1. Жүк вагондары типтерін таңдау, вагондар параметрлері және ұзындық өлшемдері



жүктеу 11,12 Mb.
бет1/40
Дата14.09.2023
өлшемі11,12 Mb.
#43380
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Лекции для вагонников


МАЗМҰНЫ

Кіріспе.




1. Жүк вагондары типтерін таңдау, вагондар параметрлері және ұзындық өлшемдері




1.1. Жүк вагондар типтерін таңдау.




1.2. Жүк вагондар параметрлері.




2. 2. Габариттер.




2.1. Негізгі анықтамалар.




2.2. Вагондар габариттері.




2.3. Вагонның габаритке енгізілуі.




3. Вагонға әсер етуші күштер.




3.1. Вагонға әсер етуші статикалық күштерді анықтау.




3.2. Есептік күштерді нормалау және жүктелудің есептік режимдері.




3.3. Вагонға әсер етуші жүктемелерді анықтау.




4. Вагон құрылысында қолданылатын материалдар және шекті кернеулер.




5. Доңғалақтар жұбы.




6.Өстер, вагон типтерінің өстері.




7.Доңғалақтар.




8. Вагонбуксалары.




9. Вагондардың рессорлы аспасы.




9.1. Серіппелер және табақ рессорлар құрылысы.




9.2. Серіппелер есебі.




9.3. Тербеліс өшіргіштері.




10. Соққылы – тарту құралдары.




11. Жұту аппараттары.




12. Арбашалардың қызметі және жіктелуі.




13. Вагондар шанақтарының жіктелуі. Шанақтар құрылысының принциптері.




13.1. Жолаушы вагондарының шанақтары құрылысының принциптері.




14. Контейнерлердің жіктелуі және олардың параметрлерін таңдау.




14.1. Әмбебап контейнерлердің жіктелуі, тағайындалуы, қолдану сферасы, типтері және негізгі параметрлері.




14.2. Арнайы контейнерлер.




15. Контейнерлерге әсер ететін күштер.




Әдебиет.






Дәріс№1
КІРІСПЕ
Темір жол көлігі Қазақстан Республикасы үшін маңызы зор және негізгі көліктердің бірі болып табылады. Темір жол көлігінің қалыпты жұмыс жасауы үшін оның барлық буындарының жеткілікті дамуы және өзара реттілігі қажет. Вагон шаруашылығы, әсіресе, оның негізі – вагондар паркі, темір жолдың басқа да күрделі салаларының бірі болып табылады.
Вагондар деп жолаушылар немесе жүк тасымалдауға арналған темір жол жылжымалы құрамының бірлігі айтылады. Қазіргі кездегі вагондар паркі олардың типтері мен құрылысының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік тасымалдаудың әр түрлі талаптарын қанағаттандыру, темір жолдың көбірек жүк өткізу қабілеті, жолаушыларды комфортпен қамтамасыз ету, тез бұзылатын жүктердің құнды қасиеттерін жоғалтпау, бірқатар жүктерді жауын-шашыннан қорғау, әмбебаптық, жүк көтерімділікті мейлінше максималды қолдану, тағы с.с негізделген.
Вагондар тағайындалуына, техникалық сипаттамасына және пайдалану орнына қарай бөлінеді. Тағайындалуына қарай вагондар жолаушылар және жүк вагондарына бөлінеді. Жүк вагондары тасымалданатын жүк түріне қарай келесі негізгі түрлерге бөлінеді: жабық, жартылай вагондар, платформалар, цистерналар.
Сонымен қатар, вагондар өс сандарына байланысты бөлінеді: төрт, алты және көп өсті. Жолаушы және жүк вагондар паркінің көпшілігін төрт өсті вагондар құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының кіреберіс жолдарында зауытішілік көлік ретінде ескі типтегі жүк вагондары қолданылады;
Доңғалақ арасындағы қашықтық бойынша кең және жіңішке табанды болып бөлінеді;
Габариттері бойынша ТМД темір жолының учаскелерде жүргізілетін халықаралық қатынастарға арналған вагондар;
Пайдалану орнына байланысты магистралды темір жол вагондары және өнеркәсіп көлігі вагондары болып бөлінеді.
Жүк вагондарының типтері мен параметрлерін дұрыс таңдау үлкен маңызға ие,өйткені ірі материалдық бағалықтары рационалды шығындау, темір жол көлігіндегі еңбек өнімділігі осыған байланысты. Вагон типтерін таңдауға ерекше маңызды факторға жүк айналымының көлемі мен құрамы жатады, ол өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндіріс сипатын кескіндейді.
Вагон типін таңдауға тиеу – түсіру жұмыстарын комплексті механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін шарттарды сақтауға ерекше назар аудару керек, кәзіргі шарттар үшін еңбек өнімділігін көтеру, ауыр физикалық жұмысты жою керек.
Жүк тиеудің талдауы көрсеткендей, вагон паркі бес негізгі вагондар типінен құралады: жабық, жартылай вагон, платформа, цистерна жәнеизотермиялық вагон. Олардың ішінде тек жартылай вагондар ғана «негізгі» болып саналмайды. Бірақ жартылай вагондарда көп жүктерді тасымалдаған тиімді болып саналады, сондықтан еліміздің жартысынан көп жүгі осы вагондарда тасымалданады.
Көрсетілген бес типті вагондар жүктердің кең номенклатурасын тасымалдайды, және осы мағынада бұл вагондарды әмбебап деп атауға болады. Ең әмбебап вагонға жабық вагондар жатады.


жүктеу 11,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау