Доңғалақты рельсі тартым құрамдары және олардың ерекшеліктері
Құрылысы жағынан вагон доңғалақтары тұтас; бандажды (доңғалақтық бандаждан және сақтандыру сақинасынан тұратын құрама); доңғалақ ортасы мен бандаж арасында серпімді элементі бар серпімді; доңғалақ өсінде қозғалатын және айналатын болып бөлінеді. Дайындалу тәсіліне байланысты домаланған және құйылған, домалау шеңбері жазықтығында өлшенген диаметрі бойынша — 950 және1050 ммөлшемдеріне қарай ажыратылады.
Доңғалақтар пайдалануда рельс жолымен домалай отырып оған едәуір статикалық және динамикалық жүктемелерді береді. Олар қоршаған ортаның қиын жағдайларында жұмыс жасайды. Тежелу үрдісінде доңғалақтар және колодка арасында, сонымен қатар рельспен түйісуде тоғынның тозуын және қызуды тудыртатын күштер пайда болады. Бұлардың әсерінен бірнеше ақаулар түрі орын алады. Екі жолдың торабындағы соққылар доңғалақтар тоғынында сызаттардың және сынықтардың пайда болуына себебін тигізеді. Бұл байланыста олардың дұрыстығынан көбінесе пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
7.1. кесте
Доңғалақ болатының маркасы
|
Уақытша кедергі, МПа
|
Салыстырмалы ұзаруы, %
|
Салыстырмалы қысылуы, %
|
30 мм тереңдіктегі қаттылық НВ
|
|
|
Көп емес
|
1
2
|
882. ..1078 911...1107
|
12
8
|
21
14
|
248
255
|
Көбінесе қатты доңғалақтар қолданылады. Қатты доңғалақтар құрылысы жағынан күрделі.
Қатты доңғалақтарды қолдану идеясы ертеректе пайда болды. Элементтері ағаштан жасалған доңғалақтар, престелген қағаз массасынан дискісі бар қағаз доңғалақтар, бандаж немесе тоғын және орталық арасында резеңкелі төсемі бар доңғалақтар болғандығы белгілі. Ағаш және қағаз доңғалақтардың едәуір кемшіліктері болды, сондықтан олар кеңінен тараған жоқ. Домалау бетін резеңкелі етіп жасау ықпалы жетістікке алып бармады, себебі доңғалақ және ылғал рельс арасындағы түйісу коэффициенті өте төмен болды.
7.1-сурет
Кейінірек қатты доңғалақты жасау проблемасы доңғалақ құрылысына, бандаж немесе тоғын мен орталық арасына, резеңкелі төсемді енгізу арқылы шешілді. Қатты доңғалақтың бір түрі 7.2-суретінде көрсетілген.Сынақ көрсеткендей, мұндай доңғалақтарды қолдану үдеуді азайтты, әсіресе вагонның рессорланбаған массасын, сонымен қатар бүйір күштер деңгейін және динамика коэффициентін төмендетті, жоғары жиіліктегі тербелістерді өшіруге ықпалын тигізді.
7.2 – сурет. Құрылысы пісірілген қатты доңғалақ
Алюминий қоспасынан дайындалған доңғалақтар ортасын қолданғанда доңғалақтар қаттылығының ұлғаюы және рессорланбаған салмағының азаюына қол жеткіземіз. Мұндай доңғалақтар ортасы АМг6 маркалы қоспадан жасалды және 70-ші жылдары ресейлік және американдық теміржолдарда сынақтан өткізілді. Дегенмен мұндай доңғалақтардың бандажды құрылысы сенімсіз болғанымен, болаттан жасалған бандаж және алюминий ортасының көлемдік кеңеюінің коэффициентінің шамасы айтарлықтай әр түрлі. Алюминийден жасалған орталық пен болат өсті сенімді біріктіру өте күрделі. Бұл бірігулердің беріктігінің бұзылуы әсіресе тежеу кезінде температураның өзгеруінен байқалады. Тежегіш колодкаларынан бандаждың қызып кетуін болдыртпас үшін кейбір елдерде дискілі тежегіштер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |