынын тұрғызу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген нұсқа бойынша желі үшін байланыс матрицасын тұрғызу.
1,2,3 түйіндері үшін бұтақ тұрғызу.
Берілген нұсқамен жолдар жиынын табу.
Негізгі әдебиет : 4[45-64], 5[45-64]
Қосымша әдебиет: 5[55-73],6.
Бақылау сұрақтары:
Байланыс желісінің құрылымдық түрлерін және негізгі сипаттамаларын атаңыз?
Желінің құрылымдық құрамын зерттеу үшін оларды қалай ұсынады?
Бұтақ жолдары қалай тұрғызылады?
Байланыс матрицасы нені көрсетеді
№ 2 Тәжірибелік сабақ
Тапсырма: желінің ертеректе берілген нұсқасы бойынша 1,2,3 түйіні үшін бұтақтардың қысқа жолдарын анықтау
Әдістемелік ұсыныстар;
Жолдар кестесін тұрғызу.
Салмақ матрицасын тұрғызу және 1,2,3 түйіндері үшін бұтақ бойынша қысқа жолды анықтау.
Табылған жолдар үшін түйіндер бұтағын тұрғызу.
Негізгі әдебиет: 5[65-90].
Қосымша әдебиет: 5[55-73].
Бақылау сұрақтары:
Салмақ матрицасы қалай анықталады?
Желінің логикалық құрылымы дегеніміз не?
Қандай желі бағытталмаған деп аталады?
Нөл- график дегеніміз не?
№ 3 Тәжірибелік сабақ
Тапсырма: Графиктерді пайдалану арқылы желі байланысының сенімділігінін есептеу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Табылған минималды жолдар үшін минималды түйіндер бұтағын тұрғызу.
Минималды түйінді тізбекті-параллелді байланысқа түрлендіру
Желі сенімділігін есептеу.
Әрбір жолдың салмағын есептеп шығару.
Негізгі әдебиет: 5[67-97], 6[57-70].
Қосымша әдебиет: 7[6-60],6.
Бақылау сұрақтары:
Желі сенімділігі дегеніміз не?
Желінің өмірсүргіштігі дегеніміз не?
Желінің жұмысы үшін түйіннің қандай баланысы сенімді?
Салмақ жолы бізге нені көрсетеді?
№ 4 Тәжірибелік сабақ
Тапсырма: Бірінші ретті желінің база арнасында берілген иілгіштік бойынша екінші ретті коммутацияланбайтын желіде каналдың орналасу жоспарын құру
Әдістемелік ұсыныстар:
Алгоритм бойынша отырып каналдарды үлестіру жоспарын құру.
Алдыңғы пункте алынған нәтижелер бойынша екінші ретті коммутацияланбайтын желіні тұрғызу.
Негізгі әдебиет: 3[23-256], 6[57-70].
Қосымша әдебиет: 6,7 [6-60].
Бақылау сұрақтары:
Қосымша коммутацияланбайтын желі дегеніміз не?
Арналарды үлестіру жоспары не үшін керек?
Қосымша желі қандай функцияны орындайды?
Бастапқы желі қандай функцияны орындайды?
№ 5 Тәжірибелік сабақ
Тапсырма: бастапқы стандартты кодалар
Әдістемелік ұсыныстар:
Кодалық таблицаны пайдаланып, қажетті ақпаратты кодалау.
Кодалау, хабарды сигналға және керісінше түрлендіретін құрылғы жұмысының таратқыш пен қабылдағыштың бірге отырып жұмыс жасауының принципін түсіндіру.
Негізгі әдебиет:1нег.[112-121]
Қосымша әдебиет:2қос.[54-55]
Бақылау сұрақтары:
Кодалау дегеніміз не?
Сигналдарды түрлендіретін кандай құрылғыларды білесін?
Қандай кодалар біркелкі және біркелкі емес деп аталады?
№ 6 Тәжірибелік сабақ
Тапсырма:симметриялық байланыс кабельдеріндегі таратудың бастапқы параметрлерін анықтау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Симметириялық кабельді байланыстың конструктивті элементтері мен олардың электрлік бастапқы параметрлерін оқып білу.
Симметриялық кабельді байланыстың өзінің нұсқасына сәйкес бастапқы параметрлерін есептеу.
Негізгі әдебиет:1 нег.,8 нег.[64-66]
Қосымша әдебиет:2 қос.
Бақылау сұрақтары:
Симметриялық кабельді байланыстың құрылымы қандай?
Электрлік контурлар мен байланыс жолдары үшін R,L,C параметрлерінің айырмашылығы неде?
Байланыс тізбегінің активті кедергісі неден құралады?
Изоляцияның өткізілуі нені сипаттайды?
№ 7 Тәжірибелік сабақ
Тапсырма: коаксиалды кабельді байланыстың таратуының бастапқы
параметрлерін анықтау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Коаксиалды кабельді байланыстың элементтері мен электрлік бастапқы параметрлерін оқып үйрену.
Симметриялық кабельді байланыстың өзінің нұсқасына сәйкес
бастапқы параметрлерін есептеу.
Негізгі әдебиет:1 нег.,8 нег.[79-80]
Қосымша әдебиет:2қос.
Бақылау сұрақтары:
Коаксиалды кабельдің құрылымы?
Коаксиалды кабельді байланысты қайда қолданады?
Неліктен коаксиалды кабель бөгеуілден қарсылығы жоғары?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|