15-дәріс. Мультисервистік қатынас желілерінің технологиялары
Мультисервисті желілерге қатынас құру (МЖҚҚ) дегеніміз- соңғы қолданушы мен транспорттық желілер арасында түрлі трафиктерді таратуды қолдайтын және бірлік желілік архитектураны қолданатын желі. Бұл өз кезегінде әртүрлі құрылғылардың санын азайтуға және бір стандартты қолдануға мумкіндігі бар.
Қазіргі уақытта кез-келген байланыс операторы өзінің табысын көбейтуге ұмтылады, бұл қалыпты жағдай. Одан басқа кез-келген желі жұмысы эффективті болуы керек. Сондықтан, телекоммуникациялық оператор өзінің желісі арқылы тұтынушыға көбірек қызмет көрсетсе, соғұрлым ол көбірек табысқа қол жеткізеді, тұтынушылық база кеңейеді және оның дамуына улкен мүмкіндіктер болады.
Қызмет көрсету базасына транспорттық желілер және қатынас құру желілері жатады. Ең қымбат оператор қатынас құру желісі болып табылады, оған транспортты желілер байланыс үшін белгілі ресурс бөліп береді. Көбінесе қатынас құру желісін модернизациялау керек, ол жаңа қызметтер көрсету мүмкіндігін алу үшін керек.
МЖҚҚ архитектурасы және функциясы үш түрлі тарату қызметтерін қолдау керек:
Мәтіндік тарату (дыбыс, телефондық байланыс, мәтіндік пошта);
Мәліметтерді тарату (файлдар, факс, интернет, электронды пошта т.б.);
Бейнехабарларды тарату (телебағдарламалар, сұраныс бойынша бейне, бейнеконференция т.б.);
МЖҚҚ дамуы екі бағытты болжайды:
Қатынас құру технологиясы екі группа бойынша классификацияланады:
Сымды құралдар базасында;
Радиобайланыс құралдар базасында.
Сымды құралдар базасындағы технология:
ТПОФ-ты қолданатын технологиялар;
ISDN-ды қолданатын технологиялар;
цифрлық абоненттік жол технологиялары (xDSL);
ЛВС(LAN) –ды қолданатын технологиялар;
оптикалық қатынас құру технологиялары;
кабельді телевидение технологиялары;
коллективті қатынас құру технологиялары.
Радиобайланыс құралдары базасындағы технология, оған GSM, Wi-Fi,Wi-Max, CDMA жатады, олар телефондық байланысты құру мүмкіндігін береді , бірақ Интернет, бейнеконференция және т.б. қызметтерін де ұсынады. Сымсыз байланыс соңғы кезде танымал болып кетті, ол бізге қиын қатынас құрылатын аудандарды телефонмен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді, яғни тұтынушы мобильды болып барады.
ТФОП-ны қолданатын технология , модем модем арқылы қосоралулы мысты жұптар бойымен мультисервистік қызметтерге қол жеткізуді ұйымдастырады. Модем арнада тоналды жиілікте 56 кбит/с жылдамдықтажұмыс істейді. Бұл жылдамдық графигті және басқа формалы мәліметтерді қолданатын көптеген қосымшаларды тарату үшін аз. Сонымен қатар абонент бір мезетте телефон және интеренет қызметтерімен жұмыс істей алмайды.
ISDN-ды қолданатын технология (интеграциялық қызметтегі цифрлық желі).
Интеграциялық қызмет көрсетудің цифрлық желісі екі түрге бөлінеді:
интеграциялық қызмет көрсетудің таржолақты желісі (У-ЦСИО);
интегралциялық қызмет көрсетудің кеңжолақты желісі (Ш-ЦСИО).
У-ЦСИО-ға тарату жылдамдығы 2048 кбит/с аспайтын (2 мбит/с жақын) және бір байланыс желісінде жоғары сапалы мәтіндік және мәтіндік емес хабарларды (мәтін, төменжылдамдықты мәліметтер және фотосуреттер) тарататын желілер жатады. У-ЦСИО негізі болып цифрлық телефондық арналар базасында 64 кбит/с жылдамдықтағы телефонды желі болып табылады.
Ш-ЦСИО- 2048 кбит/с жылдамдықтан жоғары желі олар жоғарыжылдамдықты хабарды тарату үшін қолданылады , мысалы түсті ТД сигналы(4-6 мбит/с), жоғары анықталады ТД сигалы (16-24 мбит/с), түсті факсимильді (30-60 Мбит/с), жоғары рұқсат берілетін қабілеті бар машиналық графика (20-100 Мбит/с) , файлдарды қайта тарату. Мұндай желі магистральды талшықты оптикалық байланыс желілерінде базаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |