1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


-дәріс. . Көпарналы электробайланыстың негіздері



жүктеу 0,69 Mb.
бет27/34
Дата09.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#40082
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланыс лекция

14-дәріс. . Көпарналы электробайланыстың негіздері.

Инженерлер мен ғалымдар бір байланыс жолы арқылы көп арналарды құрастырып, сәйкесінеше: телефондық, телеграфтық, мәліметтерді тарату, хабар тарату және теледидарлық сигналдарды бір мезетте таратуды ұйымдастыруға қызуғушылық танытуда. Яғни, көпарналы тарату жүйесін құрастыру (КТЖ) болып табылады.


14.1 - суретте, КТЖ-ның жалпылама құрылымдық сұлбасы көрсетілген.

14.1- сурет. Көпарналы тарату жүйесі

Абі-абонет,Мі түрлендіруші құрылғы( модуляторлар), КБҚ- каналдарды біріктіруші құрылғы, КАҚ-каналдарды ажыратушы құрылғы, ТҚ- түрлендіруші құрылғы (демодуляторлар).


Абоненттен келіп түскен біріншілік сигнал КТЖ- да модулятор арқылы түрлендіріледі (Мі).Қабылданған сигналдар - арналық сигналдар деп аталады.
Арналық сигналдарды қосу арқылы, топталған сигналдарды алуға болатын болса, онда мұндай жүйелер аддитивті деп аталады. Егер топталған сигналдарды қалыптастыру жүйелерінде өзгеше операциялар огрындалатын болса, онда олар комбинационды жүйелер деп аталады. Заманауи көп арналы байланыста, көп жағдайларда, аддитивті жүйелер қолданылады.
Теллекоммуникациялық жүйелер мен желілерде біріншілік сигналдың құрылымында транспортирлеу обьетісі бар болуы керек, себебі ол таратқыштан қабылдағышқа беріліп отыруы тиіс. КБҚ- ны сызықтық трактпен келістіру үшін, түйіндестіру аппаратурасы орнатылады, оның шығысында сызықтық сигнал қалыптасады, яғни тарату сызығымен таратылған сигнал.
Сызықтық сигнал, тарату жүйесінің элементтерінен өткен кезде, сызықтық және сызықтық емес, бөгелулер бұрмалануларына ұшырайды. Соған байланысты жүйедегі қабылдаушы бөліктің кірісндегі сигнал, таратылған кезіндегісінен ерекшеленеді. Бұл сигнал түйіндестіру аппаратурасына келіп түседі, содан соң КАҚ- ға барады. Түрлендірілулерден соң кіріс сигналдан ерекшеленілетін, біріншілік сигнал алынады. Сонымен і- ші арнаның шығысында, оның кірісінен ерекшеленілетін сигнал, неғұрлым аз болса, онда соғұрлым байланыс сапасы жақсы болады.
Байланыс жолында пайда болатын арналар санын, оны желіде өткізу және таратушы сигнал түрлеріне және оның параметрлеріне қойылатын шарттарына байланысты жиіліктер жолағы анықтайды. Заманауи тарату жүйелерінде негізгі арна болып үндік (тональдық) жиіліктегі арна болып табылады, ол телефондық сигналдарды 0,3-3,4 кГц жиіліктер спектрінде таратуға арналған, бұдан басқа, телефондық хабарламалар жалпылама түрде хабарламалар ағынын иемденеді. Әуе жолдары байланысында онға дейін арна, симметриялық кабельдер байланыстарында -100ге дейін, ал коаксиальдіде -10000 арна, талшықты оптикалық желілерде -1000000 дейін арна ұйымдастыруға болады.
Желіде пайда болатын арналар санын, желі сыйымдылығы деп атау қалыптасқан.
КТЖ –де бір километр магистраль үшін неғұрлым арналар саны көп ұйымдастырылса, соғұрлым бір арна - километрі үшін құны төменірек болады және байланыс жолы эффективті қолданылады. КТЖ бірмезеттік және тәуелсіз екіжақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс.”Байланыс жолы” ұғымы “байланыс арнасына” жақын ұғым болып табылады. Байланыс желісі арқылы бір сигнал таратылса, онда бұл ұғымдар сәйкес келеді. Заманауи байланыс жолдарында бір –бірінен тәуелсіз және бірмезетте – жүздеген, мыңдаған және одан да көп сигналдар таратыла алады. Әр сигнал өз арнасы арқылы таратылады. Бөлек сигналдарды бір байланыс жолы арқылы тарату арнасын ұйымдастыру арналарды бөлу деп аталады. Арналарды бөлу операциясы әрбірн таратылған сигналға жеке қасиет беруге негізделген. Арналарды бөлудің әр түрлі жолдары белгілі: арналарды жиіліктік бөлу әдісі (АЖБ), арналарды уақытша бөлу (АУБ) және де қазіргі кезде ең танымалы CDMA әдісі – кодалық бөлумен көптеген қатынас құру.
АЖБ әдісін қолданған кезде, әрбір таратылатын сигналға қатаң түрде жеке жиілік жолағы бөлінеді, және ол оны 100% уақыт мезетінде қолдана алады. Мұндай әдістің айқын артықшылығы бар: барлық ақпарат “ нақты уақытта ” беріледі және абонент оған бөлінген сегменттегі бүкіл өткізу жолағын қолдана алады. Сегмент жолағының ені қолданыстағы байланыс жүйесіне тәуелді таңдалынады.



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау