Мұңайгаздылылығы
Кеңқияқ күмбезді шегінде беттік мұнай білінуі табылған жоқ. Мұнай жеке белгілері керннің қаныққандығы, майлылығы мен иісі түрінде 1958 жылы төменгі триас, юра мен бор шөгінділерінде бұрғыланған құрылымды іздеу ұңғыларында білінді.
Кен орынында бірінші өнеркәсіптік ағын 1959 жылы, екінші, төменгі триас беткейінен мұнай фонтанын берген К-34 құрылымды іздеу ұңғысынан алынды. Сол жылы қана К-17 құрылымды іздеу ұңғысынан да мұнай байқалды. Ол ұңғы II ортаңғы юра беткейден саға арқылы мұнай ағынын берді. Кезекті барлау бұрғылауымен Кеңқияқ кен орнында 8 мұнай беткейлері ашылып және олардың нұсқалары жүргізілді:
Жоғарғы пермьде (конгломераттық)
Төменгі триаста (I+II төменгі триас беткейлері)
Ортаңғы юрада (I+II+III ортаңғы юра беткейлері)
Төменгі борда (баррем, готерив ярустары)
Осылардың ішінен мұнайлылығы жоғарғысы IІ және III ортаңғы юра беткейлері. ІІ ортаңғы юра беткейі бірінші рет К-17, К-27 және К-34 құрылымды-іздестіру ұңғыларынан алынған керндік материалмен кәсіпшілік-геофизикалық мәліметтер бойынша белгіленді. Барлау бұрғылау барысында беткей 45 ұңғы көмегі арқылы қаралды.
Ағынға байқау 29 барлау ұңғыларында жүргізілді. Олардың ішінде Г-22 және Г-25 нұқалық ұңғылары су берді, мұнайлылық нұсқасы шегінде орналасқан, қалғандары мұнай және мұнай мен су ағынын берді. Беткей байқауы 1960 жылы басталып, 1961-1962 жылдары барысында қайтадан басталды. Осы жылдары ІІ ортаңғы юра беткейі қарқынды бұрғыланды.
Литологиялық беткей құмдар және саздар қабатшалы алевролиттермен көрсетілген. Ол қалыңдығы 10-15 м сазды қабатшалармен ажыратылған екі қабаттан тұрады. Кейбір ұңғыларда жоғарғы және төменгі қабаттардың саздануы байқалады, сондықтан да карталар обьектіге біртұтас құралған.
Қабат жабынының жату тереңдігі шоғырдың жоғарғы бөлімдерінде оңтүстік қанатында 65 м-ді, ал солтүстік қанатында 55 м-ді құрайды. Мұнайлылық аумағының шекарасы солтүстік қанатында саздың шартты желісі мен 120 м изогипс бойынша жүргізілген СМШ желісі, ал батыс бөлімінде 123 м изогипс бойынша жүргізілген желісі болып табылады. Оңтүстік қанатта СМШ желісі шекара болып қызмет етеді, ал ол желі бұл жерде 158-168 м тереңдікке дейін төмендейді, шығыс бөлімінде саздардың шартты белгісі болып табылады.
13
ІІІ юра беткейі 1960 жылы Г-12 барлау ұңғысымен байқалды. 15 барлау ұңғыларымен беткейді байқау кезінде 7 ұңғы мұнай және 8 ұңғы су, арасында эмульсия берді. Беткейдің жабыны құрылымның жоғарғы бөлімінің солтүстік қанатында 125-140 м тереңдікте, ал оңтүстік қанатында 130-160 м тереңдікте өтеді. Максимальды тиімділік, мұнайға қаныққандық қалыңдық 10-12 м құрайды.
Беткейдегі газдың мұнайдағы құрамы төмен болып табылады. Максимальды мағынасы 2,93 м3/т аспайды. Осыған байланысты және де аздаған қабаттық температурасы ( max +200С) мен салыстырмалы аздаған қабаттық қысымға байланысты қабаттық мұнайдың көлемдік коэффициенті аз мағынада болады және ІІ және ІІІ беткейлерде 1,009-дан 1,028-ге дейін өзгереді. Сығылудың орташа коэффициенті үлкен емес, мұнайдың шөгуі өте аз мағынада 0,08-ден 0,27-ге дейін. Газдың орташа ергіштік коэффициенті 1,0-дан 2,5 м3 /м3 Мпа дейін өседі.
Коллектордың қаттылығы 30%, бастапқы мұнайға қаныққандығы 72%, ал өткізгіштігі 0,4 мкм2 құрайды. Мұнайы ауыр, тұтқырлы, майлы, жоғары сортты; оның қабаттық жағдайындағы тығыздығы 915 кг/м3, қабаттық температурасы 200С болған жағдайдағы тұтқырлығы 2,7 106 м/с. ІІ және ІІІ ортаңғы юра беткейлеріндегі мұнайдың құрамындағы элементтердің проценттік сандары: күкірттер-0,59%, асфальтендер-0,38%, парафиндер-0,64%, шайырлар-8,5%.
Орташа жату тереңдігі 300 м-ді құрайды. ІІ және ІІІ беткейлердің жалпы қалыңдығы 28 м . Осы беткейлермен кен орнынан алынатын мұнай қорының 80%-нен астамын құрайды. Орташа тәуліктік алудың өсуі жаңа ұңғылар еңгізу, және де ГТН мен бужылулық әсер етудің бірқатар шаралар арқылы жүріп жатыр.
14
Достарыңызбен бөлісу: |