1 Кен орны туралы жалпы мәліметтер


Геологиялық-физикалық зерттеулердің және кең орынды игерудің нәтижесі



жүктеу 51,37 Kb.
бет3/9
Дата13.12.2023
өлшемі51,37 Kb.
#44681
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кенкияк практика

Геологиялық-физикалық зерттеулердің және кең орынды игерудің нәтижесі.
1930-1932 жылдары В.И.Серова мен Р.М.Базюк Кеңқияқ поселекесі ауданында гравиметриялық маршрутты түсіру жүргізді, нәтижесінде Кенқияқ тұзды күмбезіне сәйкес келетін Мәулімберді гравитациялық минимумы табылды.
1942 жылдан 1948 жылға дейін Кеңқияқ ауданында Л.К.Булавкин, В.И.Яшкин және тағы басқаларының басшылығымен геологиялық және аэрогеологиялық түсіру жүргізілді. Ауданның геологиялық картасы құрастырылды.
1952 жылы Л.Я.Пушканов 1:2000000 масштабымен гравиметриялық түсіру жүргізді.
Геологиялық құрылымды зерттеу мақсатында 1952 жылы қазан айында Кеңқияқ төбесінде құрылымды-іздестіру бұрғылауы басталды. К-17, К-27, К-34 және басқа ұңғыларды бұрғылау кезінде юра және төмеңгі триас жасанды мұнайға қаныққан құмдар мен құмтастар алынды.
1959 жылдың жазында К-17 және К-34 ұңғыларынан мұнайдың фонтанды ағыны алынды. Кеңқияқ күмбезінде мұнай ағынын алу аумақтық құрылымды-іздестіру жүргізуге негіз болды. Құрылымды-іздестіру бұрғылаумен қатар кен орнында 1:25000 масштабымен геологиялық түсірумен шағылысқан және сынған толқындар әдісімен сейсмикалық зерттеулер жүргізілді.
1959 жылдың аяғында «Ақтөбемұнайбарлау» тресті барлау бұрғылау жұмыстарын бастады. Ол бұрғылау жұмыстары 1961 жылы тұздық шөгіндінің үстінде аяқталды. Осы уақыт ішінде Кенқияқ аумағында жалпы метражы 28019 м болатын 42 барлау ұңғылары бұрғыланды. Олардан басқа П-12 параметрлік ұңғы бұрғылауы басталды.
1960 жылы ақпан айында барлау бұрғылау жұмыстарын жүргізу нәтижелері Кеңқияқ төбесі тұзды күмбез екендігін көрсетті. Тұздың үстіндегі шөгінділердің (триас, юрағ бор) стратиграфикалық қимасында мұнайдың бар екендігі анықталды.
1962 жылы ұңғыларда байқау және сынау, оларды байқаудан өткізіп пайданлану жұмыстары жүргізілді.
Тұздың үстіндегі қимада ашылған мұнай беткейлерін игреу мақсатында Кеңқияқ кен орнында пайдалану бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
1963-1965 жылдары аралығында Кеңқияқ кен орны консервацияда болды. 1966 жылы желтоқсан айынан бастап кен орнын бақылау-пайдалану жұмыстары басталды. 350-400 м тереңдікте ортаңғы юра беткейінде пайдалану ұңғылары бұрғыланды.

6


1970 жылы 1 желтоқсанға қарай кен орнында 243 пайдалану және барлау ұңғылары бұрғыланды, оның ішінде 24-і жойылды. 1972 жылы юра өнімді беткейін жылулық тәсілмен тіреу жобасына мәліметтер жеткіліксіздігіне байланысты кен орнының геологиялық құрылымын анықтау жайында сұрақ қойылды.
1979-1980 жылдары Кеңқияқ кен орнында 20 бағалау ұңғыларын бұрғылау қарастырылды. Бағалау ұңғыларының негізгі міндеті – коллекторлардың физикалық қасиеттерін анықтау, мұнайға қаныққандық сипаты мен қабат қазбасының дәрежесін және де грабен алқабы мен соған жақын жатқан басқа бөліктерде кен орнының геологиялық құрылымын анықтау болып табылады.
Кеңқияқ кен орнының геологиялық құрылымын зерттеу тарихын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең, 1958 жылға дейінгі зерттеулерді қамтиды, ол кезең құрылымды-іздестіру ұңғыларын бұрғылау кезінде Мәулімберді гравитациялық минимумына юра және төменгі триасты мұнайдың көп білінгендігінің жергілікті көтерілуі сәйкес келетіндігі анықталды.
Ол кезеңді үлкен кен орнын ашуға кеткен бүкіл жұмыстардың тез бұрылыстарымен сипаттайды.
Кеңқияқ аумағының геологиялық құрылымын зерттеуді екінші кезеңнің басы деп есептеуге болады.
Ал кен орнын игерудің үшінші кезеңі зерттеу мен барлау объектісінің ауысуымен сипатталады.
1967 жылдан бастап геологиялық жұмыстардың бүкіл көлемі тұздың астындағы шөгінділер комплексіне шоғырланды. Кеңқияқ кен орны мұнайының қоры өсімін терең ұңғы қазу сұрақтары мен осы тұздың астындағы шөгінділерді бақылау жұмыстары ұйымдастару шешімдеріне байланысты болды. Кенқияқ мұнай кен орны оңтүстігінде орналасқан Ақтөбе қаласынан 180км , оңтүстік-батыстағы Ембі станциясынан 80км ара қашықтықта орналасқан. Ол Кенқияқ тұзды күмбезіне бағынады.Мезазой қабаттарын терең бұрғылау 1959 жылы алымы 45,6 м3 күнге Саркүл свитасындағы құмды қабаттан К-34 құрылым-іздегіш ұнғымасынан және орта юралық қабаттан К-17 ұнғымасы бойынша алынған мұнайдан соң басталды. 1962 жылы оңтүстік ылдида бұрғыланған 47 және 48 ұңғымалардан перм қабатындағы мұнайы алынды . 1969 жылы тұз асты
жынысының мұнайлылығын тексеру мақсатында 8-п параметрлік ұңғымасы бұрғыланып басталды. Бұл бұрғылаудың нәтижесінде артиндік жыныстың мұнайгаздылығы орнатылды.
7

Кенқияқ кенорны көпқабатты. Онда жоғары пермде , төменгі триаста , төменгі және орта юрада және төменгі борда орналасқан мұнайдың өндірістік кеніштері саз құмайттардан ,алевролиттерден ,алевриттерден және құмайттардан тұрады. Жоғары перм қабатында 13 мұнай және екі газ горизонты бекітілді ,төменгі триаста -үш мұнай ,төменгі юрада-бір мұнай ,иаленде-бір мұнай ,байсботта-екі мұнай және бір газ ,готерде, барремде,аптта және альбта -бір бірден мұнай гориазонттары орнатылды. Жоғары пермде және төменгі триастағы мұнай кеніші тектоникалық-экрандалған,төменгі юрада-стратиграфиялық ,орта юра мен төменгі бордағы жалпы мұнайлық этажы 1200м ден көп қабатты күмбезден тұрады және кеніште серпімді су арынды режим қалыптастқан. Кенқияқ қанатының оңтүстік бөлігінің казан қалындығында бір мұнай бір газ , татар қалыңдығында бір газ және он екі мұнай горизонты орналасқан. Олар 649-2475 м тереңдікте орналасқан.Жіңішке жиекше тәрізді қалыңдығы 400-600мге дейінгі мұнай кеніші тұзды сілімге қарай ығысқан және олар СМН-ның өзіндік мөлшерімен ,2,5 м ден 41м-ге дейінгі мұнайлылық қуатымен ерекшеленеді.


Негізінде Саркөл тастопшаға жататын бірінші төменгі триастағы горизонт оңтүстікте 585-750 м тереңдікте ,ал солтүстікте 430-585 м тереңдікте, сәйкесінше мұнайлылық қалыңдығы 9,5-16м. 850м3 ауданы бар кеніштің биіктігі 110-160 м.

8



жүктеу 51,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау